Р. А. Қадырқұлов, Н. К. Берістемова цифрлық сауаттылық



бет83/93
Дата19.09.2023
өлшемі219.61 Kb.
#477978
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   93
Cifrlyk Sauattylyk Metodika 2 kl Kaz alter

(Ж) 1-тапсырма -Оқулықтағы суреттерде кім табиғатқа қамқорлық білдіруде, кім зиян келтіруде? І.Табиғат пен қоршаған ортаны қорғаудың қарапайым ережесін құрастырыңдар (1-сурет).
2. Құрастырған ережелеріңді

Дескриптор
•Суретте кім табиғатқа қамқор, ал кім зиян келтіргенін топтасып талқылайды.
•Табиғат және
қоршаған ортаны қорғаудың қарапайым ережесін құрастырады.
•Құрастырған ережелерін мәтіндік редакторға теріп сақтайды.

Оқушылар бірін - бірі «Мадақтау сөз» әдісі бойынша бағалайды. Өте жақсы! Жақсы! Талпын!

Интерактивті тақта







мәтіндік редакторда теріп сақтаңдар.













2-т апсырма Ережені суретпен безендіру.
Мәтіндік редакторға терген ережелеріңді суретпен безендір. Ережеге сәйкес келетін екі суретті интернеттен көшіріп қой.

Дескриптор
•Мәтіндік редакторда терген ережелерін суретпен безендіреді.
•Ережеге сәйкес келетін екі суретті интернеттен көшіріп қояды.

Оқушылар бірін - бірі «Мадақтау сөз» әдісі бойынша бағалайды. Өте жақсы! Жақсы! Талпын!

Интерактивті тақта




(Ө) 3-тапсырма.
-Оқулықтағы берілген 3- суретке қандай тақырыпта жоба жұмысын дайындаған болар едің?
-Жоба тақырыбын жоспарлауда 1- кестені басшылыққа ал.

Дескриптор
•Берілген 3-суретке қандай тақырыпта жоба жұмысын дайындайтынын айтады.
• Жоба тақырыбын жоспарлауда 1-кестені басшылыққа алады.

Оқушылар бірін-бірі «Мадақтау сөз» әдісі бойынша бағалайды. Өте жақсы! Жақсы!
Талпын!

Интерактивті тақта

Сабақтың соңы (7 мин.)
Сабақты бекіту. Рефлексия

ІП. Ой толғаныс. Рефлексия (Ө) «Көңіл күй букеті» әдісі
Оқушылар гүлдерді гүлсауытқа салады. Гүлсауыт суреті плакатқа салынған. Сабақ- тағы жұмысын бағалай отырып, әр оқушы аты жазылған стикер-гүлді сауытқа бекітуі қажет.
Қызыл түс - проблема бар, көмек қажет.
Сары түс - барлығы түсінікті емес.
Жасыл түс - барлығы жақсы.
Стикер түстері әртүрлі болуы мүмкін.
Мақсаты: оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.
Тиімділігі: тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды; жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Мұғалім белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі бойынша бағалайды.
Өте жақсы!
Жақсы! Талпын!




Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай
тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулығын және қауіпсіздік ережелерін сақтау.

«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».
Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Мадақтау сөз» әдісі.

Денсаулықты сақтау технологиялары. Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын. Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау


Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту және сабақ беру туралы не айтасыз?



Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту және сабақ беру туралы не айтасыз?



Мент сабақ кезінде сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері, қиыншылықтары туралы нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?



31-сабақ. «Билейтін робот» жасау

Бөлімі

VI бөлім. Роботтехника: «Билейтін робот» жобасы (ортақ тақырыптар: «Қоршаған орта», «Саяхат»)

Педагогтің аты-жөні




Күні




Сыныбы

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

«Билейтін робот» жасау

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

2.4.1.3 мәселені шешу үшін алгоритм құрастыру;

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушы:
Билейтін роботты жинауды үйренеді.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің іс- әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі (1-7 мин.)

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
І. Қызығушылықты ояту
«Өзіңізге тілегенді басқаларға тілеңіз» ойыны
Әр оқушыға 10-15 сек уақыт аралығының ішінде өзіне бір немесе бірнеше ізгі тілек тілеу тапсырылады. Содан кейін қатысушылар жұпқа бірігіп, бір-бірінің қолынан алып, жаңағы өзіне тілегенді жұптасына айту керек. Мұғалімнің де бұл іске қатысқаны дұрыс. Тілектерді бір-біріне топ ішінде де айтуға болады. /Бұл ойын оқушыларға психологиялық жағымды көңіл күй сыйлайды/.

Топтастыру

Топтастыру. «Достармен кездесу уақыты» әдісі
Оқушыларға осындай карточка беріп, сыныпты аралай жүріп, өздеріне ұқсас бір жанды тауып, әр сағаттың тұсына атын жазу ұсынылады. Мысалы, сенің көзіңнің түсі маған ұқсайды екен. Сені сағат 12-ге кездесуге жазып қойсам деп едім. Осылайша 4 сағаттың тұсына аттарын жазып болған соң, сәйкес келген оқушылардың бір топқа бірігіп жұмыс істеуі тапсырылады.
І топ: сағат 9

  1. топ: сағат 12

  2. топ: сағат 15

  3. топ: сағат 18

(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі

Мұғалім өткен сабақ пен жаңа сабақты ұштастыру мақсатында оқушыларға сұрақтар қояды.
-Қазақ халқы мен елімізде тұратын этностардың қандай

•Оқушылар ұжымдық үлгіде жауап береді. •Егер сұраққа жауап дұрыс берілмесе, мұғалім өзі бағыттап, дұрыс жауапты табуға көмектеседі.

Мұғалім белсенділік танытқан оқушыларды «Басбармақ» әдісі бойынша бағалайды.










билерін білесің? (1- сурет) - Роботты қалай билетуге болады?
- «Билеу алгоритмі» ұғымын қалай түсіндірер едің? (2- сурет)










Жаңа сабаққа дайындық

Жаңа сабаққа дайындық ретінде «Сұрақ-жауап» әдісін қолданып, талқылау жұмысын жүргізу. Қандай да болмасын ақпарат (мәлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін жазбаша немесе ауызша жеткізеді.
Ұжымдық талқылауда оқушыға сұрақ қою мен проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерінің еркін айтылуы, ешқандай сынға ұшырамауы керек, қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстырады.

Сабақтың ортасы (31 мин.)

ІІ. Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін).
Оқулықпен жұмыс істеу. «Мәтінмен жұмыс» әдісі
Тапсырмалар:

  • мәтінді бірнеше бөліктерге бөлу;

  • әр бөлікке атау беру;

  • әр бөліктің негізгі ойын білдіретін сөйлемдерді анықтау;

  • негізгі ұғымдарды сипаттайтын сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді табу;

  • мәтіндегі барлық негізгі ұғымдарды кезегімен атап беру;

  • мәтіндегі оқуға орын алған жерлерді атау;

  • мәтінді аяқтаудың нұсқасын ұсыну.

Интерактивті тақта




(Ж) 1- тапсырма -Роботты қандай музыкаға билеткілерің келеді?
-Робот билейтін музыканы таңдаңдар.
-Не үшін сол музыканы таңдадыңдар? - Себебін түсіндіріңдер.

Дескриптор

  • Роботты қандай музыкаға билеткілері келетінін таңдап, айтады.

  • Не үшін сол музыканы таңдағанын түсіндіреді.

Оқушылар бірін-бірі «Басбармақ» әдісі бойынша бағалайды.

Интерактивті тақта




(Ж)
2- тапсырма.
-Таңдаған музыкаларың бойынша робот биін қалай көз алдыларыңа келтіресіңдер? (5-сурет).
-Оқулықтағы өздерің таңдаған робот биінің алгоритмін

Дескриптор
•Өздері таңдаған робот биінің алгоритмін құрастырып, қағазға салады.

Оқушылар бірін-бірі «Басбармақ» әдісі бойынша бағалайды.

Интерактивті тақта







құрастырып, қағазға салыңдар.













(Ө) 3- т апсырма. Адамның биі мен роботтың биінің арасында қандай айырмашылық бар?

Дескриптор
• Сұраққа жартылай жауап береді.
• Сұраққа толық жауап береді.

Оқушылар бірін-бірі «Басбармақ» әдісі бойынша бағалайды.

Интерактивті тақта

Сабақтың соңы (7 мин.)
Сабақты бекіту. Рефлексия

ІП. Ой толғаныс. Рефлексия
(Ө) «Стикер» әдісі
Стикерлерді оқу үдерісін талдау үшін қолданыңыз. Оқушылар топпен, жұппен немесе жеке жұмыс кезінде төмендегі сұрақтарға жауап бере алады:

  • Мен нені үйрендім?

  • Маған не қиын болып көрінді?

  • Не күрделі болды?

  • Мен енді нені үйренгім келеді?

Мақсаты: оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.
Тиімділігі: тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды; жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Мұғалім белсенділік танытқан оқушыларды «Басбармақ» әдісі бойынша бағалайды.




Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай
тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулығын және қауіпсіздік ережелерін сақтау.

«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».
Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет