Р. А. Қадырқұлов, Н. К. Берістемова цифрлық сауаттылық



бет26/93
Дата19.09.2023
өлшемі219.61 Kb.
#477978
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   93
Cifrlyk Sauattylyk Metodika 2 kl Kaz alter

«Жұлдызша» әдісі.

Денсаулықты сақтау ережелері. Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын. Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау
Сабақтың қай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту және сабақ беру туралы не айтасыз?



Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту және сабақ беру туралы не айтасыз?



Мен сабақ кезінде сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері, қиыншылықтары туралы нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аударуым қажет?




9-сабақ. Пернетақтамен танысу

Бөлімі

III бөлім. Сөзбе- сөз (ортақ тақырыптар: «Менің мектебім», «Менің туған жерім»)

Педагогтің аты-жөні




Күні




Сыныбы

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Пернетақтамен танысу

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

2.4.2.2 пернетақтадан спрайтты басқаруды ұйымдастыру;

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушы үшін:
Мәтін жазу, теру құрылғылары қалай дамығындығы туралы әңгімелейді.
Оқушылардың көбі үшін:
Пернетақтаны пайдалану ережелерін біледі.
Кейбір оқушылар үшін:
Пернетақтадан спрайтты басқарады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің іс- әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар




(¥) Ұйымдастыру кезеңі (1-7 мин.)

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
І. Қызығушылықты ояту. «Жұмбақ зат» ойыны
Ойынның мақсаты: Оқушылардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін арттыру.
Ойынның шарты: оқушылардың алдына ыдысқа салынып бір зат әкелінеді. Сол затты мұғалім, жауабын айтпай, сөзбен сипаттайды. Оқушылар шешімін табуы қажет. Бұл ойын оқушылар арасында психологиялық жағымды ахуал орнатады.

(МК, ¥ Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі

Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қойып, суреттерді интерактивті тақтадан көрсетеді. Оқушылар ұжымдық үлгіде білгендері бойынша өз ойларын айтып, жауап береді.

-Мәтін жазу, теру құралдары қалай дамыған? (1-сурет) -Суретке қарап әңгімеле.
-Пернетақтада жұмыс істеу ережелерін білесің бе?

Мұғалім белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі бойынша бағалайды. Жарайсың!
Жақсы! Талпын!




Жаңа сабаққа дайындық

Жаңа сабаққа дайындық ретінде «Сұрақ-жауап» әдісін қолданып, талқылау жұмысын жүргізу. Қандай да болмасын бір ақпарат (мәлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін жазбаша немесе ауызша жеткізеді.
Ұжымдық талқылауда оқушыға сұрақ қою мен проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерінің еркін айтылуы, ешқандай сынға ұшырамауы керек, қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбымен, мақсатымен және бағалау критерийлерімен таныстырады.

Сабақтың ортасы (31 мин.)

ІІ. Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін).
(МК, Т) Оқулықпен жұмыс. «Жәшіктегі кітаптар» әдісі
Ортаға әсем безендірілген жәшік әкелінеді.
Мұғалім: «Сыртындағы суреттерге қарап, осы жәшіктің ішінде не бар екенін тапқан оқушыға сыйлығымыз бар», - дейді.
Оқушылар: «Кітап», - деп жауап береді.
Мұғалім: «Дұрыс, кітап!» - дейді.
Оқушылардың әрқайсысы өз кітаптарын алып, 5 минут көлемінде мұғалімнің тапсырмасы бойынша кітаптағы тақырыптың мәтінін оқып, қарап шығады. Содан соң балаларға 5 минуттай бір-біріне осы оқулықтағы тақырып туралы ойларын жеткізу тапсырылады. Бір-біріне сұрақтар қойып, ойларын толықтырады.

Интерактивті тақта.
Оқулық.
Жұмыс дәптері.




(МК Д) Компьютермен жұмыс

  1. Компьютерді іске қосамыз.

  2. Блокнотты іске қосамыз. Ол үшін Жұмыс үстелінде тінтуірдің оң батырмасын қолданамыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет