113
Психологиялық тестердің валидтілік және сенімділік
мәселесі дифференциялды психометриядағы негізгі мәселелердің
бірі және теориялық аппаратының даму деңгейімен байланысты.
10.2. Психологиялық диагноз түрлері
Балалар психологиясын зерттеуде
диагностикалық сандық
және сапалық жақтары байланысты, бір-бірін толтырып отырады.
Мұндай байланыс топтық стандартталған және жеке тұлғаның
стандартталмаған әдістер қорытындалары оқыту процесінде
есепке алынады. Мұнда, жалпы логика сақталады. Ол алғашқы
психодиагностикалық белгілердің
комплексті талдауы арқылы
диагноз қою.
Психологиялық диагноз психологиялық диагностикада басты
түсінік бола тұра аз өңделген сала. Барлық психологтар оны қолданса
да диагноз қою үшін қажетті психологиялық ақпарат пен специфика
болмысы туралы бірегей ақпарат жоқ. Әрі қарай психологтың диагноз
қою қызметін кеңейту үшін және психологтардың кәсіби әзірлігін
жетілдіруде бұл түсінікті зерттеп, жан – жақты қарастыруға
байланысты. Диагноз термині ең бірінші әскери саладан келді, сосын
медицинада қолданды, алғашқыда психологиялық бұзылыстар немесе
нормадан
ауытқушылықтарды
белгілеу
үшін
қолданылды.
Медициналық тұрғыдан психологиялық
диагноз мақсаты белгісізден
осы
уақытқа
дейінгі
нақты
адамның
физиологиялық
сипаттамаларынан анықталған өзгерістерге байланысты диагноз қою
болды. Психологиялық диагноз көптеген адамның қызметі мен
өміріне енуіне байланысты «психологиялық диагноз» терминін
кеңірек түсінуге және қалыпты психикалық феномендерден
ауытқушылығын нақты саралау қажет.
Л.С. Выготский бүгінгі күнде де қолданылып жүрген
психологиялық диагноздың 3 деңгейін анықтады:
1.Симптомдық немесе эмпирикалық диагноз.Белгілі бір
психикалық ерекшеліктер немесе белгілер негізінде практикалық
қорытынды шығарылады. Мұндай диагноз ғылыми болып
есептелмейді, себебі симптомдар кәсіби шеберлікпен анықталмайды.
Симптомдық диагнозды зерттеуші жанындағы барлық адамдарға
қоюға болады. Симптомдық диагноз қоюдың негізгі тәсілдерінің бірі
бақылау және өздік бақылау болып табылады.