қызық!)... Төңірегімен түгел соғысқан (Русияға қарсы ат-
танбапты. Алыс қой). Шыңғыс хан (қарғыс атқыр!) ұрпағы
– сұлтандар билейді. Хан ұрыс даласына үш жүз мың әскер
шығара алады (Құдай сақтасын!.. Оба келгірлер)... Әрі қарай
да бірнеше жақшаға алынған сөздер келтіріледі. Жалпы текст –
автордікі. Текст – архив мәліметтерінің баяны, ал жақша ішінде
137
подъячийлердің сол мәліметтер бойынша алған әсерлері, та-
нымдары берілген және сөз мәнері – подъячийлердің өздерінікі.
Бұл өте сирек кездесетін тәсілді жазушы бірнеше жерде өте
шебер пайдаланған. Жақшаға алынған текст кейде баяндау
үстіндегі ескертпелер болып келеді. Мысалы, Посоль ский
приказдың көз-құлағы Петр Новосельцев әңгімесін баяндау
барысында Ораз-Мұхамедке немесе қазақ елшілеріне қатысты
авторлық ескертпелерді жазушы жақша ішінде береді (ІІ, 137).
Бұл жерде, сірә, жазушы осы амалмен кейіпкер сөзі мен өзінің
сөзін айырып көрсетуді көздеген болар.
Енді шығарманың синтаксистік құрылымдар көрінісінен
байқалатын ерекшеліктер жайында сөз қозғауға болады. Син-
таксис – жазушы мәнерін танытатын маңызды сала.
Ең алдымен, Мұхтар Мағауиннің осы тарихи романдар
тілінде актив қолданған синтаксистік-стильдік тәсілдердің бірі
– парцелляция құбылысы көзге түседі. Парцелляция дегеніміз –
фразаны (ойды, сөйлемді) бөлшектеп, соған қатысты бір сөзді,
не тексті жеке өз алдына аулақтатып орналастыру. Мысалы:
[Ораз-Мұхамед] қарашы бектер есіктен шығаршық-пас-
танақ орнынан атып тұрып, алты қанат ақ орда ішінде аласұра,
ерсілі-қарсылы жүрді. Ыза қысып барады. Бала көреді. Батып
сөйлеуі де – содан. Басынған. Бірде тұралап, бірде тұспалдап
бәрін айтуы – содан (І, 66). Бұл жерде бала көреді, басынған
деген сөйлем мүшелері, алдындағы ой желісін тарататын
сөйлемдерден оқшау шығарылып, өз ал дына жеке берілген, ай-
туда бұлар ерекше дауыс ырғағымен (интонациямен) берілетін
болса, жазуда жеке сөйлем сияқты бас әріппен жазылып,
соңына нүкте қойылған. Ал бұл ойдың парцелляциясыз тұтас
берілген құрылымы:... [Ораз-Мұхамедті] ыза қысып барады,
өйткені [қарашы бек] мұны бала көреді. Батып сөйлеуі де – со-
дан, [бұл] басынғаны ғой... түрінде болар еді. Ал жазушы бала
көреді және басынған деген сөздерді жеке шығаруы арқылы
қарашы бектің осы әрекеттеріне оқырман назар аудартады,
дәлірек айтсақ, қарашы бектің әрекеттерін жас сұлтанның осы-
лай қабылдағанын баса айтқысы келген.
Парцелляцияны көптеген зерттеушілер таза стилистикалық
категория деп табады, сондықтан болар О.С.Ахманованың
138
«Лингвистикалық терминдер сөздігіне» бұл тіл білімі термині
ретінде кірмепті, ол «Поэтикалық сөздіктерде» (мысалы,
А. Квятковскийдің сөздігінде) қамтылып, стильдік тәсіл ретін-
дегі мағынасы түсіндірілген және оны өлең тілінде қолда-
нылатыны айтылған. Ал бірқатар зерттеушілер парцелляцияны
синтаксистік амал ретінде де қарайды. Біз де осы пікірдеміз.
Сондықтан парцелляция құбылысы тек өлең сөзде емес,
прозалық текстерде де қолданылатындығын, тіпті кейбір проза-
шылар мұны басты стильдік-синтаксистік құралға айналдыра-
тынын баса айтамыз. Бұған Мұхтар Мағауин шығармаларының
тілі дәлел болады.
Жазушы парцелляция арқылы суреттеп отырған ситуация-
ның бір сәтіне, қырына логикалық екпін түсіру мақсатын
көздейді, яғни осы сәтті, осы қырды бір сөзбен (не тіркеспен)
жеке-дара айтқанда, ол сөз тұтас бір сөйлемнің жүгін арқалап
тұрады, бірақ сол айтылмаған сөйлемнің ішіндегі ең негізгі
идеяны көрсетеді. Мысалы:
Сол жағында, дәл құлақ түбінен жас жусанды бытыр-бы-
тыр басқан тұяқ топылы естіледі. Жүйрігі үзеңгі тістеп, сәл
ғана қалыңқы келе жатқан – Ай-Шешек. Үнсіз. Ораз-Мұхамед
бұрылып қарай жаздап, қалт бөгелді. Жүрегі сыздап ауырып
қоя берді (І, 71).
Парцелляцияланып тұрған үнсіз деген сөздің қызметі мен
мағынасын ашуға жәрдемдессін деп, бұл микротексті толық
беріп отырмыз. Осы жерде парцелляцияланып тұрған сөздің
қызметін тану үшін «Ат үстінде» деп берілген шағын бөлімді
тұтас алып оқу керек. Мұнда өзінің болашақ хандық миссия-
сында қазіргі іс-әрекетім сай емес деп толғанған, қиналған жас
сұлтанның көңіл-күйін жақсы аңғарған Ай-Шешек оның жан
толқынысына өзінің әйелдік әңгіме-назымен кеселдік, бөгет
жасағысы келмейді, өйткені ол – ақылды, қазіргі Ақханым,
болашақ ел анасы. Сондықтан атының тізгінін іркіп қанжығалас
келе жатса да, үнсіз келеді, бұл үнсіздік оны түсінген жас
сұлтанға да ауыр (жүрегі сыздап қоя береді), өйткені әмірші
сұлтанның қолын байлап жүрген, алдынан талқы құрған сол
үнсіз келе жатқан ақылды жары болып сезіледі. Демек, үнсіз
деген парцелляция әрі Ай-Шешектің Ораз-Мұхамедке де ген
139
байыпты, ақылды қылық-әрекетін, әрі Ораз-Мұхамедтің ішкі
жан дүниесінің иірімдерін көрсетуге арналған өте ұтымды, өте
үнемді (бір-ақ сөз) құрал болып шыққан.
Басқа жазушылармен салыстырғанда, мысалы, жоғарыда
өзіміз сөз еткен ұлы Мұхтар Әуезовтің, Әбіш Кекілбаевтың
көркем шығармаларындағы парцелляцияның көрінісіне қара-
ғанда, Мағауиннің «Аласапыран» романының екі кітабында да
парцелляцияланған тұстар әлдеқайда жиі кездеседі. Олардың
кез келгенін жоғарыдағы үлгімен таныстыруға болады.
Барлығында да парцелляцияның негізгі қызметі – стильдік
мақсат көздеу, ой екпінін түсіру, оқырман назарын аударту,
«материалдық аз шығынмен» (бірер сөзбен) көп нәрсеге
(білдірмек информацияға, ұсынбақ идеяға) қол жеткізу. Тағы
бір мысал келтірелік:
Ал қазір... соншама үзілістен соң, тұман пердесі жаңа ысы-
рылғандай. Бар түр-тұлғасы, сыр-сымбатымен көз алдына келе
қалды. Бірақ жақын тартқан жоқ. Суық. Алыс (І, 127). Бұл –
Ай-Шешекті жар еткеннен кейінгі Ораз-Мұхамедтің төрт
ай бұрынғы қалыңдығы, өте жақсы көрген қызы – Ділшат-
сұлтанымға деген сезімі. Оқшау шығарылған осы екі сөз
арқылы он жетідегі жас адамның не бір ыстық сезімге де тез
беріліп, тез суитынын да, Ай-Шешекке ынтыға берілген ма-
хаббатын да, ата-бабаның салт-дәстүріне көрсеткісі келген
карсылығын да, өзіндігі күшті сұлтандығын да – бар-баршасын
білдірген. Сөз – екеу-ақ. Екеуін үйірге қоспай, алды-артындағы
сөйлемдерден оқшау шығарып, келте түйіп тастағанда,
біріншіден, жазушының нені айтпақ болғанына назар аудары-
лады, екіншіден, ол – жазушының тілдік-стильдік қолтаңбасын
танытады, даралық мәнері күшті суреткер екенін көрсетеді.
Қазақ тіл білімінде парцелляция құбылысы монографиялық
қалыпта (планда) жеке ғылыми тақырып ретінде толық зерт-
телген жоқ. Сондықтан оның орналасу тәртібі, сөйлемнің қай
мүшесі парцелляциялануға бейімдеу тұратындығы, көркем
әдебиеттің қай жанрда жиірек қолданылатындығы, жазушы-
лардың қайсысы бұл амалды орнымен жақсы пайдаланатын-
дығы т.т. осы сияқты жеке мәселелері нақты фактілермен зер-
деленген емес. Мысалы, біз талдаған парцелляциялар көбінесе
140
алдыңғы сөйлемдердің ішіндегі бір ойды (сөйлем мүшесін)
баса көрсетіп, оған экспрессиялық үн беру үшін қолданғандар.
Мысалы:
Сөйтіп, мехмандар қаншама жұрт иесі ақ патшаның, ал
елші қазақ-қалмақ ханының абыройына шаң жуытпаған. Екеуі
де риза болды. Біріне-бірі. Өздеріне-өздері (І, 358). Мұндағы
парцелляцияланған мүшелер бұлардың алдындағы сөйлемге
қатысты, олар: «Екеуі де біріне-бірі және өздеріне-өздері риза
болды» түріндегі сөйлемнің толықтауыштары. Бірақ сөйлем
мүшелері әрдайым бұлайша ыршып түсіп, бөлек қона бермейді.
Кейде бірыңғай баяндауыштардың жалғасы ретіндегі сөздер де
парцелляцияланып, жеке шығарылады:... Ешқандай жазығы
жоқ Ай-Шешекті соншалық алыс жат көрді. Жек көрді (І, 72).
Енді балаша қиялдап кеткеніне күлмек болған. Күле алмады.
Достарыңызбен бөлісу: |