Р. Сыздык 6-том indd



Pdf көрінісі
бет63/128
Дата01.03.2024
өлшемі1.64 Mb.
#493649
түріБағдарламасы
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   128
Сөз құдіреті

ЖАНР МЕН ТІЛ ҮЙЛЕСІМІ
Жеке қаламгердің тіл шеберлігі, жетістік-кемістігі, ортақ- 
тық-оқшаулығы жайында сөз қозғағанда, жазушының стилі де-
геннен гөрі, өрнегі, мәнері дегенді жөн көреміз. Тіл өрнегін жеке 
алып талдауға болатын қаламгерлер бүгінгі қазақ әдебиетінде 
баршылық. Аға буын сөз зергерлерін былай қойғанда, әдебиет 
әлеміне соңғы 30-35 жыл ішінде келген жазушыларымыз- 
дың едәуірінің сөз мәнері мен қолтаңбаларын жеке-жеке әр 
қырынан алып әңгіме етуге әбден болады.
Біздің байқауымызша, соңғы кезеңдерде қазақ көркем 
сөзінде шығарма жанры мен тақырыбына, баяндау стиліне 
сай тіл өрнегін іздеу талабы жақсы сезіледі. Осы ойымызды 
дәлелдеу үшін Оралхан Бөкеев пен Сейдахмет Бердіқұлов 
туындыларының тіліне зер салдық. Әңгіме, негізінен, Оралхан 
Бөкеевтің «Жазушы» баспасынан шыққан «Қайдасың, қасқа 
құлыным» (1973), «Мұзтау» (1975), «Ән салады шағылдар» 
(1978) атты кітаптары мен Сейдах мет Бердіқұловтың «Үшінші 
подъезд» (1980) деген кітабының тілі жайында болмақ.
ОРАЛХАН БӨКЕЕВ
«Қайдасың, қасқа құлыным».
«Мұзтау». «Ән салады шағылдар»
Оралханның алғашқы аталған кітабына енген повестері 
бүгінгі жастардың жан дүниесі (іс-әрекеттерінен гөрі) туралы 
екендігі мәлім. Мұндағы «Қайдасың, қасқа құлыным», «Елең-
алаң», «Өліара» повестерінің үшеуіне тән ортақ үн бар: ол – 
бас кейіпкерлердің ой-толғаныс адамдары екендігі, «жақсылық 
атаулыға жаны құмар жастар» екендігі. «Қасқа құлынның» бас 
кейіпкері әзірге әкесіне еріп, бұғының мүйізін кескенін көруге 
бара жатқанынан басқа «іс-әрекеті» байқалмайтын Орал – «Мен 
ақынмын! Ақылшым – туған жер, ұстазым – тәкаппар да қатал 
Алтай!» – деп өзі жар салғандай, болашақ жазушы, ой мен сөздің 
зергері. Ол – әзірге қасқа құлынын – арманын іздеуші романтик 
жас қана. «Өліараның» бас кейіпкері – Қойшы да табиғатында 
және болашағында суретші. «Елең-аландағы» «тұқымдарына 


150
оқуды жазбағандар» санатына қосылатын (педагогтік дарын 
мен тактіден жұрдай мектеп директорының мінездемесі бой-
ынша) Зарлық бала – нағыз интеллектуал. Повесть соңында 
«оқу-соқуға орналасып қалу» мақсатымен туған ауылынан ат-
танып бара жатқан бұл кейіпкер де – келешегінде не жазушы, 
не ға лым – әйтеуір ақыл-ойдың адамы. «Мұзтаудағы» Ақтан 
да – «тым-тым сезімтал» жас. Қысқасы, бұл шығармалардағы 
негізгі тақырып – бүгінгі ауыл жастарының ой толғанысы, ар-
мандары, бұларда суреттелетін уақиғалар – сол толғаныстарды 
тудыратын себепші факторлар ғана және оны айқындай түсетін 
фон ғана. Демек, жазушы бұлардың стилін, тілін осы идеясына 
дәл түсетіндей етіп таңдауға тиіс.
«Қайдасың, қасқа құлыным» бас кейіпкердің атынан, І 
жақпен баяндалады. Шығарманың бүкіл өн бойындағы тілдік 
өрнек осыған орай құрылады: кейіпкердің ойтолғауы табиғат 
суретімен астарласып, араласып жатады, өйткені табиғатты 
сезінбесе, ол адам романтик бо лар ма! Және ой қуалаған 
адамның түйсігінде табиғат тек танылып қоймайды, ол «тіріліп» 
кетеді. Жалпы, Оралханның көптеген туындыларында табиғат, 
Алтай табиғаты негізгі фон, кейде тіпті кейіпкерлермен жары-
са жүретін образ иесі екенін аңғару қиын емес. Жа зушы Бөкеев 
– туған өлкесі – әсем Алтайдың, асқақ Алтайдың жыршысы! 
Оның шығармалары Алтай өлкесінің гимні іспеттес.
Табиғатқа жан бітіре, оған адамның қимыл-әрекетін, қасиет-
қадірін тели суреттеу – Оралхан тілінің өзіне тән бір белгісі.
Болашақ жазушы, әзірге «уыз езу бошалаң» бас кейіпкердің 
көзімен қарағанда, «тау іші... күннің алғашқы сәулесінен-ақ 
көзі жаудырап, бу боп бусанып жатады» (6)
28
, таң сәріде жо-
лаушылап шыққан әке мен бала «Нұр толқынды таң теңізін 
кешіп, таңғажайып ертектегідей, ертеңгі шақтың кәусар ау-
асына оранады, сол ауамен оразаларын ашады» (7), таудың 
тастары етекке қарай жай домаламайды, «елпектей қашады» 
(17), «көбік түкірген көл аса сабырға толы» (17) болып келеді, 
«қараңғылық... шошына тығылады» (53) т.т.
Жалғыз «Қайдасың, қасқа құлынымда» емес, О.Бөкеевтің 
өзге шығармаларында да табиғат тірі жан иесі болып сурет- 
28
Осы жерде және әрі қарай тырнақшаға алынып берілген сөздер – жазушының 
қолданыстары, ал жақша ішіндегі цифр – осы мысалдар кездесетін кітап беттері. Кейде 
орын алмас үшін кітап беттері көрсетілмеуі де мүмкін екенін ескертеміз.


151
теледі: «адырлар... ойға батып, бүк түсіп жатыр» («Елең-алаң», 
69), Тасшоқы отты шапақтың астында қалды» («Өліара», 
145). Табиғаттың сын-сипаты, тұс-тұрпаты да, адамдарға тән 
қасиеттермен беріледі: жат бауыр күз, аждаһа қыс, жетім 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет