Р. Б. Доскалиева



Pdf көрінісі
бет89/114
Дата02.12.2022
өлшемі1.66 Mb.
#466315
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   114
Doskalieva R.B. Psihologiialyq diagnostika 2018

Жобалық әдістемелер. Бұл әдістемелер тобына 1935 жылы 
құрастырылған тақырыптық апперцептивтік тестісі (Thematic 
Apperception Test-TAT) басшылық етеді.(К.Морган және Г.Мюре) 
Ол клиникалық практикада невроз және психосоматикалық 
ауытқуларды болжау үшін қолданылады. Әрбір зерттелушіге 
оның жасы мен жынысын ескере отырып, 20 кесте берілді. 
Әдістеме 14 жастан бастап тұлғаларды диагностикалауға 
арналған. ТАТ – әдістемелерде суреттер, күрделі вербалды 
жауаптары еркін ынталандыру үшін қолданылады. Келесі бір 
түрі Розенцвейгтің суретті фрустрация әдісі (Rozenzweig 
Picture-Frustration Study) қиялдың проективті әдістемесі болып 
табылады. Розенцвейгтік суретті фрустация әдісі керісінше 
қарапайым жауаптарды талап етеді және қиялдауға аз орын 
береді. Агрессия және фрустрация теорияларының негізінде 
құрылған С.Розенцвейгтің 1945 жылы жарияланған, тізбекті 


151 
модификациялардың саны көп әдістемесі бір персонажға назар 
аударатын немесе басқа персонаждың әрекеті мен ойын 
білдіретін сериясы болып табылады. С.Розенцвейгтің фрустрация 
теориясына сәйкес бұл жағдай қандайда бір себептер бойынша 
өзінің қойылған мақсатқа жете алмаған, қажеттіліктерін 
қанағаттандыра алмаған адамдарда болады. Егер белгілі бір 
обьектіге қажеттілігі қанағаттандырылған жағдайда фрустрация 
алғашқы деп аталады. Екінші фрустрация мақсатқа жету 
жолында оның жетістікке жетуіне кедергілер келтіргенде 
кездескенде 
пайда 
болады. 
Проективті 
әдістемелер: 
Г.Роршахтың 
әдістемесі, 
Г.Моррейдің 
тақырыптық 
апперцепциялық 
тестісі, 
С.Розенцвейга 
(фрустрация), 
К.Маховер (Адам суреті), В.Вульф (Жанұя суреті) Дж.Бук (Үй-
ағаш-адам) 
және 
К.Кох 
(Автопортрет) 
С.Делингер 
(психогеометриялық тест) Н.Г.Хитровой (Іскерлік ситуация) 
әдістемелері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет