Балалардың гиперактивті мінез-құлқымен жұмыс жасау технологиялары мен тәсілдері
Балалардың гиперактивті мінез-құлқымен түзету кезінде келесі жұмыстардыжүргізген жөн:
релаксацияны, визуализацияны қолдану арқылы өзін-өзі реттеу тәсілдерін үйрену
өзара тактильді әрекеттесуді дамытуға арналған ойындар (кинестетика кезеңі, сенсорлы тәжірибе: балшықпен, сумен, құммен жұмыс және т.б. )
өзіне-өзі массаж жасауды үйрету(психиологиялық жаттығу);
саусақ ойындары («дене тәрбиесі»: қимылмен сөйлеу, жалпы және ұсақ моториканы дамытуға арналған ойындар);
5. психо-гимнастикалық құрылымдар (тақырыпқа ойша үңілу, эмоционалды жағдайды түсіну мен білдірудегі сезімдерді актуализациялау - ұжымдық театрализация);
6. тыныс алу жаттығулары (эмоцияны білдіру), артикуляционды гимнастика (артикуляцияны, дауысты дамыту);
7. Сезімдерді сөзбен жеткізу (вербализациялау) (шығармашылық зертхана кезеңі: жеке көркемдік- өнімді қызмет, кейіпкер атынан эмоциялар мен сезімдерді сипаттау).
Сонымен қатар олармен түзету жұмыстарында келесі терапияларды жүргізуге болады:
*Ұнтақ жармамен сурет салу
Сурет-5.Ұнтақ жармамен сурет салу
• «Түрлі-түсті тамшылар» терапиясы
Терапияның мақсаты: зейін, есте сақтау, қиял, еркін мінез-құлықты дамыту; қолдың ұсақ моторикасын дамыту, кеңістіктегі бағдарлауды қалыптасу.
Сурет-6. «Түрлі-түсті тамшылар» терапиясы
Қажетті дидактикалық материалдар:
- тамызғыш (ұшында резеңкесі бар кішкентай шыны) - бірнеше дана (әр түске өз тамызғышы болғаны жақсы)
- су
- сумен сұйылтылған бояулар (түрлі-түсті су);
- шүберек немесе губка;
- қағаз майлықтар, қағаз парақтары.
Түрлі түсті тамшыларды ұйымдастыру технологиясы:
• Тамшыларды үстелге немесе қандайда бір тақтаға (мысалы, пластилинге арналған), оргстеклоға тамызуға болады, бастысы беті құрғақ, түзу және тегіс болады.
• Тамшылар кәдімгі судан алынуы мүмкін, немесе сіз гуашты сумен сұйылтып, түрлі-түсті тамшылардың тамызуға болады
Сурет-7. Өз қолдарымен салынған суреттер
Баланың гиперактивті мінез-құлқын түзету әдістері
Баланың гиперактивті мінез-құлқының түзету іс-әрекетінде педагог-психолог келесі әдістерді қолдана алады:
• Визуалды-заттық материалдарды семантизациялау әдісі
Әдістің психологиялық мәні тікелей есте сақтауды қалыптастыруда негізделеді: (семантикалық белгісі бойынша топтастыруға негізделген есте сақтау): семантикаға сүйену есте сақтаудың күшін, дәлдігі мен көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл әдіс есте сақтауды ерікті түрде және ауызша-логикалық ойлау мен көрнекі-объективті есте сақтаудың функционалды емес қатынастарын қалыптастыруға бағытталған. Бұл әдіс үш кезеңнен тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |