Р. С. Касымова Әлеуметтік педагогтың ЖҰмыс технологиясы оқу құралы Алматы, 2020


ӘЛЕУМЕТТІК АУЫТҚУЛАР, ОЛАРДЫҢ СЕБЕПТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БОЛДЫРМАУ ЖОЛДАРЫ



бет19/103
Дата10.09.2023
өлшемі3.57 Mb.
#477057
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   103
Р. С. Касымова леуметтік педагогты Ж мыс технологиясы о у ра

ӘЛЕУМЕТТІК АУЫТҚУЛАР, ОЛАРДЫҢ СЕБЕПТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БОЛДЫРМАУ ЖОЛДАРЫ
Адамның әлеуметтік дамуы кейде белгілі бір ауытқуларға соқтырады. Әлеуметтік ауытқулардың мәні, оның қалыптасу себептері мен оның алдын алу мүмкіндіктері және оны жеңу, әлеуметтік - педагогикалық мәселе. Бұл тақырыпта мынадай мәселелер қарастырылады:
1) адамның әлеуметтік тұрғыдан қалыпты дамуы мен ауытқуы және әлеуметтік ауытқудың себептері;
2) балалар мен жеткіншектердің девиантты мінез-құлқын, іс-қимылын болдырмау мақсатындағы әлеуметтік-педагогикалық әрекеттің бағыттары.
Қалып (лат.norma) - деп ережені, белгіленген межені түсінуге болады. «Әлеуметтік қалып» («социальные нормы») – бұл ресми белгіленген немесе әлеуметтік тәжірибе негізінде пайда болған және қоғамның белгілі бір нақты-тарихи өмір жағдайындалайық қалыптасқан қоғамдық іс-қимыл ережелері. Олар топтағы жекке тұлғаның қалыптасқан немесе белгіленген (рұқсат етілген немесе міндетті) іс-қимыл стандарты, жеке адамның өзгелермен әрекеттесу үшін қажетті шарты.
Әлеуметтік қалыптарда алдыңғы қоғамның әлеуметтік тәжірибесі көрініп бейнеленеді және сонымен бірге қазіргі кезедегі әлеуметтік шындық саналы қабылданады. Олар заң актілерінде, қызметтік инструкцияларда, ережелер мен жарғыларда, ұйымдастыру институттарының құжаттарында, сонымен қатар заң жүзінде жазылмаған, ортада қабылданған ереже түрінде бекітіледі. Негізгі әлеуметтік қалыптарды былай топтастыруға болады: құқықтық, адамгершілік, этикалық, діни және т.б., олар адамның кез келген сәттегі әлеуметтік рөлінің өлшемдері ретінде қызмет етіп, күнделікті өмірі мен қызметінде іске асады.
Адам бірнеше әлеуметтік рөлдерді қатар орындайды, мысалы, азамат, маман, отбасы және ұжым мүшесі, т.с.с, соның барысында өзін жүзеге асыру үшін әлеуметтік тәжірибені игереді.
Әлеуметтік ауытқулар – бұл адамның әлеуметтік дамуының қоғамда қалыптасқан құндылықтар мен қалыптарға (өзінің өмір сүру ортасына) сәйкес келмеуі. Әлеуметтік ауытқулардың формалары: асоциалдық және антисоциалдық іс-қимылдар.
Асоциалдық іс - қималдар (грек. а - теріс мағынаны білдіретін қосымша, лат.socialis – қоғамдық, қоғамдағы адамдардың өміріне және қарым-қатынасына байланысты) - бұл адамның іс-қимылының қоғамда қалыптасқан қалыпқа сәйкес келмейді, бірақта қоғамдық тәртіпті бұзбайды.
Антисоциалды (грек. anti - қарсы және әлеуметтік) – бұл адамның заңға қайшы іс-қимылы.
Әлеуметтануда аномия құбылысын қарастыруға болады, ол адамның әлеуметтік ортадағы әлеуметтік қалыптарға сай еместігі. Бұл «аномия» терминін француз әлеуметтанушысы Д.Дюркгейм енгізген, адамның іс-қимыл қалыптарының сақталмауы немесе жетіспеуі. Американ әлеуметтанушысы Р.Мертон 30-шы жылдары әлеуметтік аномия теориясын ұсынған, онда қоғамдағы «адамгершіліктің болмауынан», жеке адамның теріс іс-қимылға баруы қарастырылған. Оның пікірінше, кез келген қоғамда адамгершілік құндылықтарды орнатудың мақсаты мен құралдары бар. Адамгершілік құндылықтарды орнатуға жеткізетін мақсат пен құралдар арасындағы тепе-теңдіктің бүлінуі, аномияға негіз болады. Мертон адамның аномия қалпының бірнеше реакциялық типін көрсетеді (оны жүзеге асыру үшін, іс-әрекет мақсатына қатысты құралдарды таңдау арқылы қисынды варианттардың сәйкесуі): конформизм, инновативтілік, ритуалдылық, ретризм, бүлік шығару.
Конформизм (кешеуіл лат. conformns – ұқсас) – қоғамда қалыптасқан адамгершілік мақсаттар мен құралдарға жағымды қатынас орнату.
Инновативтілік (лат. innovatio - жаңару, өзгеріс) – мақсатқа жағымды қатынас орнату және құрал таңдауды шектеуге қарсылық білдіру, жаңа іс-қимылдың пайда болуы адам іс-әрекетінде өзгеріс, жаңалық пайда болады.
Ритуалдылық – мақсатқа теріс қатынас, құрал таңдаудағы басты ұстаным мақсатты ескермейтін ритуалдық іс-қимыл типі (мысалы, діни әрекет, бюрократтық т.с.с.).
Ретризм – бір нәрсеге қол жеткізуде мақсатты да, құралды да жоққа шығару. Бұл өмірден алшақтауды білдіреді (маскүнемдік, нашақорлық және т.б.).
Бүлік шығару – қоғамда қабылданған мақсаттан да, құралдан да бас тартып, оны жаңа мақсат пен құралдарға алмастыру. Бұл көтеріліс, әлеуметтік қалыптар мен құндылықтарды қайта құру.
Әлеуметтік педагогикада және әлеуметтануда «іс-қимылдың ауытқуы» деген термин бар. Бұл термин қоғамда қабылданған қалыптар мен рөлдерге адам іс-қимылының сәйкессіздігін, ауытқуын түсіндіреді.
«Іс-қимылдың ауытқуы» терминін көбінесе «девиантты» (лат.deviatio - ауытқу ) немесе ( лат. delinquens – тәртіп бұзушы) терминдерімен алмастырады. Адамның девиантты іс-қимылы дегеніміз қоғамда қабылданған ережелерден ауытқиқын іс-қимылдар жүйесі немесе жеке іс-қимыл мен әрекет. Девиантты іс-қимыл - жиірек адамның қоғамдық қалыптар мен адамгершілікке жағымсыз (теріс) іс-қимылы және әкімшілік жауапкершілікке тартылатын адамның іс-қимылы.
1950 жылы американ әлеуметтанушысы А.Коэн делинквенттік субмәдениет теориясын ұсынды. Бұл теорияда делинквенттік іс-қимылды адамдар типінің субмәдениетін негіздеп, олардың табыстылық бағытын анықтап, оған «үлкен қоғамнан» өзгеше, мүлде басқа жолмен (басқа құралдармен) жетуді ұсынды. Бұл тип өкілдері үшін өзін құрметтейтін және өзгелер құрметтейтін ұсақ ұрлық жасау, өктемдік көрсету, вандализм (қирату) мәнді. Күш көрсету субмәдениетіне өктемдік іс-қимыл және ұрлық жасау, т.с.с. жатады. Ол мафия, қылмыстық топ, бұзақылар арасында орын алады, осы топқа жататындардың өмір сүру салтын сипаттайды.
Адамның девиантты іс-қимылын қалыптастыратын түрлі теориялар бар. Олардың бірі: биологиялық – адамның сыртқы келбетінің тәртіп бұзушылыққа бейімділігі (Ломбразо, Шелдон); психологиялық – адам психикасының негізінде жасалатын шиеленісуге, құқықбұзушылыққа бейімділік (Фрейд); әлеуметтік - адамның девиантты іс-қимылы теріс әлеуметтік тәжірибені игеру нәтижесінде, тәрбие мен орта қайшылығынан пайда болады және т.б. (Дюркгейм, Мертон Миллер және т.б.).
Түрлі теорияларды талдау барысында биологиялық және психологиялық теориялар тұлғаның ерекшелігін және оның девиантты дамуы мен тәрбиесіне ықпал ету мүмкіндігін көрсетеді. Олардың бойында дүниеге келгеннен бергі уақытта зорлық, өктемдік бастама орын алады және құқық бұзуға бейім болады. Бірақта адамның құқық бұзуға бейімділігі тек жағымсыз өмірлік жағдайларда және тәрбиеде жүзеге асады, сөйтіп тұлға дамуының негізін анықтап, келешекте теріс (девиантта немесе деликвентті) іс-қимылға ұшыратады.
Адам іс-қимылының ауытқу негізінде биопсихологиялық сипаттар жатыр, әлеуметтік үдеріс пен оның нәтижесі, жағымсыз әлеуметтік іс-қимыл тәжірибесі, тұлғаның теріс бағыты (қызығушылықтары, қажеттері, мотивтері, мақсаттары мен мұраттары), теріс әдеттері және соған лайық (жағымсыз бағыттар мен теріс әдеттер), жағымды сезімі (іштей қанағаттануы), әлеуметтікке қайшы, әдепсіз іс-қимыл, әрекеттер мен істер орын алады.
Адам біртіндеп девиантты болады. Девиантты іс-қимылдың негізгі кезеңдері:
әлеуметтік қалыптар мен тұлға арасындағы қайшылықтардың пайда болуы;
баланың әлеуметтік талаптарды қабылдамауы, оны жоққа шығаруы;
баланың заңға қайшы әрекеттері ( бұзақылық, ұрлық т.с.с);
заңға қарсы әрекеттердің жасалуы;
асоциалды әрекет тәжірибесінің жинақталуы ( күш көрсету, бұзақылық, өтірік алдау, ұрлық жасау);
асоциалды іс-қимыл тобына енуі;
заңдарды бұзуы;
қылмыс жасау.
Әлеуметтік жағымсыз іс-қимылдылармен мәселені шешу үшін, оны тудыратын және қалыптастыратын негізгі факторларды анықтау қажет. Ондай факторлар тобын және оның құрамын:
А. Психологиялық және физиологиялық дамудағы ауытқу: туғаннан зияттық дамуының төмен деңгейі, немесе бас сүйек-ми жарақатының нәтижесі; эмоциялық ауытқулар және (немесе) белсенді-ерік айналымының ауытқуы, жоғары қозу тудырып, аффектілік іс-қимыл, әрекет және іс-қимылының импульсифтігі, айналасындағыларды жәбірлеуден ләззәт алу, үстемдік көрсету, қаңғыбастық және т.с.с. себепші болады; жеке тұлғаның қалыптасу барысында өз құрбы-құрдастарымен өзара күделі қарым-қатынасқа барады.
Б. Баланың дамуындағы түрлі ауытқулар тәрбиеде ескерілуі тиіс. Оның танымдық, сезімдік және еріктік айналымындағы мүмкіндіктерін қоздыратын немесе тежейтін және олардың мүмкіндіктерін толықтыратын, кемшіліктерін жеңетін бағытты ұстану т.с.с.
В. Тәрбиелік ықпалдың жас ерекшеліктеіне сәйкес келмеуі. Мысалы, тәрбиедегі күрделі кезең жеткіншектік, (11-13, 14-16 жас) - өзгермелі кезең. Әлеуметтік тұрғыдан жеткіншектік кезең – бұл алғашқы әлеуметтенуді жалғастыру. Жеткіншектер – яғни оқушылар – ата-аналарының (мемлекеттің) қарамағында, олардың негізгі қызметі оқу. Бұл балалық шақтың соңы және онан «өсіп» шығу.
Бозбалалық шақ (17-23 жас) тура мағынада «үшінші әлем» аталады, балалық пен ересектіктің арасындағы кезең. Қыздардың көпшілігі және ер балалардың көп бөлігі толық жыныстық жетілу кезеңінде болады, бірақта осы кезеңге көптеген «түзетулер» және толық жетіле қоймау себепті диспропорция тән болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет