12.Оқытудың белсенді әдістері
Оқытуды ұйымдастыру формалары-тұтас жүйенің элементі
Оқытуды ұйымдастырудың негізгі формаларына сипаттама
Сабақ-мектептегі оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы
Сабақтың типтері және құрылымы
Оқытудың дәстүрлі технологиясы
Педагогикалық ғылымдар жүйесіндегі дидактика
Оқыту және білім беру мазмұны
Оқытудың процесінің жүйесі, құрылымы және функциялары
12.Оқытудың белсенді әдістері
Оқытудың белсенді әдістері - оқу
материалын игеру үдерісінде оқушыларды белсенді ойлау және практикалық әрекетке итермелейтін әдістер. Белсенді оқыту мұғалімнің дайын білімдерді баяндауына, оларды есте сақтауы мен қайта жаңғыртуына емес, оқушылардың белсенді ойлау және практикалық әрекет үдерісінде өз бетінше білімдер мен біліктерді меңгеруіне бағытталған әдістер жүйесін пайдалануды білдіреді.
Белсенді оқыту әдістерінің ерекшеліктері олардың негізінде практикалық және ойлау әрекетіне ояту жатыр. Онсыз білімдерді игеруде алға жылжушылық болмайды. Оқытудың белсенді әдістерінің пайда болуы және дамуы оқытудың алдына оқушыларға білім ғана беріп қоймай, танымдық қызығушылықтар мен қабілеттердің, шығармашылық ойлаудың, өз бетінше ақыл-ой еңбегінің қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз ету т.б. жаңа міндеттер қойылуымен байланысты.
Әрбір мұғалімнің басты міндеті оқушыларға белгілі бір білімдер жиынтығын беру ғана емес, сонымен қатар оларда оқуға деген қызығушылықты дамыту, оқи білуге үйрету. Жақсы ойластырылған оқыту әдістерінің көмегінсіз оқу материалының игерілуін ұйымдастыру қиын.
Мектепте қолданылатын неғұрлым тиімді белсенді әдістерге: -Дәстүрлі сабақтың дәстүрлі емес басталуы -Проблемалық сұрақтар қою және шешу, проблемалық жағдаяттар құру. -Релаксацияны және қорытынды шығаруды ұйымдастыру. -Оқу материалының тұсаукесері -Индуктивті және дедуктивті логикалық сызбаларды пайдалану -Интербелсенді оқыту формаларын немесе олардың элементтерін пайдалану.
Проблемалық сұрақтар қою және шешу, проблемалық жағдаяттар құру. Сабақта қолданылатын проблемалық жағдаяттардың типтері: күтпеген нәрсе жағдаяты; конфликт жағдаяты; белгісіздік жағдаяты; болжам жағдаяты; таңдау жағдаяты.
Оқу материалының тұсаукесері – ақпараттық технологияны, электронды оқу құралдарын, интерактивті тақтаны және т.б. пайдалану
Интербелсенді оқыту формаларын немесе олардың элементтерін пайдалану: «жобалар әдісі», «миға шабуыл», «пікірталас», «түрлі кейіпкерлерден интервью алу» жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |