Р. Б. Доскалиева


Қазақстандағы психологиялық зерттеулер



Pdf көрінісі
бет31/114
Дата02.12.2022
өлшемі1.66 Mb.
#466315
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   114
Doskalieva R.B. Psihologiialyq diagnostika 2018

5.3. Қазақстандағы психологиялық зерттеулер 
 
Қазақстанда ғылыми зерттеулер соңғы жетпіс жыл көлемінде 
өркен жайып, дами бастағаны белгілі. Бұл жағдай, әрине, 
психология ғылымына да ортақ. Әрине, ғылымның дамуына 
сонау ерте заманнан (Әл-Фараби, Абай, Шәкәрім т.б. 
психологиялық ілімдері) Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңдерде, 
сондай-ақ 20-жылдарда М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов еңбектері 
негізгі бастамалары болды. Мысалы, Бөкей Ордасында шыққан 
«Мұғалім» журналында, Н. Құлжанованың «Мектепке дейінгі 
тәрбие», «Ана мен бала»деген кітаптарында да адамның жан-
дүниесі жөнінде біршама пікірлер қозғалған еді. 20-жылдары 
өлкедегі тәлім-тәрбие ғылымның ірге тасының қалануында орыс 
ғалымдары өз үлестерін қосты. Орынбордағы Қазақ ағарту 
институтында ұстаздық етіп, сол оқу орнын басқарған, жаңа типті 
қазақ мұғалімдерінің қалыптасуына көмектескен профессор
В. Я. Струминский болатын. 1923 жылы диалектикалық 
материализм тұрғысынан баяндалған ғылыми психологияның 
негізгі мәселелерін қарастырған «Психология» еңбегі болды. 


54 
Сонымен қатар, мұғалімдерге арнап «Орынбор 1-басқыш мектебі 
шәкірттерінің сөйлеу ерекшеліктері» атты еңбегі жарық көрді.
Ресейде психологияның негізін салушылардың бірі психолог 
ғалым– А. П. Нечаев Қазақстанда отызыншы жылдары қызмет 
еткен. Ғалым көп жылдар бойына адамның еске сақтау 
ерекшеліктерін эксперимент жүзінде тексеріп, оны мектеп 
практикасына енгізуді көздеді, яғни психологияның қолданбалы 
салаларын (жас ерекшелігі, педогогикалық, медициналық, т.б) 
дамытуға зор еңбек сіңірді. Ол елуден астам ғылыми еңбектің, 
жүздеген ғылыми мақалалардың авторы. «Қазіргі эксперименттік 
психология және оның мектеп ісіне қатысы», «Кітапхана ісінің 
психологиялық мәселелері», «Дене тәрбиесінің психологиясы», 
«Шахматшы ойынының психологиясы», «Техникалық өнер 
тапқыштардың психологиясы», «Ес және оны тәрбиелеу» және 
т.б. Сонымен қатар, қырық жылдық еңбегінің нәтижесі ретінде 
«Психофизиологиялық синдромдар жүйесі» атты ғылыми еңбегін 
атап көрсетуге болады. Бұл еңбекті көрнекті психологтар
Д. Н. Узнадзе мен К. Н. Корнилов өте жоғары бағалады. Осы 
еңбектің нәтижесінде педогогика ғылымдарының докторы 
ғылыми дәрежесі берілген болатын. Қазақстанда психология 
ғылымдарының өркен жаюына ғалымның қосқан үлесі зор болды.
Қазақ 
зиялылары 
ішінде 
психология 
саласында 
алғашқылардың бірі болып еңбек жазған – Жүсіпбек Аймауытов 
(1889-1931). Оның педагогикалық психологияға байланысты 
еңбектері: «Тәрбиеге жетекші» (1924, Орынбор, Госиздат, 186б), 
«Жан жүйесі және өнер таңдау» (1926, Москва, Центриздат,81 
б), «Комплекспен оқыту жолдары» (1929, Қызылорда, 
Казгосиздат, 129б). Ж. Аймауытовтың «Жан жүйесі және өнер 
таңдау» атты еңбегінде психологиялық зерттеу әдістері анкета, 
байқау арқылы сол кездегі қоғамдық өмірдің ақиқатын ашуға 
мүмкіншілік беретін ұлт, әлеумет ерекшеліктерін ескере отырып, 
олардың мамандық таңдау жолындағы талпыныстарын анықтай 
түскедігін көрсеткен зерттеулерін психодиагностика саласында 
жетістік ретінде атап көрсетуге болады. Зерттеудің негізгі 
мақсаты –жастарға мамандықты дұрыс таңдай білуге бағыттау. 
Ж. Аймауытов зерттеулерінің ғылымилығын арттыра түсіретіні 
еуропалық психолог ғалымдар жүргізген зерттеу жұмыстарына 
ерекше көңіл бөліп, солармен салыстыра, сабақтастыра баяндауы. 


55 
Сонымен бірге, отандық ғылыми психологиялық терминдердің 
алғаш жүйеге келуі Ж. Аймауытов есімімен тығыз байланысты.
Психологиялық зерттеулерді педагогикамен байланыстыра 
қарастырған педагогтардың бірі - М.Жұмабаев оқу-әдістемелік 
бағытта бірнеше еңбектің авторы. Ол еңбектер:«Бастауыш 
мектептегі ана тілі» (1923), «Бастауыш мектепте ана тілін 
оқыту жолы» (1925), «Сауатты бол» (1926), «Әліппе 
(ересектерге арналған)» (1929), «Сауатты бол» (1926) т.б. 
Мағжан Жұмабаев тәрбиенің 4 түрін бөліп көрсетеді: дене 
тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, сұлулық (эстетика) тәрбиесі және құлық 
тәбиесі. Оның пікірінше, адамға осы 4 тәрбие тегіс берілсе ғана, 
оның тәрбиесі түгел болғаны. Егер бұл еңбектің мазмұнына көз 
жүгіртсек, психология мәселелерін, мән-мағынасын, таным 
процестері жайлы ғана айтып қоймай, оларды оқу-тәрбие 
жұмыстарымен 
де 
байланыстырады. 
Мысалы, 
таным 
процестерінің бірі – зейіннің (атор оны «абай» деп атайды) 
оқытудағы маңызына тоқталады: «Бала абайлы болмаса, ешнәрсе 
ұқпайды һәм еш нәрсе үйрене алмайды». Сондықтан, оқушының
зейінін тәрбиелеу мұғалімнің басты міндеттерінін бірі. 
М.Жұмабаев зейінді дамытудың жолдарын айтып өтеді:1) Әсер 
күшті болса, бала еріксіз абайлы болады. Мысалы, мұғалім қатты 
сөйлесін, тақтаға жазғанда айқын қылып жазсын, балаға 
көрсететін суреттің бояуы ашық болсын... әсер алуға баланың 
көп сыртқы сезімдерін қатынастыруға тырысу керек. Мысалы, 
баланы бір затпен таныстырмақшы болсан, сол зат туралы сөйлеп 
қана қоймай, алып келіп балаға көрсет, көрсетіп қана қойма, сол 
заттың суретін салдыр, суретпен ғана қанағаттанба, балаға сол 
затты жасат. Әсердің күшті болып, абайды көп тартуының бір 
шарты осы... 2) Әсер жеке болсын. Егер біздің көз алдымызда бір 
ғана зат тұрса, біз сол затқа абайды көп жұмсап, тексеріп 
қараймыз. Егер бірнеше зат тұрса, абайымыз бытырап, жақсы 
қарай алмаймыз... 3) Әсер жаңа болсын. Әсер неғұрлым жаңа 
болса, абайды сонша көп тартады... Түрлі сабақты ауыстырып 
отыру ғана емес, бір сабақтың өзін де түрлендіріп, жаңалап 
беруге болады... Қысқасы, баланың абайы сөніп қалмас үшін 
әсерді жаңалап отыру керек... 4) Жаңа алынатын біліммен ескі 
білімнің қатынасы болсын... балаға білім бергенде жақыннан 
алысқа, таныстан жатқа көшіп, жаңа білімді ескі білімге байлап 
беру керек... 5) Болашақ әсерге даярлану болсын. Яғни, 


56 
бірнәрсені күтіп барып жолықтырсаң, сол нәрсеге абай күшті 
болады... Автор, сондай-ақ,оқушылардың зейінсіз болуының 
себептерін де ашып көрсетеді: дененің һәм жанның шаршауы; 
жанның толқынданып тұруы, яғни бір іспен, яки бір уақиғамен 
жан толқындатып тұрса жанда абай болмайды; бейғамдық 
жаңғалақтық, 
ұмытшақтық 
деп 
жүрміз 
бүгінде.Сонда, 
М.Жұмабаев 
еңбектері 
психологиялық 
еңбектермен, 
зерттеулердің негізгі бастауларының бірі деп білеміз 
Қазақстанда психология тарихының дамуының 30-40-шы 
жылдары психологияға қатысты зерттеулерді қазақ ғалымдары 
Ш. Әлжанов, С. Балаубаев, С. Қожахметов, Ә. Сыдықов,
Т. Т. Тәжібаев, А. Темірбеков және т.б. ғалымдардың 
еңбектерінде қарастарылып келді. Ұлы Отан соғысы жылдарынан 
отандық психология қолданбалы аспектіде де елеулі қарқынмен 
дами бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет