Р. Сыздык 6-том indd



Pdf көрінісі
бет19/128
Дата01.03.2024
өлшемі1.64 Mb.
#493649
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   128
Сөз құдіреті

Әмісе жолың боғайақ та. Жақсы ағаның баласы екесің. Атаң да 
жақсы, атың да жақсы босын десем, десемдей екесің, Мағаш 
мырза! (7-том, 199-бет).
Шығарманың әрі қарайғы беттеріндегі Жамбылдың сөз- 
дерінен де «тағы айтқын, айтқылашы, інішегім! мүлдем 
тегі, айталы десек те, дуайдай дуай сәлем» деген тұлғаларды 
кездестіреміз.
Жазушы Дәт, Жамбыл сияқты кейіпкерлерінің аузына бұл 
сияқты қолданыстарды әдейі салып отыр: бұларды Мұхаң 
Қазақстанның Алматы, Жетісу, Оңтүстік өңірлерінің тіл ерек- 
шеліктері деп таныған, демек, бұл диалектизмдерді көркемдік 
шындық үшін стильдік мақсатпен жұмсаған.
Сөйтіп, қазақ көркем прозасында бұл күнде кездесетін 


47
диалектизмдердің лексикалық және стильдік статустарын бұл- 
айша танып, орынды қолданудың ең алғашқы үлгісін М.Әуезов 
көрсеткен деп батыл тұжырымдауға болады.
Келесі әңгіме – М.Әуезовтің 20-30-жылдардағы көркем про-
засы тіліндегі кейіпкер сөзі мен автор сөзінің синтаксистік 
қатынастарына келсек, көркем әдебиет стилінің жеке мәсе- 
лелерін арнайы зерттеушілер дұрыс көрсеткендей, шығарманың 
тілдік композициясын құрайтын кейіпкер сөзі мен автор сөзі 
дегендерді стильдік кате гория ретінде талдап-танудың мәні 
айрықша. Өйткені жоғарыда сөз болған жеке мәселелердің 
біразы шығарма тексінің осы құрамдық бөліктерінің ішінен 
алып қарастырылады. Бұларды классикалық синтаксисте 
әңгіме етсек, төл сөз және автор сөзін стилистикада авторлық 
ремарка деген терминдермен ажыратып қараймыз. Бұл жер-
де кейіпкер сөзін танытатын тұстар – монолог, диалогтердің 
анықтамасы, сипаты, берілу жолдары деген мәселелерді әңгіме 
етпейміз. Олар ғылыми әдебиетте (барлық тіл бойынша да) 
кеңінен сөз болып келеді. Бұл тақырыпқа қазақ тіл білімінде 
зерттеуші Хасан Кәрімов арнайы барып, оның теориялық 
тұжырымдарын дәлелдеуге негізінен Бейімбет Майлиннің 
10-30-жылдардағы әңгімелерінің фактілерін келтіреді. Мұнда 
зерттеуші қазақтың жазба көркем проза сы тіліндегі төл сөзді 
құрылымның қалыптасуы, жетілуі, кемелденуі мәселелерін 
иллюстративтік материалдармен жақсы көрсетеді. Тек 
Б.Майлин емес, М.Әуезовтің 20-30-жылдар прозасындағы 
кейіпкер сөзінен диалог, монологте көріну жайттары бойын-
ша да өз байламдарын айтады
12
. «М.Әуезовтің диалогті пай-
далануында көзге түсетін бір ерекшелік бар. Ол – диалогтің 
жазушы әңгімелерінде кейіпкер мінезін ашуда, образ жаса-
уда бірден-бір тәсіл болмай, көбінесе кейіпкердің іс-әрекетін 
автор атынан суреттеу мен мінездеуге қосымша, көмекші 
тәсіл ретінде қолданылатындығы
13
. Бұл тұжырымға біршама 
қосылуға да болар. Бірақ «Қорғансыздың күніндегі» қарт 
әженің мо нолог түрінде берілген әңгімесінің тілі арқылы жа-
зушы оның образын да сомдаған деуге болады. Дегенмен бұл 
еңбекте еуропа деңгейіне көтерілген қазақ көркем прозасының 
көшбастары, Ғ.Мүсіреповтің тілімен айтсақ, «прозадағы сүйікті 
12 
Кәрімов X. Қанатты тіл. - Алматы: Санат, 1995. 
13
Сонда, 39-бет.


48
шығармаларды жасаушы» Бейімбет Май лин шығармаларының 
«түр үлгісінің дөңгелек келген тұтастығын» (бұл – М.Әуезовтің 
бағасы, оның түр, үлгі дегенін «тілі, стилі» деп түсіну қажет) 
өте жақсы танытады.
Бұл ғылыми еңбектің кейіпкер сөзі мен авторлық ремар- 
каның синтаксистік байланысын сөз еткен тұсы – біздің зерт- 
теу объектімізге де біраз құнды материал (талдаулар мен 
түйіндер) береді.
Төл сөзбен авторлық ремарканың орналасу тәртібінің, бай-
ланысу амалдарының қазақ жазба прозасында Ыбырай Ал-
тынсарин әңгімелерінен дұрыс басталып, әрі қарай Б.Майлин, 
М.Әуезов әңгіме-повестерінде жалғасып, тұрақтала түскенін 
нақты мысалдармен (фактілермен) көрсетеді. Осындағы 
сияқты, төл сөз бен ремарканы грамматикалық байланысқа 
түсіруші дәнекер де көмекші етістігінің қатысу-қатыспауын, 
төл сөздің алдынан не соңынан, не екі жағынан келу тәртібін 
сөз етсек, М.Әуезовтің 20-30-жылдардағы көркем туындыла-
ры нағыз жоғары жазба әдебиеттің үлгісін көрсетеді. Мұнда 
ауызша әңгіме мен ертегілер тексіне тән дәнекер элементтің 
артық (төл сөздің алдынан бір, соңынан бір екі рет) келуі, диа-
логте әр төл сөзден кейін міндетті түрде келіп отыруы сияқты 
құрылымдар жоқ. Көп тұста жазушы төл сөздің алдындағы 
авторлық ремарканы көсемше етістікті құрылыммен сол төл 
сөздің кімнің айтқаны, неліктен, қалайша, қандай жағдайда 
айтқанын келтіреді де төл сөздің соңын де дәнекерімен 
жалғастырады.
Қасына қозышы бала шауып келіп:
– Шүйінші-шүйінші, апа! Жұмағүл ағам келіп қалды, – деді 
(І,62).
Қыз жымиып күліп:
– Айтқаныңыз жаңа, асыққаныңыз не? Әуелі менің тілегімді 
естіңіз! – деді.
Оспан:
– Айта ғой олай болса тілегіңді, – дегенде:
– Тілегім – біздің жақындығымыз аз күндік жақындық бол-
масын. Лайық көрсеңіз, өмірлік жолдас болайық деймін. Осы-
ны қалай көресің? – деді (І, 98).
Төл сөз бен репликаның М.Әуезовтің алғашқы әңгімелерін- 
де дәнекер деп түсіріп жалғастырылған түрлері жоққа тән.


49
Көп дауысты диалог дегендер М.Әуезовтің 20-жылдар-
да жазылған әңгімелерінде өте сирек, бірен-саран жер де ғана 
кездеседі. Ал 30-жылдардағы әңгімелерінде мұндай «ұжым- 
дық» әңгімелер беріле бастайды. Қысқасы, жазушы М.Әуезов 
төл сөз құрылымдарды беруде бірден дұрыс тәсілдерді қол- 
данған, ол бұл реттегі қазіргі нормамызға ұласып, әбден 
қалыптасқанын көреміз. Әрине, көркем текстің төл сөзді құры- 
лымдары қазақ прозасының алғашқы үлгілеріндегі қалпынан 
ешбір өзгеріссіз қалған жоқ: оның деп дәнекерінсіз берілуі, 
авторлық репликаның бір төл сөзді бірнеше бөлікке бөліп 
жіберуі сияқты конструкциялар, бір жағынан, орыс тілі 
үлгісімен, екінші жағынан, көркем шығарма тілінің синтак- 
систік құрылымын түрлендіру, артық деп санаған элемент- 
терді түсіру, әсерлі етіп ұсыну сияқты таза (қай тілде бол-
са да) стильдік ұтымды сәттерді іздеу барысында орын алып 
келе жатқаны ғылыми ізденістерде айтылып келеді. М.Әуезов 
шығармашылығының кейінгі қомақты туындылары тілін зер-
делей қалсақ, бұл құбылысты да таба аламыз.
Енді жалпы автор тілінің (тек авторлық ремарканың ғана 
емес) синтаксистік көрінісін: құрылымын, ерекшелігін, стиль- 
дік нысанасын қысқаша сөз етсек, мыналарға оқырман наза-
рын аудартамыз.
Синтаксис – көркем текстің «жанды» көрсеткіші. Ав тор, 
әсіресе өз баяндауында сөйлемдерді қалайша құрды, текст 
бөліктерін қайтіп бір-біріне ұластырды, сөйлем мүшелерін бір-
біріне қалайша қатыстырды, қыстырма (түсініктеме, айқын- 
дама) элементтерді текске қалайша сынамалап енгізді деген 
сияқты «қалай, қандай, қайтіптерді» айқындасақ, жазушының 
алғашқы «сөз құрастыру» шеберлігін танимыз.
Бұл саладағы талдау, әрине, бастауышы мынау, баяндауы-
шы мынау деген сияқты таза грамматикалық ізденіс түрінде 
болмайды. Жазушы синтаксистік құрылымдарды (түзілістерді, 
конструкцияларды) әсемдік, әсерлілік үшін қалай қолданды 
дегенді көрсету көзделуі тиіс. Сондықтан «ерекшелікті іздеу» 
принципі бірінші кезекте тұрады.
М.Әуезовтің алғашқы әңгімелерінің негізінен тұтас алып 
қарағанда қысқа-қысқа сөйлемдермен берілгендігі көзге 
түседі, яғни авторлық баяндаудың көбіне-көп аз сөзді жай 
сөйлемдермен келуі синтаксистік көріністегі бір ерекшелігі 


50
болып танылады. «Аз сөзді» дегенді тек жалаң сөйлемдер деп 
түсінбеу керек, Сөз жоқ, жай сөйлемдер едәуір жайылма болып 
келуі заңды (онсыз баяндау мүмкін емес қой):


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет