Р. Б. Доскалиева


А.Н.Леонтьев тезистерінің психологиядағы мәні



Pdf көрінісі
бет30/114
Дата02.12.2022
өлшемі1.66 Mb.
#466315
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   114
Doskalieva R.B. Psihologiialyq diagnostika 2018

5.2. А.Н.Леонтьев тезистерінің психологиядағы мәні 
Леонтьевтің айтуы бойынша, «ХХІ ғасыр – психология ғасыры». 
Оның ойларының негізгі түйіндері төмендегідей: 
Бірінші тезис бойынша психология әлемінде болып жатқан 
құбылыстарды түсінген кезде ғана адам туралы ғылым бола алады. 
Екінші тезис бойынша психологияның дамуы, жаңа 
психологиялық білімдердің туындауы болашақта жекеленген 
салалары бойынша емес, мәселелері бойынша зерттеледі. А.Н 
Леонтьевтің болжамы бойынша, жалпы психология мен бала 
психологиясы бір-біріне жақындай түседі. ХХ ғасырда әртүрлі 
бағыттар және әртүрлі мектептер психологиясы көптеген салаларға 
бөлінді. Біріншіден, психологтардың ой-өрісі «жеке-жеке әрекет ету 
психологиясынан» арылған жоқ; екіншіден, психология «салалық» 
және «ведомстволық» мүдделердің келіспеушілігінен тежеліп, 
көбінесе «салалық» психологияға айналды.
Үшінші тезис бойынша А.Н.Леонтьев этика және 
психологияны жақындастырды. Адамның әлеуметтік ролдерін 
түсіндіре келіп, ақпараттың көбеюінен адам жанындағы 
өзгерістерді А.Н.Леонтьев «2000 жыл психологиясы» жазбасында 
сипаттаған және білім беру жүйесіне: «Әлемді ойын арқылы 
меңгеру!», «Балалықты өлтірме!», "Жасалған бас – жоғалған бас" 
деп қарайды. А.Н Леонтьев этика мен психология, аксиология 
мен психологияның байланысы туралы айтқанда, тұлғаны 
дамыту мәселесіне, тұлғаның дамуына себепкер білім беруге 
назар аударады. Ғалым «Тұлға психологиясы мен этика, тарихи 
психология сабақтасқанда ғана психология адам туралы бірінші 
ғылымға айналады» - деген.
Төртінші тезисте тұлға психологиясын жүйелік және 
аксиологиялық психология деп түсінуге шақырады. 
А.Н Леонтьевтің бесінші тезисі психология мектебіне 
байланысты. ХХІ ғасыр мектебі туралы толғана отырып ғалым: 
«Мектеп дағдарысы. Дидактика жарылысы. «Бос орынды 
толтыру» емес, қарулану...Әлемді ойын арқылы меңгеру» деп 
әулиелікпен ескертеді. 


52 
А.Н Леонтьевтің бес тезисі, А.Г.Асмоловтың ойынша, ХХІ 
ғасыр психологиясының бағдарламасы сияқты. 
А.Г.Асмолов 
тағы 
бір 
мәселені 
– 
«классикалық 
емес,психологияның 
өмірмен 
байланысын» 
қарастырады. 
Классикалық емес психология өмірдің құрылысын зерттеу бекеті, 
ал зерттеудің өзін құбылыстардың жобалануы ретінде 
қарастырады. Яғни, кез келген зерттеу – ол құрастырушы 
эксперимент. Сонымен, классикалық емес психогиялық мәдени-
генетикалық әдіснамаға сүйене отырып, психологияны қоғам 
тарихын жасаушы ғылым ретінде, қоғам эволюциясының 
факторы ретінде қарастырады. Яғни, психологияның әлеуметтік 
статусын өзгертуге, 1982 жылы қарастырған Л.С Выготский мен 
А.Н Леонтьевтің педагогикалық бағдарламалары оқу-білім 
сияқты әлеуметтік саланың өзгеруіне, білім арқылы ойлаудың 
өзгеруіне алып келеді.
Бұл эксперимент 1988-1998 жж. Ресей аумағында жүргізілді. 
Экспериментке 300 миллионнан астам мектеп оқулықтары 
алынды.Мұғалімдер мен оқушылардың ақыл-ойын бақылаудағы 
қолданылатын мәдени-психологиялық құрал – ол оқу құралдары 
болып табылады.
Практикалық 
классикалық 
емес, 
психология 
өз 
мүмкіндіктерін әлеуметтік салада дәлелдеп, психологияның 
қоғамдық мәртебесінің өзгеруіне ықпал етті. 
Бұл эксперименттің лейтмотиві ХХІ ғасырға қарай 
психологиялық қоғамның эволюциялық дамуының конструктивті 
факторы ретінде қарастыру деген тезис. Бұл тезисті өмірде 
қолдану үшін мына мәселелер алға қойылды:
- білім беру саласының реформалануы; 
- білім беруді социогенез механизмі ретінде қарастыру;
- білім беру жүйесін реформалау стратегиясын, «білім, білік, 
дағдыдан» - «дамушы білім беруге» көшу; 
-Л.С.Выготский мен А.Н.Леонтьевтің ойларын практикалық 
психологияның әдіснамалық потенциалы ретінде қарау, 
психологиялық дағдарыстан шығу жағдайы; 
- практикалық психологияның қоғамдық статусының өзгеруі 
әлеуметтік психологияға әсер етеді. 
Нақты білім реформасы бұл, ең алдымен, тек қана 
педагогикалық әдіс-тәсілдің, оқытудың арнайы технологиясының 
реформасы емес, өсіп-оқып жатқан оқушы өмірінің реформасы.


53 
«Күрделі әлемдегі күрделі балалар» деп аталатын әлеуметтік-
мәдени мемлекеттік бағдарламадан – практикалық психологияға 
және көпнұсқалы дамытушы мағыналы білім беруге өту. 
Үндестірілген білімнің тәртіптік– бейімделуші моделінен 
білімнің көпнұсқалы тұлғалық-бағдарлы детоцентристік 
моделіне өтуде «Шығармашылық дарындылық», «Әлеуметтік-
психологиялық қолдау, «Дамуында ауытқу бар балаларды оқыту 
мен тәрбиелеу», «Балалар мен және жастарға әлеуметтік көмек 
қызметі» сияқты бағдарламалар туындады.
 «Күрделі әлемдегі күрделі балалар» бағдарламасының 
кешенді жобасының нәтижесінде білім жобасы жасалды. Осы 
бағдарламалардың енгізілуі нәтижесінде білім жүйесінің өзі басқа 
мағынаға ие болып, білім мақсаты мен көпнұсқалы білім 
жүйесінде педагогикалық даму орны айқындалды. Көпнұсқалы 
білім берудің негізі болған практикалық психологияның 
мәдениеттілік қажеттілігі артты (Психология. 2т.261-267 б.). 
Сонда, бұл зерттеулер мен тұжырымдамалардан психологиялық 
диагностиканың негізі қаланған деп айтуға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет