Р. С. Касымова Әлеуметтік педагогтың ЖҰмыс технологиясы оқу құралы Алматы, 2020


Әлеуметтік және білім беру технологиясының негізгі компоненттері



бет16/103
Дата10.09.2023
өлшемі3.57 Mb.
#477057
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   103
Р. С. Касымова леуметтік педагогты Ж мыс технологиясы о у ра

Әлеуметтік және білім беру технологиясының негізгі компоненттері
Г.М.Коджаспированың айтуынша, педагогикалық технология автордың белгілі бір идеясына негізделген нақты педагогикалық тұжырымдама үшін жасалынады.Педагогикалық әрекеттердің, операциялардың және коммуникацияның технологиялық тізбегі нақты күтілетін нәтижеге ие мақсатты нанымдарға сәйкес қатаң түрде құрылады. Педагогикалық технологияның бөліктері - критерийлер, көрсеткіштер мен іс-әрекет нәтижелілігін өлшеу құралдары бар диагностикалық процедураларболып табылады.
2-сызба. Әлеуметтік-педагогикалық технологияны әзірлеудің компоненттері


Аспектілері:
1.Ғылыми
2.Процессуалды-сипаттамалық
3.Процессуалды-әрекетті




Әзірлеу функциялары:
• Аналитикалық-болжамды
• Диогностикалық
• Жүйелік-модельдеуші
• Жобалық-ұйымдастырушылық
• Белсендіруші
Аспаптық-практикалық



Құрылымы:

  • Диагностикалық-болжамдық кезең

  • Оңтайлы технологияны таңдау (әзірлеу) кезеңі

  • Таңдалған технологияны іске асыруға тікелей дайындық кезеңі

  • Іске асыру

  • Сараптамалық-бағалау




Тиімділік өлшемдері:

  • Жан-жақтылық

  • Конструктивтілік

  • Нәтижелілік

  • Шапшаңдылық

  • Салыстырмалы қарапайымдылық

  • Сенімділік

  • Икемділік

  • Үнемділік

  • Пайдаланудағы ыңғайлылық



Әлеуметтік-педагогикалық технология әдістемені нақтылауға қызмет етеді және үшаспектіден тұрады:


-ғылыми (мақсат, мазмұн мен әдістерді зерттейді, әзірлейді және педагогикалық үдерістерді жобалайды);
-процессуалды-сипаттамалық (процесс алгоритмі);
-процессуалды әрекетті (технологиялық / әлеуметтік-педагогикалық процесті жүзеге асыру, жекелік, аспаптық және әдіснамалық педагогикалық құралдардың жұмыс істеуі).
Әлеуметтік-педагогикалық технологияныәзірлеуфункциялары:
-аналитикалық-болжамды (әлеуметтік тәуекел санатына жататын топтарды анықтау және есепке алу, қажеттіліктерді анықтау, әлеуметтік процестер динамикасын бақылау, қолданыстағы параметрлердегі өзгерістерді болжау);
-диагностикалық (проблемаларды талдау, проблемалық өрістің себептерін анықтау);
-жүйелік-модельдеуші (көмек сипатын анықтау);
-жобалық-ұйымдастырушылық (проблеманы шешуге бағытталған әзірлеме, іске асырулар);
-белсендіруші (индивидтің жеке қабілеттерінің ішкі потенциалын жандандыруға көмектесу, проблемаларды шешуге ынталандыру, өзіне-өзі және өзара көмек көрсетудің дамуын ұйымдастыру),
-аспаптық-практикалық (өмірлік қиыншылықтар кезінде әр түрлі көмек көрсету бойынша іс-шараларды жүзеге асыру, кеңестер, тренингтер және т.б.)
Әлеуметтік-педагогикалық технология құрылымынакелесілер жатады: мақсат (технологияның негізгі міндеті); технология объекті (адам, жалпы әлеуметтік-педагогикалық технология, оның кезеңдері, аралық кезеңдері, нақты әлеуметтік-педагогикалық қызмет, қызметтің нәтижесі және т.б.).
Әлеуметтік-педагогикалық технологияның мазмұнын дамыту құрылымында М. А. Галагузова, Л. В. Мардахаев, Б. Н. Алмазов, М. А. Беляева, Н. Н. Бессонова сияқты авторлар бес кезеңді қарастырады:диагностикалық-болжамдық кезең, оңтайлы технологияны таңдау (әзірлеу) кезеңі, таңдалған технологияны іске асыруға тікелей дайындық кезеңі, іске асыру, сараптамалық-бағалау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет