Тест сұрақтары
-
Мұстафа Шоқайдың туған жері
A) Баянауыл өңірі, Сәтпаев ауылы
B) Семей өңірі, Абай ауданы
C) Қызылорда облысы, Наршоқы мекені
D) Алматы облысы, Қаскелең ауданы
E) Қарағанды қаласы
-
М. Шоқайдың өмір сүрген жылдары қандай?
А) 1890-1941
B) 1889-1940
C) 1891-1942
D) 1892-1943
E) 1892-1841
-
М. Шоқайдың руын атаңыз
A) найман
B) қыпшақ, ішінде Жанай
C) арғын, ішінде қаракесек
D) айдабол
E) қанжығалы
-
Елдің арасында бірлік пен тыныштықты сақтауда көп еңбек сіңірген Мұстафаның атасы
A) Шоқай
B) Қалымбет
C) Әліш
D) Торғай
E) Оспан
-
М. Шоқайдың атасы – Торғай Қуатбайұлы кім болған?
А) Сыр өңірінің беделді биі
B) Патша әкімшілігінің шенеулігі
C) Хиуа ханының ізбасары
D) Қыпшақтарды билейтін датқалардың бірі
E) Түркістан генерал-губернаторлығы әкімшілігінің бас хатшысы
-
Мұстафаның қай ағасы ХІХ ғ.80 жж.медресе салдырады?
A) Әліш
B) Оспан
C) Торғай
D) Қалымбет
E) Шоқай
-
Наршоқыдағы жаңа ашылған мектепке Мұстафа Шоқай нешінші жылы қабылданды?
А) 1896
B) 1890
C) 1894
D) 1897
E) 1898
-
Мұстафаның әйелінің есімін атаңыз.
A) Елена
B) Марина
C) Евгения
D) Александра
E) Мария
-
Мұстафа 1902 ж.қайда оқуға түседі?
A) Перовскідегі училищеге
B) Ташкенттегі ерлер гимназиясына
C) Әулиетораңғылдағы 4-сыныптық медресеге
D) Петербургтегі университетке
E) Париждегі университетке
-
М. Шоқай Ташкент ерлер гимназиясына қашан түсті?
А) 1902 жылы қыркүйек айында
B) 1910 жылы сәуір айында
C) 1902 жылы тамыз айында
D) 1899 жылы шілде айында
E) 1899 жылы сәуір айында
-
Мұстафаның ойын-сауыққа онша көңіл бөлмеуінің басты себебі.
A) Қаражат тапшылығы
B) Уақыттың жоқтығы
C) Уақытты босқа өткізбеу ұстанымы
D) Мінезінің тұйықтылығы
E) Патша империясының қысымы
-
М. Шоқайдың ұлтжанды қайраткер ретінде қалыптасуына не әсер етті?
A) Орыс халқына деген жеккөрушілік
B) Ұлттық ксенофобияны уағыздағандықтан
C) Патша өкіметінің отарлық саясаты
D) Өзінің шовинистік ұстанымы
E) Қазақ халқын басқа халықтардан жоғары санағандықтан
-
Қай ғалым М. Шоқайдың түсіндірмелеріне сүйене отырып «Ортаазиялық – түрік әдебиеті бойынша материалдар» және «Тұрмыс құрған қазақ-қырғыз әйелдерінің тіліндегі тыйым сөздер» деген мақалалар жазған?
A) В.В.Радлов
B) Бодуэн де Курте
C) П.И.Ковалевский
D) А.Н.Самойлович
E) Дж.Лаззерини
-
1914 ж.15 қыркүйегінде Мұстафа заң факультетінің деканынан не сұрайды?
A) Стипендия
B) Қаржылай көмек
C) Оқу бітіргені туралы куәлік беруді
D) Емтихандарды қоюды
E) басқа факультетке ауыстыруын
-
Студенттік жылдары Мұстафа Ресей империясының заңдарын тыңғылықты үйренумен қатар нені зерттеді?
A) Орыс халқының тарихы мен мәдениетін зерттеді
B) «Орыс» этнонимінің пайда болуын зерттеді
C) «Қазақ» этнонимінің пайда болу тарихын зерттеді
D) Ислам дінін насихаттаумен
E) Түркі – мұсылман халықтарының дәстүрлі сот ісін, тарихы мен мәдениетін зерттеді
-
Өз халқының ауыз әдебиетіне, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүріне қызығушылығы Мұстафаны Ташкент гимназиясында оқып жүргенде неге әкеледі?
A) «Түркістан археология әуесқойларының» жиындарына
B) «Жерлестікке» ену
C) «Мұсылман қайырымдылық қорына»
D) «Сират-ул-Мустақим»
E) «Шур-Исламияға»
-
М. Шоқай, С.Асфендияров секілді жастардың түрікшілдік бағытта қалыптасып бара жатқанын сезген қай қоғам қайраткері ең алдымен, дін және жер мәселесі тұрғандығын баса көрсеткен болатын?
A) М.Дулатов
B) Ә.Бөкейханов
C) Т.Рысқұлов
D) А.Байтұрсынов
E) М.Жұмабаев
-
Түркістан жерлестік ұйымы қай жылы құрылды?
А) 1906 жылы
B) 1910 жылы
C) 1905 жылы
D) 1912 жылы
E) 1911 жылы
-
М. Шоқай Түркістан жерлестік қоғамы басқармасының хаттамаларына хатшы міндетіне ресми түрде қашаннан бастап кіріседі?
А) 1914 жылы 8 қаңтарда
B) 1912 жылы 30 қаңтарда
C) 1912 жылы 9 мамырда
D) 1915 жылы 15 қыркүйекте
E) 1911 жылы 2 қазанда
-
Мұстафа Шоқайдың саяси ұстанымдарының қалыптасып шыңдала түскендігінің айғағы алғашқы рет қандай оқиғадан көрініс тапты?
А) VІ Мемелекеттік Думаға депутат болып сайланғаннан кейін
B) 1905 жылғы «Қанды жексенбі» оқиғасына қатысуы
C) А. Байтұрсыновпен кездеуінен кейін
D) «Сират-ул-Мұстақим» бүркеншік діни партиясына қарсы әрекетінен
E) 1912-1913 жылдардағы Балқан соғысына қатысуы
-
Мұсылман фракциясының төрағасы кім болды?
А) Н.П. Архангельский
B) С. Жантөрин
C) К.М. Тевкелев
D) Ф. Байрашев
E) Ә. Бөкейханов
-
Мұсылман фракциясы жанындағы бюрода Түркістаннан бір өкіл болуы керек және оған М. Шоқай лайықты екендігін кім алғаш болып мәселе көтерді?
А) Ә. Бөкейханов
B) М. Дулатов
C) К. Тевкелев
D) Ә. Диваев
E) С. Жантөрин
-
М. Шоқай Мұсылман фракциясы жанындағы бюро жұмысына қашаннан бастап кіріседі?
А) 1917 жылдың 8 тамызынан
B) 1916 жылдың 1 қарашасынан
C) 1916 жылдың 8 қыркүйегінен
D) 1916 жылдың 5 желтоқсанынан
E) 1916 жылдың 3 қазанынан
-
1916 жылғы Жизақ қырғыны туралы Мұстафа Шоқай қандай баспасөз бетінде жария етеді?
А) «Искра»
B) «Қазақ»
C) Московский еженедельник»
D) «Последние новости»
E) «Турмуш»
-
Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, М. Шоқайдың қаламынан туындаған 1917 жылдың 12 сәуірінде «Қазақ» газетінде жарық көрген ұндеу қалай аталады?
А) «Оян, қазақ»
B) «Бұратана ұлттарға»
C) «Бостандық күні»
D) «Алаш ұлына»
E) «Революцияшыл жастарға»
-
Жәдиттер мұсылман қауымын ортағасырлық тығырықтан алып шығудың жолы деп нені білді?
А) азшылық топтардың құқықтарын қорғау
В) өнеркәсіпті дамыту
С) шетелдіктерді көмекке шақыру
D) оқу ісін реформалау
Е) әлеуметтік жағдайды жақсарту
-
Түркістан жәдитшілдерінде саяси бағдарламалар белгілері қандай оқиғаға байланысты пайда бола бастады?
А) 1905 жылғы Орыс революциясы
В) 1908 жылғы Түрік революциясы
С) 1917 жылғы Қазан революциясы
D) 1917 жылғы Ақпан революциясы
Е) 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс
-
Құран мен ислам дәстүрлерін өз идеяларының дереккөзі ретінде санаған жәдит көсемдері кімдер?
А) Ш. Шаахмед және Н. Төреқұл
В) Н. Төре және А. Махмуд
С) М. Бехбуди және А. Фитрат
D) М. Кари және У. Қожаев.
Е) У. Танашев және Н. Халфин
-
1924 жылдың сәуір айында И. Сталинге жолдаған баяндамасында М. Шоқай жәдиттер қозғалысының қайраткері емес, Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, Х. Досмұхамедовтер секілді «алашордашыл қайраткер» деп көрсеткен кім?
А) М. Тынышпаев
В) Ә. Бөкейханов
С) А. Байтұрсынов
D) М. Дулатов
Е) Т. Рысқұлов
-
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қорындағы құжатта Шоқайдың 1915 жылы Ташкентте жасырын түрде құрған ұйымы қалай аталады?
А) «Кеңес»
В) «Ғұламалар қоғамы»
С) «Тұран»
D) «Тараккипарвар»
Е) «Серіктестік»
-
1917 жылы 14 наурызда Ташкент қаласында құрылған ұйымның атауы қандай?
А) «Иттифок-и-муслимин»
В) «Мифтах уль-маориф»
С) «Озод халқ»
D) «Шуро-и-Исламия»
Е) Раунак-уль-ислам
-
Түркістан халықтарының бірінші құрылтайы қашан өтті?
А) 1917 жылы 16-22 сәуір
В) 1917 жылы 4-15 шілде
С) 1917 жылы 12-22 тамыз
D) 1917 жылы 21-26 шілде
Е) 1917 жылы 1-11 мамыр
-
Ұлт-азаттық қозғалыстың мақсат-міндеттерін жергілікті халық арасында насихаттау үшін, Шоқайдың тікелей басшылығымен ұйымдастырылған газет.
А) ) «Түрік елі»
В) «Улуғ Туркестан»
С «Туркестанский вестник»
D) «Известия Временного правительства автономного Туркестана»
Е) «Бірлік Туы»
-
1917 жылдың бірінші шілдесінде Түркістан Уақытша үкіметі Түріккомитеттің төрағасы етіп кімді сайлады?
А) С. Герцфельд
В) В.А. Чайкинді
С) М. Чанышевті
D) С. Лапинді
Е) Т. Нарбутабековты
-
Ташкенттегі өкімет билік орыс жұмысшылары мен солдаттарының қолына қашан көшті?
А) 1917 жыл 15 қыркүйек
В) 1917 жыл 7 қараша
С) 1917 жыл 28 қазанда
D) 1917 жыл 3 желтоқсанда
Е) 1917 жыл 13 желтоқсанда
-
1917 жылғы 28 қараша күні Түркістан өлкесіндегі билік кімдердің құзырына өтті?
А) Түркістан уақытша кеңесі және Түркістан халық басқармасы
В) Түркістан еңбекшілері қоғамы және Бүкілресейлік мұсылман кеңесі
С) Халық комиссарлар кеңесіне және еңбекші бұқара комитеті
D) Өлкелік мұсылмандар кеңесі және Құрылтай жиналысы
Е) Уақытша үкімет және жұмысшы, солдат депутаттар кеңесі
-
1917 жылы желтоқсан айында Түркістан Мұхтариатын жақтаған бейбіт шеруі кезінде орыс солдаттары демонстранттарға қарсы оқ жаудырды. Онда қанша адам қаза болды?
А) жиырма бес адам
В) қырық үш адам
С) елу төрт адам
D) сексен төрт адам
Е) он алты адам
-
Түркістан халқының төтенше съезінде Қоқан милициясын басқаруға кім тағайындалды?
А) Хайретдин Болғанбаев
В) Абиджан Махмудов
С) Шахислам Шагиахметов
D) басмашы Ергаш
Е) Мирәділ Мырзахметов
-
1917 жылдың 13 желтоқсанынан бастап Түркістанның Уақытша үкіметінің баспа органын атаңыз.
А) «Бірлік туы»
В) «Известия Временного правительства Кокандской автономий»
С) «Известия Временного правительства автономного Туркестана»
D) «Туркестанский вестник»
Е) «Свободный Туркестан»
-
Түркістан автономиясы қанша уақыт өмір сүрді?
А) бір ай шамасында
В) екі ай шамасында
С) үш ай шамасында
D) төрт ай шамасында
Е) бес ай шамасында
-
Түркістан Мұхтариатын жойғаннан кейін большевиктер М. Шоқайды қолға түсіруді ойластырды. Алайда, оны жеке басынан гөрі қандай мәселе толғандырды?
А) әлемдік әлеуметтік-экономикалық дағдарыс
В) әскери жасақтар құру
С) ел тағдыры
D) азамат соғысы барысындағы адами шығындар
Е) шекераларды нығайту
-
М. Шоқай Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына неліктен үлкен үміттерді артты?
А) бұл жиналыста ғана соғыстың барысындағы жиналған барлық олжа бөліске салынған болатын
В) оның арқасында М. Шоқай шетелге тұрақталып қалатын болар еді
С) Құрылтай жиналыс арқылы әлеуметтік жағынан төмен елдерге гуманитарлық жәрдем көрсетілді
D) тек мұнда ғана ортаазиялық зиялылыр қауымы өздерінің бағдарламаларын жария ете алған еді
Е) тек соның төңірегінде ғана большевиктерге қарсы күштерді топтастыруға мүмкін болған еді.
-
М. Шоқай неліктен басмашылардың қолына түскеннің өзінде де олардың туы астында күресуден бас тартады?
А) М. Шоқай басмышылардың басшысымен келіспей қалады
В) оларды ұлттық күресті жүргізе алатын қуатты күш ретінде санамайды
С) басмашылдар большевиктермен өзара байланысты болып шықты
D) басмышылдар әлемді социалисттік реформалар арқылы өзгертуге тырысты
Е) оларды күреске қажетті қару-жарақтар болмай шығады
-
1919 жылдың бас кезінде М. Шоқай Бакуден Красноводск пен Ашхабатқа не мақсатпен сапар шегеді?
А) Түркменияның большевиктерге қарсы күреске қатыстыру мүмкіндіктерін анықтау
В) М. Шоқай өзінің азаттық үшін күресін Түркменияда жалғастырғысы келді
С) Түркмениялық оппозиция өкілдерімен байланыс орнатты
D) Түркмениядағы ағылшын үкімет өкілдерімен келіссөздер жүргізді
Е) Қазақстан мен Түркмения арасындағы достастық қатынастарды орнатты
-
М. Шоқайдың шетелге келіп тұрақтана салысымен саяси істерге араласып кетуіне не жағдай жасады?
А) М. Шоқай Франция Республикасы Парламентінің бірінші шақырысының мүшесі болғандығы
В) Франция мен Германия елдері Түркістан өлкесі халықтарының ұлт-азаттық қозғалысына үлкен қызығушылық білдіруі
С) М. Шоқайдың жоғары қызмет орнына орналасуына байланысты
D) Париж бен Берлиндегі түрік және орыс мигранттарымен таныстығы
Е) М. Шоқай немістің жаңа қалыптасып келе жатқан фашисттік партияның қатарына енуі
-
М. Шоқайдың Парижге келуі Францияның саяси өмірінде ізсіз қалмады. Франция Сыртқы істер министрлігіндегі ол туралы мінездемеде оның қандай қасиеті көрсетілді?
А) халық бұқарасы алдында өзін-өзі лайықты дәрежеде ұстайды
В) ойды нақты жеткізу қабілеті
С) дипломатиялық келіссөздер жүргізудегі тәжірибелігі
D) саяси оқиғаларды бағалаудағы қалтықсыз дәлдігі
Е) күрделі халқаралық жағдайлар туындаған шақтарда олардан шебер шыға білу қабілеті
-
Түркістан Кеңес Республикасы қашан жарияланды?
А) 1918 жылдың көктемінде
В) 1918 жылдың жазында
С) 1918 жылдың күзінде
D) 1919 жылдың көктемінде
Е) 1919 жылдың жазында
-
1918 жылы Бұхара әмірі орыс үкіметімен ынтымақтастық қатынастар орнатуға көшеді. Түркістан Халық комиссарлары кеңесі мен Бұхара әмірі арасында бейбіт келісімге қол қойылады. Алайда, М. Шоқай бұл «бейбіт келісім бейбіт көңіл-күй орнатпайды» деп сипаттаған еді. Ол оның қандай еңбегінде айтылды?
А) «Бұхаралықтарға жолдау»
В) «Бұхар қозғалысы»
С) «Бұхар әмірлігі»
D) «Тәуелсіз Бұхара»
Е) «Түркістандағы халқаралық жағдай»
-
«Олар жастүріктер төңкерісімен дүниеге келген , әлі де болса пісіп-жетілмеген саяси ой-пікірдің ағымы болатын.... Олардың революцияшылдығы кез келген коммерсантқа тән прогресшілдіктен аса қоймайды» – деп, М. Шоқай қай қозғалысқа сипаттама берді?
А) «Азат Түркістан»
В) эсерлер
С) жасбұхарлықтар
D) юнкерлер
Е) кадеттер
-
Мұғажырлық өмірдің бас кезіндегі М. Шоқайдың Францияда тұрақтаған мекені.
А) Сен-Клу
В) Кале
С) Монмартр
D) Сен-Антуан
Е) Ножан
-
Өз 1919 жылы құрылға Мүнәуар Қари Абдурашидхановтың басшылығымен құрылған партия қандай атауға ие болды?
А) «Милли байрақ»
В) «Иттихад ва Таракки»
С) «Истиклал»
D) «Мусават»
Е) «Милли Түркістан»
-
1919 жылы құрылған «Иттихад ва Таракки» партиясының атауы қалайша өзгертілді?
А) «Жами’ат-и-Улема»
В) Шуро-и-Исламия
С) «Истиклал»
D) Милли Иттихад
Е) «Милли Түркістан»
-
1922 жылы 22 наурыздағы хатында басмышылар қозғалысына қарсы Кеңес үкіметінің іс-шараларына тоқталып, үкімет әскерінің елу алты қалашықты қиратқанын, кез-келген уақытта бейбіт халыққа оқ жаудыратынын, ... сот шешімінсіз адамдарды ата салатынын үлкен өкінішпен хабарлаған, М. Шоқайдың байланысшысы кім?
А) В.А. Чайкин
В) У.Д. Федотов
С) К.Я. Успенский
D) Н.В. Чайковский
Е) А.Т. Цаликов
-
М. Шоқайдың мұрағаттарында В.А. Чайкин мен інісі Нұртазаның хаттары сақтаулы қалды, ал С. Қожановтың, Ә. Оразаевтің, У. Қожаевтің және басқа да жолдастарынан жеткен хат-хабарлар сақталған жоқ. Неліктен?
А) хаттар бірден кеңес тыңшыларының қолдарына түсіп отырды
В) С. Қожанов, Ә. Оразаев, У. Қожаевтар Нұртазаның атымен жазып отырды
С) М. Шоқай оларды бірден мұрағатқа тапсырып отырды
D) бұл хатта көрсетілген мекен-жайлардың атаулары дұрыс көрсетілмеді
Е) М. Шоқай оларды жойып жіберіп отырды
-
1939 жылдың 10 тамызында Нұртаза М. Шоқайды жауаптау барысында, ол М. Шоқаймен кім арқылы байланысқа түскенін мәлімдейді?
А) С. Лапин арқылы
В) В. А. Чайкин арқылы
С) С. Қожанов арқылы
D) Қ. Қожықов арқылы
Е) У.А. Қожаев арқылы
-
Эмиграннық басылымдағы мақалаларына қарағанда М. Шоқайдың қандай газетті жүйелі түрде алып тұрғанын көре аламыз?
А) «Последние новости»
В) «Ақ жол»
С) «Қазақ»
D) «Милли Түркістан»
Е) «Социалистическая лестница»
-
«Аса құрметті Мұстафа аға! Қазіргі уақыттаға жағдай тұрандыққа лайықты жұмыс жасау түгілі, біреумен өз ойыңмен бөлісіп кеңесуге де мүмкіндік бермейді» деп, елдегі хал-ахуалға дәлме-дәл баға берген, көп үзілістерден кейін, 1930 жылыдың 26 ақпанында байланысқа шыққан кім?
А) С. Өтегенов
В) С. Қожанов
С) Ғ. Бірімжанов
D) Искандер Көпжасаров
Е) С. Лапин
-
«Түркістан Ұлттық Бірлігі» ұйымы қашан және қай жерде ұйымдастырылды?
А) 1918 жылы қараша, Екатеринбург
В) 1918 жылы, Қазан
С) 1922 жылы, Берлин
D) 1917, Ташкент
Е) 1920, Қоқан
-
М. Шоқай «Йени Түркістанның» бетінде жарық көретін материалдарға жауапкершілікпен қарау туралы ұсынысы немен байланысты?
А) Түркістан азаттық қозғалысының одақтастарын айыптамас үшін
В) Кейбір мақалалардың мазмұндық сапасының төмендігі үшін
С) бұл басылымдағы солшыл бағыттағы мақаланың жариялануы үшін
D) Түркістан азаттық қозғалысының жоспарларыналдын алдын-ала жоспарламау үшін
Е) шетелдерде оқуда жүрген жастарды «кінәлауға» негіз бермеу үшін
-
1932 жылдың жазында Кеңес үкіметі Ауғаныстан үкіметімен «Түркістан қашқындарын ауған-кеңес шекарасынан отыз шақырымдық зонадан әрі қарай көшіруді» неліктен талап етеді?
А) Олар кеңес одағына қайта шабуылдауға дайындық жүргізген еді
В) Бұл шекара халқаралық келісімдердің шарттарыа сай келген жоқ
С) ТҰБ басшыларының елмен байланысуына мүмкіндік бермеу үшін
D) Ағылшын тыңшыларының шекарадан өтіп кетуінен сескенгендігі үшін
Е) Ауған-кеңес үкіметінің келісімі бойынша бұл жерлерде өндіріс орындары салынатын болды
-
ТҰБ-нің соңғы конгрессі қашан өтті?
А) 1938 жылы 25 тамызда
В) 1939 жылы 24 наурызда
С) 1938 жылы 22 мамырда
D) 1930 жылы 12 сәуірде
Е) 1939 жылы 6 маусымда
-
«Яш Түркістанды» әуел баста қазақ және өзбек тілдерінде шығару көзделді, бірақ оны басқа тілде шығаруға ұйғарылды. Бұл қандай тіл?
А) тек қана өзбек тілінде
В) тек қана қазақ тілінде
С) француз
D) түрік-шағатай
Е) орыс
-
«Яш Түркістан» журналы қандай оқиғаның себептерінен жабылып қалды?
А) Польша премьер-министрі Й. Пилсудскийдің көзқарастарының өзгеруі
В) Польша тарапынан қаржылай көмектің жетіспеушілігі
С) Баспахана иелерінің банкроттыққа ұшырауы
D) немістердің Польшаны жаулап алуынан
Е) Кеңестік үкімет тарапынан болған жала жабушылық
-
1923 жылы көктемде М. Шоқай Еуропа елдерінің мемлекет, қоғам қайраткерлері мен журналистері қатысқан конференцияда баяндама жасады. Кейін ол «Orient et Ossident» журналында жарияланды. Бұл мақаланың маңыздылығы неде?
А) Орыс большевиктерінің қылмыстарын әшкерлейтін тікелей дәлелдердің болуы
В) Қазақстандағы саяси үрдістердің дәлме-дәл бет-бейнесін жария еткен алғашқы мақала
С) Мұнда жаңа Түркістан Федерациясы мемлекетінің саяси бағдарламасы жария етілді
D) Еуропа баспасөзінде Түркістанның тәуелсіздігі жөнінде ашық пікір білдірген алғашқы мақала
Е) Кеңес үкіметінің жоғарғы басшыларына қарсы компроматтың табылуы
-
М. Шоқай Түркістанды бес республикаға бөліп, ұлттық-аймақтық межелеу шараларын жүргізген болшевиктік шараларды қалайша бағалайды?
А) өзара бауырлас халықтардың орналасуын реттеу
В) Қазақстан экономикасына нұқсан келтіретін ең ауыр шараларыдың бірі
С) қазақ жерлерінің көрші елдерге тиесілі болып қалуы
D) әкімшіліктік террорды басқару жолы
Е) халықтың этностық бірегейлігін, біртұтастылығын жою
-
М. Шоқай орыс отаршылдығына қандай баға береді?
А) әлем тарихындағы ең аяусыз құбылыс
В) әлем тарихындағы ең жабайы құбылыс
С) қазақ халқына прогресшілдікті әкелген құбылыс
D) әлем тарихындағы сауатсыз құбылыс
Е) түсініксіз құбылыс
-
Орыс пролетариаты диктатурасының әлеуметтік жеңістерінің бірі ретінде, М. Шоқай нені атап көрсетеді?
А) діннің жойылуы
В) зейнетақы жүйесінің енгізілуі
С) қазақтар арасында арақ ішу мен қарта ойнының таралуы
D) әйелдердің қоғамдық жұмыстарға тартыла бастауы
Е) қазақтардың арасында кедейлердің көп болуы
-
1917 жылы мамыр айында өткен Бүкілресейлік мұсылмандар съезіне қатысқан делегаттардың көпшілігі федералисттер болды. Ұлттық интеллегенцияның федерация құрамында өмір сүруге ұмтылушылығы не себептен?
А) орыс революциялық демократиясына сенім білдіруден
В) дүниежүзілік социалисттік революцияны ұйымдастыру талпынысынан
С) федералисттер Түркістанға тәуелсіздікті беруге уәде еткендіктер
D) орыс саяси көшбасшылары ғана қаржылай көмек бере алатына еді
Е) федерация құрамында ғана олар сыртқы жаулардан қорғана алатын еді
-
Достарыңызбен бөлісу: |