Р. А. Қадырқұлов, Н. К. Берістемова цифрлық сауаттылық



бет61/93
Дата19.09.2023
өлшемі219.61 Kb.
#477978
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   93
Cifrlyk Sauattylyk Metodika 2 kl Kaz alter

Дескриптор

  • 3-суреттегі роботтың тәй-тәй қозғалысында қолданған әр программа блогының қызметін анықтайды.

  • Роботтың тәй-тәй қозғалысын жылдамдату үшін, блок параметрлерін қалай өзгертуге болатынын айтады. •Программада қозғалысты сипаттауға үлкен

мотордан басқа

Оқушылар бірін-бірі «Стикерлер» әдісі бойынша бағалайды. Қызыл түс - Жарайсың! Жасыл түс - Жақсы! Сары түс - Талпын!

Интерактивті тақта










блокты қолдануға
болатынын айтады.










(Ж) «Идея туралы пікір» әдісі
Бұл әдіс оқушыларды жұптастырады.
2- тапсырма
Роботтың қозғалыс
программасының блок- схемасын құрастыр.

Дескриптор
•Роботтың қозғалыс программасының блок-схемасын құрастырады.

Жұптағы оқушылар бірін-бірі тапсырма орындау деңгейіне байланысты «Стикерлер» әдісі бойынша бағалайды.
Қызыл түс - Жарайсың!
Жасыл түс - Жақсы!
Сары түс - Талпын!

Интерактивті тақта




(О) 3- тапсырма Оқулықтағы 4-суретте робот қозғалысының схемасы берілген. Осы қозғалысты қалай программалауға болады? Өз жобаңды ұсын.

Дескриптор

  • 4-суретте берілген робот қозғалысының схемасы туралы өз ойын айтады.

  • Осы қозғалысты қалай программалауға болатынын жоспарлайды.

  • Өз жобасын ұсынады.

Оқушылар өзін-өзі «Стикерлер» әдісі бойынша бағалайды. Қызыл түс - Жарайсың! Жасыл түс - Жақсы! Сары түс - Талпын!

Интерактивті тақта

Сабақтың соңы (7 мин.)
Сабақты бекіту.
Рефлексия

ІП. Ой толғаныс. Рефлексия
(Ө) «Бір ауыз сөз» әдісі
Оқушылар стикерлерге сабақ туралы бір ғана сөз жазып, оны тақтаға жапсырады. Өз ойларын түсіндіріп береді. Стикерлерге сабақты бағалайтын келесі сөздерді жазуға болады (оларды тақтаға алдын ала жазып қойған дұрыс): ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым т.б.
Мақсаты: оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.
Тиімділігі: тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды; жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Мұғалім белсенділік танытқан оқушыларды «Стикерлер» әдісі арқылы бағалайды.
Қызыл түс - Жарайсың! Жасыл түс - Жақсы! Сары түс - Талпын!

Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулығын және қауіпсіздік ережелерін сақтау.

«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».
Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке
қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Стикерлер» әдісі.

Денсаулықты сақтау технологиялары.
Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.
Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау



Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту және сабақ беру туралы не айтасыз?



Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту және сабақ беру туралы не айтасыз?



Мен сабақ кезінде сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері, қиыншылықтары туралы нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аударуым керек?



24-сабақ. Роботқа арналған программаны іске қосу

Бөлімі

V бөлім. Роботтехника: датчиктер (ортақ тақырып: «Дәстүр және фольклор»)

Педагогтің аты-жөні




Күні




Сыныбы

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Роботқа арналған программаны іске қосу

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

2.5.3.1 программаны бастау үшін, түрту сенсорын қолдану;

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушы:
Робот программасын іске қосу үшін жанасу датчигін қолдануды үйренеді.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің іс- әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі (1-7 мин.)

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
І. Қызығушылықты ояту
«Күн! Тас! Қоршау!» ойыны
Ойын оқушылардың зейіні мен қозғалыс жылдамдығын дамытуға бағытталған. Ойын шарты: оқушылар бірнеше топтарға бөлініп отырады. Кезек-кезек балаларға «Күн!», «Тас!», «Қоршау!» атты бұйрықтар беріледі. Сөздердің айтылу ретін үнемі өзгерту қажет. Оқушылар әрбір сөзге қимылмен жауап берулері шарт. Егер «Күн!» деген сөз айтылса, олар алақандарын ашып, саусақтарын тарбитып, қолдарын жоғары көтереді. «Тас!» сөзінде қолдарын түюлі жұдырықтарымен көтереді. «Қоршау!» сөзінде алақандарын ашып, қолдарын көтереді, бірақ саусақтары бір-біріне тығыз жанасып тұруы керек. Ойын жылдамдығы біртіндеп жоғарылауы қажет. Ешбір қате жібермеген топ жеңімпаз атанады.

Топтастыру

Топтастыру: «Тұрғын мен оның үйі» ойыны
Оқушылардың білім деңгейін ескере отырып, «Тұрғын мен оның үйі» ойынын пайдаланып, оқушыларды таңдап алу әдісімен шығара отырып, шыққан оқушылар екеу-екеуден қолдарын көтеріп ұстасып, үйдің шатырын жасайды. Келесі шақырылған оқушы шатырдың астына кіріп, тұрғын болады. Сәлден соң мұғалімнің нұсқауымен тұрғын екеу болады. Осылай төрт оқушыдан шағын топтар құралады.
І топ: Тұрғындар.
ІІ топ: Үйлер.

(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі

(Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі
Мұғалім өткен сабақ пен жаңа сабақты ұштастыру мақсатында оқушыларға сұрақтар қояды. Оқушылар ұжымдық үлгіде жауап береді. Егер сұраққа жауап

-Қазақтың тұрмыс- салтынан туындаған балаларға арналған қандай ойындарды білесің? (1-сурет) -Қалай ойлайсың, өзіңе таныс ойындардың қайсысын роботпен ойнауға болады? (1-сурет) Ойыңмен бөліс.

Мұғалім белсенділік танытқан оқушыларды «Фигуралар» әдісі бойынша бағалайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет