14.2. Диагностикалық нәтижелерді интерпретациялау
Интерпретация және оның негізінде диагностикалық
нәтижелерді
қолдану
мәселесі
психодиагностик-практик
жұмысындағы ең күрделі мәселелердің бірі болып отыр.Әрбір
нақты жағдай үшін оны дұрыс шешуге психологиялық терең
білім қажет.Сондықтан, тұлғаның қалыптасу және адамның мінез
–құлқына ортаның әсерін бағалауда алдын –ала алынған
түсініктер, тұрмыстық сана немесе жағдайлық факторлар,
156
ортаның шарттары, интуициямыз бен өмірлік тәжірибемізге
сүйенудің үлкен маңызы бар. Сонымен, нақты жағдайда адамның
мінез –құлқын, алдын –ала айту үшін жағдай мен факторларының
ролін тек түсініп қана қоймай,сонымен қатар жағдай әсерлерін
бағалай білу қажет. Себебі, адамның мінез –құлқы туралы білім
ғана жеткілікті емес, адам ол жағдайда қалай қабылдайды және
интерпретацияланатындығын білу қажет.
Әртүрлі психологиялық мектеп өкілдерінің көзқарасы
бойынша қабылдау мен түсіну шындықты енжар реттеу ғана емес
ол белсенді және құрлымдық процесс, орта мен әлем бейнесін
жасаушы іс –әрекет, бөлек әрекеттер жиыны, және бұл бейне
адамның өзіндік мінез –құлқын анықтайды.
Индивидуалды өзіндік бейнесінің себептері жағдайдың жеке
субьективті интерпретациясының алуан түрлілігінен көрінеді.
Психологтар бағалау және қабылдаудың ішкі факторларға
байланысын – Дж.Келли «конструкттар» , С.Л.Рубинштейн «іс-
әрекеттің ішкі шарттары», Д.Н.Узнадзе «бағдар» және т.б атайды.
ХХ ғасырдың 60-жылдарында когнитивті психология
өкілдері «жағдайдың субьективті бейнесі» деп аталатын ұғымды
енгізді. Ең бастысы әртүрлі психологиялық мектептердің өкілдері
барлық адамдар үшін бірдей абсолютті баға мен пікірлердің
болмайтындығын дәлелдей отырып, орта факторларының
интерпретациясында
субьктивизмнің
бар
екендігін
мойындайды.Сонымен, олар туралы оқиға немесе ақпараттың
контекстісі біздің интерпретациямызды алдын-ала анықтайды.
Контекстпен салыстыру біздің пікірімізге әсер етеді және мінез-
құлқымыздан көрініс табады. Тағы да бір түрі салыстырудың –
өткен тәжірибемен салыстыру. Осылай «бұрынғы қайырымды
уақыттар», «қазіргі жастар», «қазіргі адамгершілік» деген бағалар
пайда болды. Салыстырудың келесі түрі – әлеуметтік. Адамдар
өздерін және қоршаған ортаны әлеуметтік, маңызды адамдармен
салыстырады және осының негізінде бақыт, талант, денсаулық,
байлық және т.б туралы пікірлерін қалыптастырады.
Салыстырудан
басқа
индивид
басқа
адамдардың
интерпретациясын қабылдап алатын, оның бағалары мен
пікірлерін меншіктеп алуда көрінетін конформдық субьективті
интерпретацияларды құру механизмдерінің бірі болып табылады.
Жалпы
алғанда,
адамда
кездесетін
барлық
жеке
интерпретациялар негізінде оның бұрынғы тәжірибесі жатады.
157
Осы сұрақ бойынша С.Л.Рубинштейн былай жазды: «ішкі
шарттар әрбір сәтте тұлғаға сыртқы әсері бұзылатындықтан, өз
кезегінде бұрынғы сыртқы әсерлерге тәуелді қалыптасады,
сыртқы әсерлердің ішкі шарттар арқылы бұзылуы туралы жағдай
тұлғаға әсер ететін әрбір әсердің психологиялық эффектісі оның
даму тарихына негізделген». Сонымен, адамдар жағдайлар мен
оқиғаларды
тек
қабылдап
қана
қоймай,
белсенді
интерпретациялайды, сондықтан қоршаған орта шарттарында
олардың мінез-құлқының айырмашылықтары осыған байланысты
болып отыр. Алайда адамның субьективті интерпретациясы
өзгеруі мүмкін деп түсіну қажет, сондықтанда бір адам екі ұқсас
жағдайды әртүрлі уақытта әртүрлі талқылайды.
Субьективті интерпретацияны басқаруға және осы басқарудың
ең маңызды механизмі – маникулация және затты, адамды немесе
оқиғаны нақты бір класқа жатқызуға мүмкіндік беретін және осы
негізде оның кейбір сипаттамалары және оның сәйкес пікірлері
турасында қалыптасатын категорияларды құру екендігін психологтар
біледі. Осы механизмді белгілеу үшін когнитивтік психология
өкілдері «схема», «сценарий», «білім құрылымы» секілді ұғымдарды
қолданады. Оларды пайдалана отырып адамдар оқиғалар мен
жағдайларды интрепретациялайды, сонымен қатар ондағы басқа
адамдардың мінез-құлқын болжауға тырысады. Болған оқиғаларды
болжауда диагностикалық амалдың жалпы заңдылықтарының
бейнеленуі номотетикалық деп аталады. Номотетикалық амал
тұлғаның индивидуалды өзіндік ерекшелігін ескере отырып, күрделі
тұтастығын сипаттап, түсіндіруге бағытталған идиографикалық
толықтырылуы қажет.
Адамның ең негізгі мінез-құлқы ерекшелігі немесе жағдай емес,
олардың өзара әрекеті болып табылады. Қандай да бір ерекшеліктің
әртүрлі жағдайлар өзгерісі (мысалы, импульсивті) белгілі бір
тұрақтылықтың пайда болуымен байланысты, мысалы жағдайларды
категориялау
ерекшелігінде
көрінеді.
Әртүрлі
жағдайлар
қатынасында бағалауының ұқсастығы, сонымен қатар, ондағы
мінез-құлқы ұқсас болуы мүмкін, ал оны алдын ала болжау үшін
психологиялық білім қажет. Сондықтан, осы жағдайлар шеңберінде
адам мінез –құлқының сәйкес болуын көруге болады.
Тұлғаны идиографиялық талдаудың, оның жетістіктерін
қорғайтын жақтары белгілі психологтар В.Штерн, Г.Олпорт,
158
сонымен қатар гуманистік психология өкілдері А.Маслоу,
К.Роджерс және басқалары болды.
Тұлғалық әдістемелердің нәтижелерінің болжамдылығын
арттыру үшін индивидуалды идиографиялық талдау принципін
қолдану қажет. Олардың негізгісі: адамның қандай да бір нақты
ерекшелігі пайда болуы мүмкін, болатын жағдайлардың шеңберін
сызу барысында адамның өзі бұл ерекшелікті қалай қабылдайды, ол
тұлғалық ерекшеліктердің субьективті иерархиясында қандай орын
алады. Ондай жағдайда бұл ерекшелікті көрсетуге болады деп
есептейді. Адам сол ерекшелікті қалай бағалайтынын, және сол
тұлғалық ерекшеліктер иерархиясында қандай орын алатындығын
біле отырып, көптеген немесе кейбір жағдайларда оның пайда
болуын күтуге болады. Ең бастысы адам анықтаған ерекшелік пен
жағдай қатынасы жөнінде не ойлайды соны білу жеткілікті
болғанымен басқа да ерекшеліктердің көрнектілігін білу жеткілікті
емес, адамның осы ерекшеліктер және жағдайларға қатысты
түсініктерін анықтау маңызды. Сондықтан мұндай болжау үшін
индивид туралы әртүрлі ақпаратты ескеру қажет:
Оның қажеттілігі мен мақсаты, құндылықтары мен
оның жетістік тәсілдері туралы;
Дүниетанымы және қоршаған адамдармен қарым-
қатынасы туралы;
Оның өмірбаянындағы фактілер туралы:
Оның өмір шарттары және өмірлік жағдайлар және
де т.б туралы.
Анықталған тұлғалық әдіс бойынша нақты адамды зерттеу
нәтижелелерін, болжамды мүмкіндіктерін адекватты түрде
терең, ғылыми психологиялық және психодиагностикалық
білімі бар психолог қана сипаттап бере алады. Әрбір жеке
жағдайдағы диагноздың бағалауын тек қана психолог біледі,
сонымен қатар, оның негізінде қандай шешімдер қабылдауға
болатындығын түсінеді.
Дұрыс қойылған диагноз ғана әрбір адамның ерекшелігін,
оның өмірлік жолының қайталанбайтындығын, қоршаған
ортамен қатынасының спецификасын және тағы басқа да
ерекшеліктерін естен шығармайды. Сондықтан, идиографиялық
талдау индивидті диагностикалық тексеруде қолданылады және
тиімділігін арттырады.
159
Достарыңызбен бөлісу: |