Р. Сыздык 6-том indd



Pdf көрінісі
бет7/128
Дата01.03.2024
өлшемі1.64 Mb.
#493649
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   128
Сөз құдіреті

Сәтемір жеті жасар күнінде атасынан жетім қалыпты. 
Күндерде бір күн Сәтемір далада ойнап жүріп, бір ескі там- 
ның түбінде шаршаған соң сүйеніп, жан-жағына қарап жат-
са, бір аяғы ақсақ құмырсқа тамның төбесіне қарай өрмелеп 
барады да у орта шеніне барғанда, құлап түседі...
Тұңғыш дүние болғандықтан және негізі ауызша айтыла- 
тын әңгіме, аңыз, ертегі сияқты бұрыннан келе жатқан үлгі- 
лер болғандықтан, сөз жоқ, мұнда сол негізге тартқан тілдік-
стильдік белгілер де орын алған. Мысалы, төл сөзді автор 
сөзімен қиюластыруда деді, айтты сияқты дәнекер элемент- 
терді қабаттап (яғни төл сөздің алдында біреуін, соңынан 
екіншісін келтіріп) жұмсау едәуір орын алған. «Бір уыс мақта» 
әңгімесінде:


20
Әжесі айтты:
– Көрдің бе, балам, күн айналмай манағы айтқан сөздің 
келгенін. Ол кішкентай мақтаны торғай ұясына төсеп, жас ба-
лапандарына мамық етеді, – деді.
Бұл тәртіп Ыбырай әңгімелері текстерінде жүйелі түрде 
едәуір мол кездеседі.
Төл сөз бен автор сөзін қиюластыратын элементтердің диа-
логте әрбір адамның сөзі сайын, реплика сайын келіп оты-
руы немесе төл сөздің екі жанынан алдында бір, соңында 
бір рет қайталануы, бізден бұрынғы зерттеушілердің айтуы-
на қарағанда, Ыбырай Алтынсарин әңгімелеріндегі төл сөзді 
түзілісте айтарлықтай орын алған. Ал оның өзі қазақтың 
фольклорлық прозасынан келе жатқан тәсіл екені де айтыла-
ды
4
.
Қазақтың тұңғыш жазба көркем прозасында төл сөзді 
құрылымның жетілген (қырланған, үнемделген) қазіргі 
түзілген үлгісі де аз кездеспейді. Мысалы, Ыбырай көптеген 
тұста репликаның бір жағында (көбінесе алдында) авторлық 
айтты сөзін келтірмейді:
Қасындағы бай:
– Тақсыр, осыншама жұрттың үстінен қараған екенсіз, осы 
бір мұжыққа неге соншама бас ұрасыз? – деп айтты дейді.
Сонда әкім:
– Ешбір ілім-білім үйренбеген мұжық сонша иіліп, әдеп- 
тілігін көрсеткенде, мен онан әдепсіз болып қалайын ба? – 
дейді.
Бұл – қазақтың әңгіме жанрымен көрінген көркем про-
засы тілінің кейіпкер сөзі мен авторлық ремарканың кию-
ласуы әуел бастан дұрыс жүйемен келгенін танытады. Ал 
сөйлем мүшелерінің орын тәртібінде ауызша әңгімелеудің 
нормасын пайдаланған тұстары бар. Мыса лы, толықтауыш, 
пысықтауыштардың кейде тіпті бастауыштың баяндауыштан 
соң келуі кездеседі.
Су әдемі, айнадай таза су екен ішіндегі ойнаған балықтары 
көрініп жүретұғын (мұнда ішіндегі ойнаған балықтары көрініп 
жүретұғын деген үйірлі мүше өзі анықтайтын су сөзінің ал-
дында тұруы керек еді).
4
Кәрімов X. Қанатты тіл. - Алматы, 1995. - 18-21-беттер.


21
Хрестоматияның автордың көзі тірісінде жарияланған нұс- 
қасында келді әуелі шабақ деп берілген сөйлем Алтын сарин 
мұрасының біздің дәуірімізде жарияланған тексінде әуелі 
шабақтар келді деп «түзетілген». Өткендегі шығармаларға 
(мейлі көркем әдебиет үлгісі болсын, мейлі публицистика, та-
рихи, көпшілікқолды, ғылыми жазбалар бол сын) бұлайша ре-
дакция жүргізудің мүлде зиянды, дұрыс емес екенін айтамыз. 
Әрине, ниет түзу: текст бүгінгі оқырманға түсінікті, жеңіл, 
жатық болғаны көзделген, бірақ түзету – тарихқа қиянат болып 
шығады. Әсіресе шығарма тілін зерттеуге келгенде, сөйлемдегі 
сөздердің тәртібі түгіл, жеке бір сөздің, тіпті бірер әріптің 
(әріптердің) өзгеруі – мүлде басқаша мағлұмат береді. Айталық, 
Ахмет Байтұрсынов осы күні дәреже деп айтатын (жаза-
тын) сөзімізді даража деп, әріп сөзін қарып деп, сурет сөзін 
сүгірет деп қолданған. Оның мұрасын қазіргі оқырмандарға 
ұсынғанда, осылайша өзгертпей жазу қажет. Бұл – белгілі бір 
кезеңдегі лексикалық норманы көрсетеді, тіліміздің сөздік 
қазынасының нормалану процесін тануға жәрдемдеседі.
Әрине, Ыбырай әңгімелерін бастан-аяқ редакцияланған 
деуге болмайды. Негізінен автордың стилі сақталған. Әсіресе 
құрмалас сөйлемдердің, төл сөзді құрылымдардың деп-ке 
аяқталуы жиі кездеседі.
Естуі бар еді от жағып отырса, қасқыр келмейді деп... Үсен 
Асанды оята бастады: «Жүрер уақыт болды» деп...
Бұл тәртіп Абайдың «Қара сөзіне» де, өткен ғасырдағы 
қазақ газеттері тіліне де, тіпті 1930 жылдарға дейінгі қазақ жаз-
ба дүниелерінің бәріне тән деуге болады. Деп-ке аяқталатын 
сөйлем тәртібі – әріден, ауызша айтылатын ертегі, аңыздар 
тілінен келе жатқан әдіс. Мұны біз бұрынырақ жазылған 
зерттеулерімізде қазақ тілінің, оның жазба түрінің белгілі 
кезеңдегі синтаксистік нормасы деп таныған болатынбыз.
Ы.Алтынсарин ұсынған алғашқы көркем проза үлгісінің 
тілі лексикалық норма жағынан да сын көтерерлік. Рәуішті 
(«секілді, сияқты, тәрізді» деген мағынадағы), тересі (төңі- 
регі) тәрізді бірді-екілі жергілікті (не көне) сөз болмаса
әңгіме, ертегілер текстері қазақ жерінің қай түкпіріне де та-
ныс, жалпыхалықтық тілде ұсынылған. Бұл да – қазақ әдеби 


22
тілінің лексикалық нормасы алғашқы прозаның өзінде-ақ 
диалектіліктен жоғары (орысша ғылыми әдебиетте «наддиа-
лектная форма» дегендей) тұрған сипатта келгенін аңғартады.
Хрестоматия материалдары алдымен дидактикалық мақсат- 
ты көздеп, баяндау стилімен ұсынылғандықтан, бұларда көр- 
кем сөз стиліне тән көріктеу элементтері шоғырланып көзге 
ұрып тұрмайды.
Қазақтың жазба көркем прозасы, жазба поэзиясы сияқты, 
о бастан халықтық тілді негіз еткен, яғни орта ғасырлардан 
келе жатқан ортаазиялық (шағатайлық) жазба дәстүрді емес, 
ақындар мен жыраулар, шешендер мен билер, жыршылар 
мен ертегішілер белгілі бір қалыпқа түсіріп, қолданып келген 
жалпыхалықтық тіл нормаларына иек артқан деп ашық айтуға 
болады. Әйтпесе түркі халықтарының мәдени дүниесінде 
күні кешеге дейін прозаның қай жанрының да (көркем 
әдебиет, публицистика, ресми қағаздар, хат-хабарлар т.т.) тілі 
– ортаазиялық түркілік жазба дәстүрді пайдаланып келген 
болатын
5
. Осы дәстүрдің толық таза түрі болмағанмен, жеке 
элементтерін араластыру қазақтың алғашқы публицистикалық 
және эпистолярлық стильдерінде орын алғаны айтылып, 
көрсетіліп жүр
6
. Ал қазақ қоғамындағы ресми құжаттар ресми 
қатынастарға қызмет ететін кеңсе-іс қағаздары көбінесе шаға- 
тай тілі деп аталған ортаазиялық түркі жазба әдеби дәстүрін 
толық қолданып келгені де тиісті зерттеулерде көрсетіледі
7
.
Осы кеңінен жайылған санғасырлық күшті дәстүрден 
қазақтың көркем прозасының жазба түрі бірден бас тартқаны 
байқалады. Бұған, біздіңше, бірнеше фактор себеп болған 
сияқты. Алдымен, қазақ халқының рухани-мәдени дүниесінде 
халықтық тілдің өлең емес, қара сөз түрінде жұмсалатын 
салаларының (үлгілерінің) жақсы дамып, қоғам өмірінде 
кеңінен жұмсалып келгендігі арқау-тірек болған. Бұлардың 
ішінде ел басыларының, билердің, ауыл ақсақалдарының 
«шешендік сөздер» деп аталған сөз айту үрдісі, тыңдаушыны 
ұйыта айтылатын аңыз-әңгімелер, қызықтырып әкететін 
ертегілер, атадан балаға жеткізіп отыратын әулет шежіресі 
5


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет