Әр сабақтағы дұрыс ұйымдастырылған топтық және жұптық жұмыста оқушылар:
өздігінен тапсырманы орындайды, топ мүшелерімен немесе жұбымен өз пікірін бөліседі, алмасады;
жоспарланған тапсырмалар туралы айта алады;
өз мүмкіндігін біледі;
өзінің оқуы үшін үлкен жауапкершілік алуға қабілетті болады;
назарын басқа жаққа аудармайды, алаңдамайды;
өз тәртібі мен өзгенің тәртібі туралы және оның салдары туралы айта алады;
нені қалай жасағаны туралы немесе нені үйренгені туралы айта алады;
өз сезімі мен өзгелердің сезімі туралы біледі, көмектеседі және тыныштандырады;
жаңа тапсырманы жауапкершілікпен орындайды;
өзін оқушы ретінде жағымды жағынан көргісі келеді.
Топтық жұмыс пен жұптық жұмыстың нәтижелері:
Топтық, жұптық жұмысты пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі.
Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады.
Олардың әрқайсысының деңгейін анықтай алуға болады.
Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік алады.
Оқушыларды ізденіске баулып, жұппен, топпен жұмыс істеуге үйретеді.
Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады.
Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауда, өзіне деген сенімін қалыптастырады.
Сабақтарға қатысқан мұғалімдер топтық, жұптық жұмыс оқушының ұжымда бірлесіп жұмыс істеуінде мүмкіндік беретінін, соның негізінде көшбасшылық қасиеті дамитынын, оқушының өзіне сенімі әрі тиянақтылығы артатындығын, танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететіндігін атап өтсе, оқушылар оқудың (сабақтардың) қызықты өтетіндігін баяндайды.
Үй жұмысы. Оқушыларға үй тапсырмасын беру мұғалім құзыретінде. Сабақ беру процесінде кейбір тақырыптар бойынша оқушы өздігінен оқып ізденуін қажет етеді. Үй тапсырмасы берілгенде, оқушы өз білімін пысықтайды.
Оқу мақсаттарының жүйесі
Оқу мақсаттары программада кодпен берілген. Кодта бірінші нөмір сыныпты, екінші және үшінші сандар бөлім мен бөлімшені, төртінші сан оқу мақсатының нөмірленуін көрсетеді. Мысалы, 2.1.2.1 кодында: «2» - сынып, «1.2» - бөлімше, «1» - оқу мақсатының нөмірленуі.
Оқыту мақсатының жүйесі әр сабаққа бөлім бойынша берілген.
Достарыңызбен бөлісу: |