Р. Сыздык 6-том indd



Pdf көрінісі
бет41/128
Дата01.03.2024
өлшемі1.64 Mb.
#493649
түріБағдарламасы
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   128
Сөз құдіреті

Бірақ жылт-жылт сығалап отырған сыншы көздерге сыр 
алдырғысы келмей, үйреншікті сұп-сұр қалпына түсіп алды 
(386).
Елшінің көз алдына қашан көрсең де, бір қалпында тұратын 
сұп-сұр жүзі, тұнжыр жанары мен салыңқы қабағы келді. 
Бұның бәрі бұрын оған қайдағы жоқ сұмдықтарды ойлап 
отыратын ішмерездік қана сияқты көрінуші еді, енді байқаса, 
ішіндегі қара қазандай бұрқ-сарқ қайнап жатқан әлем-
тапырық көңілін байқатқысы келмеген ерекше бір ұстам, 
сабыр екен ғой (416). Демек, сұп-сұр сөзінің қызметі тіпті 
де кейіпкердің келбетін білдіру емес, керісінше, Әбілқайыр 
ханның ішкі келбетін, саясатын, күрес амалын білдіруде бо-
лып тұр. Жазу шы бір сөзге бірнеше беттік суреттеменің жүгін 
арқалатқан.
Шығармада авторлық баяндау көп ретте кейіпкерлердің 
көзімен, ойымен беріледі. Сондықтан бұл баяндауда тосын си-
паттамалар, астарлы атаулар аз кездеспейді. Мыса лы, романның 
II тарауының басын автор баяндап отырғанмен, табиғатты 
суреттеуі бар ма, адамдар бар ма – барлығы да Уфадан шыққан 
Ресей елшілігіндегі адамдардың танымымен, көзімен берілген:
Қашан қарасаң да, қанша қарасаң да, бетпақ әйелдің 
бетіндей бедірейеді де тұрады (бұл – елшілік адамдарының 
өздері келе жатқан қазақ даласын суреттеуі). [Бұл даланың 
аспанына] аспан деп дабырайтып ат қойып жүрген де бұлт 
көріп, аспан көріп жарымай, ала жаздай ақ шаңыттың ішінде 
далақтап шапқылайтын да жүретін күс табан, жарық ерін, 


97
жалба тымақ көшпенділер шығар (186). Суайттар күрек 
тістері көстеңдеп сөйлей жөнелгенде (187); қайдағы бір бар-
жоғы белгісіз қаңғырма халықтың қайдағы бір бар-жоғы 
белгісіз қаймана ханына жер түбінен елші шаптырып... 
(188); ен далада өз көлеңкесімен өзі жарысып жүрген әуейі 
көшпенділерді (188).
Бұлардың бәрі – авторлық баяндау, бірақ сөз – онікі емес, 
автор өз халқын бұлайша қорлап атамас болар. Шығарманың 
біраз тұстарындағы авторлық баяндаулар Тевкелевтің ойы етіп 
берілген (226, 327, 377-беттерді оқыңыз).
Ал кейіпкер тіліне келсек, әрине, жазушы ханды хан ша, биді 
бише, Итжемес қаңғыбасты Итжемесше дегендей, әрқайсысын 
өзінше сөйлетеді, бірақ қазіргі ешбір қаламгер бұдан екі-
үш ғасыр бұрынғы қазақтардың күнделікті тұрмыстағы 
сөйлеу тілін бұлжытпай дәлме-дәл бере алмасы хақ (өйткені 
оның үлгісі сақталған емес), бірақ ауызша сақталып жеткен 
шешендік сөздер мен өлең-жырлардың тіліне қарап, би, хан 
сияқты адамдардың сөздерін шамалап беруге болады. Мұны 
Әбіш Кекілбаев, Мұхтар Мағауин, Софы Сматаевтар өте жақсы 
игерген. Олардың әсіресе би кейіпкерлері, хан-ханымдары 
сөйлеп кеткенде, қазақтың шешен сөзіне тәнті боласың.
«Үркердегі» Мәті бидің сөздері, Төле бидің монологтері 
осыған куә. Мәті – Төле би, Әйтеке би, Қазыбек бидей ел 
тағдырын ұстаған атақты тұлға болмағанмен, ақыл-ой мен 
қызыл тілге келгенде, нағыз шешен, қарапайым халықтан 
шыққан жезтандай.
Жазушы билерді шешен тілде сөйлеткенде, шешендіктің 
тілдік-көркемдік белгілерін (механизмін) жақсы келтіреді: ең 
алдымен, олардың сөзінде үлкен логика, қисын, дәлел болуы 
керек, екіншіден, мұнда экспрессиялы сөздер, әсерлі эпитет-
тер, қонымды теңеулер, ұйқасты-ырғақты құрылымдар орын 
алуы керек. Мәті қарт жас жігіт Әбілқайырға түсін жорып, 
кеңес бергенде:
– Шырағым, алыстан орағытып сөйлегеніңе қараған да, 
ақылды жас боларсың. Ақыл сүйкімді көрінгенмен, оның 
дегенін істеп, мүйізі қарағайдай болып жатқан ешкімді 
әзір көре қоймадық. Өйткені ақылға айтқызсаң, қапысыз іс, 
қатесіз сөз болмайды дейді, ең дұрысы – ештеңе айтпаған, 


98
ештеңе істемеген дейді... Мен білсем, мына заманың тап ақыл 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет