107
малға теңеген» деп, қаһарын төккенін естігенбіз. Бұл жерде
сыншы жаңылысып тұр:
аман-есен өру тіркесі – Қазақстанның
батыс өңірінде жиі айтылатын кәнігі амандық сөзі, бұл жерде
айтушы адамды малға теңеп тұрмын деп еш ойламайды.
Өру
етістігі тек малға емес, адамға да қатысты айтылатындығын,
оның «бір жерден шығуы, тарауы»
деген екінші мағынасы
барлығын білуге болады: осы үйден
өріп шыққан бір топ жан,
қонақтар осы үйден
өріп, осы үйде демалады,
өріп кетті
(«қаптап кетті»),
өре түрегелді сияқты қолданыстарды, сірә,
тек батыс өңір тұрғындары емес, барлық жерде де айтатыны
даусыз. Де мек, жазушы кейіпкерінің аузына жергілікті сөйлеу
үрдісін салған, мүмкін тіпті әдейі салған болар. Ал қалған бес-
он диалектизм, әрине, «жалпақ жұрттық»
болып кеткен жа-
зушы тілін әрлеп (әсемдеп) тұрмауы мүмкін, бірақ барлығы
бірдей ұтымды қолданбаған деуге тағы болмайды.
Сірә, диалектизмдер мен сирек қолданылатын сөздердің
стильдік статусы барын да көркем сөз шеберлері жақсы сезеді.
Мысалы, «Үркерде» кездескен
айлапат («үлкен, зор»),
алпау-
ыз («дүниеқор», «алымсақ»),
әбеқоңыр («жұпыны»),
майлақы
(«қараңғы»),
сияпа («сый-құрмет», «тарту-таралғы») сияқты
сөздер әсерлі, орынды қолданылған.
Оларды экспрессоидтер
деп тануға әбден болады. Ал
жаңсыз (жалғыз),
күнте (иінағаш),
Достарыңызбен бөлісу: