48
тәлім-тәрбие, өнегесінен жанамалай үйренуі. Осылайша бала
өзінің
дербестігін, жеке басының психикалық қасиеттерін
дамытады, әлеуметтік ортадан меңгерген білімі мен әр-алуан
мағлұматтары оның ішкі дүниесінің, психикасының дамуындағы
ең жоғарғы функция, яғни болмыстың бала санасында бейнеленуі
деп
аталады.
Л.С.Выготский
«Жоғарғы
психикалық
функциялардың даму тарихы» деген еңбегінде (1931) осы еркін
ортадан әрі жалғастыра түсіп, «баланың
жоғары психикалық
функциясы әлеуметтік ортада ересектермен қарым-қатынас жасау
арқылы туындап отырады, осы жағдайда ғана оның сана-сезімі
өсіп жетіледі» дейді. Л.С.Выготскийдің бұл тұжырымы «бала
дамуының жақын арадағы аймағы» қағидасына негіз болды.
Психология ғылымының
даму мәселелерін ХХ ғасырда
теория жүзінде де, эксперименттік зерттеулер түрінде де жан-
жақты қарастырған, психологиядағы мәдени-тарихи дамудың
іргетасын қалаған атақты ғалым –Л.С.Выготский (Психология
5т.7-12б.)
Ақыл-ой әрекетін сатылап қарастыру теориясының негізін
кеңес психологиясының көрнекті өкілдерінің бірі, атақты
психолог П.Я.Гальперин қалады. Ақыл-ой іс-әрекетін сатылап
қалыптастыру теориясында адамның психикалық іс-әрекеті өзара
байланысқан жүйе ретінде төрт бөліктен тұрады:
- бағдарлаушы іс-әрекет –психологияның зерттеу пәні және
психиканың маңызды сипаттамасы
ретінде қарастырылатын
ілім;
- адам психикасының эволюциясы, эволюциялық үрдістердің
құрамдас бөлігі –филогенез, антропогенез, онтогенез туралы
ілім;
-адамның ақыл-ой әрекетін қалыптастыру жайлы ілім;
-психикалық (бағдарлаушы) іс-әрекет түрлері, формалары
жайлы ілім.
П.Я.Гальперин «Бағдарлаушы іс-әрекет – психологияның
Достарыңызбен бөлісу: