Оқытудың инновациялық технологиялары
Ағарту саласында жиі қолданылып жүрген «инновация» (латынның innove – жаңа, жаңа әдіс, әдістеме, технология, бағдарлама) терминінің өзі ауызекі тілдік айналымда ХҮІІІ ғасырдың өзінде пайда болса, ХІХ ғасырда ол ғылыми арнада кеңінен қолданыла бастаған.
Инновациялық технологиялар – ол білім саласындағы қолданатын жаңа ақпараттық технологиялар, ғылым жетістіктеріне негізделіңген әдістер
Технологияның артықшылықтары
Біріншіден, технологияда түпкі нәтиже дәл анықталады. Дәстүрлі педагогикада мақсатқа жету жолдары анық болмайды. мақсат дәл болғандықтан, оны дәл анықтауға мүмкіндік бар.
Екіншіден, мақсат диагностикаға сүйеніп қойылғандықан, оған жету үшін істелетін жұмыстардың нәтижесі объективтік әдістер арқылы тексеріледі.
Үшіншіден, мұғалім дайындықсыз оқыту процесін жүзеге асыра алмайды.
Төртіншіден, әдістемеде сабақ жоспарлары – мұғалімнің жоспары, оқыту процесінде жұмыс істейтін мұғалім. Ал технологияда оқушылардың оқуіс-әрекетінің түрлері және көрсетілген жоба жасалады. әдістеме бойынша әр мұғалім сабақ жоспарын өзінше жасайды, демек сабақта оқушылардың іс-әрекеті де түрліше ұйымдастырылады.
Технологияның кезеңдері
Оқытудың мақсатын диагностика арқылы қайта тұжырымдау жаңа мақсатқа жету кезеңдерін белгілеу диагностика негізінде оқытудың жаңа мақсатын қою. Технологияда оқушыда қалыптасқан сапа, іскерлік, қасиет анық суреттеледі. Тексеру құралдары арқылы оқушының сапасы, қажеттіліктері, іскерліктері, даму, қалыптасу деңгейлері анықталады. Оқушының деңгейі бұрынғы деңгейімен салыстырылады,жаңа мақсат қойылады. Сонымен, мақсат анық болмаса оқу процесінің жетілдірілуіне кедергі жасалады.
Интерактивтік әдіс («Inter» - бұл өзара, «act» әрекет, қарым-қатынас) – бұл әңгіме, сұхбат және диалог режиміндегі өзара әрекет дегенді білдіреді. Басқаша сөзбен айтқанда,
тыңдаушының оқытушымен қарым-қатынасы ғана емес, сонымен қатар, бір-бірімен болған қарым-қатынасын білдіреді. Интерактивтік сабақтағы мұғалімнің ролі тыңдаушының білімді алудағы мақсатына түбегейлі жеткізу болып табылады.
Интерактивтік әдіс-тәсілдер бүгінгі таңда барлық оқу орындарында кеңінен қолданылып отыр. Мысалы, шығармашылық, жұппен жұмыс, шағын топтармен жұмыс, аквариум, рөлдік ойын, пікірталас, пікірсайыс және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |