30
Қара жел үзілмей соққан күздің
суық күніндей
қуарған,
жүдеу жылдар... Маңайын
тұлдыр, құлазыған жалғыздық...
қайғылы сұлу...
қайғылы түйін,
қаралы күңгірт көңіл...
Мұндағы
суық, қуарған, жүдеу, тұлдыр, құлазыған,
қайғылы, күңгірт сияқты сын есімдер де повесть оқиғасын
суреттеп тұрған
қара, қаралы, қараңғылық сөздерінің жалпы
модальдық бояуына үндеседі.
Жазушы «Қорғансыздың күнінде» де
қара сөзін (және одан
туындаған сөздерді) бір абзацта шоғырлап келтіріп, оларға
стильдік жүк артады.
Үйдің іші
қараңғы. Бұрыш-бұрышында аяздаған қар,
қабырғасы
қара балшықпен сыланған кір. Төбесіне жапқан
сырғауыл
қарайған, түгел ыстан
қап-қара...
Мұнда да
қара сын есімі – азаматы өлген, кедей үй ішінің
мекенжайының сыртқы картинасын ғана емес, аса жүдеу
тұрмыс ахуалын, тіпті қорғансыздық күйін танытатын қосымша
нышан.
Әрине, бұл амал өте сирек ұшырасады, ол кез келген сәт-
те жұмсала бермейді. Бұған оқиғаның немесе шығармада су-
реттелетін жеке бір ситуацияның
оқырман сезіміне қатты
әсер ететін, сол оқиғаның бір бояуына (тонына) жа зушы ерек-
ше екпін түсіре көрсеткісі келген мақсаты себепкер болады.
Мұндайда көбінесе
ақ, қара, сары, көк, сұр сияқты түс атаула-
рына немесе кейбір сын есімдерге, кейде үстеулерге стильдік
жүк артылады.
Сөзқолданыста, сондай-ақ сөз таңдауда (бұл екі талап
көбінесе қосылып та кетеді, өйткені жазушы таңдап алғаннан
кейін, оны қолданады немесе, керісінше, белгілі бір мақсатта
қолдану үшін сөзді таңдайды) айрықша әңгіме ететін тұс –
Достарыңызбен бөлісу: