Престеу тәсілімен капсулалар алу үшін ең алдымен лента түрінде жасалған желатинді пленка
дайындайды. Желатинді лентаны капсуланың тең жартысына сәйкес болатын дөңгелек немесе
эллипс тэріздес тесіктері бар төменгі матрицаға салады. Матрицаның ішіне оны қыздыру үшін
45-55°С температурага дейін қыздырылған су жібереді. Осы кезде лента аздап балқиды,
матрицаның ішіне созылып түседі де, капсуланың бір жартысы пайда болады. Дәрілік зат
лентаның ұясына (ойық жеріне) жіберіледі де, матрицаны толтырады. Сонан соң оның бетіне
екінші желатинді лента төселінеді және жоғаргы матрицамен жабылады. Осыдан кейін
матрицаларды жабыстырып, төңкереді, мұнда жоғарғы матрица төменгі болып аударылып
түседі. Осы кезде дәрілік заттың салмағының әсерінен қыздырылған екінші матрицаның
тесігінің ішіне созылып түседі. Сонан соң екі матрицаны да престің астына салады, мұнда екі
желатинді лентадан көлденең тігісі бар жабық капсулалар ойылып шығады
Тамшылату тәсілімен капсулаларды алу Голландия фирмасының «Глобекс Марк-2»
автоматында жүргізіледі . Бұл үшін центрлес түтікті форсункадан екі ағым сығылып
шыгарылады: сыртқысы — қыздырғыштан желатин ерітіндісі; ішкісі - сұйық дәрілік зат. Екі
фазалы ағым айнала соқтығысып, салқындатқыш майға түседі. Осы кезде желатиннің табиги
бетгік тартылуы арқасында шариктер пайда болады. Май тәріздес зат резервуардан дозалаушы
қондырғыға келіп түседі де, желатинді массамен бір мезгілде түтіктің қосылған жеріне
итеріледі, осы жерде тамшылар қалыпталады. Пульсатордың көмегімен тамшылар үзіліп,
салкындатқышқа келіп түседі. Мұнда тамшылар толық калыпталып, салқындалып, салқын май
құйылған ыдысқа ағып түседі. Дайын капсулаларды арнайы камерада жуып, кегггіреді.
Тамшылату тәсіл дәрілік заттың дәл дозалануын, өндірістің тазалығын жэне желатиннің үнемді
жұмсалуын қамтамасыз етеді.
Микрокапсулалау-микроскопиялық қатты ,сұйық немесе газ тәрізді заттарды сыртқы ортадан
оқшаулайтын жеке қаптамаға қабыққа салу процесі. Микрокапсулалар мөлшері көюінесе бірден
бес жүз мкмге дейін жетеді. Микрокапсулалардың құрамына енетін, белсенді немесе негізгі зат
деп аталатын капсулаланған зат микрокапсулалардың өзегін құрайды, ал капсула беретін зат
қабықтың материалы болады. Қабықтар бір немесе бірнеше заттардың бөлшектерін бір-бірінен
және сыртқы ортадан қолдануға дейін бөлу қызметін атқарады. Микрокапсулалардың негізгі
құрамдас бөлігі - капсулаланған зат агрегаттаудың кез келген күйде - сұйық, қатты немесе газ
тәрізді болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |