Р. Сыздык 6-том indd



Pdf көрінісі
бет50/128
Дата01.03.2024
өлшемі1.64 Mb.
#493649
түріБағдарламасы
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   128
Сөз құдіреті

қалға, күріген, құма – түркі-монғол тілдеріңде ертеде қолда- 
нылған сөздер: қалға – ханның ізбасары ретінде хан әулетінен 
ұлысбектері, би, батырлар қалаған (сайлаған) сұлтан, күріген 
– монғол сөзі, мағынасы «күйеу бала», көне монғолша гүрген, 
қазіргі монғол тілінде хургэн, қалмақ тілінде кургн, сондықтан 
Мағауиннің мұны қазақша күріген деп тұлғалағаны – дұрыс, 
бұл – Қадырғали Жалайыри қалдырған шежіреде тек жалқы 
есімдермен келетін титул (Буту гурген, Туралчы гурген деген 
сияқты). Түркі-монғолдардың әлеуметтік-саяси құрылысында 
ханның күйеу балаларының сословиелік орны болған, яғни 
ханның батыр, беделді күйеу балалары өз балаларының 
дәрежесіне теңестіріліп, олар ел басқару, қол басқару істеріне 
қатыстырылатын болған. Тарихи роман жазушы бұл шындықты 
да көрсете кетуді артық көрмейді және ең бір ұтымдысы қалға, 
күріген сияқты бүгінгі қазақ оқырманы білмейтін сөздердің 
мағынасын өзі ашып беріп отырады: Қалға сайлау – қазақтың 
көне дәстүрі, ізбасар керек (І, 13). [Тәуекел ханның қарындасы 
Асыл – ханымды алған] Сейтек, әрине, жүрегі жарыла қуанады. 
Іргелі елге кірме емес, туыс бола ды. Хан күйеуі – күріген ата-
нады (І, 144).
Ал құма сөзі қазіргі қолданыста (оңда да сирек) «құмадан 
туып па? (тудық па? туды ма?)» деген сияқты метафоралық 
тіркесте сақталған, көне түркі-монғол хандықтарындағы би- 
леуші әулеттің некелі жұбайлары хатун (қатын) деп, ал жау- 
лап алған тайпаның билеушілерінің қатын-қыздарын, қарын- 
дастарын әйел еткенде, олар құма деп аталған. Мысалы, 
Шыңғысханның төрт хатуны, көптеген құмасы болған. Мұхтар 


116
Мағауин хан әулеті жұбайларының бұл бөлінісін де қалт 
жібермейді:
Атаң... хан атамның некелі қосағының өзі – үшеу екен, 
некесіз алты құмасын айтпағанда... (І, 30). Құма – тоқал емес. 
Тоқалды хан әулетіне жатпайтын жай адамдар да (әрине, бай-
лар мен барлар, батырлар, билер) ала береді, ал құма – титул, 
ол тек хан мен сұлтандардың қосағы, жай тандап алған жұбайы 
емес, соғыста жеңіп, жаулап алған жақтың (ұлыстың) әмірші 
әулетінің қатын-қыздары. Олар да ақсүйек нәсілі болғандықтан, 
құмадан туған балалар хатундардың балаларымен тең құқықты 
болған, көбінесе некелі қатындардың тәрбиесінде өсірілген.
Емелдес те – хан ордасында орны бар адамның аты, емел-
дес деп хан ұрпағымен емшектес (бір ананың сүтін емген) 
болғандарды атайды. Науқас болғандықтан, анасының сүтін 
еме алмаған Сүйініш оғланды (Ораз-Мұхамедтің Айшешек-
тен туған баласы) Милана деген орыс қызметші әйел емізіп 
өсіргендіктен, оның өз балалары Петрөшке (Пет рушка) мен 
Көлке (Көлька) Сүйініштің емелдестері болып суреттеледі 
(І, 342). Ал жоғарыда көрсетілгендердің ішінен дархан сөзін 
де жазушы өз мағынасында орынды келтірген: дарқан – ұста, 
бірақ мұны осы романда ұста сөзінің эквиваленті етіп емес, 
біреуін – дархан сөзін «сауыт соғып, садақ иетін шебер» 
мағынасында, ұста сөзін «қылыш қайрап, сүңгі суыратын» 
шебер мағынасында жұмсайды (І, 125). Дарқан сөзін Абай да 
«ұста» мағынасында қолданған, бұл сөзді диалектологтер Се-
мей өңірі мен Шығыс Қазақстан тұрғындарының тіліне «ұста» 
мағынасында келетін ерекшелік деп таниды. Ал Мағауин қару-
жарақ, сауыт-сайман жасайтын шеберлерді осылайша ажыра-
тып берген.
Біз тілін талдап отырған тарихи шығармада осындай 
өткен заман шындықтарынан хабар беріп отыруды жазу-
шы дұрыс көздеген. Мехмандар, қазынадар сөздерін, біздің 
байқауымызша, жазушы өзі жасаған: мехмандар – қонаққа, 
аудиенцияға (әмірші алдына) шақырушы «делегация не месе 
оның бастығы» деген ресми қызмет атқарушының аты ретінде 
жасалған:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет