ҚР Қылмыстық іс жүргізу қҰҚЫҒы пәні бойынша дәрістер конспектісі



бет8/35
Дата09.06.2016
өлшемі2.32 Mb.
#124695
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   35

2. Айыптау үкiмi шығарылғанда немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы қаулы шығарылғанда, сот азаматтық талапты толық немесе iшiнара қанағаттандырады не оны қанағаттандырудан бас тартады. Азаматтық талап толық немесе iшiнара қанағаттандырылған жағдайда сот үкiмде үкiмнiң азаматтық талап бөлiгiнде ерiктi түрде орындау үшiн арналған мерзiмiн көрсетедi. Мәжбүрлеп орындау атқарушы iс жүргiзу туралы заңдарда белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.

Азаматтық талап бойынша жан-жақты есептi қылмыстық iстi тергеудi кейiнге қалдырмай жүргiзу мүмкiн болмаған кезде сот азаматтық талапкердiң талабын қанағаттандыру құқығын танып, оның мөлшерi туралы мәселенi азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен соттың қарауына бере алады.

Белгiлi бiр ақтау үкiмi шығарылған кезде, сонымен қатар медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөнiндегi iстi тоқтату туралы қаулы шығарылғанда сот:

1) егер қылмыс оқиғасы немесе Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiмен тыйым салынған әрекет анықталмаса не сотталушы адамның немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселесi шешiлген адамның қылмыс жасауға немесе Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiмен тыйым салынған әрекетке қатысқаны дәлелденбесе, азаматтық талапты қанағаттандырудан бас тартады;

2) сотталушы қылмыс құрамының болмауына байланысты ақталған жағдайда не өзi жасаған әрекеттiң сипатына және өзiнiң жай-күйiне қарай қоғам үшiн қауiп төндiрмейтiн және мәжбүрлеп емдеуге мұқтаж емес адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануға негiздердiң болмауына байланысты iс тоқтатылғанда талапты қарамайды.

ҚІЖКтiң 37-бабының бiрiншi бөлiгiнiң 3-5, 7, 8-тармақтарында және 38-бабында көрсетiлген негiздер бойынша iс тоқтатылған кезде сот азаматтық талапты қарамайды.

Егер осы баптың төртiншi бөлiгiнiң 2-тармағында және бесiншi бөлiгiнде көзделген негiздер бойынша қылмыстық iс сотқа дейiнгi iс жүргiзу сатысында тоқтатылса, азамат немесе заңды тұлға не олардың өкiлдерi азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен талап қоюға құқылы.

Қылмыс арқылы моральдық немесе мүлiктiк зиян келтiрiлгенi туралы деректер болған кезде қылмыстық iзге түсу органы азаматтық талапты қамтамасыз ету шараларын қолдануға мiндеттi. Егер мұндай шаралар қабылданбаған болса, сот үкiм заңды күшiне енгенге дейiн оны қамтамасыз ету шараларын қолдануға құқылы.

Сот азаматтық талапты қанағаттандырған кезде үкiм, сондай-ақ медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы қаулы азаматтық талап бөлiгiнде атқарушылық iс жүргiзу туралы заңдарда көзделген тәртiппен орындалады.
3.Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу барысындағы еңбекке ақы төлеу және шығындарды өтеу

Заң көмегiне ақы төлеу

1. Қорғаушының және жәбiрленушiнiң өкiлiнiң заң көмегiне ақы төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.

2. Қылмыстық процестi жүргiзетiн орган, бұған негiз болған жағдайда сезiктiнi, айыпталушыны, жәбiрленушiнi заң көмегiне ақы төлеуден толық немесе iшiнара босатуға құқылы. Бұл ретте адвокаттың еңбегiне ақы төлеу бюджет қаражатының есебiнен жүргiзiледi.

3. ҚІЖКтiң 71-бабының үшiншi бөлiгiнде және 80-баптың екiншi бөлiгiнде көзделгендей адвокат анықтауға, алдын ала тергеуге немесе сотқа клиентпен шарт жасамай, тағайындау бойынша қатысқан жағдайларда, адвокаттардың еңбегiне ақы төлеу жөнiндегi шығыстар бюджет қаражатының есебiне жатқызылуы тиiс.

Аудармашының, маманның, сарапшының орындаған жұмысы үшiн сыйақы алуы

1. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде тиiстi жұмысты орындайтын аудармашы, маман, сарапшы:
1) егер жұмысты қызметтiк тапсырма тәртiбiмен орындаса - жұмыс iстеген орнында жалақы;
2) егер орындалған жұмыс олардың лауазымдық мiндеттерiнiң аясына кiрмесе және жұмыстан тыс уақытта орындалса - Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген ставкалардың шегiнде республикалық бюджет қаражатының есебiнен сыйақы;

3) егер жұмысты осы тараппен уағдаластық бойынша орындаса - тараппен жасалған шартта белгiленген мөлшерде сыйақы алады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 2-тармағында көзделген жағдайда сыйақы қылмыстық процестi жүргiзiп отырған органның аудармашы, маман, сарапшы шотты ұсынғаннан кейiн шығарған қаулысының негiзiнде төленедi.
4. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен жәбiрленушiнiң, азаматтық талап қоюшының, азаматтық жауапкердiң, олардың заңды өкiлдерiнiң қылмыстық процестi жүргiзушi органның тағайындауы бойынша қорғаушы ретiнде заң көмегiн көрсететiн адвокаттардың немесе жәбiрленушiнiң (жеке айыптаушының) өкiлiнiң ҚІЖКтiң 71-бабының үшiншi бөлiгiнде және 80-баптың екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда, куәнiң, аудармашының, маманның, сарапшының, куәгердiң мынадай шығыстары бюджет қаражатының есебiнен өтелуге жатады:

1) қылмыстық iстi жүргiзу органының шақыртуы бойынша келуге байланысты шығыстар:


- темiр жол, су, автомобиль (таксидi қоспағанда) көлiгiмен және сол жерде бар басқа да көлiк түрлерiмен жол жүру құны, ал қылмыстық процестi жүргiзушi органның келiсуiмен - әуе көлiгiмен жол жүру құны;
- қызметтiк iссапарларға ақы төлеу үшiн қабылданған норма бойынша бұл шығындарды ұйым, жұмыс берушi өтемейтiн реттегi тұрғын үйдi жалдау құны;

2) бұл адамдар үшiн қылмыстық процестi жүргiзушi органның талап етуi бойынша тұрғылықты тұратын жерiнен тысқары жерде тұруы қажет болған кезде және тәулiктiк ақыны ұйым, жұмыс берушi өтемейтiн кездегi - тәулiктiк ақы;

3) олар үшiн орташа жалақысын ұйым, жұмыс берушi сақтайтын жағдайлардан басқа, қылмыстық процестi жүргiзушi органның талап етуi бойынша қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысуға кеткен барлық уақыт үшiн орташа жалақы;

4) сол адамның қылмыстық процестi жүргiзушi органның талап етуi бойынша тергеу iсiне немесе басқа да iс жүргiзу әрекетiне қатысуы нәтижесiнде сапасынан айырылған немесе жоғалған мүлiктi қалпына келтiруге немесе сатып алуға арналған шығындары.

Мемлекеттiк органдар мен ұйымдар жәбiрленушiнiң, оның заңды өкiлiнiң, куәнiң, аудармашының, маманның, сарапшының, куәгердiң, сотқа шақырылған, бiрақ алқабилер алқасының құрамына iрiктеп алынбаған алқабиге кандидаттың қылмыстық процестi жүргiзушi органның талап етуi бойынша қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысуға кеткен барлық уақыты iшiндегi орташа жалақысын сақтауға мiндеттi.

Маман мен сарапшыға сондай-ақ оларға тиесiлi химиялық реактивтер мен тапсырылған жұмысты орындау кезiнде жұмсалған басқа да шығыс материалдарының құны, сондай-ақ жұмысты орындау үшiн олардың құрал-жабдықтарды пайдаланғаны, коммуналдық қызмет көрсетулер және машина уақытын тұтынғаны үшiн төлеген ақысы өтеледi.

Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде шыққан шығындар осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген адамдардың өтiнiшi бойынша, қылмыстық процестi жүргiзушi органның қаулысының негiзiнде, заңдарда белгiленген мөлшерде өтелуге жатады. Аталған шығыстар сонымен қатар осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген адамдарды тергеу iсiне қатысуға тартқан тараптың есебiнен не ҚІЖКте көзделген басқа жағдайларда өтелуi мүмкiн. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1, 2 және 4-тармақтарында көзделген шығындар заңдарға сәйкес қылмыстық процестi жүргiзушi органның өз бастамашылығымен өтелуi мүмкiн. Көрсетiлген шығыстарды төлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
Iс жүргiзу шығындары

Iс жүргiзу шығындары:

1) куәларға, жәбiрленушiлерге және олардың өкiлдерiне, сарапшыларға, мамандарға, аудармашыларға, куәгерлерге ҚІЖКтiң 173, 174-баптары тәртiбiмен төленетiн сомалардан;

2) тұрақты жалақысы жоқ куәларға, жәбiрленушiлерге және олардың өкiлдерiне, куәгерлерге оларды қалыпты жұмыстарынан қол үздiргенi үшiн төленетiн сомалардан;

3) жұмыс iстейтiн және тұрақты жалақысы бар куәларға, жәбiрленушiлерге және олардың заңды өкiлдерiне, куәгерлерге олардың қылмыстық процестi жүргiзушi органға шақыртылуына байланысты кеткен барлық уақыты үшiн толық алмаған жалақысын өтеу үшiн төленетiн сомалардан;
4) мiндеттер қызметтiк тапсырма тәртiбiмен орындалғаннан басқа жағдайларда сарапшыларға, аудармашыларға, мамандарға олардың анықтау, алдын ала тергеу процесiнде немесе сотта өз мiндеттерiн орындағаны үшiн төленетiн сыйақыдан;

5) қорғаушының заң көмегiн көрсеткенi үшiн төленетiн сомалардан, сезiктi, айыпталушы немесе сотталушы адам оны төлеуден босатылған не адвокат анықтауға, алдын-ала тергеуге немесе сотқа клиентпен келiсiм жасамай, тағайындау бойынша қатысқан жағдайда;

5-1) жәбiрленушiнiң өкiлi (жеке айыптаушы) заң көмегiн көрсеткенi үшiн төленетiн сомалардан, оны төлеуден босатылған жағдайда;

6) заттай дәлелдемелердi сақтау мен жөнелтуге жұмсалған сомалардан;

7) сот сараптамасы органдарында сараптама жүргiзуге жұмсалған сомалардан;

8) тергеуден немесе соттан жасырынған айыпталушыны iздестiруге байланысты жұмсалған сомалардан;

9) айыпталушыны тергеушiге немесе сотқа ол дәлелсiз себептермен келмеген жағдайда алып келуге байланысты, сондай-ақ сотталушының дәлелсiз себептермен келмеуiне не оның сотқа мас болып келуiне байланысты сот қарауын басқа уақытқа қалдыруға байланысты жұмсалған сомалардан;

10) қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде келтiрiлген өзге шығындардан құралады.


Iс жүргiзу шығындарын төлеттiру

Iс жүргiзу шығындарын сот сотталушыға жүктеуi мүмкiн немесе олар мемлекет есебiне жатқызылады. Аудармашыға, төленген сомаларды қоспағанда, сот сотталушыдан iс жүргiзу шығындарын төлеттiруге құқылы. Iс жүргiзу шығындары жазадан босатылған сотталушыға да жүктелуi мүмкiн.


Iске аудармашының қатысуына байланысты iс жүргiзу шығындары мемлекет есебiне жатқызылады. Егер аудармашы өз функцияларын қызметтiк тапсырма тәртiбiмен орындаған болса, онда оның еңбегiне ақы төлеудi мемлекет аудармашы жұмыс iстейтiн ұйымға өтейдi.

ҚІЖКтiң 71-бабының үшiншi бөлiгiнде және 80-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда күдiктiнiң, айыпталушының, сотталушының қорғаушысы немесе жәбiрленушiнiң (жеке айыптаушының) өкiлi ретiнде заң көмегiн тегiн көрсеткен адвокаттың iске қатысуына байланысты iс жүргiзу шығындары бюджет қаражаты есебiне жатқызылады.

Сотталушы ақталған немесе iс ҚІЖКтiң 37-бабының бiрiншi бөлiгiнiң 1, 2-тармақтарына және 269-бабының екiншi бөлiгiне сәйкес қысқартылған жағдайда iс жүргiзу шығындары мемлекет есебiне жатқызылады. Егер сотталушы iшiнара ғана ақталса, сот оны кiнәлi деп танылған айыппен байланысты iс жүргiзу шығындарын төлеуге мiндеттейдi.

Iс жүргiзу шығындары оны төлеуге тиiс адам мүлiктiк жағынан дәрменсiз болған жағдайда мемлекет есебiне жатқызылады. Егер iс жүргiзу шығындарын төлеттiру сотталушының асырауындағы адамдардың материалдық жағдайына айтарлықтай әсер ететiн болса, сот сотталушыны iс жүргiзу шығындарын төлеуден толық немесе iшiнара босатуға құқылы.

Iс бойынша бiрнеше сотталушыны кiнәлi деп тани отырып, сот iс жүргiзу шығындары олардың әрқайсысынан қандай мөлшерде төлеттiрiлуге тиiс екенiн белгiлейдi. Бұл ретте сот сотталушы кiнәсiнiң сипатын, қылмыс үшiн жауапкершiлiк дәрежесiн және мүлiктiк жағдайын есепке алады.

Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы iстер бойынша сот iс жүргiзу шығындарын кәмелетке толмағандардың ата-аналарына немесе олардың орнындағы адамдарға жүктей алады.

Сотталушы жеке айыптау iсi бойынша ақталған кезде сот iс жүргiзу шығындарын шағымы бойынша iс жүргiзу басталған адамға толық немесе iшiнара төлеттiруге құқылы. Тараптардың бiтiмге келуiне байланысты iс қысқарылған кезде iс жүргiзу шығындары бiр немесе екi тараптан да төлеттiрiледi.

Айыпталушы қайтыс болған жағдайда оның мұрагерлерi iс жүргiзу шығындарына байланысты мiндеттемелер бойынша жауап бермейдi.

Iс жүргiзу шығындарын төлеттiру құқығы соттың тиiстi шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап үш жыл өткен соң ескiруiне байланысты тоқтатылады.
5.Қаралып отырған категорияның неғұрлым кең ұғымын біз Ю.В. Кореневскийден табамыз, ол қылмыстық сот ісін жүргізудегі іс жүргізу мерзімдері - ақиқатты анықтау, іске қатысушы адамдардың құқықтарын қорғау (бөліп көрсеткен - Б.Т.) мақсаттарында қандай да болсын іс жүргізу әрекеттерін жүзеге асыру, сот процестерінің тәрбиелеу, алдын алу мүмкіндіктерін арттыру үшін заңда белгіленген уақыт. Іс жүргізу мерзімдеріне сот ісіне қатысушылардың құқықтарын қорғау сияқты белгінің берілуі олардың мәндік жағын едәуір байыта түседі.

Іс жүргізу мерзімдерінің мәніне терең түсінік берген А.П. Гуляев, ол былай деп жазады: «Іс жүргізу мерзімдері... кепілдіктер жүйесінің бір бөлігін құрайды. Олардың ерекшелігі қылмыстық іс жүргізу қызметін белгілі бір уақыт аралығын белгілеу жолымен регламенттеу әдісінің өзгешелігінде, сол уақыт аралығында тиісті іс жүргізу әрекеттерінің орьшдалуына жол беріледі. Мерзімдерді есептеудің тәртібі және өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіру туралы жалпы ережелер бар заң нормалары іс жүргізу мерзімдерінің нақ осы ерекшелігімен байланысты...

Жоғарыда баяндалған ережелер қылмыстық іс жүргізу заңымен белгіленген мерзімдерді кандай да болсын іс жүргізу әрекеттерін орындау уақытын шектейтін іс жүргізушілік кепілдіктерінің бір түрі деп белгілеуге негіз береді». Бұл айқындама М.М. Выдряның пікірімен үйлеседі, ол іс жүргізушілік кепілдіктерінің жалпы саяси маңызын бағалай келіп, былай деп жазды: «Жалпымемлекеттік тұрғыдан алғанда іс жүргізушілік кепілдіктерін сот төрелігінің қалыпты жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін құралдар жүйесі деп санауға болады».

Қолданылып жүрген қылмыстық іс жүргізу заңына жасалған талдау іс жүргізу мерзімдері туралы жалпы норма жоқ екенін дәлелдейді. Сонымен бірге ҚІЖК-те мерзімдерді есептеу туралы (54-бап), өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіру туралы (45,56-баптар), іс жүргізу мерзімдерін сақтау туралы(55-бап), іс жүргізу мерзімдерін өткізіп алудың құқықтық зардаптары туралы (56-бап), қамауға алудың мерзімдері мен оларды ұзартудың тәртібі туралы (153-бап), алдын ала тергеу мерзімі туралы (196-бап), үкімге шағымдану мерзімдері туралы (399-бап) және т.б. дербес нормалар бар. ҚІЖК-тегі жүзге жуық нормада қылмыстық процесте уақытты регламенттеудің жекелеген элементтері бар. Жалпы мен жалқының осындай аракатынасы жағдайында мерзімдер мәні, орны және маңызды мәселелерінің және оларды бұзудың құқықтық зардаптарының кате түсіндірілуі мүмкін. Соңғысы заңдылықты сақтау тұрғысынан ерекше маңызды. Мәселен, сотталушы кассациялық шағымды берілген он тәуліктік мерзімді бұза отырып жасаған жағдайда оның заңдық күші болмайды және бірінші сатыдағы сот шығарған үкімнің күшін жою және оны өзгерту үшін тіпті нақты негіздер бар болған жағдайдың өзінде, іс жүргізушілік-құқықтық нәтижелер бермейді. Нақ сондықтан іс жүргізушілік мерзімдерді кепілдіктер түріне жатқызу оларға қылмыстық сот ісін жүргізу принциптерінің жүйесін камтамасыз ету тұрғысынан мүлдем ерекше мән береді. Іс жүргізушілік мерзімдерінің қос ұдайылық табиғатына назар аударған Ю.А. Костанов пен В. В. Назаровтың пікірі осы көзқарас тұрғысынан маңызды. Атап айтқанда, олар былай Деп жазды: «Заңда қаңдайда болсьш іс жүргізу әрекеттерін жүзеге асыру немесе іс жүргізу шешімдерін қабылдау мерзімдерін, сот ісін жүргізудің жекелеген сатыларының мерзіңдерін көрсету, бір жағынан, іс бойынша іс жүргізілуін тездетудің құралы болып табылады, ал екінші жағынан, процеске қатысушылар құқықтарына кепілдіктер береді, өйткені, біріншіден, іс жүргізушілік мәжбүрлеу шараларының, сондай-ақ жалпы іс бойынша іс жүргізудің мерзімін шектейді, екінші жағынан, жекелеген іс жүргізушілік құжаттарымен (айыптау қорытындысымен, үкіммен, сот отырысының хаттамасымен) танысу үшін қатысушыларға берілуге тиіс уақытың ең төмен шегін белгілейді1.

Келтірілген қолданбалы жай-жапсарлармен қатар іс жүргізу мерзімдерінің жалпы мақсатын белгілеудің маңызы зор. Іс жүргізу мерзімдері — заңды уақытта қолдану нысандарының іс жүргізу міндеттерін реттелетін құқық қатынастарының кеңістікке ғана емес, сондай-ақ уақытқа қатысты мерзімімен өзара байланыста шешуге бағытталған бір түрі.

Егер жалпы алғанда біртұтас заң ретінде ҚІЖК қолданылуы ол қабылданған және күшіне енген уақыттан заң тәртібімен күші жойылғанға дейін белгіленетін болса, оның жекелеген ережелері нақты нормалардың қолданылуын өз күшін жоймаған жалпы Кодекс шегінде белгілеген. ҚІЖК қолданылатын уақыт — уақыт категориясының жалпы бағыты, оның жекелеген ережелері қолданылатын уақыт — сол категорияның жеке, қолданбалы көрінісі.

Сонымен, заңда іс жүргізу мерзімдерін белгілеудің салалық мақсаты—қандай да болсын іс-әрекеттің дер кезінде орындалуын қамтамасыз ету. Мысалы, ҚІЖК-тің 183-бабында прокурордың, тергеушінің, анықтау органының жасалған немесе әзірленіп жатқан кез келген қылмыс туралы арызды немесе хабарды қабылдауға және солар бойынша шешімдер қабылдауға міндетті екені көзделген. Заң осы бөлігінде қылмыс туралы әрбір хабарды және арызды тиісті органның (өкілетті адамның) қарауын қамтамасыз ету мақсатын көздейді. Одан соң 184-бапта арыздар мен хабарлар қаралуға және шешімдер кабылдануға тиісті шекті мерзім белгіленген. Бұл жердегі мақсат - қылмыстылар туралы арыздар мен хабарлардың дер кезіндеқаралуын камтамасыз ету.

Іс жүргізу мерзімдерінің негізгі маңызы мынада:

олар: а) процеске қатысушылардың заңды құқықтары мен мүдделерінің сақталуын; ә) сот ісінің тез жүргізілуін; б) пәрменді прокурорлық қадағалауды жүзеге асыру шарттарын қамтамасыз ететін іс жүргізушілік ерекше кепілдіктер береді;

- қылмыстық процесте жүйелеу функциясьш орындауға бағытталған құқықтық құрал больш табылады;

- сот ісінің жүргізілуіне белгілі бір қаркын беретін ұйымдық құрал болып табылады.

Іс жүргізу мерзімдерінің белгілері сот ісін жүргізудегі белгілі бір уақыттың бәрінің бірдей іс жүргізушілік маңызы бола бермейтініне байланысты маңызды. Іс жүргізу мерзімдерін өзге мерзімдерден оқшаулайтын негізгі белгілерге мыналар жатады:

- іс жүргізу мерзімдерін белгілі бір құқықтық жағдайларда (мәселен, кассациялық шағым беруге немесе кассациялық наразылық білдіруге бөлінген он тәуліктік мерзімнің өтіп кетуі соттың үкімді жүзеге асыруына себеп болады; сезіктіге бұлтартпау шаралары қолданылған сәттен бастап он тәулік өткенге
дейін айыпталушыға айып тағылмауы тергеушінің бұлтартпау шараларының күшін дереу жоюына әкеліп соғады) «дербес заң фактісі немесе күрделі заң құрамы элементгерінің бірі ретінде» тану мүмкіндігі. Іс жүргізу мерзімін заңдық факт ретінде тануға себеп болатын құқықтық жағдай — іс жүргізу қатынастарына қатысушылардың заңмен белгіленген құқықтары мен міндеттерінің пайда болуы немесе доғарылуы түріндегі құқықтық салдарлардың басталуы;

- заңмен белгіленген мерзімдерді сақтау міндеттілігі (ол мерзімдерді сақтамау сот ісін жүргізудегі заңдылық принципін бұзу деп бағаланады), қажет болған жағдайда мәжбүрлеу қолданылуы мүмкін;

- мерзімдерді есептеу мен қалпына келтірудің ерекше тәртібі;

- тергеліп жатқан қылмыстық істің категориясына байланысты мерзімдерді заңмен саралау.



Іс жүргізу мерзімдері негіздерге байланысты түрлерге бөлінеді. Түрлі авторлар түрлі сараптама береді, бірақ бірқатар сараптама негіздері бір-бірімен үйлеседі. Осы жағдайға сүйене отырып, іс жүргізу мерзімдерінің мына түрлерге бөлінуін мүмкін деп санаймыз:

  1. Қылмыстық іс жүргізу қызметін регламенттеу әдісіне байланысты негіздер бойынша мерзімдер мьша түрлерге бөлінеді: а) мерзім-кез; ә) мерзім-кезең.

Мерзім-кез әрдайым іс жүргізу мерзімдері белгіленбеген әлдебір іс жүргізу әрекетімен үнемі байланысты. Мерзімдердің бұл түрін іс жүргізілетін уақытты көрсететін ерекше терминология бойынша белгілеуге болады. Сондай терминдердің анықтамалары мыналар «кез» (мысалы, КДЖК-тін, 70-бабына сәйкес, «қорғаушы айып тағылған кезден бастап іске қатысуға жіберіледі» немесе ҚІЖК-тің 69-бабы бойынша «өзінен алғашқы жауап алудың алдындағы кезден бастап қорғаушымен жолыға алады»); «кез келген сәт» (мысалы, ҚІЖК-тің 348-бабынын, 3-бөлігі бойынша «сот сотталушыға нақтылау сұрақтарын жауап алудың кез келген сәтінде қоюы мүмкін»); «дереу» (мысалы, ҚІЖК-тің 142-бабының 1-бөлігі бойынша «айыптау сезіктіге бұлтартпау шарасын қолданған кезден бастап он тәуліктен кешіктірілмей айып тағылмаса, бұлтартпау шарасы дереу тоқтатылады» деп белгіленген; ҚІЖК-тің 150-бабының 6-бөлігі бойынша «прокурордың санкциясы немесе санкция беруден бас тарту туралы белгісі бар қаулы тергеушіге, анықтаушыға, айыпталушыға (сезіктіге) жолданады және жедел атқаруға жатады»; «кідіріссіз» термині өзінің мәні жағынан «дереу» терминіне жақын (мысалы, ЩЖК-тің150-бабының 3-бөлігі бойынша «бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алуды таңдау туралы қаулы материалдары прокуратураға түскен кезден бастап алты сағаттың ішінде прокурордың кідіріссіз қарауына жатады»; «тез арада» терминінің мәні соған ұқсас (мысалы, ҚІЖК-тің 216-бабынын 2-бөлігі бойышпа «корғаушының қатысуын тез арада қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда тергеуші оның қатысуын сезікті ұсталғаннан немесе ол күзетпен қамауға алынғаннан кейінгі жиырма терт сағаттан кешіктірмей қамтамасыз етуге міндетті»; «аяқталғаннан кейін бірден» (мысалы, ҚІЖК-тін, 203-бабының 1-бөлігі бойынша «тергеу іс-әрекетінің хаттамасы тергеу іс-әрекетін жүргізу барысында немесе ол аяқталғаннан кейін бірден жасалады»); әлдебір іс-әрекет басталардың «алдында» (мысалы, ҚІЖК-тің 203-бабының 4-бөлігі бойынша тергеу іс-әрекетінің хаттамасында ғылыми-техникалық құралдарды колданудың алдында бұл туралы тергеу іс-әрекетін жүргізуге қатысқан адамдардың хабардар етілгені көрсетілуге тиіс»); әлдебір іс-әрекеттең «кейін» (мысалы, ҚІЖК-тің 258-бабынын, 2-бөлігі бойынша «сараптамалық зерттеудің үлгілері сол адамнан, бірақ аталған іздер қалдырылуы мүмкін жағдайлар туралы одан куә (жәбірленуші) ретінде жауап алғаннан кейін ғана алынуы мүмкін»); әлдебір іс-әрекетпен «бір мезгілде» (мысалы, ҚІЖК-тің 206-бабының 2-бөлігі бойынша «тергеуші айыпталушыға айыптағылған күн туралы хабарлаііды және сонымен бір мезгілде оған қорғаушыны шакыру құқығын түсіндіреді»); іс жүргізу «аяқталғаннан кейін» (мысалы, ҚІЖК-тің 213-бабының 4-бөлігі бойынша «еркін баяндау аяқталғаннан кейін жауап альшып отырған адамға айғақтарды нақтылау мен толықтыруға бағытталған сұрақтар қойылуы мумкін»); «тәмамдалғаннан кейін» терминінің мәні «аяқталғаннан кейін» терминіне жақын (мысалы, ҚІЖК-тің 362-бабының 1-бөлігі бойынша «төрағалық етуші дәлелдемелерді зерттеу аяқталғаннан кейін іске қатысушыларға бұдан былайғы іс-қимыл барысын түсіндіреді»); әлдебір іс-әрекетке «дейін» (мысалы, ҚІЖК-тің 214-бабының 1-бөлігі бойынша «тергеуші бір іс бойынша қарастырылған куәлар, жәбірленушілер жауап алу басталғанға дейін өзара сөйлеспейтіндей шаралар қолданады»); уақытпен берлері нақты жағдайда негізге ала отырып белгіленетін қандай да болсын жағдайдың өзара байланысты керсетілетін «уақытында» (мысалы, ҚІЖК-тің 222-бабының 3-бөлігі бойынша «тергеуші уақытында келе алмайтын жағдайда тексеруді анықтаушы немесе арыз немесе хабар келіп түскен анықтау органының лауазымы жағынан жоғары қызметкері жүргізеді»); «кешіктірмей» (мысалы, ҚІЖК-тің 235-бабынын. 5-бөлігі бойынша «почта-телеграф жөнелтілімдерін тұтқындаудың күшін бұл шараға қажеттілік жойылған кезде тергеуші немесе прокурор бірақ кез келген жағдайда тергеу аяқталғаннан кейін кешіктірмей жояды»); «анықталғашан кейін» (мысалы, ҚІЖК-тің 354-бабының 5-бөлігі бойынша «төрағалық етуші тараптарға іс үшін мәні бар барлық мән-жайлар анықталғаннан кейін сарашпыға жазбаша түрде сұрак беруді үсынады»).

Мерзім-кезеңдерді мынадай терминдермен білдіруге болады: әлдебір іс әрекет жасалған «күні» (мысалы, ҚІЖК-тің 209-бабының 2-бөлігі бойынша «айдап әкелінген айыпталушыға айып айдап әкелінген күні тағылады»); «күндізгі уақытта», «бір күн ішінде» (мысалы, ЩЖК-тің 212-бабының 2-бөлігі бойынша «жауап алу кейінге қалдыруға болмайтын жағдайлардан басқасында күндізгі уақытта жүргізіледі»; ҚІЖК-тің 212-бабының 3-бөлігі бойынша «жауап алудың бір күн ішіндегі жалпы ұзақтығы сегіз сағаттан аспауға тиіс»; «белгілі бір уақыттан аспайтын мерзімде» (мысалы, ҚІЖК-тің 134-бабының 1-бөлігі бойынша «ұсталған адамды анықтау органына немесе алдын ала тергеу органына әкелгеннен кейін үш сағатган аспайтын мерзімде тергеуші немесе анықтаушы хаттама жасайды»); «белгілі бір уақыт ішінде» (мысалы, ҚІЖК-тің 136-бабының 2-бөлігі бойынша «ұсталу көзінен бастап жетпіс екі сағатгың ішінде сезіктіге қатысты ҚІЖКте белгіленген тәртіппен қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тандалуға тиіс немесе ол босатуға жатады»); «белгілі бір тәулік ішінде» (мысалы, ҚІЖК-тің 222-бабының 13-бөлігі бойынша «тұрғын үйді тексеру тергеушінің қаулысы бойынша жүргізілуі мүмкін, бірақ кейін оның заңды екенін тексеру үшін жүргізілген тексеру туралы бір тәулік мерзімде прокурорға хабарланады»); «белгілі бір тәуліктерден кешіктірілмей» (мысалы, КЩК-тің 142-бабының 1-бөлігі бойынша «айыптау сезіктіге бұлтартпау шарасы қолданылған кезден бастап он тәуліктең кешіктірілмей тағылуға тиіс»); «белгілі бір сағаттарда» (мысалы, ҚІЖК-тің 212-бабының 3-бөлігі бойынша «жауап алуды демалуға арналған кемінде бір сағат үзілістен кейін жалғастыруға жол беріледі»); «белгілі бір мерзімнен аспау» (мысалы, ҚІЖК-тің 153-бабының 5-бөлігі бойынша «қамауға алу мерзімі қылмыстық заңда көзделген бас бостандығынан айырудын ең жоғары мерзімінен аспауға тиіс»); «белгілі бір айлар мерзімінен кешіктірілмей» (мысалы, ҚІЖК-тің 196-бабынын, 1-бөлігі бойынша «қылмыстық істер жөніндегі алдын ала тергеу қылмыстық іс қозғалған күннен бастап екі ай мерзімнен кешіктірілмей аяқталуға тиіс») және т.т.

Мерзім-кезеңдер өз тарапынан: а) белгісіз мерзімдерге; ә) ұзақтығы белгілі мерзімдерге бөлінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет