Р. Б. Доскалиева



Pdf көрінісі
бет15/114
Дата02.12.2022
өлшемі1.66 Mb.
#466315
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   114
Doskalieva R.B. Psihologiialyq diagnostika 2018

Әдіснама жалпы философиялық негіздерден туындайды. 
Философиялық әдіснама философияның өзінің әдістерінің 
көмегімен ғылыми таным үрдісін талдауда қолданылатын 
философиялық білім түрлерінен құралады. Әдіснама деңгейінің 
бұл түрін өңдеу ереже бойынша кәсіби философтардың және 
тұтас алғанда, ғылымның категориялық құрылымы мен сананың
жалпы ұстанымдарын талдау арқылы жүзеге асырылады. 


26 
Философия екі жақты әдістемелік рөлді атқарады: ғылыми 
білімнің конструктивті сынын қолдану шарттары мен шектерінің 
көзқарасы, оның жалпы даму тенденциялары мен әдіснамалық 
іргетасының қалануы және әлем көрінісінің ғылыми тұрғыдағы 
дүниетанымдық интерпретациясын береді.
Жалпы ғылыми ұстанымдар және зерттеу түрлерінің деңгейі 
ХХ ғасырда кеңінен дамыды, бұл қазіргі ғылыми білімнің жеке 
саласы ретінде әдіснамалық зерттеулерді ерекшелеуді анықтап 
береді. Олар: 
-басқару 
туралы 
ғылыми-теориялық 
кибернетиканың 
мазмұнды жалпы концепциясы, В.И. Вернадскийдің неосфера 
концепциясы; 
-әмбебап 
концептуалды 
жүйелер: 
А.А.Богданов
тектологиясы, Л.фон Берталанфидің жалпы теориялар жүйесі; 
-жеке-әдіснамалық 
немесе 
логикалық-әдіснамалық 
концепциялар: тіл білімі мен этнографиядағы құрылым, 
әлеуметтанудағы құрылымды-функционалдық талдау, жүйелік 
талдау, логикалық талдау және т.б. 
Олар арнайы ғылыми мазмұнды түрлендіру және логикалық 
ұйымдастыру қызметін атқарады. Әдіснамалық талдаудың бұл 
деңгейіндегі концепцияның жалпы ғылыми сипаты олардың 
пәнаралық табиғатын көрсетеді, яғни психологияда ғылыми 
таным үрдісінің дамыған түрлерінің жалпы сипатын ерекшелеуге 
бағытталғандықтан, 
пәннің 
нақты 
түрлерінің 
мазмұны 
салыстырмалы түрде болады. Келесі деңгей нақты ғылыми 
әдіснаманың деңгейі: берілген білім саласы үшін обьектілердің 
шектеулі түрлерінде және танымдық жағдайларда арнайы 
қолданылады. Әдетте, одан барып шығатын ұсыныстар пәндік 
сипатта болады.Деңгейлер бойынша әдіснамалық білімді 
жіктеуден басқа дүниетанымдық бағдарлар және басты 
әдіснамалық принциптердің мазмұнды негіздерінің бірігуі 
үрдістер деңгейінен көрініс табады. Бұл үрдіс анық көрініс 
табатын әдіснамалық ықпалдар мен әдіснамалық теориялар және 
әдіснамалық бағдарлардың қалыптасуына әкеледі. Олардың 
көпшілігі дихотомиялық принцип бойынша құрылады және бір-
біріне әруақытта қарсы тұра алады (диалектикалық және 
метафизикалық, аналитикалық және синтетикалық, атомдық және 
холистикалық, тұтас сапалы және мөлшерлі, энергетикалық және 
ақпараттық, алгоритмдік және эвристикалық). Ықпал ұғымы 


27 
әдіснамалық талдаудың әр түрлі деңгейінде қолданылады, бірақ
көп жағдайда екі жоғарғы деңгей, яғни философиялық және 
жалпы ғылыми әдіснаманы қамтиды. Сонымен қатар, 
әдіснамалық ықпалдардың және ғылыми категориялардың бір 
ғылымнан екіншісіне ауысу жүйесі байқалады. Мысалы, 
гештальтпсихологиядағы өріс ұғымында, сонымен қатар 
К.Левиннің өріс теориясында физикалық өріс теориясы айқын 
іздері бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет