(МК, Ө) Практикалық жұмыс Дыбыс ойнатқыштың программасын іске қос. Төмендегі командаларды орында: Файл => Ашу (Открыть) командасын орында. Табиғи және жасанды дыбыс.тр4 файлын ашып, оны тыңда.
Қоршаған ортадағы дыбыстарды тыңдағанда қандай әсер аласың? Алған әсерің туралы әңгімеле.
Дыбыс ойнатқыш программасының батырмаларының қызметін тексер (4-сурет).
Интерактивті тақта
(Т) «ВЕНН диаграммасы» әдісі. Жұмыс дәптеріне айқасқан қос шеңбер сызып, шеңбердің оң жағына пайдалы мысал, ал сол жағына зиянды мысал жазады. Ал ортасына ортақ тұжырым жазады.
1- тапсырма. Оқулықтағы суретке назар аударады. Дыбыстардың адам денсаулығына зияны бар ма? Пайдалы және зиянды дыбыстарға мысал келтіріңдер. Дескриптор: •Тапсырмаға топтық талқылау жасайды. •Дыбыстардың пайдалы жағына мысал келіреді. •Дыбыстардың зиянды жағына мысал келтіреді.
Жұптағы оқушылар бірін- бірі тапсырма орындау деңгейіне байланысты «Басбармақ» әдісі бойынша бағалайды.
Интерактивті тақта
(Ө) «Еркін микрофон» әдісі Оқушылар өзіндік ой тұжырымдайды. 3-тапсырма бойынша қоршаған ортадан қандай дыбыстар қабылдайтынын жіктеп өз ойын айтады.
3-тапсырма Біз қоршаған ортадан қандай дыбыстарды қабылдаймыз? Қабылдайтын дыбыстарды жіктеп айт. Дескриптор •Қоршаған ортадан қандай дыбыстарды қабылдайтынын анықтайды.
Оқушылар өзін- өзі «Басбармақ» әдісі бойынша бағалайды.
• Қабылдайтын дыбыстарды жіктеп, айтады.
Сабақтың соңы (1-7 мин.) Сабақты бекіту. Рефлексия
ІП. Ой толғаныс. Рефлексия (Ө) «Бір ауыз сөз» әдісі Оқушылар стикерлерге сабақ туралы бір ғана сөз жазып, оны тақтаға жапсырады. Өз ойларын түсіндіріп береді. Стикерлерге сабақты бағалайтын келесі сөздерді жазуға болады (оларды алдын ала тақтаға жазып қойған дұрыс): ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым т.б. Мақсаты: оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады. Тиімділігі: тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды; жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.
Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?
Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
Денсаулығын және қауіпсіздік ережелерін сақтау.
«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу». Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.