Р. А. Қадырқұлов, Н. К. Берістемова цифрлық сауаттылық



бет18/93
Дата19.09.2023
өлшемі219.61 Kb.
#477978
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   93
Cifrlyk Sauattylyk Metodika 2 kl Kaz alter

«Отшашу» әдісі.

Денсаулықты сақтау технологиялары. Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік ережелерінің тармақтары орындалады.




көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.







Жалпы бағалау
Сабақтың қай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту және сабақ беру туралы не айтасыз?



Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту және сабақ беру туралы не айтасыз?



Мен сабақ кезінде сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері, қиыншылықтары туралы нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аударуым қажет?




7-сабақ. Алгоритмді орындау

Бөлімі

II бөлім. Шығармашылық және компьютер (ортақ тақырып: «Менің отбасым және достарым»)

Педагогтің аты-жөні




Күні




Сыныбы

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Алгоритмді орындау

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

2.4.1.2 ауызша белгіленген алгоритмді іске асыру;

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушы үшін:
Отбасыңда шай қоюды, аула, үй тазалау, жұмыс орнын жинауды кім үйрететінін әңгімелейді.
Оқушылардың көбі үшін:
Үй шаруасындағы жұмыстардың бірін орындау кезіндегі іс-әрекетінің ретін айтып береді.
Кейбір оқушылар үшін:
Алгоритмді сөзбен, ауызша сипаттауды жүзеге асырады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің іс- әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі (1-7 мин.)

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
І. Қызығушылықты ояту. «Бірлік» әдісі
Оқушылар шағын топ құрамында бір қолының жұдырығын жұмып, бір мезгілде саусақтарын ашады.
Мақсаты: оқушылардың барлығы да бірдей саусақ санын көрсетуі керек. Ойын оқушылар біркелкі саусақ көрсеткеніне дейін жалғасады. Ойын кезінде оқушылар сөйлеспеуі тиіс.
Бұл оқушылар арасында психологиялық жағымды ахуал туғызады және ынтымақты болуға баулиды.

Топтастыру

Оқушылар шеңбер бойымен тұрып, үшке дейін санап, үш топқа бірігеді.

1- топ. «Бірінші» тобы 2-топ. «Екінші» тобы 3-топ. «Үшінші» тобы







(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі

Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қойып, суреттерді интерактивті тақтадан көрсетеді. Оқушылар ұжымдық үлгіде білгендері

-Отбасында ауланы, үйді тазалау, жұмыс орнын жинауға кім үйретеді?
-Осы жұмыстардың бірін орындау кезіңдегі іс-әрекетіңнің ретін айтып бере аласың ба? (1-сурет)

Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай «Стикерлер» әдісі бойынша бағалайды: Жасыл түс: Жарайсың!










бойынша өз
ойларын айтып, жауап береді.




Сары түс: Жақсы! Қызыл түс: Талпын!




Жаңа сабаққа дайындық

Жаңа сабаққа дайындық ретінде «Сұрақ-жауап» әдісін қолданып, талқылау жұмысын жүргізу. Қандай да болмасын бір ақпарат (мәлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін жазбаша немесе ауызша баяндайды.
Ұжымдық талқылауда оқушыға сұрақ қою мен проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерін еркін айтып, ешқандай сынға ұшырамауы керек, қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбымен, мақсатмен және бағалау критерийлерімен таныстырады.

Сабақтың ортасы (31 мин.)

ІІ. Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін). (МК, Т) Оқулықпен жұмыс. «Жауап беретін әріптес» әдісі. Оқушылар алдымен мәтінді толық оқиды. Содан соң оқушылар әріптесті немесе топты өз жұмысына түсініктеме беруге немесе талқылауға шақырады. Бұл үдеріс тиімді жүруі үшін оқушылар оқу мақсаты мен табыс критерийлерін білуі қажет. Олар сонымен бірге жауап беретін әріптестің рөлін бағалауы үшін оқу мақсаттарына сәйкес құрылымды және жағымды кері байланыс ұсынуы тиіс. Оқушыларға жұмысты орындап жатқан адамға қоятын сұрақтар тізімі берілуі мүмкін. Бұл әдіс оқушылардың жаңа сабақтың ақпаратымен танысуына, бір- бірімен талқылауына, бір- біріне сұрақ қоюына тиімді болып келеді.

Дескриптор
•Оқулықтағы мәтінді оқиды.
•Бір-бірімен топтық талқылау жұмысын жүргізеді.
•Оқулықта берілген практикалық жұмысты орындайды.
Бір-біріне сұрақтар қойып, түсінбеген тұстарын толықтырады.

Топ мүшелері бірін-бірі сабаққа қатысу белсенділігіне қарай «Стикерлер» әдісі арқылы бағалайды. Жасыл түс: Жарайсың! Сары түс: Жақсы! Қызыл түс: Талпын!

Интерактивті тақта.









Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет