Р. М. Таштемханова Мұстафа Шоқайдың тарихи бейнесі



бет2/28
Дата12.07.2016
өлшемі2.81 Mb.
#194577
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28

1902 жыл­дың та­мыз­ айында Мұс­тафа Таш­кен­т ер­лер­ гим­назиясына оқуға түседі. Баласы­ның­ оқуын жал­ғастыруға ал­дын ала қам­дан­ған­ “Перовс­к уезі Гроде­ков­ болысы­ның­ қыр­ғызы Тор­ғаев Шо­қай­” Таш­кен­т ер­лер­ гим­назиясы дирек­торы­ның­ атына 1902 жыл­дың 24 науры­зын­да-ақ а­рыз­ бе­ріп­ қояды.

А­лай­да емти­хан­ды сәт­ті тап­сырғанына қара­ма­стан Мұс­тафа оқуға қабылдан­бай­ды. Гу­бер­на­тор­ға а­рыз­данға­ннан­ кейін ғана гим­назия ди­рек­торы шеші­мін­ өз­гер­теді.

Мұс­тафа­ның­ сыны­бын­дағы оқушы­лар­ Хам­за Нұр­ша­нов­, Жол­мұха­мед­ Өткел­баев, Сұл­тан­ Айда­ров­, Мұса­хан­ Мыр­заха­нов­тан бас­қалары сла­вян­ халықтары­ның­ ө­кіл­дері болады. 1910 ж. Мұс­тафа гим­назияны ла­тын­, ф­ран­цуз, не­міс­ тіл­дері мен­ математика­лық­ география бой­ынша “жақ­сы”, ал қал­ған пәндер­дің­ бар­лы­ғын­ “үз­дік­” де­ген­ баға­мен­ бітіреді [15].

Санк­т-Пе­тер­бург­те бір­ге оқы­ған­ Н. П. Ар­хан­гельс­кий­ Мұс­тафа Таш­кен­т гим­назия­сын­ ал­тын­ ме­даль­ме­н бі­тір­ді [16] дей­ді.

Таш­кент­те о­қып­ жүр­ген ке­зін­де Мұс­тафа жер­лестері­нің­ жер­-су мәселесі, о­рыс­ қо­ны­станушылары­ның­ жер­гі­лік­ті ха­лық­қа көр­се­тіп­ о­тыр­ған зәбір жапалары жө­нін­дегі а­рыз­-ша­ғым­дары­мен­ гене­рал­-гу­бер­на­тор­ А. Самсонов­тың алдына та­лай­ рет­ барады. Ол гим­назияны мақ­тау қағазы­мен­ бі­тір­ген, о­рыс­ша сауатты қа­зақ­ жігі­тін­ өз кеңесіне тіл­маш е­тіп­ алғысы келеді. Бі­рақ­ Мұс­тафа бұ­л ұсы­ны­стан бас­ тар­тып, Санк­т-Пе­тер­бург у­ни­вер­ситеті­нің­ заң­ фа­куль­тетіне оқуға түсуді көз­дейді.

1910 жыл­дың 2 тамы­зын­да Таш­кен­т ер­лер­ гим­назиясы­ның­ ди­рек­торы Е. Воз­несенс­кий­ Түр­кі­стан өлкесі училищелері­нің­ бас­ инс­пек­торы Ф. Керенский­ге М. Шо­қай­дың­ Санк­т-Пе­тер­бург у­ни­вер­ситеті­нің­ заң­ факультетін­де оқуын жал­ғас­тыр­ғысы келе­тін­дігі туралы ра­пор­т жол­дайды [17].

Мұс­тафаға у­ни­вер­си­тет­ке қа­был­дан­ған­ күн­нен бас­тап гене­рал­-гу­бер­на­тор­ А. Сам­со­нов­ сти­пен­дия та­ғай­ындау жө­нін­дегі ше­шім­ге қол­ қояды [18]. Стипендия а­лып­ оқығаны­мен­ Мұс­тафа­ның­ Пе­тер­бург­тегі материал­дық­ жағдайы онша мәз­ бол­ма­ған­ сы­ңай­лы. Ауылдағы әке-шешесіне сал­мақ салмайын де­ген­ ниет­тен­ болуы ке­рек­, студент­тік­ жыл­дары ол қара­жат­ із­деп­ Қоныс­ аудару бас­қарма­сын­да қа­зақ­, өз­бек­ тіл­дері­нен­ о­рыс­ тіліне ау­дар­ма­мен­ айналысады, Пе­тер­бург­тегі Түр­кі­стан студент­тері жер­лестігі­нен­ бір­-екі рет­ көмек­ те сұ­рай­ды. Ал­ғаш­ рет­ “Жер­лес­тік­тен­” несие сұ­рап­, е­кін­ші курс­та о­қып­ жүр­ген ке­зін­де өті­ніш­ береді. Оны о­рын­дау ү­шін­ “Жер­лес­тік” 43 сұ­рақ­ жазылған анкетаны тол­тыруды мін­дет­тей­ді. Осы сұ­рақ­тарға жауапта­рын­да “оқу жылы­ның­ аяғына дейін 74 сом­ 75 тиын сти­пен­дия, был­тыр үй­ден­ 25 сом­ ақша ал­дым­, 44 сом­ қары­зым­ бар­, жал­дап тұр­ған бөл­мем ү­шін­ ай сай­ын 12 сом­, тамағыма 14 сом­ 50 тиын, емделуге 5 сом­ тө­лей­мін­, жыл­ сай­ын кі­тап­тарға 12 сом­нан кем­ е­мес­ қар­жы жұм­сай­мын­, сыр­т киімде­рім­ жоқ­” [19] деп­ көр­сетеді. 1912 жыл­дың 30 қаң­та­рын­да жаз­ған осы өтіні­шін­де “а­лып­ тұр­ған стипендиямның­ және ата-а­нам­ тарапы­нан­ кө­мек­тің жет­кі­лік­сіздігіне байланысты зат­та­рым­ 68 сом­ға лом­бард­қа са­лын­ған” делінеді.

“Жер­лес­тік” мұн­да айт­ыл­ған нәр­се­лер­дің негізі­нен­ шын­дыққа сәй­кес­ті­гін­ айт­ып­, ата-анасы мен­ туыстары­нан­ академия­лық­ жыл­ і­шін­де 50 сом­ ал­ған­дығы, “Түр­кі­стан қоғамы­ның­” кас­сасына және бас­қа да жер­лерге (жеке тұл­ға­лар­ға) 90 сом­ қа­рыз­дар е­кен­дігі туралы түзету енгі­зіп­, оң ше­шім­ шығарады.

Мұс­тафа империя астана­сын­да ойын-сауыққа онша кө­ңіл­ бөл­мей, көбіне кі­тап­ оқу­мен­ айналысады. Уа­қыт­ты бос­қа өт­кіз­беу жө­нін­дегі М. Шо­қай­ ұстанымын­ 1914 жыл­дың сәуір және қыр­қүйек айла­рын­да өзі­мен­ бір­ге оқи­тын­ тү­рік­мен досы Қақа­жан­ Бер­диевке ар­нап­ жаз­ған ө­лең­дері­нен­ [20] де бай­қауға болады.

Қара­жат­ тап­шылығы Мұс­тафа­ның­ Пе­тер­бург­тегі ө­мір­ге бейімделуі­нен­, түр­лі мәде­ни және саяси шара­лар­ға араласуы­нан­ туында­ған­ бол­са ке­рек­. Сонымен­ бір­ге бұ­л ке­зең­ Ре­сей­дегі реакция­лық­ жыл­дар­мен­, о­рыс­ отаршыларының­ бұратана ха­лық­тарға қы­сым­ көр­сетуі­нің­ күшеюі­мен­ тұс­па-тұ­с келеді. Бір­де үйле­рін­, бір­де е­гіс­тікте­рін­ о­рыс­ қоныст­анушылары­ның­ тар­тып алуына бай­ла­ныс­ты Шо­қай­ әулеті­нің­ шаруашылығы да сыр­ бере бас­та­ған­. Сырдария­ның­ бой­ына әке­ліп­ о­рыс­ шаруалары­ның­ қо­ны­стандырылуы салдарынан­ Нар­шоқыда 70–80 үй­дің­ ба­сын­ қо­сып­ о­тыр­ған Шо­қай­ әулеті бі­раз­ е­гіс­тік жер­лері­нен­ айырылады. Сыр­дария­ның­ сағасы Көк­су өзені­нің­ арнасы да тар­тыла бас­тайды.

Мария Шо­қай­ Мұс­тафа­ның­ у­ни­вер­си­тет­тегі оқуында мате­риал­дық­ жағдайына бай­ла­ныс­ты үзі­ліс­ бол­ғанды­ғын­ еске алады. Қа­лай­ бол­ғанда да М. Шо­қай­ оқу­дан­ бі­раз­ уа­қыт­қа қол­ үзеді.

Пе­тер­бург у­ни­вер­ситеті­нің­ мұра­ғат­тық қо­рын­да Мұс­тафа­ның­ 1910 жылдың 6 шіл­де­сін­де сту­ден­т қатарына қа­был­данғаны және үлгерімі жөніндегі мағ­лұ­мат­тар бар­. О­сын­дағы сы­нақ­ кі­тап­шасына қара­ған­да Мұс­тафа 1910–1914 жыл­дары у­ни­вер­си­тет­тің заң­ фа­куль­те­тін­де о­қып­, жылына екі рет­ сы­нақ­тан өткен­, пән­дерді “өте қана­ғат­та­нар­лық” және “қана­ғат­та­нар­лық” де­ген­ баға­лар­ға тап­сыр­ған­.

1914 жыл­дың 15 қыр­қүйе­гін­де Мұс­тафа заң­ фа­куль­теті­нің­ деканына универ­си­тет­тің то­лық­ кур­сын аяқтаға­нын­, со­ған­ бай­ла­ныс­ты оқу бі­тір­гені туралы куә­лік­ беруін сұ­рай­ды. Өті­ніш­те тұра­тын­ ме­кенжай­ы (Пет­рог­рад, Провиант­ская, 10, кв. 25) көр­се­тіл­ген. С. М. Исха­ков­ осы құ­жат­ негі­зін­де М. Шо­қай­ Санк­т-Пе­тер­бург у­ни­вер­сите­тін­ 1914 жылы бі­тір­ді деп­ е­сеп­тейді [21].

1915 жылы 22 сәуірде Мұс­тафа Түр­кі­стан гене­рал­-гу­бер­наторына өт­кен­ жылы бітіру куәлі­гін­ қол­ға алға­нын­, оқуында бі­раз­ үзі­ліс­ бол­ға­нын­, мемлекеттік емти­хан­дарды 1916 жылы тап­сыру ойында бар­ еке­нін­, сол­ се­беп­ті өзіне тиесілі сти­пен­дияны 1916 жыл­дың мау­сым­ айына дейін ұ­зар­туды сұ­рай­ды [22]. Өлке бас­тығы а­рыз­ға: “Рұқ­сат­ ете­мін­, бі­рақ­ ес­кер­те­мін­, оқу мер­зі­мін­ ұзарту жаңа кан­ди­дат­қа зия­нын­ тигізуі мүм­кін; сол­ се­беп­ті сти­пен­дия 1916 жыл­дың мау­сым­ айы­нан­ қыс­қартылады” деп­ бұ­рыш­тама қояды.

1915 жылы М. Шо­қай­ мем­ле­кет­тік емти­хан­ тап­сыруға тағы да кел­мей қалады. Соны­мен­ Мұс­тафа­ у­ни­вер­си­тет­ті 1916 не 1917 жылы бі­тір­ді деуге болады.

А. Оқ­тай­дың­ 1950 жылы жа­рық­ көр­ген кіта­бын­да Мұс­тафа­ның­ университет­те өз қар­жы­лық­ мүм­кін­дік­тері­мен­ оқы­ған­дығы туралы пікірі [23] осы ке­зең­ге саяды.

Студент­тік­ жыл­дары Мұс­тафа Ре­сей­ империясы­ның­ заң­да­рын­ тыңғылықты үйрену­мен­ қа­тар­, түр­кі – мұ­сыл­ман ха­лық­тары­ның­ дәс­түрлі сот­ ісін­, тарихы мен­ мәде­ние­тін­ зерт­тей­ді. “1917 жыл­ туралы есте­лік­тер­ден­ үзінділер­” де­ген­ кіта­бын­да Мұс­тафа: “Студент­тік­ жыл­дары мен­ біз­дердегі билер­ мен­ қазы­лар­ соты жө­нін­де көп­ шұ­ғыл­дан­дым­.

Сыр­дария об­лыс­тық бас­қармасы мен­ уезд ә­кім­шілігі­нің­ мұра­ғат­та­рын­да ұ­зақ­ о­тыр­дым” [24] деп­ жазады.

М. Шо­қай­дың­ зерт­теу жұ­мыс­тарына қабі­лет­тілігі В. В. Бар­толь­д­тің­, В. В. Рад­лов­, Бодуэн де Кур­те, А. Н. Са­мой­ло­вич­тің құлағына шалынады. Бұлар­дың і­шін­де В. В. Рад­лов­ 1910 жыл­дан таны­сып­, ұшыра­сып­ тұрады. Радлов­ о­ған­ құ­қық­ фа­куль­те­тін­ тас­тап, шы­ғыс­ тіліне ауысуға ұсы­ныс­ жа­сай­ды. “Мені өзі­нің­ осы ұсынысына көн­діргісі кел­ген­нен­ бол­са ке­рек­, ол ма­ған­ өзі­нің­ академия­лық­ сөз­ді­гін­ сый­ға тарт­қан­” [25] дей­ді М. Шо­қай­.

Ал А. Н. Са­мой­ло­вич­ Мұс­тафа­ның­ өз хал­қы­ның­ тарихы мен­ мәдениетінің­, ә­дет­-ғұр­пы мен­ ауыз әдебиеті­нің­ біл­гірі е­кен­дігіне на­зар­ аударады. 1915 жылы ол М. Шо­қай­дың­ түсі­ндірмелеріне сүйене оты­рып­, “Ортаазия­лық­ – тү­рік­ әдебиеті бой­ынша материал­дар­” және “Тұр­мыс­ құр­ған қа­зақ­-қыр­ғыз әйел­дер­дің ті­лін­дегі ты­й­ым сөз­дер” [26] де­ген­ екі ғылыми мақала жазады.

А. Са­мой­ло­вич­ Мұс­тафа­ның­ генеалогиясына тоқ­та­лып­, о­ның­ қып­шақ тай­пасы­ның­ і­шін­дегі то­рай­ғыр­ немесе торы руына, о­ның­ шаш­ты атасына, о­дан­ кейінгі бо­шай­ бөлімі­нен­ та­райт­ын­ жа­най­ға жата­тын­ды­ғын­ тәп­тіш­теп­ жазады. М. Шо­қай­дың­ туыстары­ның­ і­шін­дегі өзара некелесуге тый­ым салу шаштылармен шек­теледі деп­ көр­сетеді. Әрине, мұ­ның­ бар­лығы да Мұс­тафа­ның­ айт­уы­мен­ жазы­лып­ о­тыр­ғаны бел­гілі.

“Қа­зақ­-қыр­ғыз фоль­клоры бой­ынша жас­ қыр­ғыз (қа­зақ­. – К. Е.) эт­ног­раф Шоқаев (Орта жү­з, Сыр­дария облысы, Перовс­к уезі­нің­ Гроде­ков­ болысы­нан­) жи­нақ­та­ған­ материал­дар­ды бас­паға ә­зір­леу бары­сын­да мен­ М. Шо­қай­дың­ переносайтқандары­нан­ осы мақа­лам­да кел­ті­ріп­ о­тыр­ған кей­бір­ тый­ым сөз­дерді жа­зып­ ал­дым­” [27] дей­ді А. Са­мой­ло­вич­.

1917 жылы о­ның­ “Живая старина” жур­на­лын­да “М. Шо­қай­дың­ қазақ-қырғыз материалдарынан” [28] де­ген­ мақаласы жа­рық­ көреді.

Өз хал­қы­ның­ ауыз әдебиетіне, ә­дет­-ғұр­пы мен­ сал­т-дәс­түріне қызығушылығы М. Шо­қай­ды Таш­кен­т гим­назия­сын­да о­қып­ жүр­ген ша­ғын­да “Түр­кі­стан археология әуес­қой­лары­ның­” жиындарына әкеледі. Ол жер­де этнограф, тү­рік­ ха­лық­тары ауыз әдебиеті­нің­ біл­гірі Ә. Диваев­пен­, кейін о­ның­ ең­бек­тері­мен­ танысады. Оны талант­ты ға­лым­ ре­тін­де жұрт­шы­лық­қа ал­ғаш­ таныс­тырған­дар­дың бірі де Мұс­тафа бола­тын­. 1915 жылы “Қа­зақ­” газеті­нің­ бетін­де ол: “Біз­дің­ қа­зақ­ хал­қын шын­ кө­ңіл­мен жақ­сы кө­ріп­, қолы­нан­ кел­ген қаді­рін­ше қа­лам­ өнері­мен­ қыз­мет қыл­ған­дар­дың ал­дың­ғы қата­рын­да Әбубә­кір­ Диваев­тың­ аты а­тал­са ке­рек­” деп­ жазады.

Э­миг­рацияда жүр­ген уақы­тын­да да М. Шо­қай­дың­ қа­зақ­, өз­бек­ және бас­қа да ха­лық­тар­дың­ әдебиеті мен­ поэзиясы тақы­рып­тарына арагі­дік­ со­ғып­ кетуін, “Түр­кі­стан а­қын­дары­нан­”, “Түр­кі­стан әдебиеті ха­қын­да ф­ран­цуз­дар­ не айтады?” де­ген­ мақала­лар­ жазуын жас­тық ке­зін­дегі әуес­қой­лық­тың сарыны десек­ те болады.

А­лай­да қа­зақ­ а­қын­-жыраулары­ның­ бай­ мұрасы­нан­ су­сын­дап өсуі о­ның­ бола­шақ­та кө­сем­сөз шебері ре­тін­де көрінуіне игі ық­пал­ жа­сай­ды.

М. Шо­қай­дың­ ұлтжан­ды қай­рат­кер ре­тін­де қа­лып­тасуында пат­ша өкіметі­нің­ о­ры­стан өзге ха­лық­тар жө­нін­де жүр­гі­зіп­ о­тыр­ған о­тар­лық саясаты үл­кен­ рөл­ атқарады. О­ның­ Таш­кен­т гим­назия­сын­да, Пе­тер­бург у­ни­вер­сите­тін­де оқы­ған­ жыл­да­рын­да қа­зақ­тарды жері­нен­ айыру, о­рыс­ қо­ны­станушылары мен­ ка­зак­тар­дың­ жер­гі­лік­ті тұр­ғын­дар­ға қыр­ғи­дай­ тиюі, о­тар­лық ә­кім­ші­лік­тің бейбас­тақтығы асқына түседі. О­ның­ мы­сал­да­рын­ ауылда жүр­ген ке­зін­де де, Перо­вск­ пен­ Таш­кен­т аралы­ғын­да та­лай­ рет­ пой­ыз­бен­ өт­кен­ шақ­та­рын­да да өз көзі­мен­ көреді.

Ұлт­тық­ ксенофобияны уа­ғыз­дайт­ын­ әдебиет­тер­ді М. Шо­қай­ Таш­кент­те де, Санк­т-Пе­тер­бург­те де көп­тен ұшы­рас­тырады. Шови­низ­м идео­лог­тары­ның­ бірі про­фес­сор П. И. Ковалевс­кий­ ха­лық­тар­дың­ ө­зін­-өзі билеуі мен­ теңқұқықтылығы идеяларына қар­сы шы­ғып­, “шы­най­ы де­мок­рат­тар­ мұн­дай алдаусырату­мен­ ешқа­шан­ да келісе ал­май­ды” [29] деп­, ұлт­тық­ езуші­лік­ті негіздеуге тырысады. А. Будило­вич­ де­ген­ де осы тұр­ғы­лас­ пі­кір­ біл­діреді [30). Бар­лық­ мәселеге “О­рыс­ ұлты­ның­ мүд­делері” тұр­ғысы­нан­ ғана қараушы­лық­ қоғам­дық ахуалға ә­сер­ етеді. О­рыс­ е­мес­ ха­лық­тар­дың­ ұлт­тық­ сана-сезімі­нің­ оянуын о­лар­ империя­ның­ тұ­тас­тығына төн­ген қа­тер­ деп қа­был­дайды. Орыстарды “дер­жава­лық­ ұлт” ре­тін­де сана­ған­ шови­нис­тік идео­лог­тар қоғамдағы әлеу­мет­тік және саяси жан­жал­дар­ды эт­ностық­ және ді­ни қайшылықтар­мен­ бай­ла­ныс­тыруға тырысады. Жал­ғыз­ кон­серва­тор­лар ғана емес­, “ұлт­шыл­ де­мок­рат­тар­” да эт­ностық­ о­рыс­тар құқығы­ның­ ба­сым­дылығы жө­нін­дегі қағиданы қор­ғайды.

Бұ­л екі а­ғым­ да о­ры­стан өзге ха­лық­тар­дың­ “дер­жава­лық­ ұлт­пен­” тең­ құқық­ты болуы­ның­ бас­ты шар­ты о­лар­дың ассимиляциялануы деп­ е­сеп­тейді. Әсіресе, өз дамуында арт­та қал­ған “эт­ностық­ құры­лым­дар”, о­лар­дың і­шін­де қазақ­ хал­қы да о­рыс­тар тарапы­нан­ “жұты­лып­” кетуі ке­рек­ делінеді.

Мұн­дай жағ­дайда Ре­сей­дің­ ірі қалала­рын­да о­қып­ жат­қан тү­рік­-мұ­сыл­ман жас­тары­ның­ саяси ө­мір­ге тар­тылуы заң­ды­лық­ еді. Әуел бас­та “қайы­рым­ды­лық­ қор­лары”, “жер­лес­тік­тер” ре­тін­де ұйым­дас­ты­рыл­ған түр­лі қо­ғам­дар өздері­нің­ жар­ғы та­лап­тары­ның­ шең­берлері­нен­ шы­ғып­, ұлт­тық­ та­лап­-ті­лек­тер қоя бастайды.

Пе­тер­бург­те Мұс­тафа ал­ғаш­қы күн­дер­ден­-ақ тү­рік­-мұ­сыл­ман жастарының­ ортасына түседі. Мұн­да ХІХ­ ға­сыр­дың ая­ғын­да әзірбай­жан­ қайрат­кері Ә. Топ­чибашы мен­ қа­зақ­ қай­рат­кері С. Жан­тө­рин­нің көмегі­мен­ “Мұ­сыл­ман қайы­рым­ды­лық­ қоры” құрылады. Кейін, ХХ ға­сыр­дың ба­сын­да, түрік-мұ­сыл­ман қоз­ғалысы же­тек­шілері­нің­ қол­дауы­мен­ “Мұ­сыл­ман студенттері­нің­ орта­лық­ комитеті” ұйым­дас­тырылады. О­ның­ алдына мына­дай­ мін­дет­тер­ қой­ылады: 1) Ре­сей­ мұ­сыл­мандары ара­сын­да а­ғар­тушы­лық­ жұмыстар жүр­гізу; 2) Империядағы мұ­сыл­ман ха­лық­тарына тән­ ортақ­ мәселелер­ді шешуде мұ­сыл­ман студент­тер­дің бір­лесе әре­кет­ етуіне не­гіз­ қалау; 3) Үкі­мет­тік бас­тауыш және орта бі­лім­ бере­тін­ о­рын­дар­дың­ негі­зін­де мұсыл­ман мек­тепте­рін­ ашуға атсалысу; 4) Мұ­сыл­ман­дық­ жоғары оқу орындары­ның­ ашылуын қол­дау; 5) Мұ­сыл­ман ха­лық­тары ара­сын­да кітапханалар­ ашуға қолғабыс­ жасау; 6) Ке­дей­, тұр­мысы на­шар­ мұ­сыл­ман студент­теріне мо­раль­ды­қ және материал­дық­ кө­мек­ ұйым­дас­тыру [31].

1906 жылы Түр­кіс­тан­нан бар­ған жас­тар өз алдына жер­лес­тік­ қоға­мын­ ұйым­дас­тырады, М. Шо­қай­ Пе­тер­бург­те оқы­ған­ ке­зін­де о­ның­ бас­қарма төрағасы Н. П. Ар­хан­гельс­кий­ болады. 1911 жыл­дың 28 қаң­тары­нан М. Шо­қай­ Түр­кі­стан жер­лестігі қоғамы бас­қармасы­ның­ хат­тамаларына хат­шы мін­де­тін­ уа­қыт­ша атқарушы ре­тін­де қол­ қой­ып жүр­се, сол­ жыл­дың 2 қаза­нын­дағы басқарма отыры­сын­да Н. П. Ар­хан­гельс­кий­дің­, Н. Д. Граме­ниц­кий, А. Его­­ров­, В. А. Кис­лицына, Степа­нян­ц пен­ Там­бов­цев­тің­ қатысуы­мен­ рес­ми түр­де хатшысы бо­лып­ сай­ланады [32].

“Жер­лес­тік­тің­” өз кас­сасы, кі­тап­ханасы, “Кө­мек­ көр­сету қоғамы­мен­” қатар­ Түр­кі­стан­ның­ қалала­рын­да ө­кіл­дері болады. О­ның­ мүшелері Пе­тер­бург­те ғана е­мес­, Түр­кі­стан қалала­рын­да да кон­церт­тік кеш­тер ұйым­дас­тырады, бұ­л жағ­дай М. Шо­қай­ға ха­лық­тың кө­ңіл­-күйі­мен­, елдегі саяси жағ­дай­мен­ танысуына, тәжірибе жи­нақ­тауға мол­ мүм­кін­дік­ береді [33].

Сол­ ке­зең­де Пе­тер­бург­те 26 түр­кі­стан­ жас­тары (Т. Нар­бу­та­­бе­ков­, А. Н. Нови­ков­, Шкапс­кий­, Н. Д. Граме­ниц­кий, С. Боголю­бов­, Т. Кол­пакова, Т. Кири­чен­ко т. б.) о­қып­ жатады. О­лар­дың жал­пы жина­лыс­та­рын­да университет­ ә­кім­шілігі­мен­ қа­рым­-қаты­нас­ мәселелері, “Ең­бек­ бюросы­ның­” қыз­ме­тін­ қал­пына кел­тіру жұ­мыс­та­рын­ Сара­тов­, Воро­неж­, Вят­ка және бас­қа “жер­лес­тік­тердің­” қыз­меті­мен­ бай­ла­ныс­тыра жүр­гізу, Таш­кен­т, Вер­ный, Қо­қан­, Түр­кі­стан және бас­қа да қала­лар­ға экс­педиция­лар­ ұйым­дас­тыру жө­нін­де шешім­дер алынады.

1912 жылы 9 ма­мыр­дағы оты­рыс­та жаз­ғы кеш­тер өткізу ү­шін­ Мұс­тафаға Перовс­кіге ман­дат беріледі [34].

Сол­ жылы жаз­ғы ка­ни­кул­ ке­зін­де түр­лі ойын-сауық кеш­те­рін­ ұйымдастыру, ха­лық­пен кез­десу­лер­ ү­шін­ Са­мар­қанға, Скобе­лев­ке, Ашха­бад­, Ош, Піш­пек­, Шым­кен­т, Чард­жуй­, Мер­в, Бұ­хар­, Қазалы, Леп­сі, Жар­кен­т, Пржеваль­ск, Түр­кі­стан, Әнди­жан­, Қат­тақор­ған­ға баруға бар­лығы 27 ман­дат беріледі.

“Жер­лес­тік” Мәс­кеудегі және империя­ның­ бас­қа қалала­рын­дағы да студент­тік­ ұйым­дар­мен бай­ла­ныс­ жа­сап­ тұрады. Бұ­л жағ­дай М. Шо­қай­ға көп­ ке­шік­пей ел­дің­ саяси сах­насына шық­қалы тұр­ған сан­ алуан­ ұлт­тар­дың қайраткерлері­мен­ студент­тік­ жыл­дары-ақ таны­сып­-білісуін қам­тама­сыз­ етеді. Ел­дің­ түк­пір-түк­пі­рін­дегі оқиға­лар­, саяси пар­тия­лар­ мен­ а­ғым­дар жай­лы мағлұмат­тар алуына, ой өрісі­нің­ кеңеюіне әкеледі.

М. Шо­қай­ “Ре­сей­дегі тү­рік­ шәкірт­тері­нің­ өмірі­нен­” де­ген­ мақала­сын­да орыс­ мек­тептері мен­ студент­тері п­рог­рес­шіл­ еді, оқушылары жас­тайы­нан­ саясат­қа араласа­тын­, мен­ 1910–1914 жыл­дары Пе­тер­бург­те о­қып­ жүр­ге­нім­де уни­вер­си­тет­ полиция бақылауында бола­тын”­ [35] деп­ еске алады. “Түр­кі­стан студент­тері жер­лестігі­нің­” ман­даты М. Шо­қай­дың­ осы поли­цей­лік­ бақылау­дан­ сыты­лып­ шығуына, түр­лі саяси а­ғым­дар мен­ үйірме­лер­дің жиындарына қатысуына жол­ ашады.

Саяси жұ­мыс­тағы ал­ғаш­қы қа­дам­да­рын­да Мұс­тафа әлеу­мет­тік мәселелер­ге бүйрегі бұруы­нан­ біраз уа­қыт жұмысшы­лар­ қоз­ғалысы­ның­ ықпалына түс­кенге ұқ­сай­ды. 1912 жылы “Түр­кі­стан жер­лестігіне” кө­мек­ сұрауына бай­ла­ныс­ты тол­тыр­ған­ сауал­нама сұрағына Мұс­тафа “Таш­кен­т теміржолы­ның­ Сұлутөбе беке­тін­дегі “Түр­кі­стан қоғамы­ның­ мүшесі­мін­” [36] деп­ жауап береді. Мұс­тафа кейін Перовс­к депосы­ның­ те­мір­жолшылары­мен­ кезде­сіп­, о­лар­ды өз жағына тар­туға тырысады. А­лай­да о­ның­ социал-демократтар­ мен­ э­сер­лер­дің­ ықпа­лын­дағы жұ­мыс­шы­лар­ қоз­ғалысы­мен­ қарымқатынасы мар­дымды өрбіді деуге не­гіз­ жоқ­. О­лар­дың әлеу­мет­тік мәселені жал­пыұлт­тық­ мүд­де­ден­ жоғары қоюы Мұс­тафа көз­қарасына қай­шы келеді. Бір­те-бір­те М. Шо­қай­ ұлт­тық­ мәселе­ні қо­ғам­ дамуында ба­сым­ фак­тор деп та­ни бас­тайды. О­ның­ әуелі Ә. Бө­кей­ха­нов­пен бір­ге ка­дет­терге, кейін өзі эсер­лерге қа­рай­ ойысуы о­лар­ды пат­ша өкіметіне оппозиция­лық­ кү­ш ­деп танудан­ туында­ған­ се­кіл­ді.

Жал­пы ал­ған­да осы ке­зең­нен бас­тап М. Шо­қай­дың­ қо­ғам­дық ө­мір­ге, өз хал­қы­ның­ тағ­дыр-та­лай­ына көз­қарасының қалыптасуы тұ­тас­тық си­пат­ а­лып­, пат­ша өкіметі­нің­ жер­гі­лік­ті тұр­ғын­дар­ды өз атаме­кен­дері­нен­ ы­ғыс­тырып­, олардың о­рын­дарына сла­вян­ қо­ны­с­танушыла­рын­ әке­ліп­ орна­лас­тыру, ис­лам­ дінін­ қу­ғын­дау және бі­лім­ сала­сын­дағы саясатына қар­сы ба­ғыт­та дамиды.

ХІХ­ ға­сыр­дың аяғы – ХХ ға­сыр­дың бас­ ке­зін­де пат­ша өкіметі Қа­зақ­ даласын­ империя­ның­ ажыра­мас­ бөлігіне ай­нал­дыруға, ол ү­шін­ қа­зақ­тарды орыстандыруға, ді­нін­, ті­лін­ өз­гер­туге кү­ш салады. Осы­лай­ша о­лар­ды эт­ностық­ тұр­ғы­дан­ ыдыра­тып­ жіберуге тырысады, осы ба­ғыт­та саяси, әлеуметтікэкономика­лық­ тұрғыдағы бірқатар шара­лар­ды жүзеге асыруға кіріседі.

1868 жылы қа­был­дан­ған­ “Уа­қыт­ша ереже” ис­лам­ діні қыз­мет­кер­лері­нің­ құқ­ықта­рын­ шек­тейді. Сұрау­сыз­ ме­шіт­ салуға, жаңа мед­ресе­лер­ ашуға тыйым салынады. Кері­сін­ше, осы “Ережеге” Қазақ­стан­да х­ри­стиан ді­нін­ таратуға бағыт­тал­ған­ бір­неше тар­мақ­­ енгізіледі. Х­ри­стиан дініне кі­ріп­, қан­дай да бол­сын бір­ село­лық­ қо­ғам­ға жа­зыл­ған қа­зақ­тарға же­ңіл­дік беріледі. Х­рис­тиан дініне кір­гендігі ү­шін­ қа­зақ­ өлті­ріл­се, о­ның­ ісі әскери сот­та қаралады.

Есесіне ис­лам­ ді­нін­ ман­сұқтауға, оны келекелеуге кең­ жол­ ашылады. Томс­к және Се­мей­ е­пис­копы 1893 жыл­дың 7 қаң­та­рын­да жол­да­ған­ ха­тын­да дала гене­рал­-гу­бер­наторы­нан­ Қа­зақ­ дала­сын­да “жал­ған” дін­ ре­тін­де ис­лам­ға тыйым салуды және шы­най­ы дін­ – пра­вос­лавие­нің­ дамуына кең­ жол­ ашуды сұрай­ды. Ол гене­рал-гу­бер­на­тор­ға далада жаңа ме­шіт­тер мен­ мек­теп­тер­ салуға мүм­кін­дік­ бер­меу, ал жұ­мыс­ іс­теп­ тұр­ғанда­рын­ о­рыс­ мек­тептері және шіркеулер­мен ы­ғыс­ты­рып­ шығару [37] жө­нін­де ке­ңес­ береді.

Ис­лам­ға қар­сы кү­рес­ Е­діл­ бой­ы мен­ Қа­зақ­ даласын ғана е­мес­, Түркістанды да қам­тиды және ол мем­ле­кет­тік дең­гейде жүр­гізіледі. Түр­кі­стан гене­рал­-гу­бер­наторы Ду­хов­ский­дің­ 1899 жыл­ғы баяндама­сын­да: “Мемлекетте шешілуін күтіп тұрған шара­лар­дың ал­дың­ғы са­пын­да мұ­сыл­ман­дық­ мәселесі тұр­ғандығын және мем­ле­кет­тік орга­низм­ге жа­быс­қан осы індетке қар­сы кү­рес­ қажеттігін” [38] атап­ көр­сетеді. Тіп­ті ол “ис­лам­ – біз­дің діні­міз­ге ғана е­мес­, бүкіл­ мәде­ниеті­міз­ге жау ко­дек­с” [39] деп­ “тү­сін­діреді”.

Осы ба­ғыт­тағы ізде­ніс­тері­нен­ Духовс­кий­ мына­дай­ қоры­тын­ды­лар­ жа­сай­ды: а) ис­лам­ – қа­зір­гі күйінде оны ұстанушы­лар­дың біз­бен ассимиляцияға түсуіне бас­ты ке­дер­гі; ә) сопы­лық­ – о­рыс­тар ү­шін­ бар­лық жағы­нан­ ең зиянды, сон­дық­тан­ ол ба­рын­ша қа­таң­ бақылауға алынуы ке­рек­; б) мұ­сыл­ман­дық­тың дүниежүзі­лік­ бас­ты о­шақ­тары­ның­ бірі ре­тін­дегі бар­лығы бірдей­ сопы­лық­пен улан­ған бір­тұ­тас­ хал­қы бар­ Түр­кі­стан өлкесі е­рек­ше на­зар­ға алуды керек­ етеді [40].

Мұн­дай ұсы­ныс­тар жүйелі түр­де іске асыры­лып­, полиция департаменттерін­де бас­шы­лық­қа алынады. 1907 жылы Ре­сей­ Ішкі іс­тер­ министрлігі Сыр­дария, Са­мар­қан, Фер­ғана, Жетісу және За­кас­пий об­лыс­та­рын­ бақылауға ала­тын­ “Түр­кі­стан ау­дан­дық ох­ран­ка бө­лім­ше­сін­” құрады. Мұрағаттағы “Ис­лам­шыл­дық­ наси­хат­ туралы” (Өз­бекстан­ Рес­пуб­ликасы ОММ 708-қор­), “Ис­лам­шыл­дық­ қоз­ға­лыс­ және о­ның­ жақ­тас­тары туралы” (948, 949- істер­), “Түр­кі­стан өлке­сін­дегі ис­лам­шыл­дық­” (1038-іс), “Вер­ный қала­сын­дағы Гап­-и Маш­раб­” мұ­сыл­ман­дық­ мек­те­бін­ тер­геу туралы” (1116-іс), “Ис­лам­ мәселесі туралы. Сек­та­лар­, и­шан­дар, мұ­сыл­ман­дық­ қо­ғам­дар туралы” (1260-іс) де­ген­ материал­дар­ жоғарыда а­тал­ған құры­лым­ жұмысы­ның­ ау­қым­дылы­ғын­ танытады.

1893-істе бір­неше мұ­сыл­ман­дық­ ұйымның бағ­дарламалары мен­ жарғылары, 204-істе а­ғар­тушы­лық­ қо­ғам­дар­дың­ қыз­ме­тін­ бақылауға алу туралы құ­жат­тар сақ­тал­ған­.

Мол­да­лар­ мен­ ме­шіт­тер­дің­ санына бү­кіл­ Түр­кі­стан, Дала­лық­ өлке бойынша қадағалау жүр­гізіледі [41].

Ре­сей­ Ішкі іс­тер­ ми­нист­рлігі­нің­ өзге дін­дер де­пар­та­мен­ті­нің­ бас­тығы облыс­ гу­бер­нат­ор­ларына: “Үкі­мет­тің қыр­ғыз­дар­ (қа­зақ­тар. – К. Е.) ара­сын­да мұ­сыл­ман­шыл­дық­тың­ дамуын шек­теуге үнемі ұмты­лып­ келе жат­қанды­ғын­ ескере оты­рып­, о­лар­ ү­шін­ жаңа ме­шіт­тер салуды лай­ықты деп­ е­сеп­те­мей­мін­” [42] деп­ жазады.

Әсіресе, мұ­сыл­ман ха­лық­тар­дың­ өз құ­қық­та­рын­ қор­ғау ү­шін­ бас­та­рын­ бірік­тіруге әре­кет­тенуі о­тар­шыл­дар­ды ерекше дүр­ліктіреді. Мұн­дай қа­дам­ға жол­ бер­меу, мұ­сыл­ман­дар­ бір­лігі жө­нін­дегі идея­лар­ды дат­тау ү­шін­ Ре­сей­дің­ саяси, құ­қық­тық, идеология­лық­ ор­ган­дары қол­дан кел­ген­нің­ бә­рін­ іс­теп­ бағады. 1907 ж. “Мос­ко­в­с­кий ежене­дель­ни­к” жур­налында (№ 34, 1 қыркүйек) “Исламшыл­дық  – ха­лық­ қасі­рет­тері­нің­ қай­нар­ көзі: мұ­сыл­ман­дар­ ара­сын­дағы тол­қу­лар­ға бай­ла­ныс­ты” де­ген­ мақала жарияланады.

Империя бас­шыла­рын­, әсіресе, Ре­сей­ билеушіле­рін­ қо­лас­тындағы мұсылман ха­лық­тар­дың­ бір­ ө­ңір­де шо­ғыр­лануы, бір­ дін­ді уа­ғыз­дап, кей­бір­ диалектілері бол­маса, бір­ тіл­де сөй­леуі ү­рей­лен­діреді. 1909 жыл­дың 9 қыркүйегін­де Ми­нистр­лер­ кеңесі­нің­ төрағасы П. А. С­толы­пи­н Си­нод­тың оберпрокурорына: “Бір­неше мил­лион о­рыс­ мұ­сыл­мандары, кей­бі­рін­ есептемеген­де, бір­ тү­рік­ тайпасында, түр­лі диа­лек­тіле­рін­де бол­ған­мен­, бір­ тілде сөй­лейт­ін­ ха­лық­тарды бірік­тіреді. Біз­ он бес­ мил­лион мұ­сыл­ман халқының­ әлі де бол­са мүл­дем ұмытыла қой­ма­ған­ өз тарихи және мәде­ни дәстүрлері бар­лы­ғын­, ора­сан­ зор­ ай­мақ­ты ме­кен­деп о­тыр­ғанды­ғын­ ес­тен­ шығар­мауы­мыз­ ке­рек­” [43] деп­ жазады.

1910 жылы ішкі іс­тер­ ми­нис­трі гу­бер­на­тор­ларға ар­най­ы н­ұс­қау жол­дап, онда Ре­сей­ді ме­кен­дейт­ін­ “бұратана элемент­тер­” ара­сын­да өздері­нің­ ұлттықсаяси сана-се­зім­де­рін­ оятуға не­гіз­дел­ген­ және о­лар­ды бі­рік­тіруге бағыттал­ған­ е­рек­ше қоз­ға­лыс­ бай­қала бас­тады; мұн­дай қо­ғам­дар, үкі­мет­тің өз ше­шім­де­рін­де бір­неше рет­ а­тап­ көр­сетке­нін­дей, ел ты­ныш­тығы мен­ қауіпсіздігіне қа­тер­ деп танылуы ке­рек­” [44] деп­ ха­бар­лайды.

Дала өлкесі гене­рал­-гу­бер­наторы­ның­ 1911 жыл­ғы есе­бін­де қа­зақ­тар арасын­да ис­лам­шыл­дық­тың таралуы­ның­ бас­ты себебі “қыр­ғыз­дар­ даласына орыс­ шаруалары­ның­ жап­пай қо­ныс­ аударуы сал­дары­нан­ о­лар­дың көші-қон­ аумағы­ның­ тарылуында” делінеді. Ол қа­зақ­тар ара­сын­да та­был­ған Мір­жа­қып­ Дула­тов­тың “Оян, қа­зақ­” еңбегі­нен­ де ис­лам­шыл­дық­ идеяла­рын­ бай­қай­ды [45].

Пат­ша ә­кім­шілігі тың­шылары­ның­ Ақмола е­кін­ші бас­ мешіті­нің­ имамы Ха­кім­ Мах­мудов­тан “Оян, қа­зақ­” пен­ Фа­тих­ Кари­мов­тың “Мұх­тасари тарихи гумуми” (“Жал­пы та­рих­тың қыс­қа кур­сы”) шы­ғар­мала­рын­ тауып алуы да Ақмола облысы­ның­ гене­рал­-гу­бер­наторы­нан­ Дала өлкесі гене­рал­-губернаторына, о­дан­ ішкі іс­тер­ ми­нист­ріне жетеді.

1912 жылы 22 жел­тоқ­сан­да Мах­му­дов­ ис­лам­шыл­дық­ идея­сын­ та­рат­қаны ү­шін­ қыз­мет орны­нан­ алынады да, Кари­мов­тың оқулы­ғын­ мек­теп­тер­ мен­ медресе­лер­де пай­далануға тыйым салынады [46].

Ис­лам­ діні­мен­ мем­ле­кет­тік дең­гейде жүйелі түр­де кү­рес­ жүр­гізу мақсатын­да Ішкі іс­тер­ ми­нист­рлігі жаны­нан­ пра­вос­лавие діні, Ішкі іс­тер­ мен­ Ха­лық­ а­ғар­ту ми­нистр­лік­тері ө­кіл­дері­нен­ тұра­тын­ “Е­рек­ше ке­ңес­” деп­ аталатын­ ұйым құрылады. Ол түр­ік ха­лық­тары­ның­ мәде­ни-ді­ни бір­лігі О­рыс­ мем­лекетіне қауіпті бо­лып­ е­сеп­теледі де­ген­ қоры­тын­дыға келеді. “Ре­сей­дің­ он се­гіз­ мил­лион­нан­ ас­там­ бар­лық мұ­сыл­ман ха­лық­тары­ның­ бас­тары бі­рік­кен жағдайда мем­ле­кет­ке шы­ғы­стан және оң­түс­тік­тен­ іш­тей­ зор­ мәде­ни кү­рес­пен бәсекеге түсуге тура келеді; сон­дық­тан­ мем­ле­кет­ті­лік­ пен­ о­рыс­ эле­мен­ті­нің­ мәде­ни ба­сым­дылы­ғын­ қам­тама­сыз­ ету мақ­са­тын­да дер­ ке­зін­де тиісті шаралардың қа­был­дану қа­жет­тілігі еш­бір­ кү­мән­ ту­дыр­майды” [47] делінеді.

Сол­ар­дың қата­рын­да мұ­сыл­ман­дық­ қоз­ға­лыс­қа қар­сы кү­рес­ті жандармерия­ның­ кү­ш-жігері­мен­ ғана е­мес­, бас­қа да ә­діс­-тә­сіл­дерді қол­дану арқылы жүр­гізуге әре­кет­тер жасалады. Өкі­мет­ о­рын­дары мұ­сыл­ман­дық­ қозғалыс­қа і­ріт­кі салуға, өз іштері­нен­ полиция ор­ган­дарына ас­тыр­тын қыз­мет ете­тін­ ұйым­дар­ құруға кіріседі. Осы мақ­сат­пен­ 1914 жылы қаң­тарда и­мам­ Мұха­мед­ – Сафа Баязи­тов­тің же­тек­ші­лік­ етуі­мен­ және о­ның­ жақ­тасы, отставкадағы гене­рал­-май­ор А. Шей­х-Али мен­ сауда­гер­ Ф. Бай­ра­шев­тің атсалысуы­мен­ “Си­рат­-ул-Мус­та­ким­” [48] атты мұ­сыл­ман­дық­ пар­тия құрылады [49]. Осы­ған­ бай­ла­ныс­ты 1914 жыл­дың ақ­пан­ айы­ның­ аяқ ке­зін­де Мем­ле­кет­тік дума­ның­ Мұ­сыл­ман ф­рак­циясы “Тур­муш­” [50] газе­тін­де бұ­л ұйым­ның­ Ресейдің­ Ішкі іс­тер­ ми­нист­рлігі­нің­ қам­қорлығы­мен­ құ­рыл­ған саяси пар­тия және о­рыс­ қара­жүз­дік­ пар­тиялары­ның­ кө­шір­месі е­кен­ді­гін­, о­ның­ мұ­сыл­ман­дар­ мүд­де­сін­ әсте көз­де­мей­т­ін­ді­гін­ айт­ып­ үндеу жария­лай­ды [51]. Үндеуге Қ.-М. Тев­ке­лев­, И. А. Ахтя­мов­, М.-Ю. Жафа­ров­ және С. С. Жан­тө­рин­ (Дума мүшелері), о­лар­мен бір­ге Муса Бегиев, Гаяз Исхаки, Лут­фул­ла Исхаки (Петербург­тің­ имамы) және Гади Мақ­су­дов­ қол­ қояды. О­лар­ бұ­л пар­тия­ның­ бас­ты мақ­саты тү­рік­-мұ­сыл­ман ха­лық­тары­ның­ а­зат­тық қоз­ғалысына і­ріт­кі салу деп­ баға­лай­ды.

Пат­ша үкіметі­нің­ а­ран­датушы­лық­ саясатына қар­сы Пе­тер­бург­те о­қып­ жат­қан тү­рік­ жас­тары да, о­лар­дың і­шін­де М. Шо­қай­ да бас­па­сөз­ бет­те­рін­де өз пі­кір­ле­рін­ біл­діреді.

Үндеуде “соң­ғы уа­қыт­та ұлт­тық­ басы­лым­дарда Ф. Бай­ра­шев­ пен­ о­ның­ жақ­тастары­ның­ Пе­тер­бург­те “Ис­лам­ ве Мага­риф­” де­ген­ га­зет­ шыға­рай­ын деп­ жүр­гендігі туралы сы­быс­ таратылуда; соны­мен­ бір­ге Бай­ра­шев­ пен­ о­ның­ жолдастары­ның­ “Си­рат­-ул-Мус­та­қим­” жө­нін­дегі және өт­кен­ жаз­да көте­ріл­ген мүф­тият мәселесі төңіре­гін­дегі пі­кір­лері де олар­дың­ бет­-бей­не­сін­ ай­қын­дайды” делінеді.

Бұ­л басы­лым­ның ұлт аты­нан­ сөй­леп­, сол­ ұлт­ты құр­туға қыз­мет істейтініне және со­ның­ саяси құралы е­кен­дігіне көз­ жет­кізу ү­шін­ оқырмандарды газет­ті ұйым­дас­тырушы­лар­дың кім­ е­кен­ді­гін­ білуге шақырады.

“Си­рат­-ул-Мус­та­қим­нің” пат­ша ох­ран­касы­ның­ айт­уы­мен­ құ­рыл­ған “қара­жүз­дік пар­тия” е­кен­дігі Уфа губерния­лық­ жан­дармерия бас­қармасына да бел­гілі болады.

Осы­ған­ о­рай­ М. Шо­қай­, Ильяс Ал­кин­, Ис­лам­ Мақ­су­дов­, Ха­лил­ Е­никеев, София Акчурина және т. б. тү­рік­ жас­тары “ин­тел­ли­ген­ция мен­ прогресшілдерді” “мус­та­қим­шыл­дар­ға” га­зет­ шығаруға еш­қан­дай материал­дық­, мо­раль­дық кө­мек­ бер­меуге шақырады.

Үндеуге сол­ кез­де Пет­рог­радта о­қып­ жүр­ген 31 қа­зақ­, өз­бек­, та­тар­, башқұрт т. б. ха­лық­тар­дың­ жас­тары қол­ қояды [52].

Мұ­ның­ өзі Мұс­тафа­ның­ саяси қоз­ға­лыс­қа біржолата тар­тылуы­ның­, ұлттық­ мүд­де ү­шін­ ұйым­дас­қан кү­рес­кер­лер­ қатары­нан­ бе­рік­ о­рын­ ал­ған­ды­ғын­ көр­сетеді.

“Тү­рік­ ха­лық­тары тарапы­нан­ сөй­лейт­ін­” бүр­кен­шік­ ді­ни құры­лым­дар мен­ басы­лым­дарды ұйым­дас­тыру арқылы пат­ша өкіметі­нің­ ұлт-а­зат­тық қоз­ғалы­сын­ іш­тен­ бүл­діруге ба­ғыт­тал­ған­ а­ран­датушы­лық­ саясаты­ның­ қауіптілі­гін­ жете түсінуі, ол жө­нін­де өз пікі­рін а­шық­ біл­діруі – М. Шо­қай­дың­ саяси ұстанымының­ қа­лып­та­сып­, шың­дала түс­кендігі­нің­ айғағы еді. Үндеу ав­тор­лары сол­ кез­де мұ­сыл­ман қауы­мын­ тол­ғанды­рып­ жүр­ген мүф­тият мәселесі туралы да өз ұ­станым­да­рын­ жария етеді.

Мұ­сыл­ман ха­лық­тары­ның­ жаңа мүф­тият­тар­ құру жө­нін­дегі та­лап­тары да о­рын­дал­май­ды, себебі үкі­мет­ он­дай­ құры­лым­дарды ис­лам­ діні­нің­ жағ­дайын ны­ғайт­ады және мұ­сыл­ман­дар­дың бірігуіндегі ма­ңыз­ды құ­рал­ болады деп­ есептейді. Осы сеніміне сәй­кес­ ол бұ­л инс­ти­тут­тарды әлсіретуге ба­ғыт­тал­ған­ бірқатар шара­лар­ды жүзеге асырады. О­лар­дың і­шін­де 1868 жыл­ғы заң­ бойынша О­рын­бор мүф­тияты­ның­ қарамағы­нан­ дала­лық­ об­лыс­тар­дың­ қазақтары бөлініп­ тас­талады. Сон­дық­тан бар­лық мұ­сыл­ман съезде­рін­ің бәрінде мүф­тият мәселесіне на­зар­ аударылуы кез­дей­соқ­ е­мес­ еді. Қа­зақ­тар өзде­рін­ Орын­бор Дін­ жиналысына енгізу ү­шін­ күреседі.

Мұ­сыл­ман жұрт­шылығы­ның­ наразы­лық­тарына қар­ама­стан­ “Си­рат­-ул-Мус­та­қим­” пар­тиясы 1914 жыл­дың көк­темі­нен­ өз органы бо­лып­ табыла­тын­ “Ис­лам­ ве маға­риф­” (“Ис­лам­ және а­ғар­тушы­лық­”) атты га­зет­ шығара бас­тайды. “Си­рат­-ул-Мус­та­қим­нің” беде­лін­ арт­тыру мақ­са­тын­да би­лік­ о­рын­дары 1915 жылы М.-С. Баязи­тов­ті О­рын­бор мұ­сыл­мандары дін­ бас­қармасы­ның­ мүф­тиі етіп­ та­ғай­ын­дай­ды [53].

Пат­ша өкіметі­нің­ ис­лам­ды “құ­рық­тап” ұстауға ба­ғыт­тал­ған­ шаралары М. Шо­қай­ды­ түр­ік­шіл­дік идеяларына ойысуға и­тер­ме­лей­ді. Таш­кент­те гимназияда о­қып­ жүр­ге­нін­де ол қа­зақ­ балала­рын­ шо­қын­дыруға қар­сы шық­са, енді мұн­дай сая­сат­тың бас­қа да мұ­сыл­ман ха­лық­тары жө­нін­де жүр­гізі­ліп­ отырғанына, о­лар­дың мұң-мұқ­таждары­ның­ бір­ е­кен­дігіне көзі жетеді. Татарбаш­құрт жол­дастары­нан­ а­лып­ о­қып­ тұра­тын­ “Иль” газеті­нің­ 1914 жыл­ғы бір­ са­нын­да (№ 32) жария­лан­ған бас­ мақалада “Е­діл ­бойы та­тар­лары, қы­рым­ татар­лары, қыр­ғыз­дар­, түр­кі­стан­дық­тар­, сун­нит­тер­ мен­ шиит­тер­ – бұ­лар­дың бар­лығы да мүд­делері бір­ мұ­сыл­ман­дар­... сол­ се­беп­ті о­лар­ а­ғай­ын, туыс бо­лып­ қалады” деп­ көр­сетілуі Мұс­тафа­ның­ да ойы­нан­ шығады.

Таш­кент­те гене­рал­ Са­қып­ке­рей­ Е­никеев­тің­ үйіндегі қа­зақ­, өз­бек­, та­тар­ жас­тары­ның­ бір­лесе күресу жө­нін­дегі пі­кір­ алмасу­лар­ М. Шо­қай­дың­ Петербург көшеле­рін­дегі пат­ша үкіметі­нің­ кей­бір­ іс-шар­аларына қар­сы­лық­ ретін­де ұйым­дас­ты­рыл­ған шеру­лер­ге қатысуына ұласады. Тү­рік­ жас­тары­ның­ наразылы­ғын­ ту­дыр­ған сон­дай оқиға­лар­дың бірі 1912–1913 жыл­дардағы Балқан­ соғы­сын­дағы Ре­сей­дің­ саясаты бола­тын­. Ре­сей­дің­ а­шық­тан-а­шық­ Түркияға қар­сы ұстанымы жө­нін­де Мемле­кет­тік думада сөз­ болады. Дума­ның­ 1913 жыл­дың 22 науры­зын­дағы отыры­сын­да депу­тат­ М.-Ю. Жафа­ров­ “О­дақ­тас сла­вян­ әс­кер­лері­нің­ жеңісіне бай­ла­ныс­ты 1913 жыл­дың 17–18 науры­зын­да Санк­т-Пе­тер­бург көшеле­рін­де шеруге қа­тыс­қан а­дам­дарға полиция­ның­ зорлықзом­бы­лық­ көр­сетуі жө­нін­де” де­ген­ кү­н тәр­ті­бін­дегі мәселені тал­қылау бары­сын­да сөз­ а­лып­, Бал­қан­ соғы­сын­ үкі­мет­тің сла­вян­шыл­дық­тың ис­лам­мен күресі ре­тін­де уа­ғыз­дап о­тыр­ған саяса­тын­ қа­таң­ сын­ға алады. Бал­қан­ мемлекеттері­нің­ ис­лам­мен е­мес­, Түр­кия мем­лекеті­мен­ соғы­сып­ жат­қандығына бір­ дін­ мен­ е­кін­ші дін­нің қақ­тығысы ре­тін­де қарау­дың­ Ре­сей­дің­ мұ­сыл­ман және х­рис­тиан аза­мат­тары арасына ұлт­тық­ өш­пен­ді­лік­ті өршітуге ә­келе­тін­дігіне және о­ның­ қауіптілігіне на­зар­ аударады [54].

Санк­т-Пе­тер­бург­тегі шеруге қа­тыс­қан тү­рік­ жас­та­рын­ полиция­ның­ соққыға жығуы елде кон­серва­тив­тік пи­ғыл­дың кең­ таралуы­нан­ туын­дап­ о­тыр­ еді.

М. Шо­қай­дың­ үкі­мет­ саясатына наразы­лық­ біл­дір­ген­ бұ­л шеру­дің­ бел­ орта­сын­да бол­ғанына то­лық­ не­гіз­ бар­. Мем­ле­кет­ дең­гейінде жүр­гізі­ліп­ о­тыр­ған сла­вян­шыл­дық­ сая­сат­ тү­рік­-мұ­сыл­ман жас­тары тарапы­нан­ қарама-қар­сы реакция туды­рып­, Түр­кияға кө­мек­ беру қоз­ғалысы ө­ріс­ ала бас­тайды. Пат­ша үкіметі тү­рік­ ха­лық­тары ин­тел­ли­ген­циясы ара­сын­да Түр­кия­мен­ ынты­мақ­тасу қоз­ғалысына жол­ бер­меуге тыры­сып­, о­лар­ тү­гел­ бақылауға алынады. Осы­ған­ қара­ма­стан Бал­қан­ соғысы­ның­ ауыр ке­зең­де­рін­де, со­ғы­с­тан кейін де Кав­каз­, Қы­рым­, Е­діл­ бойы, О­рал­ және Түр­кі­стан­ның­ түр­кі ха­лық­тары­ның­ ө­кіл­дері Констан­тино­поль­ге материал­дық­, гума­ни­тар­лық, мо­раль­ды­қ кө­мек­ көр­сетуге ұмтылады. О­лар­дың ара­сын­да М. Шо­қай­ да болады. Бір­ рет­ ол түр­кі­стан­дық досы Са­дық­ Өтеге­нов­пен бір­ге Түр­кия елшілігіне кө­мек­ ре­тін­де өздері жинастыр­ған­ ша­ғын­ қар­жы әке­ліп­ те береді [55].

М. Шо­қай­мен­ бір­ге қар­сы­лық­ нау­қан­дарына М. Дүйсен­баев, Т. Нарбутабе­ков­ т. б. қа­зақ­, өз­бек­ жас­тары қатысады.

Сту­ден­т ке­зін­дегі кө­ңіл­ ауаны жө­нін­де Мұс­тафа бы­лай­ деп­ еске алады: “1910–1914 жыл­дары Пе­тер­бург у­ни­вер­сите­тін­де о­қып­ жүр­ген бола­тын­мын. Біз­, студент­тер­, саяси бой­ көтеру­лер­ге шыға­тын­быз. Үкі­мет­ке қар­сы ше­шім­дер қа­был­дап, көше­лер­де демон­с­трация­лар­ жа­сайт­ын­быз. Бал­қан­ соғысы Петербург­те студент­тер­ қоз­ғалы­сын­ қыз­дыра түс­ті. Ол кез­де Ре­сей­ бейт­а­рап­ бола­тын­. Алай­да ол бейт­а­рап­тығына қара­ма­стан Түр­кияға қар­сы тұ­рып­, Бал­қан­ сла­вян­дарына а­шық­тан-а­шық­ жәр­дем бере­тін­. Пе­тер­бург көшеле­рін­де “Аясофия үстіне к­рес­т” қоюды та­лап­ ет­кен­ ереуіл­дер­ ө­тіп­ жат­қан. Міне, осылар­дың бәрі біз­ді, студент­тер­ді, қат­ты тол­қытты. Ә­зір­бай­жан­, та­тар­ және түр­кі­стан­дық студент­тер­ о­рыс­тар­дан­ бөлі­ніп­, өзі­міз­ше әре­кет­ жаса­мақ­ бол­дық. Ол кез­де қыз­мет ба­бын­да Пе­тер­бург­те тұ­рып­ жат­қан түр­кі­стан­дық адво­кат­ Серәлі Ла­пин­нің келісі­мін­ а­лып­, сол­ кісі­нің­ үйінде бас­ қо­сып­ тұра­тын­ бол­дық” [56]. Ондағы жиын­дар­ға та­тар­лар­дан­ Нә­жіп­ Құр­бан­ғали, Сұл­тан­бек Мамали, Ильяс Ал­кин­, әзірбай­жан­дар Миря­куб­ Мех­тиев, Шей­х-Ис­лам­ Зада, тү­рік­мен Қақа­жан­ Бер­диев және т. б. қатысады. О­сын­дай пі­кір­ алысу­лар­дың бі­рін­де 1912 жылы Пе­тер­бург­тегі әскери-медицина­лық­ академияда о­қып­ жат­қан Санжар­ Ас­фен­дия­ров­ та бол­ды [57].

Сол­ ке­зең­де М. Шо­қай­, С. Ас­фен­дия­ров­ се­кіл­ді жас­тар­дың­ тү­рік­шіл­дік­ ба­ғыт­та қа­лып­та­сып­ бара жат­қа­нын­ сез­ген Ә. Бө­кей­ха­нов­ бір­ мәжі­ліс­те “өздерің­ді еш­қан­дай са­ғым­мен алда­маң­дар” [58] деп­ ес­кер­ту жа­сай­ды. Ол ұлттық­ қоз­ға­лыс­ ал­дын­да, ең алды­мен­, саяси бо­стан­дық­тан да бұ­рын­, ді­н және жер­ мәселесі тұр­ғанды­ғын­ [59] баса көр­сетеді.

Жоғарыда а­тал­ған “Е­рек­ше ке­ңес­” о­тар­лық сая­сат­ты та­быс­ты жүр­гізуде мем­ле­кет­ қарама­ғын­дағы қуатты фак­тор­дың­ бірі – оқу ісі де­ген­ тұжы­рым­ға келеді. “Ке­ңес­” мүшелері тү­рік­-мұ­сыл­ман ха­лық­тары ара­сын­да оқу ісі­нің­ дұ­рыс­ жол­ға қой­ылуын, әсіресе, жаңа ә­діс­ке не­гіз­дел­ген­ мек­тебе­лер­ мен­ мед­ресе­лер­ жүйесі­нің­ құрылуын “ді­ни-ұлт­тық­ автономияға” ұмтылу­дың­ ал­ғаш­қы қадамы деп­ е­сеп­тейді [60].

Мұн­дай жағ­дайды бол­дырмау мақ­са­тын­да “Ке­ңес­” о­тыз­ төр­т пунк­ттен­ тұра­тын­ қарар қа­был­дайды [61]. О­лар­дың і­шін­де мына мәселе­лер­ге на­зар­ аударады:

– мұ­сыл­ман­дық­ тарихы­ның­ о­чер­кі мен­ ис­лам­ ді­нін­ әшкере­лейт­ін­ катехизис­ті дай­ын­дап­, бас­па­дан­ шығару;

– мек­тебе мен­ мед­ресе­лерде жал­пы пән­дерді, о­ның­ і­шін­де о­рыс­ ті­лін­ оқытуға тыйым салу, са­бақ­ бағ­дарлама­сын­ ис­лам­ ілі­мін­ оқыту­мен­ ғана шек­теу;

– кон­фессия­лық­ мұ­сыл­ман мек­тепте­рін­де шыға­рыл­ған немесе қол­жазба күйіндегі оқу­лық­тарды пай­далануға тый­ым салу.

Соны­мен­ бір­ге об­лыс­ гу­бер­на­тор­ларына мұ­сыл­ман бұқарасы­ның­ арасында о­рыс­ мем­ле­кет­тілігі­нің­ бас­тауларына қар­сы ба­ғыт­тал­ған­ идея­лар­мен күресу ү­шін­ бар­лық шара­лар­ды қол­дану құқығы беріледі [62].

Ол жер­де құ­жат­ ав­тор­лары­ның­ “о­рыс­ мем­ле­кет­тілігі” деп­ о­тыр­ғаны Ре­сей­ империясы­ сан­ алуан ха­лық­тар мен­ ел­дер­ді жау­лап­ алуы арқылы құ­рыл­ған деген пі­кір­ді айт­қызбау бол­са ке­рек­.

М. Шо­қай­ тү­рік­-мұ­сыл­ман жас­тары­ның­ бі­лім­ алу­дан­ шет­қақ­пайлануын әдебиет­тер­ден о­қып­ таны­сып­ қана қой­май­ды, оны өзі­нің­ ө­мір­ тәжірибесі­нен­ де кө­ріп­ біледі. О­лар­ жаңа­дан­ мек­теп, училище­лер­ ұйым­дас­тыруда, Ре­сей­ оқу орын­дарына түсуде түр­лі ке­дер­гі­лер­ге ұшы­рай­ды. Қа­зақ­тар­дың­ өз қаражатына оқуы­ның­ өзі қия­мет­-қай­ымға айналады.

М. Шо­қай­ XІX ға­сыр­дың 70-жыл­дары­нан­ бас­тап Перовс­к уезі қазақтарының­ балала­рын­ оқыту ү­шін­ оқу ісі қорына бір­неше мың­ сом­ ақша жинаған және сол­ қар­жы­ның­ тағ­дыры жө­нін­дегі мәселе­мен­ тіке­лей­ айналысады [63].

Мұс­тафа гим­назия­ның­ жоғары сыны­бын­да о­қып­ жүр­ге­нін­де осы қор­дың тағ­ды­рын­ білуге тыры­сып­, о­ның­ түр­кі­стан­дық­тар­ ү­шін­ жұм­салға­н-жұмсалмағанын­ а­нық­тағысы келеді. Гим­назияны бі­тір­ген­нен­ кейін ғана Мұстафа ол ақшаға о­рыс­ свя­щен­никтері мен­ дво­рян­дары­ның­ балалары оқығанын­ біледі. Таш­кен­т гим­назиясы­ның жа­нын­да пан­сион ашу­дың­ орнына, қара­жат­ Мәс­кеу­дің­ А­лек­санд­р әйел­дер­ инс­титуты­ның­, Пе­тер­бург­тегі Па­вел­ әйел­дер­ инс­титуты­ның­, Гатчина же­тім­дер инс­титуты­ның­ мұқ­тажына жұмсалады.

1911 жылы әйел­дер­ инс­титутына сұ­ран­ған түр­кі­стан­дық екі қыз­ға рұқ­сат бе­ріл­мейді, себебі о­лар­дың он­дай­ оқу орнына түсуге құқы бол­май шығады.

1913 жылы Сыр­дария облысы­ның­ тұр­ғындары 200 мың­ сом­ қар­жы жинап­, о­рыс­ гим­назия­сын­ ұйым­дас­тыруды, ондағы о­рын­ның ең ке­мін­де жартысын­ жер­гі­лік­ті ха­лық­тың балаларына бөлуді сұ­рай­ды. Осы бас­таманы аяғына дейін жет­кізу жұмысы Пе­тер­бург у­ни­вер­сите­тін­де о­қып­ жүр­ген М. Шоқай­ға тап­сырылады. Бұ­л жол­ғы өті­ніш­ті де Түр­кі­стан гене­рал­-губернаторы А. Сам­со­нов­ қана­ғат­тан­дыр­майды. Ол бұ­л қар­жыны Ром­анов­тар әулеті­нің­ үш жү­з жыл­дығына ескерт­кіш­ орнатуға жұм­сау жө­нін­де “ке­ңес­” береді. Ақы­рын­да Мем­ле­кет­тік банк­ке са­лын­ған қар­жы “со­ғыс­ мақ­сатына” жұм­са­лып­ жоқ­ бо­лып­ кетеді.

Түр­кі­стандағы ең көне деп­ е­сеп­теле­тін­ Таш­кен­т гим­назиясы­ның­ ө­зін­ жергі­лік­ті ха­лық­тан бес­ бала ғана біті­ріп­ шығады [64]. О­лар­дың бірі М. Шо­қай­ еді.

Осы­лай­ша Ре­сей­дің­ мұ­сыл­ман ха­лық­тары жө­нін­дегі “куль­турт­ре­гер­лік” рөлі­нің­ мән­-мағынасы Мұс­тафаға гим­назияда о­қып­ жүр­ген жыл­дары-ақ түсінік­ті болады.

М. Шо­қай­ 1932 жыл­дың 26 науры­зын­да Па­риж­дегі “Проме­тей­” ұйымының­ жиналы­сын­да жаса­ған­ баяндама­сын­да пат­ша өкіметі­нің­ қа­зақ­, өз­бек­ т. б. ха­лық­тар жө­нін­дегі жүр­гі­зген оқу-бі­лім­ саясатына баға бере ке­ліп­, бы­лай­ деп­ еске алады: “Жаңа мек­теп ашу жө­нін­дегі біз­дің әре­кет­тері­міз­ үкі­мет­ тарапы­нан­ үл­кен­ қар­сы­лық­қа ұшы­рап­ о­тыр­ды. А­раб­ ә­ріп­тері­мен­ жа­зыл­ған география­лық­ кар­та­лар­ революция­лық­ үндеу­лер­ге жат­қы­зыл­ды, ал жаңа ә­діс­ бой­ынша оқытуға ұм­тыл­ған мұға­лім­дер тү­рік­шіл­дік­ пен­ ис­лам­шы­л­дық­тың тың­шысы деп е­сеп­телді” [65].

М. Шо­қай­ Түр­кі­стандағы Ақ­пан­ революциясы қар­са­ңын­дағы жағ­дайды тал­дай ке­ліп­, онда жер­гі­лік­ті ха­лық­тың мұ­ң-мұқ­тажына жауап бе­рер­лік мектептер­дің бол­ма­ған­ды­ғын­ айт­ады. Түр­кі­стан мен­ Дала­лық­ өлкеде оқу бағдарламалары өте тө­мен,­ екі жүз­ге тар­та о­рыс­-тү­зем­ мек­тептері о­рыс­ әкімшілік­ о­рын­дары ү­шін­ ау­дар­­машы­лар­ мен­ хат­шы­лық­ қыз­мет­кер­лерді ғана дай­ын­дай­ды. О­лар­ды бі­тір­ген­дер­ден бірен-сарандары ғана мұға­лім­дік­ семинарияларға, жоғары оқу о­рын­дарына түсуге мүм­кін­дік­ ала­тын­. М. Шоқайдың­ мәліметі бой­ынша, революция қар­са­ңын­да жоғары бі­лім­ді түркістан­дық­тар­ саны жиырма шақ­ты ғана бола­тын­ [66].

Бі­лім­ саласы жер­гі­лік­ті ха­лық­ты қа­раң­ғы­лық­та ұс­тап­, о­ның­ діні мен­ ті­лін­, бү­кіл­ эт­ностық­ бол­мы­сын­ өз­гер­туге ты­рыс­қан пат­ша өкіметі мен­ қо­ғам­дық прог­реске ұм­тыл­ған ұлт зиялылары ара­сын­дағы шай­қас­ алаңына айналады. Ресей­дің­ Ха­лық­ а­ғар­ту ми­нист­р­лігі­нің­ бір­ нұс­қауында “бұратана­ ұлт­тар­ға” білім­ беру­дің­ мақ­саты о­лар­ды о­ры­стандыру бо­лып­ табылады” [67] делінеді. Түр­кі­станда бұ­л ба­ғыт­қа ө­мір­ле­рін­ сар­п ет­кен­ Н. П. Ост­роу­мов­, Қазақ­стан­да А. Е. А­лек­то­ров­ о­ры­стандыру саясатына бас­ты ке­дер­гі болып отырған жергілікті ха­лық­тың өз бе­тін­ше бі­лім­ алуына жол­ бер­меу деп­ е­сеп­тейді [68]. Олар­ ескі мек­теп­тер­ ө­мір­ сүру қабілеті­ тө­мен, сол­ се­беп­ті о­лар өзі­нен­-өзі құриды ­деген [69] сая­сат­ты ұстанады. Мұ­нан­ о­тар­лық ә­кім­ші­лік мұ­сыл­ман мектептері мен­ мед­реселері жө­нін­де бейт­а­рап­ сая­сат­ ұ­станды деген ұ­ғым­ тумаса ке­рек­. Қайт­а гене­рал­-гу­бер­на­тор­дан уезд бас­тығына дейінгі мекеме­лер­ қыз­ме­тін­де мұ­сыл­ман мек­тепте­рін­ қудалаушы­лық­ кең­ о­рын­ алады.

М. Шо­қай­ та­тар­, өз­бек­, қа­зақ­, о­рыс­ тіл­де­рін­дегі басы­лым­дарды көп­ оқиды, үнемі ізде­ніс­тер үс­тін­де болады. Қо­ғам­дық п­рог­реске ұмтылу­дың­ халық­тың өз дамуындағы жағ­дайын, әлеу­мет­тік-экономика­лық­, саяси және мәде­ни ахуа­лын­ жете түсіну­ден­ бас­талаты­нын­ жақ­сы біледі. Жер­-жер­де жа­рық­ көре бас­та­ған­ мұ­сыл­ман бас­пасөз­дері­нен­ Ре­сей­дің­ бо­дан­ ха­лық­тары­ның­ жағдайы, о­лар­дың ұлт­тық­ сезімі­нің­ оянуы жө­нін­де мағ­лұ­мат­тар алады. Кез келген көзі а­шық­ мұ­сыл­ман жас­тары о­қып­ тұра­тын­ “Тәр­жі­ман­”, “Вак­т” газеттері­нің­ бет­те­рін­де Ре­сей­ үс­тем­дігі­нің­ ауыр зар­даптары тал­қыла­нып­, халық­тың алға ұмтылуы­ның­ жол­дары із­дес­ті­ріл­ген материал­дар­мен танысады.

Ұлт-а­зат­тық қоз­ғалысы­ның­ көш­басшылары ха­лық­ты қаруға е­мес­, руха­ни күшіне сенуге, бей­біт­ қар­сы­лық­қа шақырады. Қо­ғам­дық дамуда арт­та қалғандығы­ның­ се­беп­те­рін­ тү­сін­діре оты­рып­, мұ­сыл­ман жұрт­шылы­ғын­ оятуға тырысады.

“Тәр­жі­ман­” газеті мұ­сыл­ман ха­лық­тары­ның­ жағ­дайына си­пат­тама бере ке­ліп­, о­лар­дың бас­қа ха­лық­тар­мен­ тең­ құқылы е­мес­ті­гін­ бы­лай­ша тү­сін­діреді: “Мұ­сыл­ман­дар­ бір­неше ға­сыр­лар бой­ы Ре­сей­ бо­дан­дары бо­лып­ е­сеп­теледі және бір­неше ға­сыр­лар бой­ы осы жағ­дайына кө­ніп­ келеді. А­лай­да о­лар­дың көн­бістігі бас­қа­лар­мен тең­ құқылы болуына не­гіз­ бола алмады. Сөз­ жоқ­, бү­кіл­ Ре­сей­ реакция қысы­мын­ се­зіп­ о­тыр­, бі­рақ­ мұ­сыл­ман­дар­ ү­шін­ бірқатар тыйым салу­лар­ мен­ шек­теу­лер­ге не­гіз­дел­ген­ қыс­палаушы­лық­ бар­. Мұ­сыл­ман­дар­дың (қыр­ғыз­дар­, түрі­к­мен­дер) Мем­ле­кет­тік думада ө­кіл­дігі жой­ыл­ған­, жер­гі­лік­ті бас­қаруда да құқығы шек­тел­ген­. Көп­те­ген­ та­тар­ селе­ниелері­нің­ өзде­рін­де, өз қаражатына ер бала­лар­ мен­ қыз­дар училищеле­рін­ ашу жө­нін­дегі ті­лек­тері қанағат­танды­рыл­майды. Біз­дің­ мек­тептері­міз­ге, мұ­сыл­ман­дар­ бас­қа­лар­ се­кіл­ді жал­пымем­ле­кет­тік және земс­тво­лық­ са­лық­тарды тө­леп­ тұр­са да, еш­қан­дай көмек­ бе­ріл­мейді” [70].

М. Шо­қай­ гим­назияда о­қып­ жүр­ген жыл­да­рын­да Таш­кент­те “Вак­т” газе­ті ­де тара­лып­ тұрады. О­ның­ бет­те­рін­де Ре­сей­дің­ ішкі саясаты және о­ның­ мұсылман­дар­дың қо­ғам­дық өміріне әсері туралы айт­ы­лып­, “біз­ сіз­дерді қарсылық­ көр­сетуге және бірігуге шақыра­мыз­. Өз мүд­делері­ңіз­ді қор­ғай біліңіз­дер, о­лай­ бол­ма­ған­ жағ­дайда, мұ­сыл­ман­дар­ – бола­шақ­та­рың­ бұ­лың­ғыр” [71] де­ген­ үндеу жарияланады.

Мұ­сыл­ман ха­лық­тары­ның­ XX ға­сыр­дың басы­нан­ жа­рық­ көр­ген қай­ туынды­сын­ ал­сақ­ та, о­лар­да о­тар­шыл­дық­тың ауыр зар­даптары сөз­ болады. 1912 жылы Мәшһүр Жү­сіп­ Көпеев­ Қа­зан­нан шық­қан “Хал­-ахуал” де­ген­ еңбе­гін­де “о­рыс­тарда ә­діл­дік жоқ­. О­тар­шы­лар­ біз­дің мал­-мүл­кі­міз­ді тонауда” [72] деп­ жазады.

М. Шо­қай­ М. Жұмабаев­тың­ 1912 жылы Қа­зан­ қала­сын­да жа­рық­ көр­ген, жат­-жұрт­шы­лық­тың үс­тем­дігіне қар­сы­лық­ сарыны ай­қын­ бай­қала­тын­ “Шолпан­” атты ө­лең­дер жинағы­мен­ де танысады. Сөз­ жоқ­, М. Шо­қай­дың­ рухани әле­мін­де “Қа­зақ­” газеті­нің­ ала­тын­ орны е­рек­ше. Бұ­л жағ­дай о­ның­ ең алды­мен­ “А­лаш­” қоз­ғалысы арна­сын­да қа­лып­тасуына Ә. Бө­кей­ха­нов­ пен­ А. Байт­ұрсыновтың­ тіке­лей­ ықпалы болуына бай­ла­ныс­ты еді. О­ған­ қоса “Қазақ­” газе­тін­де Ах­мет­ Байтұрсынұлы мен­ Мір­жа­қып­ Дула­тов­тың се­нім­ді көмек­шісі ре­тін­де Мұс­тафа­ның­ ауыл­дас­, қа­тар­лас өс­кен­ жол­дасы Мұс­тафа Ора­зай­ұлы жұ­мыс­ іс­тейт­ін­. Бұ­лар­ бола­шақ­ “А­лаш­” же­тек­шілері­мен­ бір­ уа­қыт­та Таш­кент­те ұшыра­сып­, танысады. Кейін М. Шо­қай­ға Пе­тер­бург­те Ә. Бөкейханов­ тіке­лей­ руха­ни бас­шы­лық­ жа­сай­ды. Осы­лай­ша “Қа­зақ­” газеті бірін­ші күні­нен­ М. Шо­қай­дың­ руха­ни бұ­лақ­тары­ның­ біріне айналады. 1913 жылы Мұс­тафа Пе­тер­бург­те о­қып­ жүр­ген Сейіл­бек­ Жа­най­да­ров­, Ба­тыр­ша Есім­ха­нов­, Ыды­рыс­ Оразалы баласы, Ғұс­ман­ Жұма­бек­ баласы, Мұ­қыш­ Поштаев де­ген­ қа­зақ­ жас­тары­мен­ бір­ге “Қа­зақ­” газеті­нің­ шығуына ризашылықта­рын­ біл­ді­ріп­, о­ның­ ха­лық­ тарапы­нан­ қол­дау табуы ке­рек­тігі туралы ре­дак­цияға хат­ жол­дайды. О­лар­ қа­зақ­ хал­қы­ның­ әлеу­мет­тік, шаруашылық­, мәде­ни дамуы, бас­па­сөз­дің қо­ғам­дағы орны, қа­зақ­ тілі­нің­ тазалығы мәселелері төңіре­гін­де то­лым­ды ой-пі­кір­лер көтереді. Қа­зақ­ халқының­ бо­дан­дық жағ­дайы­ның­ бір­ себебі ө­нер­, бі­лім­нен кен­же­леп­ қалуында, о­лар­ өзге­лер­дің “айт­қа­нын­ іс­теп­, айдағанына жүретұ­ғын­ қара та­бан­ құлы сияқты бо­лып­ жү­р” [73] дей­ді. Хат­қа қол­ қой­ған­ студент­тер­дің і­шін­де Мұс­тафа Пе­тер­бург у­ни­вер­ситеті­нің­ заң­ фа­куль­те­тін­де Сейіл­бек­ Жа­най­да­ров­, Ба­тыр­ша Е­сім­ха­нов­пен (Исмаха­нов­) бір­ге оқиды. Сейіл­бек­ “А­лаш­” қоз­ғалысына қатысады. Ба­тыр­ша – О­рал­дан, ол да у­ни­вер­си­тет­ті 1913 жылы бітіреді.

Бү­кіл­ қа­зақ­ жұр­ты “Қа­зақ­ты” о­қып­, оңы мен­ со­лын­ та­ни бас­тады, жаңа қа­лып­та­сып­ келе жат­қан ұлт зиялылары осы басы­лым­ды о­қып­ е­сей­ді [74]. Олар­дың қата­рын­да М. Шо­қай­ да бол­ды, кейін ержете, е­сейе келе “А­лаш­” туын Ах­мет­, Әли­хан­, Мір­жа­қып­ ағалары­мен­ бір­ге көтеріседі.

М. Шо­қай­ бұ­л үш а­лып­ты ө­мір­ бақи ұ­лық­тап өтті. А. Б­ай­т­ұрсы­нов­тың “Қы­рық­ мысалы” (1909 ж.), Ә. Бө­кей­ха­нов­тың “Қыр­ғыз­дары” (1910 ж.), М. Дула­тов­тың “Оян, қа­зақ­” (1909 ж.) ө­лең­дер жинағы о­ның­ руха­ни азығы болды де­сек­ ар­тық­ айт­қан­дық­ бол­мас. Шет­те жүр­ген­нің­ ө­зін­де Мұс­тафа Ә. Бөкей­ха­нов­ пен­ А. Б­айт­ұрсы­нов­ты ұлт зиялылары­ның­ көш­басшылары, ұлы тұл­ғалары деп сан­ рет­ еске алады. 1931 жылы жаз­ған “Ұлт­тық­ зиялы жө­нін­де” де­ген­ мақала­сын­да: “Ә. Бө­кей­ха­нов­ пен­ А. Б­айт­ұрсы­нов­ атамекені­міз­ді қара түнек­тен а­лып­ шығу жо­лын­да ұмы­тыл­мас қыз­мет­тер­ көр­сет­кен­ қай­рат­кер­лер­” дей­ді. “О­рыс­ мис­сио­нер­лігі” де­ген­ мақала­сын­да “Әли­хан өз хал­қына жат­ пролетариат дик­татурасы­ның­ ке­сір­-кесапа­тын­ жұрт­тың­ бәрі­нен­ бұ­рын­ сез­ді, түсін­ді. Ол Ста­лин­ге өзі­нің­ осы көр­ген-біл­ген­де­рін­ ба­тыл­ да а­шық­ айт­қан болатын­” [75] деп­, өзі­нің­ де осы көз­қа­рас­та е­кен­ді­гін­ біл­діреді.

Бұ­л а­дам­дар­дан­ ал­ған­ а­қыл­-кеңе­сін­ Мұс­тафа ешқа­шан­ ұ­мыт­пайды. “Әлихан­ біз­ге ылғи да: “ұлт­қа пай­далы а­дам­ бол­ғы­ңыз­ кел­се, бәрі­нен­ бұ­рын­ орыс­ өкіметі­нің­ атамекені­міз­дегі жер­ саяса­тын­ зерт­теп­ үйренуге тырысы­ңыз­. Сіз­ге не істеу ке­рек­ті­гін­ осы сая­сат­тың өзі-ақ көр­се­тіп­ береді” деуші еді. Біз,­ ол кез­де о­рыс­ мек­тепте­рін­де о­қып­ жүр­ген жәдит­ші жас­тар – бәрі­міз­ де бү­кіл­ ынты-шын­ты­мыз­бен “мұға­жыр­ мәселе­сін­” үйренуге кі­ріс­тік. Мем­лекеті­міз­ үшін­ ең ү­рей­лі қа­тер­дің қай­дан­ келе жат­қа­нын­ сон­да ғана тү­сін­дік” [76] дей­ді М. Шо­қай­.

Мұс­тафа­ның­ сөзіне қара­ған­да, ол Ә. Бө­кей­ха­нов­пен Санк­т-Пе­тер­бург­те емес­, о­дан­ ерте­рек­, Таш­кен­т гим­назия­сын­да о­қып­ жүр­ген ша­ғын­да кез­деседі. Қо­ныс­ аудару саяса­тын­ іжда­ғат­ты зерт­тей­ ке­ліп­, ол “мұға­жыр­” мәселесі­ – азаттық қоз­ғалысы­ның­ бас­ты маз­мұны, бұ­л сая­сат­тың түп­кі мақ­саты қа­зақ­ же­рін­ эт­ностық­ о­тар­лау деген тұжы­рым­ға келеді.

Бү­кіл­ тү­рік­-мұ­сыл­ман ин­тел­ли­ген­циясы­ның­ наразылы­ғын­ ту­ғыз­ған пат­ша үкіметі­нің­ қо­ныс­ аудару саясаты жө­нін­дегі мақала­лар­ “Тәр­жі­ман­”, “Қа­зақ­” және тағы бас­қа басы­лым­дарда көтеріледі. О­лар­да ха­лық­тың ө­мір­ сүру кеңістігі­нен­ айырылуы­ның­ аса қауіптілігіне на­зар­ аударылады. “Вакт” қа­зақ­ көш­пелілері­нің­ жағ­дайын сөз­ е­тіп­, жеті мил­лион ха­лық­ қо­ныс­ аудару саясатының­ құр­бандығына айна­лып­ о­тыр­ деп­ жазады 1914 жылы.

М. Шо­қай­ ес біле бас­та­ған­ кезі­нен­-ақ қо­ныс­ аударушы­лық­тың сорақы­лық­ мы­сал­дары­мен­ та­лай­ рет­ ұшырасады.

Ә. Бө­кей­ха­нов­ се­кіл­ді, ол о­рыс­ мұ­жық­та­рын­ жап­пай кө­ші­ру арқылы қазақ­, қыр­ғыз, өз­бек­ жер­ле­рін­ о­тар­лау­дың­ жү­ріп­ жат­қанына е­рек­ше кө­ңіл­ бөледі. Гим­назия, у­ни­вер­си­тет­те о­қып­ жүр­ген уа­қыт­та­рын­да да жері­нен­ айырыл­ған қа­зақ­тар­дың­ ша­ғым­да­рын­ тиісті о­рын­дарға жет­кізу­мен­ айналысады, көп­ жағ­дайда адво­кат­тық жұ­мыс­ атқарады. 1926 жылы “Д­ни” газе­тін­де (Па­риж­) жарияла­ған­ бір­ мақала­сын­да “Қо­ныс­ аударуға қар­сы нау­қан­дарға қатысу ү­шін­ оқуымды тас­тап, Пе­тер­бург­тен­ Перовс­кіге ке­ліп­ тұр­дым” [77] деп­ жазады. Ол Түр­кі­стандағы жағ­дай­мен­ де айналысады. 1913 жылы соғыс ми­нист­рі В. А. Сухом­ли­нов­ пен­ е­гін­ші­лік­ ми­нист­рі А. В. Кривошеин Са­мар­қан қаласына келген кез­де Са­мар­қан облысы­ның­ әскери гу­бер­наторы И. Е. Одише­лид­зе­нің­ ауызша баяндама­сын­да қо­ныс­ аудару мекемесі чи­нов­никтері­нің­ шек­тен тыс­ зор­лық-зом­бы­лық­тары туралы айт­қанды­ғын­ өз құлағы­мен­ естиді [78].

Мұ­жық­тар­дың­ қо­ныс­ аударуы қа­зақ­ тари­хын­ың ең қасі­рет­ті бет­тері­нің­ бірі бол­ғанды­ғын­ ә­лем­ жұрт­шылығы, қала ­бер­ді о­рыс­ қауымы да мой­ын­дай­ды. “Рос­сия” де­ген­ о­рыс­ интелли­ген­циясы­ның­ күн­де­лік­ті кіта­бын­да: “Өлкені жаулап­ ал­ған­нан кейін о­рыс­тар мәде­ни жұ­мыс­қа көше алмады, себебі жаулаушы­лар­дың, баю бол­маса, мәде­ни рөл­ атқаруға дай­ындығы жоқ­ еді. О­лар­ өт­кен­ өмірі бұ­лыңғыр, дөрекі де қа­раң­ғы, ал­ғаш­қы а­дам­дар се­кіл­ді өнеге­сіз­ бола­тын­” [79] делінеді.

Бал­та-айыр­мен­, мыл­тық­пен­ қару­лан­ған кез­бе­лер­, жалаңаяқ сұға­нақ­тар, қыл­мыс­кер­лер Қа­зақ­ даласына қап­тап кетеді; кейінгі та­рих­намада көрсетілгендей­ е­мес­, о­лар­дың “тап­тық мүд­де”, “ха­лық­тар дос­тығы”, “интернациона­лиз­м” де­ген­ ұ­ғым­дар­дан­ еш­бір­ түсінігі жоқ­ еді.

М. Шо­қай­дың­ жазуынша, тіп­ті, қо­ныс­ аударушы­лар­дың келесі тол­қыны да қа­зақ­тарға қыр­ғи­дай­ тиеді. Жер­гі­лік­ті ха­лық­тан ең құ­нар­лы, суармалы жерлер тар­тып алы­нып­, қыс­таулары қиратылады. Е­гін­ салуға дай­ын, иге­ріл­ген ме­кен­дерге ке­ліп­ қо­ны­стан­ған­ мұ­жық­тар “ма­лым­ды ұрлады”, “же­рім­ді таптады” де­ген­ се­кіл­ді жал­ған айыптау­лар­ та­ғып­, о­тар­лық ә­кімші­лік­ арқылы жер­гі­лік­ті тұр­ғын­дар­ды ы­ғыс­тыра түседі.

О­рыс­-ту­зем­ мек­тепте­рін­де шек­теулі бағ­дарлама бой­ынша оқыту­дың­ түпкі мақ­саты ха­лық­ты қа­раң­ғы­лық­та ұстау және о­ры­с­тандыру бол­са, о­рыс­ мұжық­та­рының­­ жап­пай қо­ныс­ аударуы қа­зақ­ жері­н­ о­рыс­тар­дың­ эт­ностық­ аумағына ай­нал­дыру е­кен­ді­гін­ ұқ­қан­ М. Шо­қай­ға пат­ша өкіметіне қар­сы саяси кү­рес­тен бас­қа жол­ қал­май­ды.

М. Шо­қай­ у­ни­вер­си­тет­те о­қып­ жүр­ген жыл­да­рын­да С. Жан­­тө­рин­нің үйі мен­ қаладағы Мұ­сыл­ман­дар­ қай­ырымдылық қоры­ның­ ғимара­тын­да Ильяс Алкин­, Әли­мар­дан Топ­чибашы, тү­рік­мен Қақа­жан­ Бер­диев, қа­зақ­ Ғай­са Қашқын­баев, баш­құрт Ах­мет­-Заки Валиди, та­тар­лар Сұл­тан­бек Мам­лиев, Мұстафа Шах­кули­мен­ жиі-жиі кез­де­сіп­, қо­ғам­дық мәселе­лер­ді тал­қыла­ған­ жиын­дар­ға қатысады.

Ә. Бө­кей­ха­нов­, А. Б­айт­ұрсы­нов, М. Бех­буди, Мүнәуар Қари сияқты зиялы қауым­мен­ бай­ла­ныс­ жа­сап­ тұрады [80].

1912 жыл­дан М. Шо­қай­ Мем­ле­кет­тік дума­ның­ Мұ­сыл­ман ф­рак­циясы мүшелері­мен­ қоян-қол­тық арала­сып­, со­лар­дың а­қыл­-кеңесі­мен­ әре­кет­ етеді.

Мем­лекет­тік думадағы та­тар­, баш­құрт, ә­зір­бай­жан­ ха­лық­тары­ның­ өкілдері­мен­ Мұ­сыл­ман ф­рак­циясы жа­нын­дағы Бюро құ­рыл­ғанға дейін-ақ танысып­, о­лар­дың тап­сырмала­рын­ о­рын­дап жүреді. Әсіресе, о­ған­ 1912 жыл­дың 13 науры­зын­да ІІІ Мем­ле­кет­тік думада С. Н. Мақ­су­дов­тың пат­ша үкіметі­нің­ мұ­сыл­ман ха­лық­тар­дың­ руха­ни өмі­рін­ қыс­паққа а­лып­, мек­тептері­нің­, әдебиеті мен­ ту­ған­ тілі­нің­ қу­ғын­да­лып­ о­тыр­ғаны, о­ған­ мы­сал­ ре­тін­де жер­гі­лік­ті инспектор­дың­ нұс­қауы­мен­ Қо­қан­да 20 мед­ресе­нің­ жа­был­ғандығы [81] туралы сөзі көп­ ой салады. ІV Думада И. Ахтя­мов­ мұ­сыл­ман дін­ мекемелері­нің­ қызметі, түр­кі­стан­дық гене­рал­ С. Е­никеев Түр­кі­стан ү­шін­ мұ­сыл­ман ді­ни басқарма­сын­ ұйым­дас­тыру туралы баяндама­лар­ жа­сай­ды. Мұ­ның­ бар­лығы да М. Шо­қай­ көз­қарасы бағыты­ның­ а­нық­талуына ү­лес­те­рін­ қосады.

М. Шо­қай­дың­ саяси көз­қа­рас­тары мем­ле­кет­тік дең­гейдегі түр­лі жиындарға қатысу бары­сын­да шың­да­лып­, нақ­тылана түседі. Бі­рін­ші Бүкілресей­лік­ мұ­сыл­ман съезіне қа­тыс­қаны жө­нін­де 1914 жыл­дың 27 маусымын­да Таш­кент­тегі досы Әлмұха­мед­ Көтіба­ров­қа хат­ жа­зып­, “25 маусым­да съезд өз жұмы­сын­ аяқтады, а­лай­да о­ның­ Түр­кі­стан туралы шешімдері “академия­лық­ си­пат­та қал­ды” деп­ ха­бар­лайды [82]. Ә. Көтіба­ров­ ол кез­де Таш­кен­т ок­руг­тік со­тын­да ау­дар­машы бо­лып­ қыз­мет іс­теп­ жат­қан. Хаттың­ со­ңын­да Мұс­тафа 28 мау­сым­да Уфа гу­бер­ниясына, Бі­рін­ші Мемлекеттік дума­ның­ мүшесі Сә­лім­ге­рей­ Жан­тө­рин­нің үйіне кететі­нін­ айт­ып­, хат­ты о­ның­ Беле­бей­ уезі­нің­ Кили­мов­ де­рев­ня­сын­дағы ме­кен­жайына жазуды сұ­рай­ды.

М. Шо­қай­дың­ бұ­дан­ бұрыны­рақ­ у­ни­вер­си­тет­тің төр­тінші кур­сы­ның­ бағдарлама­сын­ то­лық­ бі­тір­гендігі туралы куә­лік­ беруін сұ­рап­ өтініш жазуы оның­ осы сапарына бай­ла­ныс­ты е­мес­ пе е­кен­ де­ген­ ой келеді. С. Жан­тө­рин­ болса, Ә. Бө­кей­ха­нов­ се­кіл­ді, Мұс­тафаны өте ұна­тып­, болашағы­нан­ үл­кен­ ү­міт­ күт­кен а­дам­дар­дың­ бірі деп санаға­нын­, Мем­ле­кет­тік дума­ның­ келесі шақырылуында сай­лауға қатысуға өзі­нің­ жеке­мен­шік же­рін­ ке­піл­дікке бер­гісі кел­ге­нін­ ескере­тін­ бол­сақ, бас­қа да бол­жам­дар­ жасау­дың­ қисыны бар­. А­лай­да күз­ге қа­рай­, І Дү­ниежүзі­лік со­ғыс­қа бай­ла­ныс­ты, М. Шо­қай­ Пе­тер­бург­ке қайтып­ келеді (1914 жы­лдың­ 6 қа­зан­ы­нан Мұс­тафа Пе­тер­бург­те Суво­ров­ проспектісі, 406-үй, 31-пә­тер­де тұра бас­тайды). Мұс­тафа­ның Ә. Көтіба­ров­қа жаз­ған хаты­нан­ о­ның­ 1913–1914 жыл­дары мұ­сыл­ман­дық­ қоз­ға­лыс­қа, Мемлекет­тік дума­ның­ Мұ­сыл­ман ф­рак­циясы ұйым­дас­тыр­ған­ жұ­мыс­тарға белсенді түр­де араласа бас­таға­нын­ көре­міз­. Себебі, 1914 жыл­ғы мау­сым­ айының­ 15–20 күн­дері аралы­ғын­да Санк­т-Пе­тер­бург­те өт­кен­ Бү­кіл­ре­сей­лік­ мұсыл­ман съе­зін­ ІV Мем­ле­кет­тік думадағы Мұ­сыл­ман ф­рак­циясы ұйымдастырған­ еді. О­ған­ қы­рық­ депу­тат­, о­лар­дың і­шін­де түр­кі­стан­дық С. Лапин­, Саид На­сыр­ Жали­лов­ және гене­рал­ Са­хиб­ге­рей­ Е­никеев, Қа­зақ­ өлкесінен­ Ә. Бө­кей­ха­нов­, Б. Қаратаев, С. Шор­ма­нов­, Ж. Сей­да­лин­, Д. Аманшин, Ғ. На­рым­бе­тов­ қатысады [84].

Съезде “Ре­сей­ мұ­сыл­мандары­ның­ ді­ни істері” туралы заң­ жобасы ә­зір­ле­ніп­, онда Санк­т-Пе­тер­бург­те мұ­сыл­ман­дар­дың орта­лық­ ді­ни бас­қарма­сын­ құру, қа­зақ­тар­дың­ ді­ни істе­рін­ О­рын­бор мүф­тилігіне ба­ғын­дыру, Түр­кі­стан үшін­ өз алдына мүф­ти­лік­ ашу мәселелері қа­рас­тырылады. М. Шо­қай­ бұ­л Заң­ жоба­сын­ “академия­лық­ си­пат­та” деп­ бағала­ған­да, оны о­рын­дау тетігі­нің­ жоқты­ғын­, та­лап­-ті­лек­ күйінде е­кен­ді­гін­, ол туралы өз пі­кір­лері­мен­ Ә. Көтібаров­пен жеке кез­дес­кен­ кез­де бөлісе­тін­ді­гін­ біл­діреді. Ең бас­тысы – М. Шо­қай­ осы ке­зең­де тү­рік­-мұ­сыл­ман ха­лық­тары а­зат­тық қоз­ғалысы­ның­ жетек­шілері­мен­ жете танысады.

1907 жыл­ғы 3 мау­сым­дағы пат­ша жар­лығы бой­ынша Мем­ле­кет­тік думаға қа­зақ­ хал­қы­нан­ бір­де-бір­ өкілі­нің­ сай­лан­бағаны бел­гілі. Думадағы Мұ­сыл­ман ф­рак­циясына жеті а­дам­ның алтауы: И. А. Ахтя­мов­, М. Н. Жафа­ров­, Г. Х. Байтеря­ков­, М. Г. Ми­нигалиев, Қ.-М. Тев­ке­лев­, М. М. Дал­гат­ енеді.

Төр­тін­ші Дума өз жұмы­сын­ 1912 жыл­дың 15 қаң­тары­нан­, Ми­нистр­лер­ Кеңесі­нің­ төрағасы Н. В. Ко­ков­цов жаса­ған­ үкі­мет­ мә­лім­деме­сін­ тал­қылау­дан­ бас­тайды. Кейін Ко­ков­цов­тың­ есте­лік­ кітабы­ның­ М. Шо­қай­дың­ Ф­ран­циядағы мұраға­тын­да сақ­талуы көп­ нәр­сені аң­ғар­тады. Кі­тап­ты іжда­ғат­ты түр­де о­қып­ шы­ғып­, ондағы мәселе­лер­ге кө­ңіл­ аударуына қарағанда Мұс­тафа­ 1912 жыл­дың ө­зін­де-ақ оны мұ­сыл­ман депу­тат­тары­нан­ а­лып­ таны­сып­ шық­қан болуы тиіс. Үкі­мет­тің мем­ле­кет­тік п­рин­ципі “империя­ның­ бір­лігі мен­ тұ­тас­тығы, онда орыс­ хал­қы мен­ пра­вос­ла­вие­ діні­нің­ ба­сым­дылығы бо­лып­ табылады” де­ген­ пікір­ баяндама­ның­ да өзе­гін­ құ­рай­ды.

1913 жыл­дың 13 науры­зын­дағы Мем­ле­кет­тік дума отыры­сын­да Мұсылман ф­рак­циясы­ның­ төрағасы Қ.-М. Тев­ке­лев­ “Мем­ле­кет­тік думаға сайлау ереже­сін­ өз­гер­ту туралы” Мұ­сыл­ман ф­рак­циясы­ның­ мә­лім­деме­сін­ жария етеді. Мұ­нан­ кейінгі оты­рыс­тарда Ре­сей­ құра­мын­дағы ха­лық­тар­дың­ барлығына бір­дей аза­мат­тық тең­дікті қам­та­масыз ету, мұ­сыл­ман халықтарының­ ді­нін­, ті­лін­ қудалаушы­лық­тарды, о­лар­дың ө­мір­ сү­ріп­ о­тыр­ған ке­ңіс­ті­гін­ о­тар­лауды тоқ­тату жө­нін­де мә­лім­деме­лер­ жасалады.

1916 жылы ақ­пан­ айында Қ.-М. Тев­ке­лев­ мұ­сыл­ман ха­лық­тары­ның­ көрнекті қо­ғам­ қай­рат­керле­рін­ шақы­рып­, мәжі­ліс­ ұйым­дас­тырады. Онда фракция­ның­ саяси п­лат­формасы, так­тикасы және о­ның­ жа­нын­да кеңесу бюросын­ құру туралы мәселе қаралады. Қ.-М. Тев­ке­лев­тің ар­най­ы шақыруы­мен­ мәжі­ліс­ке А. Б­ай­­т­ұрсы­нов қаты­сып­, ол қа­зақ­тарға жеке мүф­ти­лік ашу­, қазақтарды әс­кер­ қатарына жазу, қо­ныс­ аударушы­лар­ тол­қынына тоқ­тау салу мәселеле­рін­ көтереді [86].

Ар­най­ы ко­мис­сия­ның­ баяндамасы тың­дал­ған­нан кейін ф­рак­­ция­ның­ жаны­нан­ депу­тат­тар­мен­ тең­ құқылы төр­т а­дам­нан тұра­тын­ бюро құру туралы ше­шім­ қа­был­данады. Бюро­дан­ тыс­ бір­ хат­шы, үш көші­ріп­ жазушы және тағы бір­ қыз­мет­кер­ алу ұйғарылады. Бюро құрамына мүше­лік­ке Кав­каз­, Түр­кі­стан және Қы­рым­ ө­кіл­дері шақырылады [87]. Бюроға Сол­түс­тік Кав­каз­дан Ах­мет­ Цали­ков­ (төраға), Қа­зақ­ уәлаяты­нан­ Ә. Бө­кей­ха­нов­, Уфа гу­бер­ниясы­нан­ Ш. Мұха­медья­ров­ пен­ А.-З. Валиди енеді [88].

Әли­хан­ Бюрода Түр­кі­стан­ның­ бір­ өкілі­нің­ болуы ке­рек­ті­гін­ және о­ған­ М. Шо­қай­дың­ лай­ық е­кен­ді­гін­ айт­ып­ мәселе көтереді. Бұ­л о­рай­да о­ның­ жан­-жақ­ты дай­ындығы­ның­ бар­лығы, Түр­кі­стан жағ­дайын жақ­сы біле­тін­дігі, Петербург­те тұра­тын­дығы, бұ­рын­нан да Мұ­сыл­ман ф­рак­циясы­ның­ жұмысына қол­ға­быс­ беріп­ кел­гендігі е­сеп­ке алынады.

О­ның­ кан­дидатурасы “Қа­зақ­” газеті­нің­ бе­тін­де де тал­қыланады. О­сын­да ба­сыл­ған бір­ мақалада бы­лай­ делінеді: “Мұ­сыл­ман ф­рак­циясы қа­сын­дағы бюроға қа­зақ­тан екі кісі қоюға жұр­т қаулы қыл­ғанда Бө­кей­ха­нов­ баруын ұнатып­, е­кін­ші а­дам­ның баруын қар­жы қан­ша табылуына қара­тып­ еді... Сөйт­іп­ тұр­ғанда бюро а­дам­дары­нан­ ха­бар­ кел­ді. О­лар­ Бө­кей­ха­нов­тан бас­қа дай­ын қызмет ете­тін­ е­кін­ші а­дам­ның қа­зір­ өте ке­рек­ті­гін­ біл­діреді. Осы е­кін­ші кісіге бюро а­дам­дары сту­ден­т-ю­рис­т Мұс­тафа Шоқаевты лай­ық­тай­ды. Мұс­тафа Шоқаев Мұ­сыл­ман комитеті а­шыл­ған­нан­ бері сон­да қыз­мет етуші еді” [89].

Мақала авторы­ның­ “Мұ­сыл­ман комитеті” деп­ о­тыр­ғаны – 1914 жыл­дың жел­тоқ­сан­ айында Дума депутаты И. А. Ахтя­мов­тың бас­шылығы­мен­ өт­кен­ мұсыл­ман қо­ғам­дық ұйымдары ө­кіл­дері­нің­ съе­зін­де сай­лан­ған Ре­сей­ мұсылмандары қо­ғам­дық ұйымдары­ның­ Орта­лық­ комитеті. Мұ­ның­ өзі де, яғ­ни Мұс­тафа­ның­ “Мұ­сыл­ман комите­тін­де” жұ­мыс­ істеуі қа­зақ­, өз­бек­, баш­құрт, татар­ т. б. тү­рік­ ха­лық­тары­ның­ қай­рат­керлері­мен­ қоян-қол­тық араласуына әкеледі және о­лар­дың көп­шілігі қа­зақ­ өкілін қол­дайды. Мұс­тафа­ның­ Бюрода қыз­мет істеуін қа­лап­ Сыр­дария облысы­нан­ Қал­жан­ Қоңы­рат­баев бас­та­ған­ бір­ топ­ қа­зақ­ аза­мат­тары “Қа­зақ­” газетіне хат­ жазады.

М. Шо­қай­ “Бюро” жұмысына 1916 жыл­дың 1 қарашасы­нан­ бас­тап кіріседі. Бұ­л құры­лым­ өз алдына мәселе шеш­пе­гені­мен­, ха­лық­тың а­рыз­-шағымда­рын­, мұ­ң-мұқ­та­жын­ Мұ­сыл­ман ф­рак­циясына, ол арқылы Дума мүшелеріне, жұрт­шы­лық­қа жет­кізуде, ф­рак­ция мүшеле­рін­ қа­жет­ті ақпа­рат­пен қам­та­мас­ыз етуде үл­кен­ рөл­ атқарады.

1916 жыл­дың ақ­пан­-нау­рыз­ айла­рын­да Мем­ле­кет­тік думада қан­дай мәселе­лер­ көтерілуі мүм­кін де­ген­ сұ­рақ­қа жауап беру мақ­са­тын­да Ішкі іс­тер­ ми­нис­трлігі­нің­ өзге дін­дер де­пар­та­мен­ті­нің­ ал­дын ала дай­ында­ған­ анықтамасын­да мына тақы­рып­тар аталады:

– жер­гі­лік­ті ә­кім­ші­лік­ тарапы­нан­ мұ­сыл­маншы­лық­ты қудалау;

– мұ­сыл­ман кон­фессия­лық­ мек­теп­тер­дің (мек­тебе, мед­ресе­лер­дің) жағдайы. 1914 жыл­дың 13 науры­зын­дағы Ми­нистр­лер­ Кеңесі­нің­ шешімі бойынша Оқу ми­нист­рлігіне мұ­сыл­ман мек­тебелері мен­ мед­реселе­рін­ қайт­а құру туралы заң­ жоба­сын­ да­й­ындау­дың­ тап­сырылуы;

– о­ры­стандыру әре­кет­тері, лаза­рет­тердегі жара­лан­ған мұ­сыл­ман жауынгер­ле­рін­, қар­сылығына қара­ма­стан, пра­вос­лавие дініне өткізу, о­лар­дың ара­сын­да та­тар­ ті­лін­дегі Ін­жіл­ кіта­бын­ тарату;

– үкі­мет­тің мұ­сыл­ман­дар­ ара­сын­да пай­далы бі­лім­ таратуға те­ріс­ қарауы;

– өт­кен­ жылы О­рын­бор мүф­тиі­нің­ орнына, мұ­сыл­ман п­рог­ресшіл­дері­нің­ пікі­рін­ше, ха­лық­ сеніміне ие е­мес­, кертарт­па көз­қарасы­мен­ бел­гілі Пет­рог­рад қаласы­ның­ ахуны Баязи­тов­тың та­ғай­ындалуы [90].

М. Шо­қай­ осы мәселе­лер­дің І Бү­кілре­сей­лік­ мұ­сыл­ман съе­зін­де, Мұсылман комите­тін­де, Мұ­сыл­ман ф­рак­циясында тал­қылануына да, о­ған­ дайын­дық­ жұ­мыс­тарына да атсалысады.

Мұ­сыл­ман ф­рак­циясы мен­ о­ның­ Ке­ңес­ші бюросы төңірегіне мұ­сыл­ман прог­рес­шіл­-ре­фор­ма­тор­лық қоз­ғалысы­ның­ ең жі­гер­лі күш­тері топ­тасады. Бюро ұлт­тық­ қоз­ға­лыс­тың ин­тел­лектуал­дық­, ақпа­рат­тық және үйлестіру орталығына айналады.

Та­тар­ сая­саткері Гаяз Исхаки­дің­ сөзі­мен­ айт­қанда, ол “бар­лық ұлт­тық­ істер­ді бас­қара­тын,­ көз­ге кө­рін­бейт­ін­ ұлт­тық­ орталық” [91] болады. Осы себепті Мұ­сыл­ман бюросы мен­ о­ның­ Ке­ңес­ші бюросы кон­серва­тив­тік күштердің­ наразылы­ғын­ туғызады. Уфа және Мен­зелинс­к е­пис­копы Ді­ни іс­тер­ де­пар­таменті­нің­ ди­рек­торына: “Енді бү­кіл­ мұ­сыл­ман қауы­мын­ Мем­ле­кет­тік дума­ның­ Мұ­сыл­ман ф­рак­циясы бас­қарады, мұны сауатты мұ­сыл­ман­дар­ өмі­рін­ бас­қарушы және бү­кіл­ о­рыс­ мұ­сыл­манда­рын­ бір­тұ­тас­ топ­қа ұйым­дас­тырушы мұ­сыл­ман ішкі іс­тер­ ми­нис­трлігі де­сем­ ар­тық­ бол­мас. Мәр­тебелі Сі­зден­ Мемлекет­тік думадағы Мұ­сыл­ман ф­рак­циясы­ның­ жа­нын­дағы үкі­мет­ке онша бел­гілі е­мес­ бюроға на­зар­ аударуы­ңыз­ды сұ­рай­мын­... бұ­л “бюрода” мұсылмандар­дың ең бел­гілі де­ген­ бар­лық орта­лық­тары­ның­ ө­кіл­дері бар­, “бюроға” мұ­сыл­ман­дар­дан үл­кен­ қар­жы жиналады, “бюро” мүшелері Ре­сей­ бой­ынша са­пар­ларға шы­ғып­ тұрады” [92] деп­ жет­кізеді.

Э­миг­рацияда жүр­ген ке­зін­де Па­риж­де жұ­мыс­ сай­ын кез­де­сіп­, сұхбаттасып­ тұра­тын­ жа­қын­ жол­дастары­ның­ бірі Украин Ха­лық­ Республикасының­ (нау­рыз­ 1917 – сәуір 1918) бұ­рын­ғы сырт­қы іс­тер­ ми­нист­рі А. Я. Шуль­ги­н “М. Шо­қай­дың­ Бюрода ат­қар­ған жұмысы­ның­ Түр­кі­стан ү­шін­ ма­ңыз­дылы­ғын­ айт­ып­ жет­кізу қиын” [93] дей­ді.

Ке­ңес­ші бюро­ның­ құрамы жө­нін­де әдебиетте бірауызды­лық­ жоқ­, о­ның­ себебі бюро құрамы жиі өзге­ріп­ тұр­ған сияқты. Мұра­ғат­ құ­жат­та­рын­да Бюро мүшелері ре­тін­де, М. Шо­қай­дан­ бас­қа Г. Исхаки­­, С. Мақ­суди, Ә. Топ­чибашы, Ә. Бө­кей­хан­, С. Жан­тө­рин­ есім­дері аталады [94].

Та­рих­шы М. Қой­гел­диев­тің­ мәлі­мет­тері бой­ынша, 1916 жыл­ға дейін төр­т а­дам­нан (А. Сали­хов­, С. Жан­тө­рин­, Ш. Мұха­медья­ров­, Н. Құр­бан­ғалиев) тұр­ған бол­са, кейін екі а­даммен: С. Мақ­суди және Ә. Бө­кей­ха­нов­пен то­лық­тырылады [95]. Бұ­л о­рай­да Бюро­ның­ өзі 1916 жыл­дың бас­ ке­зін­де құ­рыл­ға­нын­ есте ұстауы­мыз­ ке­рек­.

М. Шо­қай­дың­ өмірі мен­ қыз­метіне ар­нал­ған зерт­теу­дің­ авторы А. Қараның­, тү­рік­ ғалымы Не­дир­ Дев­лет­тің жазуларына қара­ған­да, Мұ­сыл­ман фрак­циясы жа­нын­дағы Бюрода М. Шо­қай­ о­ның­ мүшелері С. Жан­тө­рин­, Ә. Бөкей­ха­нов­, Н. Құр­бан­ғалиев, А.-З. Валиди, Исмаил Лима­нов­, А. Сали­хов­ (Цали­ков­), Шә­кір­ Мұха­медья­ров­пен бір­ге жұ­мыс­ істе­ген­ [95]. Қа­лай­ бол­ғанда да, М. Шо­қай­ осы а­дам­дар­дың­ бар­лығы­мен­ де іс­тес­ қа­рым­-қаты­нас­та болады. Ол және С. Ла­пин­, А.-З. Валиди, Әли Ак­бар­ Топ­чибашы, Қ. Бер­діұлы, Иса Қаш­қын­баев, Ильяс Ал­кин­, Мұс­тафа Шах­қули се­кіл­ді жас­тар­дың­ жиындарына Мах­мұ­т Қожа Бех­буди, Мүнәуар Қари, А. Б­айт­ұрсы­нов қаты­сып­, ой-пі­кір­ле­рін­ ортаға салады.

Мұс­тафа­ның­ ұйым­дас­тыруы­мен­ Ке­ңес­ші бюро­ның­ бір­ мәжі­лі­сін­де В. В. Бар­толь­д пен­ А. Н. Са­мой­ло­вич­тің оқу мәселелері жө­нін­дегі пі­кір­лері, Х. Келдібе­ков­тің земс­тво­лық­ мек­теп­тер­ жай­лы баяндамасы тың­далады [97].

Мұ­сыл­ман ф­рак­циясы 1916 жыл­ғы көтері­ліс­ мәселесі­мен­ тіке­лей­ шұғылданады және ол жө­нін­де Дума мін­бесі­нен­ сөй­леу ү­шін­ депу­тат­ М. Ю. Жафа­ров­қа баяндама дай­ындау М. Шо­қай­ға тап­сырылады [98]. Осы жұмыс­қа бай­ла­ныс­ты материал­дар­ жинау үшін­ және Түр­кі­стандағы жағ­дайды бі­ліп­ қайт­у мақ­са­тын­да М. Шо­қай­ 1916 жыл­дың 10 тамы­зын­да мұ­сыл­ман фракциясы­ның­ төрағасы Қ.-М. Тев­ке­лев­ және Ш. Мұхамедья­ров­пен бір­ге Ташкент­ке келеді. Со­нан­ соң­ мұн­да бұрыны­рақ­ (3 та­мыз­да) кел­ген А. Ф. Керенс­кий­ді ұшы­рас­ты­рып­, о­лар­ Са­мар­қан, Әнди­жан­, Қо­қан­, та­мыз­дың аяқ жа­ғын­да Таш­кен­т уезде­рін­ ара­лап­ шығады [99]. 21 та­мыз­да М. Шо­қай­ А. Ф. Керенс­кий­мен­ бір­ге көтері­ліс­ті басу ке­зін­де тып­-ти­пыл­ бол­ған Жи­зақ­ қаласына келеді, Жи­зақ­ уе­зін­де ауылшаруашы­лық­ сана­ғын­ жүр­гі­зіп­ жүр­ген студент­тер­дің пат­ша жазалаушылары­ның­ қолы­нан­ қыр­ғынға ұшыраға­нын­ анық­тайды, жер­гі­лік­ті тұр­ғын­дар­ға көр­сеті­ліп­ о­тыр­ған зор­лық-зом­бы­лық­тың кең­ е­тек­ а­лып­ о­тыр­ғанына көз­дері жетеді. Со­ның­ бір мысалы ре­тін­де Таш­кен­т те­мір­жолы бой­ындағы кіш­кен­тай­ бір­ ­стан­са­ның­ би­лет­ кас­сасы­ның­ ал­дын­да тұр­ға­нын­да өз кезе­гін­ бере сал­мағаны ү­шін­ ор­ман­шы­ның­ қам­шысы Мұстафаның­ басы­нан­ үйірі­ліп­ шыға кел­ге­нін­ [100] айт­сақ та жет­кі­лік­ті.

Э­миг­рацияда жүр­ген кез­де М. Шо­қай­ Жи­зақ­тағы қыр­ғынды еске а­лып­, қаладағы ем­шек­тегі бала­дан­ ең­кей­ген­ кәріге дейін мың­да­ған­ а­дам­дар­дың­ о­рыс­ жен­деттері­нің­ қолы­нан­ қаза тап­қа­нын­, осы “ерлігі” ү­шін­ пол­ков­ник­ П. П. Иванов­ де­ген­ қаныпе­зер­дің Ива­нов­ – Ри­нов­ – Джизакс­кий­ а­тан­ға­нын­ “Пос­лед­ние но­вос­ти” [101] газеті­нің­ бе­тін­де жария етеді.

Жал­пы ал­ған­да М. Шо­қай­дың­ ұлт­тық­ қай­рат­кер ре­тін­де саяси сах­наға шығуына 1916 жыл­ғы Түр­кі­стан мен­ Қа­зақ­ же­рін­дегі ұлт-а­зат­тық қоз­ғалысы қуатты сер­пін береді. 1916 жылы М. Шо­қай­ Түр­кі­стан жәдит­шілдері жетекшілері­нің­ бірі У­бай­дол­ла Қожаев­тың­ бас­шылығы­мен­ құ­рал­ған тү­зем­ комис­сиясы құрамына енеді. Бұ­л жағ­дай о­ған­ Түр­кі­станға гене­рал­-гу­бер­на­тор­ бо­лып­ та­ғай­ында­лып­, 1916 жыл­дың шіл­де айы­ның­ ая­ғын­да Таш­кент­те жү­рейін деп­ о­тыр­ған Куро­пат­кин­мен­ әңгімелесуіне және ел­дің­ наразылы­ғын­ жет­кізуге мүм­кін­дік­ береді. Куро­пат­кин Мұс­тафаны: “Көтері­ліс­тің бір­ себебі Түр­кі­стан­ әкім­шілігі­нің­ өз билі­гін­ асыра пай­далануында жа­тыр­, бар­ған­нан­ кейін май­дан­ға ша­қыр­тылу шарт­та­рын­ же­ңіл­дете­мін­ және Түр­кі­стан­ ә­кім­шілі­гін­ то­лық­ тазарта­мын­” [102] деп­ сен­діреді.

А­лай­да Таш­кент­ке жет­пей жа­тып­-ақ, жол­ бой­ында Куро­пат­кин уәдесі­нен­ та­нып­, “Түр­кі­станды бү­лік­ші­лер­ден та­зар­ту” туралы жос­пар жа­сай­ды. М. Шоқай­дың­ жазуынша, Қазалыға жер­ аудары­лып­, сон­да тұ­рып­ жат­қан О­рал­ казак­тарына Жетісуда қа­зақ­ және қыр­ғыз көте­ріліс­шілері­нен­ боса­тыл­ған көлем­ді жер­ те­лім­де­рін­ беруге уәде етеді [103].

Таш­кент­ке кел­ген бой­ында Куро­пат­кин “о­рыс­ қаны там­ған жер­дің барлығын­ тәр­кілеуге” ұ­ран­ тас­тайды. О­рыс­ қауымы гене­рал­-гу­бер­на­тор­дың сөзін­ үл­кен­ құл­шы­ныс­пен қар­сы алады. “Бү­лік­ші­лер­ тиісті жаза­сын­ алды. Әскер­лер мың­да­ған­ қыр­ғыз­дар­ды қы­рып­, ме­кен­де­рін­ жой­ды; о­лар­дың мыңғырған­ малы әс­кер­лер мен­ ә­кім­ші­лік­тің қарамағына түс­ті” [104] деп­ жаз­ды о­рыс­ басылымдары.

Қа­зақ­тарды май­дан­ның қара жұмысына мобилизациялау е­мес­, “реквизиялау” туралы жар­лы­ғын­, о­ның­ еш­бір­ құ­қық­тық негізі­нің­ жоқ­ты­ғын­ бы­лай­ қой­ған­ның ө­зін­де, ха­лық­ оны өзі­нің­ ар-намы­сын­ аяққа тап­та­ған­ шовинис­тік құ­жат­ ре­тін­де қа­был­дайды. Осы­ған­ қара­ма­стан Мұс­тафа, бас­қа Алаш­ же­тек­шілері се­кіл­ді, ха­лық­ты қыр­ғынға ұшы­рат­пау ү­шін­ пат­ша жарлығы­ның­ ығына көнуге, көтері­ліс­ті туында­тып­ о­тыр­ған мәселе­лер­ді конституция­лық­ заң­ды­лық­ шең­бе­рін­де, Мем­ле­кет­тік дума мен­ үкі­мет­ құрылым­дары арқылы шешуге шақырады.

Бі­рін­ші дү­ниежүзі­лік­ со­ғыс­қа бай­ла­ныс­ты а­лым­-са­лық­тың күшеюі, пат­ша чи­нов­никтері­нің­ қы­сым­шы­лық­тары, жер­гі­лік­ті тұр­ғын­дар­ды о­рыс­ қоныстанушылары­ның­ е­гіс­тік жер­ле­рін­де жұ­мыс­ істеуге мәж­бүрлеуі он­сыз­ да а­шын­ған ха­лық­ты көтері­ліс­ке и­тер­ме­лей­ді. “Со­ғыс­ қажетіне” деп­ Сыр­дария уезін­дегі ха­лық­ты тонаушы­лық­тың тағы бір­ түрі жө­нін­де М. Шо­қай­ бы­лай­ дейді: “Мен­ “өз еркі­мен­” қол­ қой­ған­ а­шық­ қа­ғаз­дарды көр­дім. Онда жүз­де­ген­ бас­ түйе, жүз­де­ген­ жыл­қы, мың­да­ған қой­, теке­мет­, киіз, жүз­де­ген­ пұ­т май­, он мың­да­ған­ ақша жазы­лып­ты. Бұ­л бір­ уез­ден­ ғана а­лын­ды” [105]. Со­ғыс­ жү­ріп­ жат­қан кез­де он­сыз­ да ойына кел­генді іс­теп­ жүр­ген о­рыс­ чи­нов­никтері­нің­ бейбас­тақ­тық­тары ел­дің­ береке­сін­ қашырады. Осы­ған­ бай­ла­ныс­ты 1914 жылы Ақме­шіт­ қаласы­ның­ тұр­ғындары ә­кім­ші­лік­тің іс-әре­кет­тері жө­нін­де Сыр­дария әскери гу­бер­наторы А. С. Гал­кин­ге а­рыз­данады. Ал, гу­бер­на­тор­: “Мұсылмандар­дан мен­ а­рыз­-ша­ғым­ қа­был­да­май­мын­. Біз­ге ең алды­мен­ түріктерді Кон­стан­тино­поль­де­н қуып шы­ғып­, Қасиетті София төбесіне к­рес­т орнатуы­мыз­ тиіс; мүм­кін сіз­дер жасы­рын­ құл­шы­лық­ ете­тін­ ха­лиф­тері­ңіз­ді де қуып шы­ғар­мыз” [106] дей­ді.

М. Шо­қай­ осы оқиғаның­ куәсі болады. Мұн­дай жағ­дайда жер­гі­лік­ті халық­тың о­рыс­ ә­кім­шілігіне оң қа­бақ­ танытуы мүм­кін е­мес­ еді.

1916 жыл­ғы көтері­ліс­ әб­ден­ а­шын­ған ел­дің­ айбаты еді. Пат­ша үкіметі­нің­ жазалау экс­педициялары қа­зақ­, қыр­ғыз, өз­бек­, тү­рік­мен, ұй­ғыр­ларды жасына да, жынысына да қара­ма­стан қы­рып­-жою­мен­ шек­тел­мей­, о­лар­ ме­кен­де­ген­ бү­кіл­ ауыл­дар­, қыс­тақ­тар­ мен­ қалалары қиратылады. Бақ­ша-баулары, е­гіс­тіктері құртылады. Жетісуда бү­кіл­ бо­лыс­, уез­дер­дің қа­зақ­, қыр­ғыздары шөл­ді-шөлейтті, таулы-қы­рат­ты ө­ңір­лерге көшіріледі [107]. Үкі­мет­ әскері­нің­ қолдауына сүйен­ген­ қарулы о­рыс­ мұ­жық­тары бей­біт­ ауыл­дар­ды қан­ға тұншықтырады.

М. Шо­қай­ сөз­бен айт­ып­ жет­кізуге бол­майт­ын­ жауыз­дық­тар­дың­ о­рын­ алға­нын­ “Түр­кі­станда” де­ген­ еңбе­гін­де ашына жазады. Жер­гі­лік­ті тұр­ғын­дар­ды кем­сіту­дің­, ар-намы­сын­ қор­лаушы­лық­тың та­лай­ мы­сал­да­рын­ өз көзі­мен­ көреді.

Әнди­жан­ жами­ғат­ мешіті­нің­ са­рай­ында сөз­ сөй­ле­ген­ А. Ке­ренс­кий­: “Патша өкіметі жүр­гі­зіп­ о­тыр­ған сая­сат­та о­рыс­ де­мок­ратиясы­ның­ кінәсі жоқ­, орыс­ де­мок­ратиясы мем­ле­кет­тік би­лік­тің ха­лық­тың өз қолына өтуі және түркістан­дық­тар­дың құқы о­рыс­тар­мен­ теңелуі ү­шін­ күре­сіп­ келеді” [108] дей­ді. Бола­шақ­та “о­рыс­ де­мок­ратиясы­ның­” да “о­рыс­ мүд­де­сін­” өздері­нен­ жоғары қояты­нын­ біл­ме­ген­ ха­лық­ А. Ф. Керенс­кий­дің­ сө­зін­ құп­тап, қол­ соғады. Ол уақыт­та М. Шо­қай­дың­ өзі де “о­рыс­ де­мок­раттары” жа­ғын­да бола­тын­.

1916 жылы қарашада Пе­тер­бургке Тор­ғай қа­зақ­тары­ның­ делегациясы келеді. М. Шо­қай­ о­лар­ға А. Ф. Керенс­кий­мен­ кез­десуге кө­мек­ береді. Керенский­дің­ өз үйінде қа­зақ­тар үкі­мет­пен арада дел­дал болуды сұ­рап­, майданға алынуы тиіс жұ­мыс­шы­лар­ орнына он мың­ сәй­гү­лік­ беруді ұсынады [109].

М. Шо­қай­ түр­лі мем­ле­кет­ о­рын­да­рын­ 1916 жыл­ғы көтері­ліс­ туралы материал­дар­мен жаб­дық­тап­, Түр­кі­стан мен­ Қа­зақ­ дала­сын­дағы қасі­рет­тің ауқым­дылы­ғын­ жет­кізеді. Мұс­тафа бұ­л ба­ғыт­та Ә. Бө­кей­ха­нов­пен бірі­гіп­ қимыл­дайды. 1916 жылы 8 жел­тоқ­сан­да ішкі іс­тер­ ми­нист­рі кеңесі­нің­ мүшесі В. Г. Кон­дои­дің­ Ақмола, Се­мей­ және О­рал­ об­лыс­та­рын­дағы көтері­ліс­ туралы баяндама­сын­да ондағы кей­бір­ мағ­лұ­мат­тар­дың­ А­зов­ бан­кі Са­мар­ бөлімі­нің­ бастығы Ә. Бө­кей­ха­нов­тан және Мұс­тафа Шо­қай­дан­ а­лын­ғандығы [101] ескертіледі. Өз тара­пын­да М. Шо­қай­ға 1916 жыл­ғы көтері­ліс­ туралы кей­бір­ материал­дар­ды Таш­кент­те эсер­ В. А. Чай­кин­нің үйінде Қ. Қожы­қов­ береді. М. Шо­қай­дың­ Түр­кі­стан сапары­нан­ о­рал­ған А. Ф. Керенс­кий­дің­ 1916 жыл­дың 13 жел­тоқса­нын­да Мем­ле­кет­тік дума­ның­ жа­бық­ отыры­сын­да сөй­ле­ген­ сөзіне де ық­пал­ жасағаны бай­қалады. Ол “Түр­кі­стан мен­ дала­ның­ қыр­ғыз об­лыс­тары – Там­бов не Тула облысы е­мес­. О­лар­ға, а­ғыл­шын­дар­ мен­ ф­ран­цуз­дар­ өз отарларына қа­лай­ қараса, біз­дер де со­лай­ қарауы­мыз­ ке­рек­” [111] дегені­мен­, пат­ша үкіметі жазалаушы­лық­ әс­кер­лері­нің­ қа­зақ­тарға жаса­ған­ айуан­дық­та­рын­ жасыра ал­май­ды. О­лар­дың жер­гі­лік­ті ха­лық­ты қы­рып­-жоюы мен­ тонаушылығы бар­лық жер­де о­рын­ алады. “Тәр­тіп­сіз­дік­терге қар­сы ә­кім­ші­лік­ пен­ о­рыс­ мемлекет­тік билігі мәде­ни Еуропа мем­лекеті түгілі, бір­де-бір­ шы­ғыс­ деспотиялары­ның­ батылы бар­майт­ын­ террормен жауап бер­ді” [112] деп­ көрсетті А. Керенс­кий­. Әсіресе ол пат­ша әс­кер­лері, ка­зактар мен­ о­рыс­ қоныстанушылары­ның­ “бір­лес­кен­ әре­кет­тері” сал­дары­нан­ Жетісу қазақтарының­ қасі­рет­ті күй ке­шіп­ о­тыр­ғанына тоқ­талады. Түр­кі­стан мен­ Қа­зақ­ дала­сын­дағы вакханалияны тоқ­тату ү­шін­ ұлт зиялылары пат­шаға депутация­лар­ ұйым­дас­тырады, Мем­ле­кет­тік думаға, Ішкі іс­тер­ ми­нист­рлігіне а­рыз­дар түсіреді. Май­дан­ның қара жұмысына қа­зақ­тарды алуда заң­сыз­дық­тар­дың­ кең­ етек­ а­лып­ о­тыр­ғандығы, “он бес­ жа­сар­, бір­ үйдегі жал­қы, үш-төр­т а­ғай­ынды жігіт­тер­дің­ тү­гел­ алы­нып­ кет­кендігі” туралы “Қа­зақ­” газеті бе­тін­де мәселе көтеріледі. Ә. Бө­кей­ха­нов­пен бірі­гіп­ Мұс­тафа май­дан­ға а­лын­ған қа­зақ­тар­дың­ аш-жала­ңаш­ күйі, о­лар­ға жәр­дем беру жө­нін­де 1916 жылы Пет­рог­рад­тан­ мақала жазады. Ол империя­ның­ жо­ғар­ғы ә­кім­шілігі және Зе­мст­во­лар­ мен­ қалалар­ одағы ара­сын­да май­дан­дағы түр­кі­стан­дық­тар­ ісі бой­ынша байланысшы­лық­ рөл­ атқарады.

Ә. Бө­кей­ха­нов­ бас­та­ған­ қа­зақ­ зиялылары май­дан­ның қара жұмысына алын­ған қа­зақ­ аза­мат­тары­ның­ жол­ бой­ында және бар­ған жер­ле­рін­де тиісті медицина­лық­ кө­мек­ алуын қадаға­лай­ды. Бұ­л ба­ғыт­та да М. Шо­қай­ Әли­хан­ның бас­шылығы­мен­ әре­кет­ етеді. 1916 жылы 15 қарашада ол: “29 қа­зан­да жаз­ған хаты­мыз­да Пав­ло­дар­ һәм­ Се­мей­ уездері­нен­ “48 жұ­мыс­кер жі­гіт­тер­дің­ Петроград­тан­ өт­кен­ді­гін­ біл­ді­ріп­ е­дік­” деп­, о­лар­дың мұ­нан­ кейінгі хал­-жағ­дайы жө­нін­де ха­бар­лайды [114].

1916 жылы М. Шо­қай­ мен­ А.-З. Валиди А. Ф. Керенс­кий­дің­ көмегі­мен­, Түр­кі­стан­нан­ а­лын­ған жұ­мыс­шы­лар­дың жағ­дайын білу ү­шін­ май­дан­ға ба­рып­ қайт­ады [115]. Жас­ ю­рис­тің ал­дын­да болашағы мол­ ман­сап есігі ашылады: о­ған­ у­ни­вер­си­тет­те қа­лып­, про­фес­сор­лық­ а­тақ­қа дай­ындалу ұсынылады. Мұстафаның­ ал­ғыр­лығы мен­ іжда­ғат­тылы­ғын­ біле­тін­дер оны түр­кі­стан­дық­тар­ ісі­мен­ айналыса­тын­ жоғары лауа­зым­ды қыз­мет­кер­ дең­гейінде көреді. Бі­рақ­ ол мұ­ның­ бар­лығы­нан­ да бас­ тар­тып, у­ни­вер­си­тет­те ал­ған­ білі­мін­, кү­ш-жіге­рін­ елі мен­ жері­нің­ қам­-қарекетіне, хал­қы­ның­ п­рог­ресс жолына түсуіне жұм­сауды жөн­ көреді.

Мем­ле­кет­тік дума саяси күш­тер мен­ а­ғым­дар­дың­, о­тар­лық жүйе мен­ ұлт-а­зат­тық қоз­ғалысы­ның­ “ұ­рыс­ май­даны” іс­пет­тес еді. Мұ­сыл­ман ф­рак­циясы осы май­дан­ның алғы сапы­нан­ көрінеді. Бү­кіл­ тү­рік­ ха­лық­тары­ның­ наразылы­ғын­ “арқала­ған”­ оны тиісті мағ­лұ­мат­тар­мен­ жаб­дықтауда М. Шо­қай­ ұ­лан­-ғайыр іс бітіреді. Ол Ке­ңес­ші бюрода Мұ­сыл­ман ф­рак­циясы­ның­ депу­тат­тары­мен­ құқығы бір­дей мүшесі (Түр­кі­стан өкілі) ре­тін­де жұ­мыс­ жа­сай­ оты­рып­, хатшылық­ қыз­метті қоса атқарады. Бюро ол ү­шін­ шын­ мә­нін­дегі саяси мек­теп болады, онда дү­ниетанымы, пара­сат­-пай­ымы кең­, ал­дың­ғы қа­тар­лы қо­ғам­ қайрат­керлері­нің­ бірі ре­тін­де қа­лып­тасады. М. Шо­қай­дың­ Ке­ңес­ші бюрода жұмыс­ іс­тей­ бас­тауы Мем­ле­кет­тік думада прог­ресшіл б­лок­тың рес­ми өкі­мет­ке а­шық­тан-а­шық­ қар­сы тұруы­мен­ тұс­тас келеді. Бұ­л б­лок­ 1915 жыл­дың та­мыз­ айында Думадағы ұлт­шыл­дар­дан­, ок­тяб­рис­тер­, ка­дет­тер, п­рог­ресшілдер және Мем­ле­кет­тік Ке­ңес­тің үш ф­рак­циясы­ның­ бірігуі­нен­ құ­рал­ған-ды. 1916 жылы ақ­пан­да Қ.-М. Тев­ке­лев­ ша­қыр­ған ке­ңес­те П­рог­ресшіл б­лок­қа көз­қа­рас­ мәселесі де тал­қыланады. Ф­рак­ция­ның­ п­рог­ресшілдер блогына ену мәселесі С. Мақ­суди, М. Ю. Жафа­ров­ та­рап­тары­нан­ тал­қыланады және бұ­л мәселе­нің­ оң шешілуі парламент­тік­ бұ­л топ­тың мұ­сыл­ман­дар­дың мұ­ң-мұқ­тажына қа­лай­ қарайт­ын­дығына бай­ла­ныс­ты е­кен­дігі жө­нін­де мә­лім­деме жасалады [116]. М. Шо­қай­ да осы ұ­станым­ды қалады.

Дума­ның­ бе­сін­ші сес­сиясы 1916 жыл­дың 1 қараша­сын­да П­рог­ре­сшіл блок­тың үкі­мет­ қыз­ме­тін­ сын­ға ал­ған­ әйгілі дек­ларациясы­нан­ бас­талады. 3 қарашада Мұ­сыл­ман ф­рак­циясы оппозиция­ның­ үкі­мет­ қызметіне наразы­лық­ біл­дір­ген­ мә­лім­демесіне қосылады.

П­рог­рес­шіл б­лок­тың дү­ниеге келуі тұ­сын­да о­рыс­ және мұ­сыл­ман либерал­дары ара­сын­дағы кей­бір­ қай­шы­лық­тарға қара­ма­стан, Мұ­сыл­ман фракциясы және о­ның­ Ке­ңес­ші бюросы Дума либе­рал­дық оппозициясы­ның­ бір­ бөлігі бо­лып­ қалады және о­ның­ ст­ратегиясы мен­ так­тикасын қол­дайды. М. Шоқай­дың­ ө­зін­ “п­рог­рес­шілдер” қатарына жат­қызуы осы жағ­дайға байланыс­ты. Ол түр­лі ұлт­тық­ топ­тар­мен­, либе­рал­дық және де­мок­ратия­лық­ партия­лар­ (ка­дет­тер, трудо­вик­тер, ха­лық­шыл социа­лис­тер, социал-де­мок­рат­тар­ т. б.) ө­кіл­дері­мен­ қа­рым­-қаты­нас­ орнату, ке­ліс­сөз­дер­ жүр­гізу, мәмілеге келу тәжірибе­сін­ жи­нақ­тап, 1917 жыл­ға қа­рай­ Ре­сей­ империясы құра­мын­да бол­ған қа­зақ­, өз­бек­ және т. б. тү­рік­ ха­лық­тары­ның­ ұлт­тық­ дамуы­ның­ саяси және идеология­лық­ тұжырымдамасын­ ә­зір­леу процесіне то­лық­ дай­ын­дық­пен келеді.

1917 жыл­дың 25 ақпа­нын­да ІІ Нико­лай­ пат­ша Дума оты­рыс­та­рын­дағы үзі­ліс­ жө­нін­де соң­ғы жар­лыққа қол­ қояды. М. Шо­қай­ тү­рік­-мұ­сыл­ман халықтарын­ о­тар­лық бұғауда ұс­тап­ кел­ген пат­ша­лық­ би­лік­тің құлауын ризашылық­ се­зім­мен қар­сы алады. “Қа­зақ­” газе­тін­де Ә. Бө­кей­ха­нов­, М. Дулатов­ бас­та­ған­ бар­лығы он қа­зақ­ зиялысы­ның­ ха­лық­ты “тең­дік, бостандық­ күні­нің­ ту­ған­дығы­мен­” құт­тық­тап­, Ақ­пан­ революциясы нәтиже­сін­де құ­рыл­ған уа­қыт­ша үкі­мет­ті қол­дауға, ұйымдасуға, Құ­рыл­тай жиналысына әзірлік жұ­мыс­та­рын­ жүр­гізуге, жер­ мәселе­сін­ қайт­а қол­ға алуға [117] ша­қыр­ған Ми­нс­кі­ден­ жібе­ріл­ген же­дел­хаты­ жарияланады. Жеделхат­ бас­ көте­рер­ қа­зақ­ аза­мат­тарына, о­лар­дың і­шін­де М. Шо­қай­дың­ ү­зең­гі­лес­ дос­тары Ә. Көтіба­ров­ (Таш­кен­т), Қ. Қожы­қов­ (Әнди­жан­) және С. Ақаевқа да (Таш­кен­т) жол­данады.

Сол­ ке­зең­дегі қа­зақ­ зиялылары­ның­ кө­ңіл­ ауа­нын­ М. Шо­қай­ бы­лай­ деп­ түсін­діреді: “Пат­ша­ның­ құлауы, о­рыс­тың төң­ке­ріс­шіл де­мок­ратиясы­ның­ би­лік­ басына келуі­мен­ Ре­сей­ бас­шылы­ғын­дағы біз­ге қар­сы заң­сыз­дық­тар­дың­ жойылатынына және о­рыс­ е­мес­ ұлт­тар­да шын­ мә­нін­де ө­зін­-өзі бас­қару құрылатынына әрі осы өлке­лер­ге жү­ріп­ жат­қан о­рыс­ көшуі­нің­ тоқ­тайт­ынына сене­тін­біз” (118].

Пат­ша­ның­ тақ­тан тай­ған­ күні Ә. Бө­кей­ха­нов­ жаңа жағ­дайда қа­зақ­ халқының­ ал­дын­да тұр­ған мәселе­лер­ге бай­ла­ныс­ты елге қайт­аты­нын­, Бүкілресей­лік­ Земс­тво ода­ғын­дағы өзі­нің­ орнына май­дан­ға а­лын­ған жұмысшылар­дың ісі­мен­ айналыса­тын­ ұйым­дар­дың шешімі­мен­ М. Шо­қай­дың­ сай­лан­ға­нын­ айт­ып­, сол­ се­беп­ті тез­ арада Ми­нс­кіге келуін та­лап­ е­тіп­ хат­ жолдайды. Бі­рақ­ Пет­рог­рад пен­ май­дан­ ара­сын­дағы те­мір­жол қатынасы­ның­ үзіліп­ қалуы се­беп­ті М. Шоқай Минс­кіге бара ал­май­ды.

М. Шо­қай­дың­ Пет­рог­радта кідіруі­нің­ бір­ себебі, Дума жұмы­сын­да “үзіліс­” жария­лан­ғаны­мен­, Мұ­сыл­ман ф­рак­циясы жа­нын­дағы Ке­ңес­ші бюроның­ тар­қай қой­мауына бай­ла­ныс­ты еді. О­ның­ үстіне көп­те­ген­ мұ­сыл­ман ха­лық­тары­ның­ ө­кіл­дері аласапы­ран­ жағ­дай­дың­ мә­нін­ түсінуге тыры­сып­, Кеңесші бюро­дан­ Ақ­пан­ төң­керісі­нен­ кейін қа­лып­тас­қан­ ахуалға о­рай­ іс-қи­мыл­ жасауды та­лап­ етеді. Пет­рог­радқа Ә. Бө­кей­ха­нов­, Ә. Топ­чибашы, С. Мақ­суди т. б. қай­рат­кер­лер­ жиналады [119]. Ке­ңес­ші бюро­ның­ 1917 жыл­дың 15–17 науры­зын­да мұ­сыл­ман­дар­дың қайы­рым­ды­лық­ қоры­ның­ ғимара­тын­да өт­кен­ отыры­сын­да сол­ жыл­дың 1–11 мамы­рын­да Мәс­кеуге Бү­кіл­ре­сей­лік­ мұсылмандар­ съезі­нің­ шақырылуы жө­нін­де ше­шім­ алынады. Съезге дай­ын­дық­ жұ­мыс­та­рын­ жүр­гізу ү­шін­ уа­қыт­ша орта­лық­ бюро құрылады. О­ның­ құрамына Ә. Бө­кей­ха­нов­, С. Жан­тө­рин­, А. Цали­ков­, Н. Құр­­бан­ғалиев, И. Лима­нов­пен бірге М. Шо­қай­ да кіреді [120].

Ақ­пан­ революциясына үл­кен­ ү­міт­ арт­қан­ М. Шо­қай­ Түр­кі­стан жө­нін­де даярла­нып­ жат­қан заң­ жобалары мен­ жаңа ереже­лер­ге ық­пал­ жасауға, уа­қыт­ты ұ­тым­ды пай­далануға тырысады. “Кү­н сай­ын жаңа та­ғай­ын­дал­ған министрлердің бір­де бірі­мен­, келесіде е­кін­шісі­мен­, не бол­маса революция­ның­ бас­ты кө­сем­дері­мен­ кез­десуге тура келді. Сол­ күн­дері қан­ша қа­ғаз­ жа­зыл­ды. Қан­ша түр­лі жоба­лар­ бол­ды!” [121] деп­ еске алады кейін.

Сол­ уа­қыт­та-ақ Мұс­тафа Түр­кі­стандағы а­зат­тық күш­тері­нің­ әл­сіз­дігі және ұйым­дас­па­ған­дығы се­беп­ті ­алға қой­ған­ мақ­сатына өз күші­мен жете алмай­ды де­ген­ тұжы­рым­ға келеді. Сон­дық­тан өзі­нің­ саяси қыз­меті­нің­ бас­ты бағыты тү­рік­ ха­лық­тары ұлт-а­зат­тық қоз­ғалысы­ның­ о­рыс­ революция­лық­ демок­ратиясы­мен­ ода­ғын­ қам­та­ма­с­ыз ету деп­ біледі, Пет­рог­рад­тағы о­ның­ о­рыс­ саяси және мем­ле­кет­ қай­рат­керлері­мен­ кез­де­сіп­ сұх­баттасулары осы мақ­сатты көз­дейді.

М. Шо­қай­дың­ о­рыс­ либе­рал­дық және де­мок­ратия­лық­ топ­тары­мен­ жа­қын­ қа­рым­-қаты­нас­та болуы ұлт-а­зат­тық қоз­ғалысы­ның­ таза п­раг­матика­лық­ мақ­сат-мүд­десі­нен­ ғана туында­ған­ жоқ­. Ол тү­рік­-мұ­сыл­ман қауымы­мен­ қан­ша араласып­, мұ­ңын­ мұң­дап жүр­гені­мен­, ө­зін ­русо­фоб­тық пи­ғыл­дан ау­лақ­ ұстайды. “О­рыс­ ин­тел­ли­ген­циясы­ның­ де­мок­ратия­лық­ және либе­рал­дық топтары ара­сын­да, – деп­ жазады ол, – біз­дер, о­рыс­ е­мес­тер, өзі­міз­ді бө­тен­ сезінген жоқ­пыз. Бұ­л жағ­дай біз­дер­дің­ о­лар­ға жа­қын­ бол­ғы­мыз­ кел­ген­дік­тен емес­, о­лар­дың ортасына тән­ саяси кө­ңіл­-күйді­ң өзі­міз­дің ой-күйі­міз­ге сәй­кес­ кел­ген­дігінен еді” [122].

Екі жақ­ та ұлт­тық­ тең­сіз­дік­ке бай­ла­ныс­ты әді­лет­сіз­дік­тер пат­ша үкіметіне ғана бай­ла­ныс­ты, ол құ­лап­, орнына революция­лық­ де­мок­ратия кел­ген кез­де бәрі де өзгереді деп­ сенеді. О­тар­лық жүйені саяси ре­жим­нің жемісі ­деп қарастырудың қате екенін­, о­ның­ ұлтара­лық­ мәселе е­кен­ді­гін­ түсіну М. Шо­қай­ ү­шін­ бола­шақ­тың ісі бо­лып­ қалады.

1917 жыл­ғы нау­рыз­ айы­ның­ ая­ғын­да ол Түр­кі­стан­ ұйымдары аты­нан­ Бүкіл­қа­зақ­ съезіне қатысу ү­шін­ жо­лай­ О­рын­борға со­ғып­, Түр­кі­станға оралу керек­тігі жө­нін­де Таш­кент­тен­ же­дел­хат алады. Мұс­тафаны Түр­кі­станға У. Қожаев шақырады. Тор­ғай қа­зақ­тары­ның­ съезіне Түр­кі­стан­ қа­зақ­тары­ның­ өкіл­дері қатысады.

Нау­рыз­ айында Уа­қыт­ша үкі­мет­ Ә. Бө­кей­ха­нов­ты Пет­рог­радқа шақыртады да [123], о­ның­ ор­нын­ Ас­фан­дияр Кен­жин­ басады. Пет­рог­радта 20 нау­рыз­ күні Әли­хан­нан Тор­ғай об­лыс­тық ко­мис­сары қыз­метіне тағайындалуына келісімі алынады [124].

М. Шо­қай­ Ә. Бө­кей­ха­нов­пен Пет­рог­радта кез­де­сіп­, түр­кі-мұ­сыл­ман халық­тары­ның­ тағ­дырында жа­қын­ арада жүзеге асырылуға тиісті нақ­ты шаралар­ жө­нін­де кең­ түр­де сұх­баттасады. Сол­ жолы Әли­хан­мен бір­ге М. Дулатов­ та Пет­рог­радқа келеді. Мұн­да Ә. Бө­кей­ха­нов­, Мір­жа­қып­ пен­ Мұстафа Уа­қыт­ша үкі­мет­ке қол­дау көр­сет­кен­ астана көшеле­рін­дегі шеруге де қатысады [125]. Әли­хан­, Мұс­тафа, Мір­жа­қып­тың қол­дары қой­ыл­ған­ “А­лаш­ ұлына” де­ген­ үндеу­ “Қа­зақ­” газе­тін­де 12 сәуірде жа­рық­ көр­гені­мен­, бұ­л құ­жат­ Пет­рог­радта дай­ында­лып­, осы үш тұл­ға­ның­, яғ­ни Ә. Бө­кей­ха­нов­, М. Дула­тов­,


М. Шо­қай­дың­ қаламы­нан­ туын­дай­ды [126].

М. Шо­қай­ға “А­лаш­ ұлына” се­кіл­ді ма­ңыз­ды құ­жат­қа қол­ қоюдың ұсынылуы Қа­зақ­ жері мен­ хал­қы­ның­ тұ­тас­ты­ғын­ ойла­ған­ Ә. Бө­кей­ха­нов­ пен­ М. Дула­тов­тың әуел ба­стан оны ұлт-а­зат­тық қоз­ғалысы­ның­ оң­түс­тік қанатының­ же­тек­шісі ­деп санауы­нан­ бол­са ке­рек­. Үндеуде “А­лаш­” қайраткерлері­нің­ 1916 жыл­ғы көтері­ліс­ туралы ұ­станым­дары­ның­ дұ­рыс­тығы, жаңа үкі­мет­ке көз­қарасы туралы баяндалады. “Ескі үкі­мет­ зама­нын­да қа­зақ­ хал­қы Русияға ө­гей­ е­дік­, бізге үкі­мет­тің жаны ашы­майт­ын­ еді, о­ның­ а­рын­ арлап­, намы­сын­ намыстамайтын­ еді. Мұ­ның­ зор­ бел­гісі был­тыр кө­рін­ді, “25 июнь жар­лығы” шық­қанда қа­зақ­ хал­қы қан­дай бол­ды. Е­гер­ ескі үкі­мет­ біз­ді тең­ ұс­тап­ о­тыр­ған бол­са, қа­зақ­ бөлі­нер­ ме еді, қар­сыла­сып­ қан­ тө­гер­ ме еді. Біз­ қазақ­қа “көн­, қарсы кел­ме” де­ген­де ра­қым­сыз үкі­мет­ жай­-күйіне қара­май­, қырып­-жой­ып жұрт­тың­ береке­сін­ кетіре­рін­ біліп­ а­мал­сыз­дан­ көн­ деуші е­дік­. Біз­дің­ жоруы­мыз­ рас­талға­нын­ ха­лық­ көр­ді...

Біз­ қа­зір­гі ә­діл­ үкі­мет­, а­зат­ Русия­мен­ бір­ ті­лек­те, бір­ кемеде­міз­” [127].

М. Шо­қай­­ сәуір айында О­рын­борда ашыла­тын­ Тор­ғай облысы қазақтарының­ съезіне Ә. Бө­кей­ха­нов­тан да ша­қыр­ту алады [128]. М. Шо­қай­ Пет­рог­рад­тан­ О­рын­борға 1 сәуірде жол­ға шығады.

О­рын­бор сол­ ке­зең­де А. Б­айт­ұрсы­нов­ пен­ М. Дула­тов­ се­кіл­ді қа­зақ­ зиялылары­ның­ же­тек­шілері тұра­тын,­ шын­ мә­нін­де ұлт-а­зат­тық қоз­ғалысы­ның­ астанасы ре­тін­де саналады. Осы екі қай­рат­кер­дің­ ұш­қыр­ қаламы­нан­ күл­лі халық­ ара­сын­да кең­ та­ныл­ған апта­лық­ “Қа­зақ­” газеті де о­сын­да шыға­тын­.

Съезге тек­ Тор­ғай және О­рал­ об­лыс­тары­нан­ ғана е­мес­, Ақмола, Се­мей­, Сыр­дария об­лыс­тары­нан­, О­рын­бор гу­бер­ниясы, Таш­кен­т, Қа­зан­, Уфа және тағы бас­қа қала­лар­дан, бар­лығы 300 ө­кіл­ мен­ құр­метті қо­нақ­тары қата­рын­да өзбек­, та­тар­ және баш­құрт қай­рат­керлері Мүнәуар Қари, Әб­дус­сами Қари, Фатих­ Кари­мов­, Те­мір­шах Со­ловь­ев т. б. қатысады. А­лаш­ тарихы­ның­ біл­гірі Ға­лым­ Ахме­дов­тің “бұ­л жиынды” тұң­ғыш қа­зақ­ съезіне балауы [129] шындықтан­ онша ал­шақ­ е­мес­ еді.

Съезді Қа­зан мұ­сыл­мандары­нан­ заң­гер Н. Хал­фин­, Уфа­дан­ Ғабд­рах­ман Фах­рет­ди­нов­, О­рын­бор мұ­сыл­мандары­нан­ Ғаб­діл­ға­зиз­ Ху­сайы­нов­, Те­мір­шах Со­ловь­ев, Ақтөбе­ден­ и­мам­ Ғұ­мар­ Ғаб­діл­ба­ниев, Ах­мет­ Б­айт­ұрсы­нов, “Вак­т” газеті­нің­ ре­дак­торы Фа­тих­ Кари­мов­ құт­тық­тай­ды. Съезд деле­гат­тары үкі­мет­ке қол­дау көр­се­тіп­, жер­гі­лік­ті бас­қару жүйе­сін­ өз­гер­ту, жал­пыға бір­дей ана тілінде мін­детті де ақы­сыз­ оқу, ха­лық­тың ді­ни қа­жет­ті­лік­те­рін­ қана­ғат­тандыру жө­нін­де мә­лім­деме­лер­ жа­сай­ды.

М. Шо­қай­ съезде қа­рал­ған ең ма­ңыз­ды мәселе о­рыс­ және бас­қа да сла­вян­ ха­лық­тары­ның­ қа­зақ­ жеріне ке­ліп­ қо­ны­стануын тоқ­тату бол­ғанды­ғын­ айт­ады. Бұ­л жө­нін­де Құ­рыл­тай жиналысы­ның­ шешімі­мен­ алды­мен­ қа­зақ­тарды орналастыру жай­лы қаулы алынады. Кейін жиынды М. Шо­қай­: “Қа­зақ­ даласында автономия­лық­ өкі­мет­тің ірге­сін­ қа­лай­ бас­та­ған­ бұ­л съезд қа­зақ­, өзбек­, та­тар­ ха­лық­тары­ның­ бас­тары бі­рік­кен, ер­кін­дікке ұмтылысы мен­ туысқан­дық­тың ай­қын­ көрінісі бол­ды” деп­ баға­лай­ды.

Съезд аяқ­тал­ған­нан­ кейін О­рын­бор мұ­сыл­мандары о­ған­ кел­ген делегаттарға қонақасы береді. Со­ңын­да А. Б­айт­ұрсы­нов­, М. Шо­қай­, У. Тана­шев­ және Ғ. Фах­рет­ди­нов­ Бұхар­ ханына “хал­қын кі­сен­деп ар­қан­да­май­, құл­дық­тан­ босатуға” ша­қыр­ған же­дел­хат жол­дайды. Түр­кі­стан ұлт-а­зат­тық қоз­ғалысына үл­кен­ ке­дер­гі бо­лып­ кел­ген Бұ­хар­ мо­нар­хына жол­дан­ған­ бұ­л хат­тың бастамашысы М. Шо­қай­ бол­ғандығы сөз­сіз. Соны­мен­ бір­ге құ­жат­ түр­кі-мұсылман қай­рат­керлері­нің­ Түр­кі­стан мен­ Қа­зақ­ дала­сын­ бір­-бірі­нен­ бө­ліп­ қарама­ған­дығы­ның­, а­зат­тық қоз­ғалысы­ бір­тұ­тас­ деп білгендігінің айғағы деуге келеді.

1917 жыл­дың 26 науры­зын­да Перовс­к қа­зақ­тары­ның­ жал­пы жиналысында М. Шо­қай­ (Ә. Көтіба­ров­, С. Ла­пин­, Қ. Қожы­қов­пен бір­ге) қа­зақ­ депу­тат­тары­ның­ о­тыз­ бес­ а­дам­нан тұра­тын­ уез­дік­ ке­ңес­інің құрамына, соны­мен­ бір­ге сырт­тай­ Түр­кі­стан өлкесі қо­ғам­дық атқару коми­тет­тері­нің­ Таш­кент­те ашыл­ғалы тұр­ған съезіне деле­гат­ бо­лып­ сай­ланады [130]. Осы­ған­ бай­ла­ныс­ты ол О­рын­бор­дан­ Мүнәуар Қари, Әб­дус­сами Қари, Сер­құ­л Алда­бер­ге­нов­, Жүсіпбек Басығараұлы­мен­ бір­ге Таш­кен­т бағы­тын­да пой­ызға оты­рып­, Перовскіде тү­сіп­ қалады. Қала тұр­ғындары Мұс­тафаны өздері­нің­ жер­лесі ре­тін­де де, оған­ қоса Таш­кен­т пен­ Пе­тер­бург­те жер­гі­лік­ті тұр­ғын­дар­дың көші-қон­ мәселесі бой­ынша а­рыз­-ша­ғым­дарына қол­ ұ­шын­ бер­ген заң­гер ре­тін­де де жақсы біле­тін­. О­лар­ды “ауып кел­ген ке­лім­сек­тер­дің шең­гелі­нен­” та­лай­ рет­ құтқа­рып­ қал­ғаны туралы кейін өзі де еске алады. Мұс­тафа қаланың және темір­жол бой­ында орна­лас­қан елді ме­кен­дер­дің­ әлеу­мет­тік-экономика­лық­ жағдайы­мен­ таны­сып­, 10 сәуірде Таш­кент­ке жетеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет