Р. Сыздык 6-том indd



Pdf көрінісі
бет10/128
Дата01.03.2024
өлшемі1.64 Mb.
#493649
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   128
Сөз құдіреті

дан, саяқ-сандырақ, жұт-жалаң, тыным-тыныштық, күлі- 
сіп-сыңқылдасып сияқты сөз жұптарын кездестіреміз. Бұл
тәсіл сөз экспрессиясын күшейте түсу үшін де, жинақтап атау 
үшін де, қысқасы, көркемдік үшін ұтымды келеді. Жазушы
осыны жақсы сезген. Бұл амалды Мұхаң кейінгі көркем ту-
ындыларында да, «Абай жолы» эпопеясында да, тіпті пу-
блицистикасында да молынан қолданған. Мәндес сөздерді
синонимдерді қосарлап жұмсауға Ғабит Мүсірепов те еркін 
барғанын, қазақ әдеби тілінде мұның көріктеу амалының біріне 
айналғанын айтуға бо лады. Ал бастауын, сірә, 20-жылдардағы 
көркем прозадан алғандығы байқалады.
«Сөз таңдаудың» үлкен саласына өмір шындығын, атап 
айтқанда, қазақ халқының ұлттық болмысын шынайы көр- 
сетуде этнографизмдер деп аталатын ұлттық әдет-ғұрып,
салт- дәстүрге қатысты сөздер мен тіркестерді дұрыс танып, 
дәл тауып қолдану жатады. Білім-таным үшін де, тіл ғылымы 
үшін де мұның маңызы зор екендігін осы тақырыптың ар-
найы кеңінен зерттелгендігі дәлелдейді. Бұл жерде біз Ербол 
Жанпейісовтің монографиялық еңбектерін атаймыз
8
.
Бұл еңбектерде зерттеуші негізінен М.Әуезовтің «Абай 
жолы» эпопеясы тілінде орын алған этнографиялық іздерді, 
көне сөздер мен бұл күнде сирек қолданылатын сөздерді 
(алғашқы кітапта сондай-ақ шығыс тілдері мен орыс тілі 
сөздерін) талдап, олардың беретін мағынасын, шыққан түп-
төркінін көрсетеді. Бұл лексикалық, этимологиялық ізденістер 
көп мәлімет береді. Жазушының сөз қазынасын игеруге 
көмектеседі, сөзқолданыстағы шеберлігін тануға септігін 
тигізеді, сөз таңдау принциптерін айқындауға жол ашады.
Ал этнографизмдерді іздеп, таңдап, талғап жұмсауды 
М.Әуезов «Абай жолынан» да бұрын бастаған. Жазушы «Абай 
жайын зерттеушілерге» деген 1940 жылы (яғни әлі «Абай 
жолы» эпопеясы толық дүниеге келмеген кездің өзінде) жазған 
мақаласында: «Белгілі бір заманды дұрыс әңгімелеу үшін 
зерттеушілерге (біздіңше, жазушыларға да) өзгеше бағалы, 
8
Жанпейісов Е. М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының тілі (тарихи-
этимологиялық байқаулар). - Алматы: Ғылым, 1976; Этнокультурная лексика ка-
захского языка (по материалам произведений М. Ауэзова). - Алматы: Наука, 1989.


27
өзі соны және үлкен ғылымдық, тарихтық қасиеті зор бір алу-
ан істер бар», – дегенінде, сол істердің бірі етіп этнографияға 
қатысты салт-дәстүр, ырым-рәсім атауларынан бастап, «ер-
тұрман, қару-сайман, жылқының таңбасы, қойдың ені, үй 
ішінің ою-кестесі» атауларын білу қажеттігін ескертеді, осы-
ларды дұрыс құрастырсақ, заман ды, айталық, Абай заманын, 
«көп сынық айнаны жамап барып танығандай, дұрысырақ та-
ныр ек», – дейді. Осы айтқанын жазушылық «бісмілләсінен»
бастап ұстанған. 20-жылдардағы әңгімелерінде құдалық сөй- 
лесу (құда түсу), бас сүйіскен тәтті құда болу (әлде түйіскен 
бе?), қарғыбау беру, қара шаңырақтың құруы, өлген адамның 
орнын сақтау, өлгеннің аруағы ырза болу, мойнына бұршағын 
салу, ақсарбас айту, ішінен шүкірана қылу, сүйек жаңғырту 
деген тәрізді этнографизмерді (сөздер мен тіркестерді) таңдап-
тауып орнымен әдемі жұмсаған. Өйткені бұл әңгімелердің 
көбінде қазақ қауымының бұрынырақ өткен кезеңдері 
суреттеледі.
Этнографиялық жеке зат, құбылыс, іс-әрекет, сын-сипат 
атауларын беруде жас жазушы Мұхтар Әуезов өте ұқыптылық- 
пен ізденімпаздық танытқан және мұны көркем шығарма 
шарттарының бірі деп ұққан. М.Әуезов қолданған этногра- 
физмдердің термин деп тапқандарының едәуір мол тізімі 
Е.Жанпейісовтің «Этнокультурная лексика ка захского языка» 
(1989) деген кітабында «Қосымша (при ложение)» деп берілген. 
Әрине, бұлардың барлығын зерттеушінің түгел түсіндіріп, 
мағынасын ашып, түптөркінін көрсетуі мүмкін емес болғаны 
аян. Оның үстіне бұл еңбектерде Е.Жанпейісов этнография- 
лық атаулардың көркемдік-стильдік қызметін көрсетуді 
міндетіне алмаған. Сондықтан талдауға ілікпегендерін теріп 
алып, лексикалық-этимологиялық ізденістерді жалғастыру –
ғылым үшін де, таным үшін де қажет қарекет болмақ. 
Әсіресе «Рухани мәдениет терминдері», «Халық медицинасы 
терминдері», «Халықтың метрология терминдері», «Туыстық 
терминдері» деп көрсетілген көбінесе жеке сөз емес, сөз 
тіркесі болып келетін атаулардың (мүмкін, барлығын «термин» 
деуге де болмас) мән-мағынасын, түп-төркінін, жұмсалатын 
орындарын, сол шығармадағы стильдік қызметін көрсету – 


28
ізденістің үлкен бір тармағы болмақ. Соңғы міндеттің де мәні 
зор, өйткені этнографизмдер көркем шығармада об раз үшін де 
жиі жұмсалатыны белгілі.
Сөзқолданыс – жазушы шеберлігінің айнасы. Бұл орай-
да әңгіме желісі болатын шеберлік тұстары әр алуан болып 
келеді. Солардың бірі – шығармада айтылмақ оқиғаның сырын 
тұспалдап ашатын сөздерді қолдану. Мысалы, «Қорғансыздың 
күні» әңгімесінде трагедиялық оқиғаға себепкер болатын 
Ж-ның болысы – Ақан мырза мен оның атшабары – Қалтай 
жолаушылап келе жатқан жыл мезгілін, күн райын суреттеу 
үстінде жазушы қызыл (қып-қызыл, қызғылт) деген сын есімді 
бір абзацта сөйлем сайын келтіреді.
Январь айының аяқ кезі. Күн батуға тақап қалған мезгіл. 
Күнбатыс батуға айналған күннің қызғылт сәулесімен нұр- 
ланып, қызыл торғынның түсіндей болып тұр. Күнге жақын 
тұрған ұзынша жұқалаң бұлттардың түсі қалың өртке қыз- 
ған темірдей қып-қызыл. Төбеге жақын тұрған алысырақ 
бұлттардың бір-бір жағы ғана жұқалаң қызылға боялған асыл 
нұрдың буын ғана жалатқандай. Қызғылт сәулесін дүниеге 
жайып тұрған күн шарасымен тұтас көрініп тұр. Аспан ашық. 
Берірек тұрған аз ғана ала шұбар бұлттар кең жаһанның жүзіне 
перде болған жоқ. Күні бойы тыныш болған жел Күшікбай- 
дың бауырында ғана ызғырықтап, жаңадан жауған көбік қарды 
жаяу борасындатып тұр. Күннің қызыл сәулесі даланы да, тау-
ды да өз өңіне кіргізген. Күнбатыс жақтан бораған ұсақ қар да 
күн астынан қызғылттанып көрінеді (1-том, 1967, 31-32-бет-
тер).
Міне, күннің сәулесі де қызғылт, күнбатыс жақ ұқсаған 
торғын да қызыл, бұлттар да қып-қызыл, нұр да қызылға 
боялған, ұсақ қар да қызғылттанып көрінеді. Әдетте қызыл сөзі 
не шат-шадыман, салтанатты күйдің символы, не қан құшқан 
трагедияның жаршысы болып қолданылады. Бұл қарама-
қарсы мәнділік көркем шығармада стильдік қызмет атқарады. 
М.Әуезов қызыл деген сөзді аталған әңгімеде баяндалатын 
трагедияның увертюрасы (құлақкүйі) етіп ұсынған. Ғазизадай 
13 жасар қыз бала қызыл гүл болса, ол – уыз жастықтың, 
пәктіктің символы, ал үзіндідегі қызыл-дар қатыгездікті көздеп 


29
тұр. Бұл қызыл-ға ала шұбар бұлттар перде бола алмайды, яғни 
Ақан мырза «тыста болған әңгіменің немен тынарын білмей, 
біресе күдіктеніп қорқып, біресе азын-аулақ өкінгендей болып, 
тынышсызданып, қорғалақтап» жатады. Демек, қызыл-ға пер-
де бола алмай қалған ала шұбар деген түс те – символ, ол – 
«азын-аулақ өкініштің» символы.
Жазушы бұл тәсілді «Қаралы сұлу» повесінде де пай- 
даланған. Шығарманың атының өзі қара түбірлі сөзбен кел-
ген, тіпті бас кейіпкердің есімі Қарагөзде де қара сөзі бар. 
Осы түс атауы және онымен түбірлес қараңғы, қараңғылық 
сөздері шығарманың өн бойында әр алуан затты, сәтті суреттеп 
қайталап келіп отырады...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет