ҚР-ның «Білім туралы» заңы


Б.П.Есипов бойынша сабақ типтерінің жіктелуі



бет7/8
Дата22.02.2024
өлшемі35.02 Kb.
#492814
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
1-10 сұрақ

Б.П.Есипов бойынша сабақ типтерінің жіктелуі

  1. Аралас сабақ

  2. Жаңа материалмен танысу сабағы

  3. Пысықтау сабағы

  4. Жинақтау және қорыту сабағы

  5. Білім сынау сабағы

Теоретиктер мен практиктердің зерттеулері бойынша қазіргі мектеп тәжірибесінде қолданылып жүрген сабақтың типтері:

  1. Аралас сабақ

  2. Кіріспе сабағы

  3. Жаңа білімді хабарлау сабағы

  4. Білім, іскерлік дағдыны бекіту сабағы

  5. Жаттығу және тәжірибе сабағы

  6. Қайталап-қорыту сабағы

  7. Білім, білік,іскерлік, дағдыны тексеру және бақылау, түзету сабағы;

  8. Зертханалық және тәжірибелік сабақ



Сабақ құрылымы – сабақтың әр бөлігінде мұғалім мен оқушының бірге жасайтын алуан түрлі жұмыстары.
Сабақтың үш мақсаты:
Білімділік: оқушыларды білім, білік, дағды жүйесімен қаруландыру
Тәрбиелік: оқушылардың ғылыми дүниетанымын, тұлғаның адамгершілік қасиетін, көзқарастары мен сенімін қалыптастыру.
Дамытушылық: оқыту кезінде оқушылардың танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін, жігерін, көңіл-күйін, тілі, жадысы, ынтасы, қиялы мен қабылдауы сияқты танымдық қабілеттерін дамыту

Сабақтың негізгі компоненттері
1. Ұйымдастырушылық- сабақ бойы сыныпты ұйымдастыру, оқушылардың сабаққа дайындығы, тәртіп.
2. Мақсаттылық- оқушылар алдына сабақ мақсаты мен оның жеке кезеңдерінің мақсатын қою.
3. Ынталандырушылық – оқылатын оқу материалының берілген тақырып бойынша да, жалпы курс бойынша да маңыздылығын анықтау.
4. Коммуникативтілік – мұғалімнің сыныппен қарым-қатынас деңгейі.
5. Мазмұндық – оқылатын, бекітілетін, қайталанатын, өзіндік жұмыстар және т.с.с. материалдарды таңдау.
6. Технологиялықсабақ типіне, берілген тақырыпқа, берілген сыныпқа арнап тиімді оқыту түрін, әдісі мен тәсілдерін таңдау.
7. Бақылау – бағалаушылық – сабақтағы оқушы іс-әрекетін бағалауда оны белсенділікке ынталандыру, танымдық қызығушылығын дамыту үшін пайдалану, қолдану
8. Аналитикалық (талдау)сабақты қорытындылау, сабақтағы оқушылар іс-әрекетін талдау, сабақты ұйымдастыру бойынша өз әрекетінің нәтижесін талдау
Сабақтың тиімділігін арттырудың негізгі жолдары
-танымдылық, тәрбиелік және дамытушылық мақсатты қою мен шешу;
• оқу үрдісінің қолайлығы (оқушының жеке дара мүмкіндіктері мен қабілетін ескере отырып оқытудың барлық кезеңдерінде ең қолайлы нұсқасын таңдау);
• оқушылардың танымдылық қызығушылықтарын қалыптастыру мен ынталандыру;
• оқытудың ынталандыру әдістері мен тәсілдерін қолдану;
• оқушылардың өзіндік іс - әрекетін ұйымдастыру;
• жалпы және арнаулы білім, білік, дағды тұтастығын қалыптастыру;
• қарама – қарсы байланыстың шапшаңдығын ұйымдастыру;
• оқушы мен мұғалімнің қарым – қатынасының ынтымақтастығын қалыптастыру, жағымды психологиялық қолайлы ахуалды қамтамасыз ету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет