105
дан тыс тұрған элементтер емес. Олардың бір тобы суреттеліп
отырған заманда болған қару-жарақ, сауыт-сайман, киім-кешек
атаулары болып келеді. Біздің байқауымызша, жазушы бұндай
атауларды, Мұхтар Мағауин сияқты, «ат сабылтып» іздеп табу-
ды өзіне міндет етпеген, бірақ, сөз жоқ, мүмкіндігінше, қолына
(көзіне) түскендерін орынды келтірген. Мысалы, сол кезеңде
қазақ әскері қолданған мылтық түрлерін
күлдір мамай, жеке-
ауыз, бірауыз, қандыауыз, жездіауыз, шиті, берен деп, сау-
ыт-саймандарды
жалаңқат, зере, кіреуке тон деп көрсетеді.
Бұлардан басқа да
көк найза, ақ алмас, садақ, шар болат сияқты
көне қару-қалқан атаулары,
дулыға, жағы сияқты сөздер,
даңғырашы, сайыскер, қылышкер, садақшы, мерген деген әс-
кери адам атаулары жиі қолданылады. Бұлардың ішінде осы
шығармада қолданылған
айдауыл, торуыл, тосқауыл, қарауыл
деген әскери топ атаулары өте қызғылықты. Демек, бұл сөздер
– түркі-монғол халықтарына ортақ ертеден келе жатқан көне
әскери терминдер болса, олар XVIII ғасырда да қолданыстан
шықпады дегенге меңзейді. Бұл күнде
ұлттық гвардиямыз
жасақталып жатқанда
до зор,
авангард, арьергард сияқты
кірме сөздердің орнына бұрыннан бар
шыңдауыл, ертеуіл,
шығауыл,
айдауыл, тору ыл, тосқауыл деген сияқты түркі-
монғолдық көне терминдерді кәдеге асыруға әбден болар еді,
ал олардың қайсысы қай кездегі қазақ әскерінде қолданылып
келгенін біліп отырғанымыз да жөн, өйткені әскеріміз бен
қару- жарақтарымыздың тарихы – халқымыздың тарихы, арғы
кезеңдерді былай қойғанның өзінде,
XVIII ғасыр қазақ қоғамы
үшін соғыстар мен жорықтардың, шұбыра көшу мен жөңкіле
қоныс аударудың заманы болды, мұны XVIII ғасырдың өн
бойында жасап өткен ақын-жыраулардың өлең-жырларынан
жақсы білеміз. Бұларда, жоғарыда көрсетілгендей, қару-жарақ,
сауыт-сайман, әскери топ атау лары орын алғанын біз де, өзге
зерттеушілер де нақты фактілермен көрсетіп келдік. Демек,
Ә.Кекілбаевтың «Үркер» мен «Елең-алаң»
романдары осы
саладағы білім-танымымызды күшейте түсетін көздерден са-
налады.
Қазақ қауымының соғысып, арпалысып өткен жауының не-
месе панасын іздеген патшалықтың әлеуметтік-әскери, әкім-
шілік құрылымын білдіруге келгенде,
ноян, зайсан, тайшы,