Қр мемлекеттік кіріс комитеті органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер сапасының мониторингі Аналитикалық есеп беру


Электронды қызметтер - сыбайлас жемқорлықты төмендететін тәсіл



бет12/35
Дата10.07.2016
өлшемі10.9 Mb.
#189447
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   35

Электронды қызметтер - сыбайлас жемқорлықты төмендететін тәсіл


Жылдарға шаққандағы сыбайлас жемқорлық туралы мәліметтер келтірілген бөлімде элекрондық қызметтер жемқорлықты бірнеше есе төмендететіндігін көрсетті, яғни басқа да қызметтерге қатысты айтар болсақ, онда автоматтандырылған қызметтер де жемқорлық деңгейін анағұрлым төмендетеді екен.

27-кесте. Қызмет алудың электронды формасы, сұхбаткерлердің %.



Салық қызметтері:

Электронды түрде, %

Сыбайластық деңгейі, %

ЖК тіркеуге алу, N=1507

30,1

0,3

Салықтың төленген сомасын шегеру және қайтару, N=1550

50,3

0,3

Заңды тұлғаны тарату, ЖК қызметін тоқтату, N=905

12,0

2,0

Салық төлеушіні тіркеу, N=1166

20,7

0,2

Салық берешегі жоқ (бар) туралы анықтама, көшірме беру, N=1396

26,9

0,4

Салық есептілігін тапсыру, N=4150

71,5

0,6

Салық қызметтері бойынша орташа, N=6525

35,0

0,5

Кеден қызметтері (жартылай электронды):







Тауарларды кедендік тазалау және шығару, N=1010

15,5

2,6

Кеден бажы, салықтары туралы есептесулердің салыстырмалы актілерін беру, N=1022

5,6

0,6

Тауарларды жіктеу жөнінде алдын ала шешімдер қабылдау, N=851

6,7

3,8

Тауардың құнына байланысты қосымша тексеріс жүргізу, N=867

0

5,3

Шекарадағы кедендік бақылау, N=830

7,3

19,5

Кеден қызметтері бойынша орташа

8,4

3,1

Салық есептілігін тапсырудан басқа (71,5%) салық қызметтері арасында жиі электронды түрде алынатын қызметке салықтың төленген сомасын шегеру және қайтару (50,3%) жатады. Салық қызметтері бойынша орташа есеппен қызметті электронды түрде сұхбаткерлердің 30%-ы алады. Кеден қызметтері бойынша орташа есеппен – небәрі 8,4% ғана, көбінесе электронды тәсіл арқылы тауарларды кедендік тазалау және шығару (15,5%) қызметі алынады. Кеден қызметтері шамалы түрде автоматтандырылғандықтан бұл жоғары сыбайлас жемқорлыққа әкелетіндігін көрсетеді.

Қорытынды

Салық процедураларын автоматтандыру, оларды жетілдіруге байланысты салық бағытындағы сыбайлас жемқорлық деңгейі кеден қызметтеріне қарағанда төмен. Зерттеудің нәтижелері бойынша бейресми төлемдерді электронды қызмет түріне ауысу арқылы, яғни 4%-дан 0,9%-ға дейін айтарлықтай азайтуға болады.

Басқаларға қарағанда аса сыбайлас жемқорлыққа жол берген қызмет түріне бизнес пен жеке тұлғаларды шекарада кедендік бақылау жатады. Салық қызметтері арасында – заңды тұлғаларды тарату мен ЖК қызметін тоқтату. Сонымен қатар тауарларды кедендік тазалау және шығару қызметіне баса назар аударған жөн, себебі осы қызмет түрі бойынша сұхбаткерлер сыбайлас жемқорлық – мәселе ретінде көбірек қақтығысты (3,5%), сыбайлас жемқорлық қатынасына қатысушылар ретінде аз орын алды (2,6%).

Сыбайлас жемқорлықпен қатысы жоқ қызметтерге салық төлеушіні тіркеу (9,1 балл) және ЖТ үшін берешегі бар/жоқ туралы анықтама беру (9 балл) жатады. Кеден қызметінің басқа қызметтерімен салыстырғанда ең жоғары балға есептесулердің салыстырмалы актісін беру қызметі ие (8,5 балл).

Халыққа (жеке тұлғалар) арналған қызметтер қарапайым әрі қолжетімді болуы керек екендігі бәріне белгілі, алайда зерттеу жұмысының нәтижелері бойынша халыққа бағытталған кеден қызметтері бизнеске қарағанда қиынырақ болып келеді. Мысалы, халық арасында бейресми төлемдерінің орташа көрсеткішінің көлемі салық қызметтеріне қарағанда кеден қызметтерінде жоғары, ал бизнес үшін кеден қызметтеріне қарағанда салық қызметтері бойынша көрсеткіш жоғары тұр. Кеден қызметі бойынша халық сыбайлас жемқорлықтың жоқтығын салық органына (9 балл) қарағанда төмен бағалаған (7,6 балл). Демек, халыққа арналған кеден қызметтері жетілдіруді, жеңілдетуді талап етеді. Сонымен қатар бизнес кеден заңдылықтары бойынша айтарлықтай сауатты болса, онда халық мәселе туындаған кезде ақсап, мемқызметкерлер алдында қорғансыз болып қалады, олардың 31,1%-ы сыбайлас жемқорлықтың қандай мөлшерде болса да бар екенін мойындайды.

Ережелер мен процедураларды сақтау қымбатқа түсетіндіктен, көптеген мәселелер туындайды. Сондықтан да жемқорлық мәселесін ережелер мен процедураларды міндетті түрде сақтау көмегімен шешу керек, олар анағұрлым ашық, бөтен адамдардың болуын немесе қызметкерлердің түсініксіз функцияларын қадағалау, бейнебақылауды енгізу, заңды бұзу қатаң жазалану арқылы бақылау керек, сонымен қатар ережені бұзу қымбатқа түсетін, атқарылуы тиімді болатын қарапайым кеден мен салық заңдылығын қалыптастыру қажет.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет