Оқытуды ұйымдастыру формалары-тұтас жүйенің элементі
Латын сөзі «форма» тысқы бейне, сырттай көрініс, қандай да нəрсенің құрылымы дегенді аңдатады.
Оқытуды ұйымдастыру формасы – оқыту процесінің міндеттерін іске асырудағы мұғалім мен оқушылардың іс–әрекеттерінің сыртқы көрінісі. Ұйымдастыру формасында оқытудың мақсаты, мазмұны мен әдістері бірыңғай жүзеге асады.
Қоғамның даму тарихында жас ұрпақты оқытудың ұйымдастыру тәсілдері де өзгеріп тұрады. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың тарихында, оның негізінен үш түрлі формасы қалыптасқан: жеке –дара, топтық және сынып–сабақтық жүйе.
Оқытуды ұйымдастырудың негізгі формаларына сипаттама
Оқытудың кең таралған сынып–сабақ жүйесінің негізін қалаған Ян Амос Коменский болды. Ол өзінен бұрын өткен және ағымдағы педогогикалық тәжірибелерді зерттеп , оқу ісін жүйелі ұйымдастыруды ұсынды.
Оқушыларды сыныпқа жас шамаларымен таным қабілеттері бойынша топтастыру.
Сыныптағы оқушылар құрамының әркезде тұрақты болуы.
Жеке пәндерді тұрақты оқу кестелері арқылы алмакезек оқыту.
Оқытуды оқу жоспарына, оқу бағдарлмалары және оқулықтарға негіздеу.
Оқытуды жылдың тұрақты бір мезгілінде бастап , аяқтау.
Оқытуды ұйымдастыру тек мұғалімнің басшылығымен жүргізілуі.
Қорыта айтқанда, мұғалім бір мезгілде жас шамалары бірдей, құрамы әркезде тұрақты оқушылар тобымен жұмыс істейді.
16.Сабақтың типтері және құрылымы
И.П.Казанцев бойынша сабақ типтерінің жіктелуі
Алғашқы сабақ
Кіріспе сабақ
Жаңа білімді меңгерту сабағы
Пысықтау сабағы
Жаттығу сабағы
Қайталау және қорыту сабағы
Тексеру сабағы
Білім сапасын бағалау сабағы
Қорытынды сабақ
С.В.Иванов бойынша сабақ типтерінң жіктелуі
Кіріспе сабақ
Оқу материалымен алғаш танысу сабағы
Жаңа білімді меңгерту сабағы
Меңгерген білімді тәжірибеде қолдану сабағы
Дағдылану сабағы
Қайталау, пысықтау сабағы
Достарыңызбен бөлісу: |