28
көптеген жеке теориялар дами бастады. Психиканы жүйелі түрде
түсіну принциптері өте ерте кезеңнен басталған. Кеңес
психологиясында жүйелік ықпал әдіснамасы С.Л.Рубинштейннің
субъектілік ықпал концепциясымен тығыз байланысты болды.
Бұл, психологияда теориялық және эксперименттік тұрғыда
негізделген
субъектілік
іс-әрекет
тұжырымдамасының
қалыптасуы барысында психика қарым-қатынастың әр түрлі
деңгейінде дамиды деген түсінік орнаған (1889-1960).
С.Л. Рубинштейн шәкірттері Л.И. Анцыферова, Е.А. Будилова,
К.А.
Абульханова-Славская, А.В. Брушлинский және басқалар
оның идеяларын жалғастырды.
ХІХ ғасырда ғылымның теориялық даму кезеңдерінің өзінде
организмді
жүйелі
түсіну
қалыптаса
бастады.
Таным
теориясында жүйелік ұстанымының дамуы философиялық-
әдіснамалық ілім - экономикалық жүйені талдауымен және
Ч. Дарвиннің түр дамуы теорияларымен байланыста болды.
Кибернетиканың дамуы да жүйелік ұстанымының әрі қарай
дамуына өз үлесін қосты.
Жүйелік ықпалдар, Петровский мен
Ярошевскийдің айтуы бойынша,
философтардың ой пікірімен, ол
көптеген ғылыми талдаулардың нәтижесі. Мысалы, Бернар мен
Кеннонның
биологиялық жүйелеуін тарихта Аристотель мен
Декарт ілімдерінен соң үшінші орынға қойса одан кейін
психоанализ ілімін қояды. Америкалық физиолог У.Кеннон
жүйелік ұстанымын гомеостаз принципі ретінде қарастырады. Ол
« жалпы принциптерді ұйымдастыру» деген тоқтамға келді.
«Теориялық психология» авторлары жүйелік ұстанымының
негізгі принциптік жүйелік құрылымын ұсынады. Олар: холизм,
элементаризм,
эклективизм,
редукционизм,
сыртқы
методологизм. «Холизм» -грек тілінен аударғанда «тұтастық»
деген мағынаны білдіреді. Психологияда мұндай тұтастыққа
жан, организм, тұлға, сана жатады. Элементаризм (атализм) –
бірнеше элементті біріктіру
принципінің мәні тұтасымен
өзгермейді. Бұл құбылыстар сана психологиясында Вундт пен
Тетчнердің құрылымдық теориясы, ал бихевиоризмде дағдының
қалыптасуын түсіндіреді. Бұл принциптер психологияның қай
саласында болмасын, түрлі
теориялардың салыстырмалы
аспектілерін қарастырады.
Жүйелік бағыттың пайда болуы Аристотель есімімен
байланысты, яғни оның организмнің өзі бір жүйе деген
29
түсінігінен басталады. Ол жан туралы түсінікті, психологиялық
ой-пікірді табиғи негізге бағыттап, жан мен тән бірлігінің
ғылыми жүйесінің негізін қалады.
ХVІІ ғасырда жүйелік ұстанымының
дамуына белгілі бір
бағыттар себепші болды. Биологиялық теорияда организм
белсенділігі ортаға
психологиялық бейімделу деңгейіне
байланысты десе, Гештальт теориясында сана құрылымы
изоморфизм принципіне байланысты делінген. Гештальттық
теорияда сана құрылымы
дене құрылымына байланысты
изоморфизм принципіне ауысатынын сипаттаған. 1912 ж
Вертгеймердің изоморфизм теориясында Келер теориясына
негізделіп, қабылдаудың кеңістіктегі конфигурациясы адам
миында қозуды туғызған кеңістік фигурасына сәйкес келеді деп
түсіндірген. Ал, психофизикалық изоморфизм бойынша
типологиялық сипаты басым. Изоморфизм –бір жүйенің
құрылымы келесі бір жүйенің құрылымымен бірыңғай немесе
бөлімдерімен сәйкес келуі.
Достарыңызбен бөлісу: