117
алты стрелец бар, мәртебелі бектердің бірі келіпті. Жанасар
аталады. Орысша – өкілеш... (І, 264). Бұл жерде
мехмандар
сөзінің түбірі –
мехман (мейман –
қонақ), -дар – қарыздар де-
ген сөздегідей жұрнақ, көптік жалғауы емес. Ал
жанасар сөзін
оның синонимі етіп көрсеткенге ұқсайды, орысша «өкілеш»
деп көрсетуі –
мехмандар көне Русьтің патша сарайындағы
шені жоғары боярдың («окольничийлердің») бірі дегені бо-
лар.
Қазынадар да – осындай
авторлық жасанды термин, ол
қазынадар бек деп тіркес түрінде келтірілгеніне карағанда,
қазынада (мүлік, тауар сақталатын казинада) қызмет атқаратын
адамның ресми атын білдіретінге ұқсайды.
Осы жерде айта кетелік, бұл тарихи шығармада жазу шы
бірен-саран сөзді өзі жасап ұсынуға мәжбүр болған, өйткені
жоғарыдағыдай қызмет, кәсіп иелерінің аттарын айырып
көрсеткісі келген сәттері бар, сондықтан
хабаргер («барлаушы,
хабар беруші, разведчик»),
саясаткер («әскери емес,
саясат-
пен айналысушы адам») сияқты жасанды тұлғаларға барғанға
ұқсайды. Нақтылап, айырып атау тенденциясы XVI-XVII
ғасырлардағы орыс қоғамының, әсіресе оның патша сарайы
адамдарын, әскери-әкімшілік құрылысын танытатын сөздерді
аудармай көбінесе орыс тіліндегі тұлғаларынша алып, кей-
кейде оларды бет соңында қазақша түсіндіріп отырады. Бұл
топта
думный дьяк, посольский дьяк, конюший боярин, пикинер,
мушкатер сияқты ондаған сөз бен тіркестер қолданылған:
Ораз-Мухамед өзіне түзу ниет,
дос пейілдегі қарашы бек
– Әндрей Шалқан, шет елдермен арадағы барлық істің ағасы
думный дьяк – Андрей Яковлевич Шелкаловпен жүздесті
(І, 269).
Ең бір ұтымды жері – жазушы мұндай орысша атаулар-
ды не текст ішінде, не беттің төменгі жағындағы сілтемеде
қазақшалап түсіндіріп отырады. Сол думный дьяк – Андрей
Шелкаловтың тіпті қазіргі қай лауазымға ие екенін білдіріп
түсіндіре түседі:
Дәл сол күні, батыс жұрттарының тілімен айтқанда,
мемлекеттік канцлер, қазіргі біздің тілімізге көшіргенде
сыртқы істер министрі – думный дьяк – Андрей Шелкалов
өзінің ежелгі досы... царский слуга и конюший боярин –
бас
уәзір – Борис Годуновтан оңбай ұтылған (І, 366). Мұнда
118
сөйлем соңына таман келген Годуновтың орысша –
царский
слуга и конюший боярин деген ресми лауазым атауын да
бас
уәзір деп түсіндіре кетеді.
Қазақ үшін
бас уәзір – ханнан кейінгі
екінші билік иесі, Борис Годуновтың жоғарғы ресми атағы
да – сол мағынада. Бұл жерде бізге (әрбір сөздің өз орнында
жұмсалуын «тышқанша аңдып отыратын» тіл жоқтаушысына)
қатты ұнағаны – белгілі бір тарих кезеңіндегі әлеуметтік
топтардың, билеушілердің «дәрежелік (рангілік) табеліне» ен-
ген титулдық атаулар мен жай сипаттама атауларды араластыр-
май, өз орындарында жұмсағаны. Мұның үлкен мәні бар: қай
кезде де әр сөздің, әсіресе саяси-әлеуметтік, рухани-танымдық
термин мәндес сөздердің жеке-жеке өз мағыналары болғанын,
басымы қараңғы, сауатсыз халқымыз оларды шатастырмай
қолданып келгенде, бүгінгі 100 процент сауатты біздердің ана
тіліміздің әрбір кірпішін оңды-солды лақтырып, сөзге мән бер-
мей, бірінің орнына екіншісін жұмсай бастаған кезімізде аз да
болса тежеу болар ма еді дейміз.
Сондай-ақ Ораз-Мұхамедке
патша сыйға берген иелік
қоныстарын Мәскеу түбіндегі
поместье, Юрьевтегі кең-бай-
тақ
вотчина деп орысша атайды да бет етегінде екеуін де
қазақшалап түсіндіреді. Әрине, Қазақстандағы, сондай-ақ
Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан
елдерін мекендеген қазіргі
қазақ оқырманы бұл сөздердің мән-мағынасын түсіндірусіз-
ақ білер еді, бірақ орысша келтірілген барлық сөздің беретін
мағынасын не контекст арқылы, не бет етегіндегі түсіндірме
(сноска) арқылы қазақша білдіріп отыру өте қажет, өйткені
мұндай аса бағалы туындылар түгіл, бізде шығып жатқан
үлкенді-кішілі әр алуан жанрдағы шығармаларды Қытай,
Монғолия, Түркия, Иран, Еуропа
мемлекеттері сияқты ше-
телдерде тұратын қандастарымыз да оқиды. Олар орыс тілін
білмейді. Сондықтан былайғы жерде тек көркем шығармалар
ғана емес, өзге кітаптарымызды да, дүниенің түкпір-түкпіріне
тарап кеткен қазақ оқырмандарымызды да көздей жазуымыз
керек (әсіресе ғылыми еңбектерімізде құлаш-құлаш етіп орыс-
ша келтіретін цитаталарымызды аударып беру керек екендігіне
көзіміз жетті, шетелдік бір бауырымыздың «сіздердің
жазғандарыңызды әп-әдемі түсініп оқып келе жатып, орысша
119
цитатаға тап болғанда, орға түсіп кеткендей сезінеміз» дегені
бар-ды. Жазушы Мұхтар Мағауин осы жайсыздықты күн ілгері
сезгенге ұқсайды. Құптарлық іс).
Қоғам өміріне байланысты
алаш мыңы (қазақ ұлыстары),
Достарыңызбен бөлісу: