мырыш тотығы, магний тотығы, крахмал,
кальций карбонаты, кальций глицерофосфаты
жатады.Бұл заттар суда ерімейді, бірақ сумен жеңіл шыланады. Сондықтан осы препараттармен
суспензия дайындау кезінде тұрақтандырғыштар қолданылмайды.
Гидрофобты заттармен суспензиялар дайындаған кезде тұрақтандырғыштар
қосады -
желатоза (Gelatosae), өрік шайыры (Gummі armenіacae), аравия шайыры(Gummі arabіca).
Суспензияларға қойылатын талаптар:
•
бөлшектердің өлшемдері 50-100 мкм болуы,
•
суспензиялар термодинамикалық тұрақты болуы керек,
•
ол дәрілік заттың жеткілікті дәл дозалауын қамтамасыз етеді.
Суспензия-ларды түссіз құтыда босатады. Ескерту: «Қолданар алдында шайқа» этикеткасымен
безендіріледі. Суспензи-ялар екі тәсілімен дайындалады: дисперсиялық, конденсациялық.
Дисперсиялық тәсілдің мәні механикалық диспергирлеу, ерімейтін ірі заттарды сұйық ортада
майдалау процесі. Технологиясы келесі сатылардан тұрады: дисперстік фазаны майдалау
(дәрілік зат), дисперстік ортаға енгізу (еріткішпен араластыру), тығындау және безендіру.
Сүзу немесе фильтрлеу сатысы жүргізілмейді.
Конденсациялық тәсілмен суспензиялар екі жағдайда түзіледі:
- еріткішті ауыстырған кезде;
- суда жеке еритін дәрілік заттар бір дисперстік ортада біріккен кезде,
нәтижесінде
әрекеттесіп, ерімейтін тұнба түзіледі.
Конденсация тәсілімен суспензия технологиясы келесі сатылардан тұрады: араластыру,
орамдау және бе-зендіру .
Достарыңызбен бөлісу: