Сабақтың ортасы (31 мин.)
|
ІІ. Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін).
(Ұ) Оқулықпен жұмыс істеу. «Данышпан үкілер» әдісі.
Мәтінмен жұмыс
істеудің негіздері.
Мәтіндегі негізгі (жаңа) ұғымдарды тауып, оларды қазақ әліпбиі ретімен жаз. Мәтіннен сен күтпеген, сенің бұрынғы ұғымдарыңа қарсы ақпаратты тап. Саған жаңалық болған ақпаратты жаз.
Маңызды өмірлік
даналық.
Мәтіндегі негізгі ойды бір сөйлеммен білдір.
Таныс және таныс емес.
|
Дескриптор
- Оқулықтағы мәтінді оқиды.
- «Данышпан үкілер» әдісі бойынша 6 бағытта жұмыс істейді.
|
Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай «Бас
бармақ» әдісі бойынша бағалайды.
|
Интерактивті тақта
|
|
Мәтіннен саған алдында таныс болған және мүлдем таныс емес ақпаратты тап.
Иллюстрациялық бейнелеу.
Мәтіндегі негізгі ойды сурет, сызба, карикатура т.б. арқылы бейнелеп, көрсет.
Үлгі боларлық
қорытынды.
Оқыған мәтіннен келешекте қажет болатын маңызды қорытынды шығаруға бола ма?
Талқылауға арналған маңызды тақырыптар.
Сыныпта талқылауға
тұрарлықтай ерекше көңіл бөлуге болатын ойларды, пікірлерді табыңдар.
|
|
|
|
|
(Ж) 1- тапсырма.
Екі дос «Сан жасыру» ойынын ойнауда. Ойынды бақылап тұрған үшінші дос олардың ойынын ауызша сипаттады. Осы сипаттау бойынша «Сан жасыру» ойынының блок-сызбасын құрыңдар.
|
Дескриптор
- Жұптасып тапсырмамен танысып, талқылайды.
- Ойынның блок- сызбасын ойынның ауызша сипатын негізге алып
құрады.
|
Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.
|
Интерактивті тақта
|
|
(Т) «Бірлескен жұмыс дағдысын қалыптастыру» әдісі
Сыныптастарды бағалау оқушылардан бірлесе
жұмыс істеуді талап етеді. Әрине, ОҮБ-ның өзі бірлескен жұмысты
білдіреді, сондықтан
бірлескен жұмыс дағдысын айқын және анық
қалыптастыру қажет.
Аталған үдерісті
оқушылармен бірлескен жұмыс түсінігін талқылау арқылы бекітуге және тапсырманы бірлесе
орындау арқылы жүзеге асыруға болады.
|
2- тапсырма.
Суретке назар
аударыңдар.
«Далада жаңбыр жауып тұр. Әпкесі мен інісі даланы терезеден бақылап тұр. Жаңбыр сәлден соң тоқтайды» (3-сурет).
Дескриптор
-Топта тапсырмамен танысып, бірлесе талқылайды.
Сурет желісі бойынша сызықтық алгоритмнің блок- сызбасын құрастырады.
Сурет желісі бойынша талмақталған алгоритмнің блок- сызбасын құрастырады.
|
Топтағы оқушылар бірін-бірі топтағы жұмыс істеу деңгейіне қарай «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.
|
Интерактивті тақта
|
|
(Ө) «Венн диаграммасы» әдісі.
Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін
|
3-тапсырма.
1. Сызықтық және тармақталу алгоритмдерін салыстыр.
|
Жұптағы оқушылар бір- бірін топтағы жұмыс істеу деңгейіне қарай
|
Интерактивті тақта
|
|
нысандардың сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттар тізіледі. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып, оқушылар қызыға толтырады, яғни салыстыру сияқты күрделі ойлау операциясын меңгереді.
|
2. Суреттегі блок- сызбалардың ішін толтыр.
Дескриптор
- Сызықтық және тармақталған алгоритмдерін салыстырады.
- Суреттегі блок- сызбалардың ішін толтырады.
|
«Басбармақ» әдісі бойынша бағалайды.
|
|
Сабақтың соңы (7 мин.)
Сабақты бекіту.
Рефлексия
|
ІП. Ой толғаныс. Рефлексия (Ө) «Гүлдер» әдісі.
Оқушыларға қағаздан қиылған үш түсті гүл үлестіріледі. Содан кейін оқушылар сабақ барысында өздерінің түсінгендерін бір сөйлеммен қорытындылап айтады. Ары қарай олар сабақ қорытындысы бойынша жасыл түсті гүлді ең көп көмектескенге, сары гүлді ең сыпайы оқушыға, ал қызыл гүлді ең жақсы тыңдай білген балаға беруі керек. Ең үлкен гүл шоғы кімде болар екен? Өзіне қалдыруға да болады. Бұл жерде бірін-бірі және өзін-өзі бағалау жүреді.
|
Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілеттірек оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?
|
Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
|
Денсаулықты және қауіпсіздік ережелерін сақтау.
|
«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».
Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып
әзірлеуді қамтиды.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |