Р. А. Қадырқұлов, Н. К. Берістемова цифрлық сауаттылық



бет49/93
Дата19.09.2023
өлшемі219.61 Kb.
#477978
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   93
Cifrlyk Sauattylyk Metodika 2 kl Kaz alter

19-сабақ. Дыбыс жазу

Бөлімі

IV бөлім. Мультимедиа (ортақ тақырыбы: «Дені саудың жаны сау»)

Педагогтің аты-жөні




Күні




Сыныбы

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Дыбыс жазу

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

2.2.4.1 дыбысты жазу мен ойнату үшін программаларды пайдалану;

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушы:
Компьютерде дыбыс жазбаларын жазу программаларымен танысады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің іс- әрекеті

Оқушының іс- әрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі (1-7 мин.)

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
І. Қызығушылықты ояту. «Арқаға сурет салу» ойыны
Бұл ойында барлық әрекетті үнсіз орындау керек. Оқушылар екі топқа бөлініп, бірінің артынан екіншісі тұрып, сап түзейді. Мұғалім ең артында тұрған оқушыларға бір заттың атауы жазылған қағаз ұсынады (мәселен, алма, алмұрт, жүзім, гүл, кітап, ағаш, автомәшине т.б.). Тапсырма: соңында тұрған оқушы үндемей, алдында тұрған оқушының арқасына әлгі заттың суретін саусағымен салады. Арқасына сурет салынған оқушы алдында тұрғанның арқасына өзінің арқасына салынған заттың суретін салады. Суреттер салынып біткеннен кейін, мұғалім соңғы оқушыдан арқасына салынған заттың атын сұрап, оны қағазда жазылғанмен салыстырады. /Бұл ойынды ойнату арқылы сыныпта психологиялық жағымды көңіл күй орнығады. Оқушылар сабаққа көтеріңкі көңіл күймен белсене қатысуына септігін тигізеді/.

(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі

Мұғалім өткен сабақ пен жаңа сабақты ұштастыру

- Қандай тақырыптағы әуендерді тыңдауды ұнатасың?

Мұғалім белсенділік танытқан










мақсатында оқушыларға сұрақтар қояды. Оқушылар ұжымдық үлгіде жалпылама жауап береді. Егер сұраққа жауап дұрыс айтылмаса, мұғалім дұрыс жауапқа бағыттап дұрыс жауабын табуға көмектеседі.

- Дыбыстық құрылғыларды даму кезеңіне қарай әңгімеле (1-сурет). - Дыбыс жазбасын қандай құрылғылар көмегімен тыңдап, сақтайсың? (2-сурет)

оқушыларды «Отшашу» әдісі бойынша бағалайды.




Жаңа сабаққа дайындық

Жаңа сабаққа дайындық ретінде «Сұрақ-жауап» әдісін қолданып, талқылау жұмысын жүргізу. Қандай да болмасын ақпарат (мәлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін жазбаша немесе ауызша жеткізеді.
Ұжымдық талқылауда оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерін еркін айтып, ешқандай сынға ұшырамауы керек. Қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін, мұғалім интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет