Р. Б. Доскалиева


Тұлғалық мотивация диагностикасы



Pdf көрінісі
бет73/114
Дата02.12.2022
өлшемі1.66 Mb.
#466315
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   114
Doskalieva R.B. Psihologiialyq diagnostika 2018

 
11.3.Тұлғалық мотивация диагностикасы 
 
Тұлға құрлымында мотиватция ерекше орын алады және 
адамның іс-әрекеттері мен мінез –құлқының қозғаушы қүштерін 
түсіндіру үшін қолданылатын негізгі мағынасы болып табылады. 
Әдебиеттерде мотив саналы қажеттілік (А.Г.Ковалев), және 
қажеттілік пәні ретінде (А.Н.Леонтьев) түсіндіріледі және 
қажеттілікпен (Т.С.Симонов) ұқсас деп қарайды.
С.Л. Рубинштейн пікірінше мінез қасиеті –бұл біртекті 
жағдайларда адамда заңды пайда болатын –тенденция, қозғаушы 
дарынды күш. С.Л.Рубинштейн бұл жерде нақты мотивтің 
жалпылама мазмұны туралы айтқан.
Х.Хеккаузен мотив және мотивацияны келесі түрде 
ажыратады. «Мотив» ұғымы қажеттілік, оятушы күш ниеттену, 
бейімделу, ұмтылыс сияқты құрылымдардан тұрады. Мотив 
«индивид - орта» қатынасының мақсатына қарай беріледі. 
Қаншалықты мотив түрі болса да, сонша «индивид - орта» 
қатынасының түрлері мен кластары бар.


127 
Мотивтер адамның дамуы барысында қоршаған ортаға 
салыстырмалы тұрақты бағалық қатынасы ретінде қалыптасады.
Мотивация әр түрлі әрекеттер арасындағы таңдау процесі 
ретінде берілген, мотив үшін осы бағыттылықты сүйемелдейтін 
арнайы жетістіктерге бағыттайтын және реттейтін үрдіс ретінде 
түсіндіріледі. 
Қысқаша тұжырымдағанда мотивация іс – әрекеттің 
мақсатын түсіндіреді, сонда мотив нақты мақсатқа жетуге 
бағыттайды. Функционалдық ресурстары және адамның қабілеті, 
оның қызығушылығы мен ынтасы қалай және қай бағытта 
пайдаланылатыны мотивацияға байланысты. Тұлғалық мотив 
және 
мотивациялық 
сфера 
әдістемелері: 
Г.Элерсонның 
жетістікке жету мотивациясы. А.Эдвардс және Д.Марлоудың 
өзін-өзі бағалау әдістемелері және т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет