Р. Б. Доскалиева


Тұлғалық ерекшеліктер диагностикасы



Pdf көрінісі
бет72/114
Дата02.12.2022
өлшемі1.66 Mb.
#466315
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   114
Doskalieva R.B. Psihologiialyq diagnostika 2018

11.2. Тұлғалық ерекшеліктер диагностикасы 
 
Тұлғалық сұрақ - жауаптар тұлғаның ерекшеліктер негізінде 
жүзеге асырылады. Ол базистік тұлғалық сапалардың көріну 
дәрежелерінен анықталады. Ерекшеліктер бір - бірімен тығыз
байланысты 
тұлғалық 
белгілерді 
біріктіреді.Мұндай 
сипаттамалардың саны тұлғалық кеңістіктің өлшемін анықтайды. 
Жалпы түрде ерекшеліктер әдетте, мінез - құлық көріністерінің 
қайталану тенденциялары, яғни мінез - құлықтың жинағы деп 
түсіндіріледі. Олар иерархиялық түрде ұйымдастырылған, 
олардың 
жоғары 
деңгейін 
факторлар 
құрайды. 
Кейде 
факторларды базисті немесе әмбебап маңызды сипаттар деп те 


125 
атайды. Мүмкін жағдайларда адамның тәртібін болжау үшін 
психологтар базистік немесе әмбебап ерекшеліктерін өлшеуге 
тырысады.Бұл ерекшеліктер ереже бойынша іс - әрекеттің стилі 
жалпы құрлымды -динамикалық сипатына жатады. 
ХХ ғасырдың 90-шы жылдарында А. Г.Шмелев және басқа 
авторлармен бірге 16PF факторлы сұрақнама мен орыс тілді 
мәдениетті ескере отырып, жасалған тұлғалық ерекшеліктер
Атласы негізінде он алты факторлы орыс тілді сұрақнама (16 РФ) 
жасады. Бұл тұлға профилін бағалауға мүмкіндік беретін, 
алғашқы көпфакторлы, әмбебап әдістер болып саналды. 
Р.Кеттелдің 
сұрақнамаларының 
көмегімен 
бағаланатын 
мәліметтердің 
ерекшеліктері 
психологтардың 
әрекеттерін
ынталандырды. 
В.Норманның және 60-шы жылдары оның еңбегін 
жалғастырушы психологтар "үлкен бестік "түсінігін енгізді. 
Олардың 
тұлға 
ерекшеліктерінің 
атаулары 
Р.Кеттелдің 
пайымдауларына ұқсас, 5 факторлы бағыттың дамуын Д.Файск, 
Л.Терстоундардың алғаш бастаған жұмыстарынан көруге 
болады. "Үлкен бестік " әдістемесі негізін салушы 
В.Норман.Моделдеу 
құрамы 
мына 
сипаттардан 
тұрады: 
экстраверсия, нейротизм, келісім, ар-намыс және мәдениет. Кейінірек 
"мәдениет" "тәжірибеге алмастырылды. Г.Айзенктің пікірінше: 
«үлкен бестікте» бірінші және екінші реттің (келісім, ар-намыс және 
тәжірибедегі ашықтық) себептері аралас қарастырылады. Сондықтан 
жоғары деңгейдегі 3-ші факторлық үлгі ұсынылған. Бұл нейротизм, 
экстраверсия, психотизм. Алғашқы екеуін диагностикалау үшін EPI 
(Eysenck Personality Invertory) сұрақ – жауаптары құрастырылды. 
1964 жылы құрастырылған сұрақ – жауапта 57 сұрақ болды, олардың 
24-і экстраверсия – интроверсияны 24-і нейротизм – эмоциональдық 
тұрақтылықты қарастырды. Тағы да тоғыз сұрақ жалғандық 
шкаласын құрады. Сұрақнамада екі параллельдік түр бар. Сыналушы 
берілген сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап беру тиіс. 
Нәтижелерді интерпретациялау барысында Г.Айзенк адамның 
физиологиялық ерекшеліктерімен тығыз байланысты темпераменттің 
сипаттамасына сәйкес қарастырды. Экстраверсия – интраверсия 
факторының негізгі мазмұнын ол субьектінің сыртқы әсерлерге 
байланысты ашықтығы мен тұйықтығы деп түсіндіреді. Мінез-
құлықтың сипаттары: экстраверттер үшін жаңаға әсерленгіштік , 
еркіндік, жоғары импульсивтілік, қимыл-қозғалыс, тездік, сөйлеу 


126 
белсенділігі, ашық қарым – қатынас, оптимизм; ал интероверттер өзін 
бақылаушылық, қимыл – қозғалысы мен сөйлеуі баяу, тұйық, ортаға 
жай бейімделу, көңіл – күйінің енжар қасиеттері тән. Нейротизм
шкаласында түрлі эмоционалдық сипаттар бейнеленеді; Олар: 
эмоционалдық, лабилдік, сезімталдық және үйренгіштік. 
1975 жылы Г. Айзенк сұрақнамасының жаңа шкаласы - жеке 
адамның әлеуметтік әрекеттерге қарсы тұрушылық бейімділігін 
анықтауға бағытталған психотизм шкаласымен толықтырады. 
Жаңа сауалнама EPQ (Eysenck PersonalityQuestionnaire) біздің 
елімізде көп қолданысқа ие бола алмады. 
EPI сұрақ –жауабын алғаш рет В. М. Бехтерев атындағы 
психоневрология Институтында 1970-1974 ж.ж. бейімдеді. 
Психология Институтында қайтадан құрастырып, кейбір 
пункттеріне 
өзгерту 
енгізуге 
және 
сұрақнаманың 
психометриялық қасиеттерін өзгертуге бағыттады. 
ЕРІ сұрақ – жауабы психологиялық тәжірибеде – спортта, 
медицинада, сонымен қатар, психологиялық зерттеулерде кең 
қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет