120
түркіше түпнұсқасы
жоғалған, тек орыс тіліндегі аудармасы
сақталғанын білеміз
23
. Жазушы осы аудармалардың негізінде
сұлтан хаттарының түркіше тексін
өзі жазған және өте сәтті
шығарған: алдымен, Ораз-Мұхамед хатты таза қазақ тілінде
емес, сол кездегі жазба дәстүрмен «шағатайша» жазғаны да-
усыз, екіншіден, Мұхтар Мағауин
орта ғасырлардағы орта-
азиялық жазба әдеби тіл нормаларын едәуір жақсы танып,
игергені байқалады. Бұл жерде де роман авторы аз тер төкпеген,
тілге деген адалдық танытқан.
Қарашы сөзін жазушы екі мағынада алған, негізінен
қарашы бұл романда өзі суреттеп отырған кезеңдегі терминдік
мәнінде жұмсалған. Жазушының бір-екі жерде
қарашы сөзінің
бүгінгі мағынасынан шыға алмай қалғаны байқалады. Мы-
салы, [Ділшат ханым] Ай-Шешектің
алдын да қандай кішік
болса,
қарашы жұрт алдында сондай тәкаппар (ІІ, 75). Бұл
жердегі
қарашы жұрт дегені
– қызметші, қарапайым жалшы-
жақыбайлар. Бұл кезде
қарашы сөзінің
мағынасы қазіргі
біз білетін «бағынышты, қызметші қара халық» дегеннен
мүлде басқаша болған.
Орыс зерттеушілерінің, мысалы,
В.Вельяминов-Зерновтың бұл терминді «вельможа» деп ауда-
руы немесе тіпті
йурт (юрт), эль (ель), хан, кахан деп аудармай
қолданылатыны сияқты, бұны да «карачий» деп беріп отыра-
тындары осыны дәлелдей түседі.
Қысқасы, тарихи кезеңде актив қолданылған, бүгінде біз
үшін мағынасы беймәлімдеу немесе басқашалау бірқатар
сөздерді (жоғарыда көрсетілгендер және
анда, күрең, нойан,
ақтажы т.б.) жазушы жақсы пайдаланған. Бұлар да – шығарма
тілін тарихи стиль тезіне салудың жақсы көрінісі.
Лексикалық қабаттың тарихи стиль тезі байқалатын келесі
үлкен тобы –
сол кезеңдегі әскери құрылысқа, ұрыс-соғысқа
қатысты сөздер. Мұнда да жазушы көп ізденіп, мұқияттылық
танытқан.
Аламан, шеру, лек деген сөздерден бастап,
сыпай /
Достарыңызбен бөлісу: