Р. Б. Доскалиева


Роршахтың сия дақтар әдістемесі (Rorschach Inkblot



Pdf көрінісі
бет88/114
Дата02.12.2022
өлшемі1.66 Mb.
#466315
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   114
Doskalieva R.B. Psihologiialyq diagnostika 2018

Роршахтың сия дақтар әдістемесі (Rorschach Inkblot 
Test). Бұл әдіс ең танымал әдістердің бірі болып саналады. 
Швейцария психиатры Г.Роршах жасаған бұл әдіс 1921 жылы 
«Роршахтың сиялық дақтар әдісі» деп аталды. Г.Роршах сия 
дақтарын ең бірінші болып диагностикалық зерттеуде қолдана 


150 
отырып, психикалық аурулардың әртүрлі топтарына эксперимент 
жүргізді. Клиникалық бақылаулардың нәтижесінде әртүрлі 
психикалық аурулар сипаттауларын бірнеше көрсеткіштер 
жүйесіне біріктірілді. Г.Роршах жауаптарды интерпретациялау 
және 
талдаудың 
негізгі 
тәсілдерін 
ұсынды. 
Г.Роршах 
көрсеткіштерді интерпретациялау әдісін әртүрлі категорияларына 
қарай салыстырмалы жауаптар санына байланысты қарастырды.
Интерпретация тұлғаның сол немесе басқа да қасиеттерінің 
кейбір 
көрсеткіштерін 
эмпирикалық 
салыстырулармен 
анықтайды. Мысалы, экстраверттерде сирек кездесетін қасиеттер 
негатизм сенімсіздік, мазасыздану т.б.
Г.Роршахтың әдістемесінің психологиялық қортындысында 
тұлғаның интеллектуалдық және аффектілік сферасы, сонымен 
қатар тұлғалар арасындағы қарым –қатынастық ерекшеліктері 
сипатталады. 
Жауаптардың 
индивидтің 
білімімен, 
интеллектуалды деңгейімен және ерекшелігімен байланысты 
екендігі эмпирикалық түрде көрсетілген.Бұл әдістеме мектеп 
жасына дейінгі балаларға қолдануға болады деп есептеледі. 
Әдістеме интерпретациясының жас шектеулігін кеңейте отырып 
Г. Роршах, Л.Эймс және әріптестері 2-10 жасқа дейінгі балалар 
үшін, 10-16 жасқа дейінгі жасөспірімдер үшін және 70-тен 
жоғары қарт адамдар үшін де нормаларды жинап, жариялады. 
Қазіргі уақытта бұл әдістеменің нәтижелерін өңдеу үшін 
есептеу техникасын қолдану әрекеті қарастырылуда. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет