ҚР Қылмыстық іс жүргізу қҰҚЫҒы пәні бойынша дәрістер конспектісі



жүктеу 5.98 Mb.
бет4/35
Дата09.06.2016
өлшемі5.98 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген қылмыстық іс жүргізудің принциптері.

  2. Қылмыстық іс жүргізу кодексінде бекітілген принциптері.

  3. Заңдылық принципі.

  4. Сот эділдігін тек соттың ғана жүзеге асыруы.

  5. Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау.

  6. Жеке адамның абыройы мен кадір-касиетін құрметтеу.

  7. Қылмыстық істер бойынша іс жүргізу кезінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау.

  8. Жеке өмірге қол сұғышпаушылық. Хат жазудың, телефон арқылы сейлесудің, почта телеграф және өзге де хабарлардың құпиясы.

  9. Тұрғын үйге қол сұғылмаушылық. Меншікке қол сұғылмаушылық.

  10. Кінэсіздік презумпциясы.

  11. Қайта соттауға және қылмыстық ізге түсүге жол бермеу.

  12. Сот әділдігін заң мен сот алдындағы теңдік негіздерінде жүзеге асыру. Судьялардың тэуелсіздігі. Сот ісін жүргізудігі тараптардың мен тең құкықтылығы негізінде жүзеге асыру.


Дәріс тақырыбы 4. Қылмыстық ізге түсу.

Негізгі сұрақтар

  1. Қылмыстық ізге түсудің түсінігі мен мазмұны. Қылмыстық ізге түсуді жүзеге асырудың жалпы шарттары. Қылмыстық ізге түсудің нысандары.. Жеке, жеке-жариялы және жариялы істер бойынша ізге түсу және айыптау. Жариялылық және диспозитивтік принципі.

  2. Қылмыстық ізге түсуді болдырмайтын жағдайлар. Қылмыстық ізге түсуді жүзеге асырмауға мүмкіндік беретін мән-жайлар. Жәбірленушімен бітісуі және келтірілген залалды өтеу арқылы қылмыстық істі қысқарту.

  3. Қылмыстық ізге түсу органдары және олардың өкілеттіктері. Қылмыстық істі козғаудан бас тарту және қылмыстық істі қысқарту туралы қаулыны шығару бойынша қылмыстық ізге түсу органдары мен соттың міндеттері.


1. Жасалған қылмыстың сипаты мен ауырлығына қарай қылмыстық iзге түсу мен сотта айыптау жеке, жеке-жариялы және жариялы түрде жүзеге асырылады. Кодекстiң 33-бабында аталған қылмыстар туралы iстер жеке айыптау iстерi болып саналады, жәбiрленушiнiң өтiнiшi бойынша ғана қозғалады және оның айыпталушымен бiтiсуiне орай қысқартылуға тиiс. Кодекстiң 34-бабында аталған қылмыстар туралы iстер жеке-жариялы айыптау iстер болып саналады, жәбiрленушiнiң шағымы бойынша ғана қозғалады және тек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 67-бабында көзделген жағдайларда ғана жәбiрленушiнiң айыпталушымен бiтiсуiне орай қысқартылуға жатады. Қылмыстар туралы iстер жариялы айыптау iстерi болып саналады. Бұл iстер бойынша қылмыстық iзге түсу жәбiрленушiнiң шағым беруiне қарамастан жүзеге асырылады. Қылмыстық iзге түсу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 111, 123, 129, 130, 136, 140, 142-баптарында, 144-бабында (бiрiншi бөлiгiнде), 145-бабында (бiрiншi бөлiгiнде), 300-бабында (бiрiншi бөлiгiнде) көзделген қылмыстар туралы iстер бойынша жеке түрде жүзеге асырылуы мүмкiн. Егер әрекет дәрменсiз немесе басқаға тәуелдi жағдайдағы не басқа да себептер бойынша өзiне тиесiлi құқықтарды өз бетiнше пайдалануға қабiлетсiз адамдардың мүдделерiн қозғайтын болса, прокурор жеке айыптау iсi бойынша жәбiрленушiнiң шағымы болмаған кезде де iс қозғауға құқылы. Жеке-жариялы тәртiппен жүзеге асырылатын қылмыстық iзге түсу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 103-бабында (бiрiншi бөлiгiнде), 104-бабында (бiрiншi бөлiгiнде), 117-бабында (бiрiншi және екiншi бөлiгiнде), 120-бабында (бiрiншi бөлiгiнде), 121-бабында (бiрiншi бөлiгiнде), 135, 139-баптарында, 144-бабында (екiншi бөлiгiнде), 176-бабында (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 184-бабында (бiрiншi бөлiгiнде), 184-1-бабында (бiрiншi бөлiгiнде), 187-бабында (бiрiншi бөлiгiнде), 188, 189, 200-баптарында, 226-бабында (бiрiншi бөлiгiнде), 227-бабында (бiрiншi бөлiгiнде), 228-бабында, 229-бабында (бiрiншi бөлiгiнде), 296-бабында (бiрiншi бөлiгiнде), 327-бабында (бiрiншi бөлiгiнде) көзделген қылмыстар туралы iстер бойынша жәбiрленушiнiң шағымы болмаған кезде басталмайды және қылмыстық iс бойынша iс қозғалмайды. Егер әрекет дәрменсiз немесе басқаға тәуелдi жағдайдағы не басқа да себептер бойынша өзiне тиесiлi құқықтарды өз бетiнше пайдалануға қабiлетсiз адамдардың мүдделерiн қозғайтын не басқа адамдардың, қоғамның немесе мемлекеттiң елеулi мүдделерiн қозғайтын болса, прокурор жеке-жариялы айыптау iсi бойынша жәбiрленушiнiң шағымы болмаған кезде де iс қозғауға құқылы. Егер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 8-тарауында көзделген әрекет мемлекеттiк кәсiпорын болып табылмайтын тек қана коммерциялық немесе өзге ұйымның мүдделерiне зиян келтiрсе және басқа ұйымдардың мүдделерiне, сондай-ақ азаматтардың, қоғамның немесе мемлекеттiң мүдделерiне зиян келтiрмесе, қылмыстық жауапқа тарту осы ұйым немесе уәкiлеттi орган басшысының арызы немесе олардың келiсiмi бойынша жүзеге асырылады. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу мiндеттерiн орындау мақсатында қылмыстық iзге түсу органы өз құзыретi шегiнде қылмыстың белгiлерiн тапқан әрбiр жағдайда қылмыс оқиғасын белгiлеуге, қылмыс жасауға кiнәлi адамдарды анықтауға, оларды жазалауға заңмен көзделген барлық шараларды қолдануға, сонымен бiрдей кiнәсiз адамдарды ақтау шараларын қолдануға мiндеттi. Қылмыстық iзге түсу органы жәбiрленушiге сот әдiлдiгiне қол жеткiзуiн қамтамасыз етуге және қылмыспен келтiрiлген зиянды өтеу шараларын қолдануға мiндеттi. Қылмыстық iзге түсу органы қылмыстық процестегi өзiнiң өкiлеттiгiн қандай да болсын органдар мен лауазымды адамдарға тәуелсiз және Кодекстiң талаптарына қатаң сәйкес түрде жүзеге асырады. Қылмыстық iс бойынша объективтi зерттеу жүргiзуге кедергi келтiру мақсатында қылмыстық iзге түсу органына қандай түрде болса да ықпал ету заңмен белгiленген жауаптылыққа әкеп соқтырады. Қылмыстық iзге түсу органының заңға сәйкес қойылған талаптарын барлық мемлекеттiк органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар және азаматтар орындауға мiндеттi. Аталған талаптарды орындамау заңда белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
2. Қылмыстық iс қозғауға болмайтын, ал қозғалған iс тоқтатылуға тиiс жағдайлар:

1) қылмыс оқиғасы болмауы;

2) әрекетте қылмыс құрамының болмауы;

3) егер ол жасаған әрекет үшiн жаза қолдануды жойса, рақымшылық ету актiсiнiң салдары;

4) мерзiмiнiң ескiруiне байланысты;

5) ҚІЖКтiң 33-бабының екiншi бөлiгiнде және 34-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, ҚІЖКтiң 33-бабының бiрiншi бөлiгiнде және 34-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген қылмыстар туралы iстер бойынша жәбiрленушi шағымының болмауы.

6) жеке айыптаушының - ҚІЖКтiң 33-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген қылмыстар туралы iстер бойынша айыптаудан бас тартуы;

 7) өзi туралы белгiлi бiр айыптау бойынша соттың заңды күшiне енген үкiмi не қылмыстық iзге түсудiң мүмкiн еместiгiн белгiлейтiн соттың күшiн жоймаған қаулысы бар адамға қатысты;

8) белгiлi бiр айыптау бойынша қылмыстық iзге түсу органының қылмыстық iзге түсуден бас тарту туралы күшiн жоймаған қаулысы бар адамға қатысты;

9) қылмыстық iс қозғау оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшiн қажет жағдайларды қоспағанда, қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекеттi есi кiресiлi-шығасылы жағдайда жасаған адамға қатысты;

10) әрекет жасаған кезде заңға сәйкес қылмыстық жауаптылық жүктеу мүмкiн болатын жасқа толмаған адамға қатысты;

11) iс бойынша iс жүргiзу қайтыс болған адамды ақтау немесе iстi басқа адамдарға қатысты тергеу үшiн қажет жағдайларды қоспағанда, қайтыс болған адамға қатысты;

12) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң ережелерiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жататын адамға қатысты.

Қылмыстық iс қылмысты оқиғаның жоқтығы немесе қылмыс құрамы жоқтығы дәлелденген кезде де, егер қосымша дәлелдер жинау үшiн барлық мүмкiндiктер сарқылса, олардың бар екендiгi дәлелденбеген кезде де қысқартылады. Қылмыстық iс айыпталушының (сезiктiнiң) зиян келтiруi заңды болып табылған не әрекеттi айыпталушы (сезiктi) Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне сәйкес оның қылмыстылығы мен қылмыстық жауаптылығын жоққа шығаратын жағдаятта жасаған жағдайларда осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 2-тармағында көзделген негiздер бойынша қысқартылуға тиiс. Істi қысқартуға, егер айыпталушы қарсылық бiлдiрсе, жол берiлмейдi. Бұл жағдайда iс бойынша iс жүргiзу жалғастырылады және оған негiз болған кезде сотталған адамды жазадан босату арқылы айыптау үкiмiнiң қаулысымен аяқталады. Қылмыстық iзге түсу органы қылмыстық iзге түсудi жоққа шығаратын жағдайды байқағаннан кейiн сотқа дейiнгi iс жүргiзудiң кез келген сатысында қылмыстық iс қозғаудан бас тарту туралы немесе қылмыстық iстi қысқарту туралы қаулы шығарады. Прокурор iстi соттың басты талқылауында қарау басталғанға дейiн оны соттан керi қайтарып алуға және осы бапта көзделген негiздер бойынша қысқартуға да құқылы. Сотта қылмыстық iзге түсудi жоққа шығаратын мән-жайды байқаған мемлекеттiк айыптаушы айыптаудан бас тарту туралы мәлiмдеуге мiндеттi. Мемлекеттiк айыптаушының айыптаудан бас тарту туралы мәлiмдемесi, егер жеке айыптаушы айыптауды қолдауын жалғастырса, қылмыстық iстi қараудың жалғастырылуына кедергi келтiрмейдi. Қылмыстық iзге түсудi жоққа шығаратын мән-жайларды байқаған сот қылмыстық iстi қысқарту туралы мәселенi шешуге мiндеттi.



Сот, прокурор, сондай-ақ прокурордың келiсiмiмен тергеушi немесе анықтау органы тиiстi жағдаяттар болған кезде жәбiрленушiнiң сезiктiмен немесе айыпталушымен ымыраласуына байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 67-бабында екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексiнде көзделген ақтамайтын өзге де жағдаяттар бойынша адамды қылмыстық жауаптылықтан босата отырып, қылмыстық iстi қысқартуға құқылы. Мұндай жағдайларда сот қылмыстық жауаптылықтан босата отырып, айыптау үкiмiн шығаруға да құқылы. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 67-бабының үшiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда сот кәмелетке толмаған баланың жәбiрленушiмен татуласуына байланысты оны қылмыстық жауаптылықтан босата отырып, қылмыстық iстi тоқтатуға құқылы. Сотта қылмыстық iзге түсудi жүзеге асырмауға мүмкiндiк беретiн жағдайларды байқаған мемлекеттiк айыптаушы айыпталушының қылмыстық iзiне түсуден бас тартуды мәлiмдеуге құқылы. Мемлекеттiк айыптаушы мәлiмдеген қылмыстық iзге түсуден бас тарту жеке айыптаушыға қылмыстық iстiң материалдарын пайдалана отырып, айыпталушының қылмыстық iзiне түсудi жалғастыруына кедергi келтiрмейдi. Қылмыстық iс қысқартылғанға дейiн айыпталушыға (сезiктiге) iстi қысқартудың негiзi мен осы негiз бойынша оны қысқартуға қарсылық бiлдiру құқығы түсiндiрiлуге тиiс. Қылмыстық iстiң қысқартылғандығы туралы жәбiрленушiге және оның өкiлiне хабарланады, олар қылмыстық процестi жүргiзушi органның қаулысына жоғары тұрған сотқа немесе жоғары тұрған прокурорға шағымдануға құқылы. Қылмыстық iстi қысқартуға, егер сезiктi, айыпталушы немесе жәбiрленушi оған қарсылық бiлдiрсе, жол берiлмейдi. Мұндай жағдайда iс бойынша iс жүргiзу әдеттегi тәртiппен жалғастырылады.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Қылмыстық ізге түсуді болдырмайтын жағдайлар.

  2. Қылмыстық ізге түсуді жүзеге асырмауға мүмкіндік беретін мән-жайлар.

  3. Жәбірленушімен бітісуі және келтірілген залалды өтеу арқылы қылмыстық істі қысқарту.

  4. Қылмыстық ізге түсу органдары және олардың өкілеттіктері.

  5. Қылмыстық істі козғаудан бас тарту және қылмыстық істі қысқарту туралы қаулыны шығару бойынша қылмыстық ізге түсу органдары мен соттың міндеттері.


Дәріс тақырыбы 5. Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылар.

Негізгі сұрақтар

  1. Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың ұғымы, олардың жіктелуі. Қылмыстық іс жүргізу қатысушылары мен субъектілері түсініктерінің ара қатынасы.

  2. Сот қылмыстық сот ісін жүргізуді жүзеге асырушы мемлекеттік орган ретінде. Қылмыстық іс жүргізудегі прокурор, оның іс жүргізу жағдайы мен өкілеттіктері. Тергеуші, оның іс жүргізу жағдайы. Тергеу бөлімінің бастығы, оның іс жүргізу жағдайы. Анықтау органы, түрлері, міндеттері және өкілеттіктері. Анықтаушы, оның іс жүргізушілік жағдайы. Анықтау органының бастығы, іс жүргізушілік жагдайы.

  3. Өзінің және басқалардың құқытары мен мүдделерін қорғайтын қылмыстық іс жүргізу қатысушылары. Кәмелетке толмаған сезіктінің, айыпталушының заңды өкілдері. Жәбірленушінің, азаматтық талапкер мен жеке айыптаушының өкілдері. Азаматтық жауапкердің өкілдері.

  4. Қылмыстық іс жүргізудегі басқада тұлғалар: түсінігі, түрлері, маңызы. Куәнің іс жүргізу жағдайы.

1. Қылмыстық процеске қатысушылар деп қылмыстық істерді тергеуге және қарауға өздерінің немесе өздері білдіретін құқықтар мең заңды мүдделерді қорғауы мақсатымен мемлекеттік органдар тартатын немесе қатыстыратын және іс жүргізушілік кең құқықтар берілген жеке және заңды тұлғаларды, қылмыстық сот ісін жүргізуге өкілетті лауазымды адамдар мен мемлекеттік органдарды, сондай-ақ қосалқы функциялар атқаратын адамдар мен органдарды түсіну керек.

Ғылымда процеске қатысушылар мәнінің сыртқы жағын түрліше түсіну байқалып отыр. Атап айтқанда, М.М. Михеенко қылмыстық іс жүргізу қызметіне белгілі бір дәрежеде қатысатын адамдар процесс субъектілеріне және қатысушыларына бөлінеді деп санайды. Субъектілер - сот ісін жүргізуді жүзеге асырушы лауазымды адамдар мен органдар ғана; басқалардың бәрі - процеске қатысушылар. Л.Д. Кокоревтің пікірінше, «субъектілер» және «қатысушылар» терминдері — мән-маңызы бірдей ұғымдар1, бірақ қылмыстық процесс үшін «қатысушылар» термині лайықтылау, өйткені «субъектілер» термині жалпылама сипатта.

Процесс субъектілері мен қатысушыларына бөлу біршама жасанды сипат альш отыр деп топшылауға негіз бар, өйткені құқық қатынастарына қатысушылардың кез келгенінде құқықтар да, міндеттер де бар. Айырмашылық - сол құқықтар мен міндеттердің сипаты мен бағытында. «Субъект» терминін пайдаланудың орынды екенін ҚІЖК құрылымынан көруге болады, онда қылмыстық процеске тартылған адамдар «процеске қатысушылар» деген бір ұғыммен білдірілген.

Процеске қатысушылар мәнінің ішкі жағы да айтыс туғызуда. Процеске қатысушылар категориясына жататын адамдар шеңберін анықтау проблемасына түрлі ғылыми мектептер түрліше қарайды.

Процеске қатысушыларға жататын адамдар түсінігінде мынадай үш көзқарас барынша айқын байқалды.

Бірінші көзқарасқа сәйкес, мүдденің бар-жоғына қарамастан іске белгілі бір қатысы бар кез келген адам процеске қатысушы болып табылады. Бұл көзқарасты В.П. Божьев барынша дәйекті түрде жақтап келеді.

Барынша көп қолдаушылар таіждн екінші көзқарас процеске қатысушылар деп тек істе мүддені білдіруші немесе қорғаушы адамдарды тануға негізделген.

Үшінші көзқарас қылмыстық сот ісін жүргізуде «процеске қатысушылар» категориясының заңдылығын жалпы теріске

Бір жағынан, «процеске қатысушылар» терминін түсіну, ал екінші жағынан — процеске қатысушьшар категориясына жатқызылатын адамдар шеңберін аныктау жөніндегі ғылыми көзқарастарда орын алып отырған алшақтықтарға объективті негіз бар, оның мәні:



  1. «процеске қатысушылар» категориясының өзін қылмыстық іс жүргізу құқығы ғылымының әр түрлі түсінуімен;

  2. іс жүргізушілердің қылмыстық процестегі функциялар мәнін түрліше түсінуімен байланысты.

Қылмыстық іс жүргізу заңында «процеске қатысушылар» категориясының түрліше түсінілуі мынадан көрінеді.

1. ҚІЖК нормалары процеске қатысушылар тізбесі берілген бөліктерде бір-біріне сәйкес келмейді, мысалы:

а) ҚІЖК-тің 7-бабының 9-тармағында «процеске қатысушылар» - қылмыстық ізге түсуді және сотта айыптауды қолдауды жүзеге асыратын органдар мен адамдар, сондай-ақ қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде өздерінің немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғайтын адамдар: прокурор (мемлекеттік айыптаушы) тергеуші, анықтау органы, анықтаушы, сезікті, айыпталушы, олардың заңды өкілдері, қорғаушы, азаматтық жауапкер, оның заңды өкілі мен өкілі, жәбірленуші, жеке айыптаушы, азаматтық талапкер, олардың заңды өкілдері мен өкілдері» деп түсіндірілген; осылармен қатар ҚІЖК-тің 7-бабының 25-тармағында тағы да бір түсініктеме берілген:

«қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар» - сот отырысының хатшысы, аудармашы, куә, куәгер, сарапшы, маман, сот приставы;

ә) ҚІЖК 2-бөлімі («Қылмыстық процеске қатысушы мемлекеттік органдар мен тұлғалар») сот (судья), іс бойынша төрағалық етуші, тергеу бөлімінің бастығы, анықтау органының бастығы қызметін регламенттеген, мұның өзі ҚІЖК-тің 7-бабының 9 және 25-тармақтарында көрсетілген процеске қатысушылар шеңберінен едәуір кең;

б) 10-тарауда («Қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар») процеске қатысушылар ретінде куә, сарапшы, маман, аудармашы, куәгер, сот отырысының хатшысы, сот приставы аталған, мұның өзі ҚІЖК 7-бабының 25-тармағына сәйкес келеді.

2. Қылмыстық іс жүргізу заңында қаралып отырған категорияның өзін де, сондай-ақ сот ісін жүргізуге қатысушылардың іс-әрекеті қылмыстық іс жүргізушілік ережесін де түрліше түсіндіруге әкеліп соғатын дәлсіздіктер бар, мысалы:

а) 84-баптың 1-бөлігінде маман — «тергеуге және сот әрекеттеріне маман ретінде қатысу үшін»шақырылған адам деп көрсетілген; ал 7-баптың 25-тармағы бойынша маман — қылмыстық процеске қатысушы өзге адам; сараптамалық зерттеу үшін маманның қатысуымен үлгілер алу туралы 260-бапқа жасалған талдау маман — тергеу іс-әрекетіне қатысушы екенін дәлелдейді (атап айтканда, бапта былай делінген: «Қаулыда аталған тергеу іс-әрекетінің барлық қатысушыларының құқықтары мен міндеттері керсетілуге тиіс»); 239-баптың 2-бөлігіне сәйкес маман «тергеу экспериментіне қатыстырылуы» мүмкін, 238-баптың 3-бөлігіне сәйкес оқиға болған жерде айғақтарды тексеру мен айқындау қажет болған жағдайда маманның қатысуымен жүргізіледі. Маман және қылмыстық процеске тартылатын өзге де адамдар жағдайының регламенттелуіне жасалған талдаудан «қатысушы», «қатысу үшін шақырылған адам», «іс-әрекетке қатысушы адам», «қатыстыру», «қатысуымен» және т.т. ұғымы - бір нәрсені білдіретінін көреміз;

ә) маманның қылмыстық процеске қатысушы ретіндегі жағдайының анықтамасын «процеске қатысушы» және «қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар» ұғымдарымен салыстырып көрелік:

1. маман — процеске қатысушы;

2.маман — қылмыстық процеске қатысушы өзге адам;

3.қарапайым салыстыру негізінде «процеске қатысушы» және «қылмыстық процеске қатысушы өзге де адам» ұғымдары тең деген тұжырым жасаймыз;

б) қылмыстық процеске тартылатын адамдарды «қатысушылар» мен «қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдарға» бөлу шартты, сырттай сипат алып отыр және заң шығарушының сот отырысының хатшысы, аудармашы, куә, куәгер, сарапшы, маман, сот приставы істе әлдебір мүдде көздемейтінін атап көрсетуге ұмтылуына негізделген, ал қалған адамдарда, іс жүргізудегі статусына байланысты ондай мүдделер бар (сот - сот төрелігін жүзеге асыруға, прокурор — заңдылықтың сақталуына, сондай-ақ мемлекеттік айыптаушыға колдау кәрсетілуіне, тергеуші мен анықтаушы — іс бойынша ақиқаттың анықталуына және кінәлілердің әшкерелеуіне, қорғаушы — қорғауындағы адамның мүдделері қорғалуына мүдделі және т.т.).

Сонымен, қолданылып отырған ҚІЖК-тің бірде-бір нормасы қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушылар белгісіне жататын адамдардың егжей-тегжейлі тізбесін бермейді.

Сонымен бірге «процеске қатысушылар» категориясына жататын адамдар шеңберінің заң мен қылмыстық іс жүргізу теориясында бір мағынада тусінілуі:

- заңды бір ізге салу;

- заңды әмбебаптандыру;

- заң бұзылуының алдын алу;

- құқық нормаларын түсіндіруде, түсінуде және қолдануда біркелкілікке жету мақсаттарында маңызды.

Соңғы кезде әдебиетте процеске қатысушылар проблемаларын қылмыстық іс жүргізу функцияларымен байланыстыра қараудың тұрақты тенденциясы байқальш отыр.

Процеске қатысушылар проблемаларын қылмыстық іс жүргізу функцияларымен өзара байланыстыра шешу екі мақсатқа жетуге:


  1. сот ісін жүргізуге әрбір қатысушының статусын белгілеуге;

  2. түрлі қатысушылардың өзара іс-қимыл жасау шектерін жекелеген функциялар арасындағы генетикалық байланыстарды табу арқылы анықтауға мүмкіндік береді.

Қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушылардың мәнін түсінудің біз жақтап отырған жолының пайдалы жағы мыналар:

а) функция, бүкіл қылмыстық іс жүргізу қызметі секілді, құқық қатынастарында жүзеге асырылады;

ә) функциялар қылмыстық іс жүргізу қызметіне әрбір қатысушының құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруы жолымен орындалады;

б) қылмыстық іс жүргізу қызметіне әрбір қатысушының тек өзіне тән құқықтары мен міндеттері болады;

в) құқық қатынастарының сипаты адамның құқықтық статусын негізге ала отырып белгіленеді (тергеуші мен прокурор қатынастары тергеуші мен сезікті, тергеуші мен куә қатынастарынан өзгеше және т.т.);

г) құқық қатынастарына әрбір қатысушы тек бір роль атқарады (куә судья бола алмайды, судья сарапшы бола алмайды және т.т.).

Сонымен, бұрын қаралған қылмыстық іс жүргізу функцияларына орай сот ісіне мынадай қатысушыларды ажыратуға болады:


  1. қылмыстық ізге түсу функциясы - прокурор, тергеуші, анықтау органы, анықтаушы;

  2. тергеу функциясы - тергеуші, анықтаушы;

  1. айыптау функциясы - айыптаушы (мемлекеттік айыптауды қолдайтын прокурор, бірқатар жағдайларда жәбірленушінің өзі);

  2. прокурордың заңдылықты қадағалау функциясы - прокурор;

  3. қорғау функциясы - сезікті, айьшталушы, сотталушы, қорғаушы;

  4. қылмыстық, істі сотта қарау және шешу - судья, сот, ал жекелеген жағдайларда тергеуші не прокурор (мысалы, істі алдын ала тергеу сатысында қыскарту);

  5. азаматтық талапты қолдау - азаматтық талапкер;

  6. азаматтық талаптан қорғау - айыпталушы, азаматтық жауапкер.

Сонымен бірге процеске қатысушылардың бұл тізбесі мұнымен шектелмейді, өйткені функцияларды тікелей орындау процеске өзге де адамдардың тартылуын, оларға да құқықтар мен міндеттер жүктелуін көздейді.

Функциялардың және оларды жүзеге асырушы адамдардың арақатынасы қылмыстық процеске қатысушылардың былайша жіктелуін ұсынуға мүмкіндік береді.



I. Қылмыстық процеске қатысушы мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар.

Бұл топ екі шағын топқа бөлінеді:



  1. сот;

  1. қылмыстық ізге түсу функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар (прокурор, тергеу бөлімінің бастығы, тергеуші, анықтау органы, анықтау органының бастығы, анықтаушы).

II. Өздерінің немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғайтын процеске қатысушылар (сезікті, айыпталушы, қорғаушы, жәбірленуші, жеке айьштаушы, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер, кәмелетке толмаған айыпталушының (сезіктінің) заңды өкілдері, жәбірленушінің, азаматтық талапкердің және жеке айыптаушының өкілдері, азаматтық жауапкердің өкілдері).

III. Қылмыстық процеске қатысушы өзге де тұлғалар.

Қылмыстық процеске қатысушылардың үшінші тобын шартты түрде үш шағын топқа бөлуге болады.



Бірінші шағын топ— дәлелдер беру жөніңдегі міндеттерді орындайтын процеске қатысушылар. Оларға жататындар: куәлер мен сарапшылар;

Екінші шағын топ - іс жүргізу әрекеттерін жүзеге асыру үшін тартылатьш процеске қатысушылар. Бұған кіретіндер: куәгерлер, аудармашылар, мамандар, сот отырысының хатшысы, кепілдік берушілер, тануды жүзеге асыратын статистер, тінту мен алу жүргізілетін адамдар, олардың отбасыларынын кәмелетке толмаған мүшелері немесе тұрғын үй пайдалану ұйымының өкілдері және т.б.;

Үшінші шағын топ — сот шешімдерін орындауға және осыған байланысты үкімді орыңдау сатысында пайда болатын іс жүргізу мәселелерін шешуге қатысатын мекемелер мен ұйымдар. Бұл шағын топ құрамына мыналар кіреді: үкімдер мен қаулылардың нақты орындалуын жүзеге асыратын әкімшілік өкілдері, сотталушыны ауруына, мүгедектігіне байланысты босату немесе оны ауруханаға орналастыру туралы қорытынды берген дәрігерлік комиссиялар өкілдері және т.б.

Құрамына үш шағын топ кіретін үшінші жіктеу тобы ең көлемді топ. Оған осы топты өзге топтардан ерекшелейтін жекелеген белгілер, атап айтқанда мыналар тән:

- олардың қатысуы сот терелігін жүзеге асыру үшін тиісті жағдайлар калыптастыру қажеттігінен туындаған; олардың қызметі қосалқы сипатта болады;

- бұл қатысушыларда дербес тұтас іс жүргізу функциялары болмайды;

- олар процеске оқта-текте, мезгіл-мезгіл қатысады;

- олар сот пен тергеудің іс жүргізушілік функцияларын толық орындауы үшін соларға жәрдем көрсетеді;

- бұл қатысушылар істе әлдебір мүдде көздемейді;

- олардың құқықтық жағдайы, әдетте, олардың қатысуымен жүргізілетін іс жүргізу әрекеттерінің тәртібін реттейтін нормаларда регламенттеледі.

Қылмыстық іс жүргізу құқығы мен азаматтық іс жүргізу құқығы

Егер құқық салаларының С.С. Алексеев ұсынған топтамасын ұстанатын болсақ, құқықтың іс жүргізу салалары біртұтас топ құрайды да, оған қылмыстық іс жүргізу құқығы мен азаматтық іс жүргізу құқығы кіреді (әкімшлік процеске келсек, бұл қызмет, нақты орны бар болсада, дербес Кодекске айналдырылмаған2).

Іс жүргізу салалары, материалдық құқықтың өмір нормасы бола отырып, функциялық бағытымен, нақты алғанда: материалдық құқық нормаларын қолданудың нәтижесінде қальштасатын қоғамдық қатынастардың реттелуімен біріктірілген. Ал қоғамдық қатынастарды процедуралық жолмен реттеу - сот төрелігін іске асыру түрі3.

Қазақстан Республикасының Конституциясы Конституция мен заңдарда баянды етілген барлық құқықтар мен бостандықтардың сотта қорғалуына кепілдік береді, сондай-ақ сотта іс жүргізудің дербес түрін белгілейді (13, 75-баптар). «Сотта іс Әкімшілік-құқықтық қатынастар мен іс жүргізу қатынастарын реттеу әдістеріндегі, құралдарындағы, затындағы айырмашылықтар соңғы кезде әкімшілік іс жүргізу қызметін процесс ретіндегі дербес салаға бөліп, оған құқықтың барлық белгілерін беру қажеттігіне негіз етіп алынуда. Қолданылып жүрген Әкімшілік құқығының Жалпы және Ерекше бөлімдерімен қатар


әкімшілік өндіріс процедурасына және әкімшілік нұсқауларын орындау тәртібіне арналған тараулары бар Әкімшілік процесін жүйелеу құрылымын А. П. Шергин, И. И. Веремеенко дәлелді түрде сынаған; Қазақстан Республикасында материалдық құқық пен әкімшілік іс жүргізу құқығын бөлек жүйелеу проблемалары Қазақстан Республикасында В Г. Татарянның еңбектерінде қаралған.

Казақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы» 1995 жылғы 20 желтоқсандағы Конституциялық заң күші бар Жарлығының 1-бабында (4-тармақ) аталған конституциялық ереже сөзбе-сөз келтірілген: «Сот билігі сот ісін жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады». Содан соң, 40-бапта (1-бап, 1-тармақ) судьяның тәуелсіздігі «заңда көзделген сот төрелігін жүзеге асыру рәсімімен» қамтамасыз етілетіні атап көрсетілген.

Құқықтың дербес салалары болып табылатын олардын екеуінде де сот төрелігін іске асырудың әдістері мен тәсілдері туралы нұсқаулар бар. Іс жүргізу құқығының энциклопедиялық анықтамасында сот процесінің екі негізгі нысаны бар, ал сот процесі — кең мағынада алғанда қылмыстық және азаматтық істерді1 (сот терелігін іске асыруға уәкілетті органдар - анықтау, тергеу органдары, прокуратура, сот қызметінің барлық кезеңдері мен сатыларын қоса) жүргізу тәртібі.Қылмыстық және азаматтық процестің бұл тұтастығы сот төрелігі мен сот негіздерінің бірлігінен байқалады, оны М.С. Строгович атап көрсеткен болатын: «Сот... заңды бұзушыларды заңға бағынуға мәжбүрлейді — азаматтық процесте қылмыстық процестегіден кем емес дәрежеде. Азаматтық процесте, қылмыстық процестегідей, сот ақиқатты іздеп, анықтайды, екі процесте де оған қатысушыларға өз мүдделерін қорғау үшін іс жүргізу құқықтары беріліп, сол құқықтар іс жүргізу кепілдіктерімен қорғалады»2.Қылмыстық және азаматтық процесс негізіне сотта іс жүргізудің бір принциптері алынған. Ол принциптер тұрақты, процестің екі түрі үшін олардың маңызының бірдей екені конституциялық деңгейде жария етілген: «Конституциямен белгіленген сот төрелігінің принциптері Республиканың барлық соттары мен судьяларына ортақ және бірыңғай болып табылады» (77-бабы).Қылмыстық және азаматтық процестің функциялық бағытынын бірлігі, сотта іс жүргізудің конституциялық принциптерінің ортақтығы, сот төрелігі міндеттерінің үйлесуі олардын толық қосылуын білдірмейді. Негізгі айырмашьшық — реттелетін қатынастардың түр-сипатында (позитивті және жазалаушы). Қылмыстық іс жұргізу құқығының, сондай-ақ азаматтық іс жүргізу құқығының процедуралық жағына ерекшелік беретін міне, осы. С.С. Алексеев қылмыстық іс жүргізу құқығы мен азаматгық іс жүргізу құқығы, әлбетте, жеке, дербес құқық салалары екенін, оларда тиісті санкциялардың қолданылуын қамтамасыз ететін ерекше мазмұн бар екенін атап көрсетеді. Сонымен, қылмыстық және азаматтық (материалдық) құқық айырмашылығы қандай болса, қылмыстық іс жүргізу құқығы мен азаматтық іс жүргізу құқығының айырмашылығы да сондай.Қылмыстық және азаматтық құқық арасындағы шеп неғұрлым айқын болса, бұл айырмашылықтар арнаулы бөлігінде солғұрлым күштірек болады.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет