құдандал (құда-андалы), қаралай (қарадай, қараптан-қарап),
мошқау («сұрастыру») сияқты қолданыстарды қоштау қиын.
Бірақ бұндай уәжсіз қолданылған бес-он жергілікті сөздің
жазушылардың қай-қайсысында бар екенін ескерсек (мыса-
лы, бұл құбылысты ұлы Мұхтар Әуезовтің тілінен де таба-
мыз), оның сырын (себебін) іздеу керек болар. Ол себеп қазақ
әдеби тілінің лексикалық нормасы әлі үзілді-кесілді орнығып,
толығып болмағандығында ма, әлде болашақ жазушының
мектепте, тіпті университеттердің филология, әсіресе жур-
налистика факультеттерінде әдеби тіл нормасын игеруінен
гөрі, өскен ортаның ауызекі сөйлеу дағдысы басым болып
келгендігінде ме, әлде қалам иесі сол сөздердің потенциалдық
мүмкіндігін (әдеби тілге ену әлеуетін) көріп, әдейі қолдана ма
– әйтеуір негізінде осы тәрізді бірнеше фак тор жатқан болуы
керек. Жазғырудан гөрі, себебін тауып, оның дұрыс-бұрысын
дәлелдеп барып, пікір айтып, бағасын бергеніміз абзал болар.
108
Сирек кездесетін немесе көнеріп, мағынасы күңгірт тартқан
сөздердің, диалектизмдердің өзге функционалдық стильдер
емес, көркем әдебиет стилінде қолданысына келгенде өзгеше
шарт қою керек сияқты (әңгіме – кейіпкерлер тілінде емес,
авторлық баяндау тексінде жұмсалуы жайында). Бұл пікірді
біз әрдайым айтып келеміз және оны пікір жазушының тілін
талдау арқылы емес, тұтастай алып, әр өлкеден шыққан кәрі-
жас қаламгерлердің көркем дүниелерінен материал жинап, өз
алдына ғылыми тақырып етіп, жеке зерттеу ұсынбақ ойымыз
бар (әрине, Құдай қуат берсе делік, ал өзіміз жаза алмасақ,
ондай ізденістің бағыт-бағдарламасын, зерттеу жолдарын,
теориялық негіздерін айқындап, шәкірттеріміздің еншісіне
қалдырмақпыз).
Жеке сөздерге келгенде, автордың өзі іздеп тапқан, не өзі
жасаған (көбінесе тіркестер) тұлғалар да жоқ емес. Мыса-
лы, жоңғардың (қалмақтың) сұлу қызын (әйелін) сұқсыр
деп атауы, сойыл дос, қамшы дос (34), күп тұран (шамасы
жаңбыр жауғанда су үстайтын күп не тұран болса керек –
25), сәлдекендей реніш (31), аспанның лайытқан қалпы (33),
елбе-селбе киімдей жұтырайып тұр (42), ызғындай қала ,
ызғындай Сайрам (61, 62), әрқайын дүние, кемталай халық
(69), шажырқай боп туған Шыңғыс әулеті (79), батымды болу
(82), қойманшы («қамшысын ортаға тастамай қойшы сөйлер,
қойманшы сөйлер» – 126), шөбі тұяқкешті бола қоймаған,
мәмлехана (елші қабылдайтын жай, зал – 153), мәмлегер («ди-
пломат» мағынасында – 203), жаубасарлар (205), жолығыс
(жолығысқа шақыру – 219), тұқым-тебер (223, бұл тіркес
әдеби тілде тұқым-тұқиян түрінде келеді), дегелшіктер (387),
тұрымтай мәслихат (461), мөлт қара (5) және мөлттей қара
(524), ыңғайтек (581); басына тауан іздеу (А61), бетжүздік
(424), бөспебай, сөлімбай, сүмірейме (самалаға қарама-қарсы
мағынада – 26), шұбар ту (55), лайыту (26), бәсік («батыл»
дегеннің антонимі ретінде – 170) деген сөздердің ішінде
бірен-сараны жергілікті сөз болар (оларды дәл атай алмай
отырғанымызға бұлардың диалектологиялық сөздіктерде
тіркелмегені себеп болды), бірқатарын біз көп кезіктірмеген
тарихи сөз (мысалы, тұрымтай мәслихат деген құрылтай
жиын дегеннің бір түрі болуы мүмкін, ал құрылтай – монғол
109
сөзі, бұған тұлға жағынан тұрымтай жуық келеді), сойыл
дос, қамшы дос, тұяқкешті, мәмлехана, жаубасар, жолығыс,
бәскебай, сөлімбай сияқты сөздер – автордың өз «бұйымы»,
өзі жасаған дүниелер. Қалғандарын іздестіру қажет, егер бір
ыңғайын тауып, оларды автордың өзі түсіндіріп, түп-төркінін,
мағынасын көрсетіп берсе, «жүдә жақсы» болмақ. Олар әдеби
тіл айналымына түсетін қауқары бар сөздер болса, сөздіқ
қазынаны молайтатын, экспрессоидтер қатарын көбейтетін
элементтер болып шығар еді.
Ең соңғы сөз – кітап беттерінде жіберілген корректорлық
қателер жайында. Емлелік ағаттықтар бар. Олардың бірқатары
сөйлем мағынасын бұзып тұр. Мысалы: мерекесі енді шалқып
келе жатқан (106) деген сөйлемде мерейі болу керек, мағына
жағынан мерей қайда, мереке қайда? Сол сияқты дәруші сөзінің
дәуріш (167), бірақ шылауының біраз (282), шартараптан-
ның орнына шартаптан (127), Саурық жалқы есімінің Саңрық
(288), аш құлақтан дегеннің ал құлақтан (349) болып, Ис-
кер деген қаланың аты Әскер бо лып жазылуы, Ырғыз жалқы
есімі ырғыз түрінде жалпы есімге айналып кетуі – осылардың
барлығы – әрине, жазушының кінәсі емес, керісінше, оның
еңбегіне аз болса да ақау түсіріп тұрған жайсыздықтар. Бұларға
қоса әріптердің орны алмасып түсуі, артық не кем жазылуы
(ұрстаса (168)– ұстаса деудің орнына, ертекен (147) – ерт-
кен дегеннің орнына, сітеп (133 – істегі), мыңындағы (332,
маңындағы деп жазудың орнына) сияқты таза корректорлық
салақтықтар қосылғанда, атлас көйлекке түскен тамшы дақтай,
әттеген-ай дейсің. Және бұл көрініс тек осы кітапта емес, күні
бүгінгі дейін шығып жатқан басылымдардың барлығында бар.
Бұл ескертпемізді біздің осы жұмысымызды жазушылар да,
олардың кітаптарын шығаратын баспагерлер де оқитын болар,
сонда кітаптардың сауатты басылуына олардың авторлары да,
шығарушылары да жауаптырақ қарайтын болар деген үмітпен
айтып отырмыз, әйтпесе оның жазушы тілінің көркемдік
құдіретін танытуға еш қатысы жоқ.
Сөйтіп, қорыта келгенде, дүниежүзілік («еуропалық»)
жоғары деңгейге көтерілген, әлемге біршама танымал бо лып
қалған қазақ көркем әдебиетінің бір жанры – тарихи роман-
дардың тілдік-стильдік сыр-сипатын тануда Әбіш Кекілбаев-
110
тың «Үркер», «Елең-алаң» романдарының орны айрықша деп
табамыз. Бұл танымды осы шығармалардың өзгелерден артық
не кемдігін көріп емес, тіліне келгендегі көркемдік-стильдік
ерекшелігіне қарап береміз.
Тарихқа арналған шығармаларды жазудың тек композиц-
иялық құрылысы, сюжеттік мазмұны, тарихи реалийлердің
көрінісі жағынан ғана емес, тілдік-стильдік сипаты жағынан
да әр алуан болып келетіндігін және бұндай жоғары сатыға
қазақ көркем әдебиетінің де жеткендігін Ә.Кекілбаевтың
шығармашылығы анық көрсетеді.
«Үркер» мен «Елең-алаң» – баяндалуы жағынан тарих-
шежіре емес, тарих-толғаныс деп табамыз, яғни автор кеше-
гілердің тарихына үңіле отырып, бүгінгілер ойлансын деген
идеяны ұсынады. Бұл идеяны романның «Үркер» деген аты-
нан бастап, тұтастай бітімі ұсынады. Тек Әбілқайырдың зама-
ны – XVIII ғасыр емес, бүгінгі мынау ұйытқымасы көп біздің
кезеңімізде де Үркердей топ жазбай тығыз тұрып («өзара
келісім, татулық, бірлік» деп жатқан бүгінгі ұрандарымызға
сәйкес), халықаралық, ұлтаралық, саяси, экономикалық да-
уылдар мен борандарды Үркердей алдын ала біліп, алдын
ала ыңғайға аунап отыра алсақ қана аман болатынымызды
ойлаңдар деп толғайды бұл роман! Толғандыру үшін жазу-
шы халқымыздың өткен кезеңдердегі тәуелсіздік, еркіндікке
ұмтылған күрес шежіресін Әбілқайырдан бастап, көптеген
кейіпкердің ой-санасы мен таным-білім көзінен өткізіп баянда-
уды шығарманың стильдік арқауы еткен, романның көркемдік
құрылымының бүкіл лексика-грамматикалық, стильдік
механизмі осыған орай берілген. Шығарма тілінің поэтикалық
үні, синтаксистік құрылымының күрделілігі, қайталама сияқты
көріктеу тәсілі мен әр алуан синтаксистік параллельдердің
жиі қолданылғандығы т.т. осы сияқты белгілер – Әбіш Кекіл-
баевтың тарихи роман жазудағы өзіне тән шығармашылық
мәнерін көрсетеді. Тарихи романдардың тілі мен өзге «Аңыз-
дың ақыры» сияқты романы, «Күй», «Ханшадария хикаясы»
т.б. сияқты повестерінің тілдік-стильдік бітімі бір қатарда
біркелкі еместігі жазушының тілге деген талғамы мен көркем
сөзге деген шеберлігінің күшін байқатады.
111
МҰХТАР МАҒАУИН
Достарыңызбен бөлісу: |