121
келісім жоқтығы, абстрактылы және қиялындағы бейнелерге
аса сезімталдық пен эмоционалды мән береді. Өз идеясы мен
қызыққан ісіне жан - тәнімен беріліп, күнделікті қуаныш-
қайғыға
эмоционалды әсері болмайды, еш нәрсеге мән
бермейді.
9.
Гипомания шкаласы (Ма). Тұлғаның гипертемиялық
типіне жақындық деңгейін анықтауға арналған. Гипомания
шкаласы бойынша тұлғалар үшін жағдайларға тәуелсіз
көтеріңкі көңіл- күй тән. Олар белсенді, әрекетшіл, күшті
және ақжарқын, жиі өзгерісі болатын жұмысты жақсы көреді,
адамдармен
тез тіл табысады, жақсы қарым- қатынас
жасайды, оларды "әлеммен қосылу" қажеттілігі басым.
Жаңаны тез қабылдайды, тез бейімделеді, ашық әшекейлерді
жақсы көреді, әдетте олар жақсы бишілер, спортшылар,
алайда оларды нәтиже емес, процестің өзі қызықтырады, ым-
ишара, мимиика, жақсы координациялар айқын байқалады.
10.
Әлеуметтік
интраверсия шкаласы (Si). Тұлғаның
интраверттік типіне жақындық дәрежесін өлшейді. Бұл шкала
бойынша қарым-қатынаста сенімділік пен тепе - теңдік
жетіспейдігі жоғары бағаланады. Ортада тез абыржиды,
бөгеліп қалады, күйіп- піседі,
рухани тепе- теңдігін тез
жояды. Мүмкін осы себептен де олар салқын қанды және
жабырқау болады. Бұл қасиеттерді ерекше көрсеткісі
келмейді, қарым- қатынаста белгілі- бір дистанция сақтайды,
проблемалардан аулақ болғысы келеді және адамдарды
сыйлайды, өз көзқарасына басқаның бағынышты болғанын
қаламайды.
ММРІ зерттеуі барысында әрбір шкала бойынша алғашқы Т-
бағалар стандартында келтірілген орташа мән 50 және 10
стандарттық ауытқумен сәйкестендіріледі. Нормалар шегіндегі
диапазоны 30-дан 70-ке дейін.
Нәтижелерді интерпретациялау келесі ережелерді ескеріліп
жүргізіледі.Профиль
бөлек шкалалар жиынтығы емес, біртұтас
деп бағалануы тиіс; басқа шкалалардың бағалануына сәйкес кез
келген шкала бойынша жоғары немесе төмен балл болады.
Профиль тұлғаның ерекшелігін сонымен қатар, зерттелушінің
белсенді психикалық күйін сипаттайтындықтан нәтижелер
динамикалық болады. Нормадан ауытқу неғұрлым жоғары
болған
122
сайын, психикалық көңіл- күйінен гөрі тұлғаның қасиеттерінің
көрінуі ықтималды болып табылады.
Соңғы он жылдықта ММРІ-дің екі жаңа нұсқасы ММРІ -2
(1989), ММРІ-А (1992) жасалды. Оларды Дж. Бетчер мен В.
Далстром тағы басқа авторлармен бірге жасады. ММРІ-2, 16- 84
жасқа дейінгі ересек адамдарға есептелген; ММРІ-А 14-18
жастағы жастарға арналған. Бұл екі сұрақнамалардың екеуі де
101 клиникалық, 3 бақылау шкалаларын, сонымен қатар олардың
анықтамасының көп пунктерін сақтап қалған.
ММРІ сұрақ - жауаптарына мазмұны жағынан тұлғаның
акцентуациялық типін диагностикалауға арналған Шмишек сұрақ -
жауаптары жақын болып табылады. Ол да типтік, тұлғалық
сұрақнамалар класына жатады. Оның негізінде К.Леонгардтық
"акцентуациялық
тұлғалар"
концепциясы
жатады.
Бұл
концепцияға сәйкес тұлғаның
ерекшеліктерін негізгі және
қосымша деп екі топқа бөлуге болады. Негізгі ерекшеліктері
айтарлықтай аз, бірақ олар тұлғаның негізі болып табылады, ол
тұлғаның дамуын, бейімделуін және психикалық денсаулығын
анықтайды.
А.Е.Личконың патохарактерологиялық диагностикалық сұрақ -
жауаптары тұлғалық типтік сұрақнамалардың бір әдісі болып
табылады. Бұл әдісте сау адамның типтік ерекшелігін анықтаумен
қатар 14-18 жастағы жасөспірімдердің мінезіндегі психопатия
және
акцентуациялық
типтерін
анықтауға
арналған.Бұл
сұрақнамада 25 тақырыпты қарастырған. Онда өзіндік витальдық
қызметі (көңіл - күй, өзіндік сезіну, ұйқы, жыныстық проблема),
жақындары мен айналасындағы адамдарға қатынасы (ата-ана,
достары, сыныптастары т.б.) кейбір абстрактылық категориялар
қарастырылған. А.Е.Личко әдістемесі тұлғаның акцентуатциялық
11 типінің психологиялық, патологиялық және жасөспірімдердің
мінез акцентуатциясын анықтаған.
Достарыңызбен бөлісу: