Р. С. Касымова Әлеуметтік педагогтың ЖҰмыс технологиясы оқу құралы Алматы, 2020


Б өліктерден белгілі бір затты құрастыру әдісі



бет59/103
Дата10.09.2023
өлшемі3.57 Mb.
#477057
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   103
Р. С. Касымова леуметтік педагогты Ж мыс технологиясы о у ра

Б өліктерден белгілі бір затты құрастыру әдісі

бұл жұмыста бірнеше бөлікке бөлінген суреттер қолданылады. Балаға осыдан бір тұтас бейнені құрап шығуы керек:


а) ұсынылған үлгі бойынша;
ә) дербес орындау.
Нұсқаулық: «Суретші қандай-да бір суретті салып, бірақ осы суретті бірнеше бөлікке қиды.Осы бөліктерден бір суретті жинауға тырысыңыз ».
Сабақтың бірінші кезеңінде бала ретсіз түрде «жай ғана» суретті жинайды. Бұл кезең неғұрлым тұрақты тақырыптық бейнелер образын қалыптастыру үшін және образды бөліктерден «құрастыру» стратегиясын жасау үшін қажет. Екінші кезеңде суретті сағат тілінің бағытымен схемада көрсетілгендей жинау керек.
. • Жетіспейтін бөліктерді табу әдісі
Екі немесе үш бөлікке бөлінген суреттер қолданылады. Балаға бөлшектерден бүтін бір суретті құрастыру керек, бірақсуреттің бір бөлігі жетіспейді (мысалы: балықтың құйрығы).Балаға ұсынылған төрт-бес бөліктін ішінен жетіспейтін бөлшекті табу қажет.
Нұсқаулық: «Суретші қандай-да бір сурет салған, бірақ суретті бөліктерге бөлген. Осы бөліктерден толық сурет жинауға тырысыңыз . Егер қандай-да бір бөлігі жетіспесе, маған айт ».
Екінші нұсқаулық: "Мына бес суретке қара, олардың бірінде саған керек балықтың бөлігі бар ма?. Бөлікті таңдап, суретті толықтыр ».
Суретті аяқтау әдісі
• Балаға адам (құс, жануар, гүл және т.б.) бейнеленген суреттін бөлігі (оң немесе сол) беріледі.
Тапсырма: қай бөлігі оң немесе сол, салынбағанын анықтаңыз, содан соң осы бөлікті салыңыз. Қосымша тапсырма ретінде сіз балаға вербалды жолмен адамның оң қолына үшбұрыштың, сол жағына шеңбердің және т.б. суретін бейнелеуді ұсынуынызға болады.
Көру-ұстау координациясы, сөйлеудің кеңістіктік көріністермен байланысы, вербальды-логикалық ойлау және объекттің образы қалыптасады.


Вербалды-бейвербалды оқу әдісін қалыптастыру
Әдіс психикалық процестер жүйесін (оқу, ауызша логикалық және қөрнекі-бейнелік ойлау, көріністердің объекті образдары,) олардың өзара әрекеттесуі мен өзара байланысын қалыптастыруға бағытталған. Сондай-ақ, әдіс сіздің іс-әрекетіңізді ұйымдастырудыжәне зейініңізді қалыптастыруға көмектеседі.
Мұғалім басқа бір ересек адаммен бірге, балаға таныс оқиғаны немесе ертегіні оқып, мағыналық бөліктерге (3-5 бөлік) бөледі. Әңгіме бөліктерінің жалпы саны анықталады. Әңгіменін мағыналық бөліктерінің санымен бірдей ұящық альбом парағына сызылады. Әр ұяшыққа бала әңгіменің әр мағыналық бөліктеріне арналған суреттерді салады.
Әрі қарай парақ жеке сюжеттік суреттер бөліктеріне кесіледі (жанағы суреттері бар шаршылар) және осы суреттерден әңгімеге сәйкес суреттер сериясы жинақталады. Тапсырма осы пайда болған суреттер сериясы жайлы жалпы әңгімемен аяқталады. Соңында олар түпнұсқа мен өздері (құрастырған) әңгімелерді салыстырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет