141
Атасы басқа. Әйтсе де бөтен емес-ау.
Шөбере (І, 133). Міне,
бұл көрсетілгендердің қайсысы – парцелляция, қайсысы – жай
толымсыз дүние? Жа зушы үшін бұл жерде екеуі де ұтымды:
адам ойын білдіріп тұр. Бұл – кейіпкердің, тіпті жазушының
сөзі емес, ой. Ал ой дегеніңіз – осындай «бейберекет» үзік-үзік
(фрагментарность) болып түзіледі, мұнда сөйлемнің бас-аяғы
ойлаушының өзіне ғана түсінікті эллипсистік құрылып болып
келеді.
Парцелляциялық құбылыстың ғажабы сол – жазушы қай
нәрсеге (сәтке, қимылға, сын-сипатқа т.т.) оқырман назарын
аудартып, ой салмағын салғысы келсе, бәрін де еркін аулақтай
(парцелляциялай) алады, әсіресе
жоқ (178,161),
дұрыс, рас (І,
128) сияқты сөздер жеке тұруға бейім, өйткені олар көп сөзбен
берілетін ой
екпінін қабылдап, оқшауланған бір өздері көп
нәрсені баяндайды.
Бірнеше бірыңғай идеяны қатар келтірілген бірнеше пар-
целляция етіп беру де М.Мағауин тіліне тән. Мысалы:
Саудаға келгенде, Сейтек көпті көрген Қадырғалидың өзін
дағдартып жүрді. Жүйріктігінен емес.
Пәтуасыздығынан.
Кеңеседі. Келіседі (І, 185). Бүкіл елдің ақыл, саясаты сол арадан
өріс табады екен.
Қайтпас қайсар. Мұқалмас қажыр. Терең
ақыл. Тиянақты саясат. Біл. Ұғын. Үйрен (І, 260).
Бұл үзікте Ораз-Мұхамедтің орыстың байтақ қаласы – Мәскеу
мен оның қасиетті ордасы, қолқа жүрегі – Кремль туралы ойы
берілген.
Автор бір емес, жеті парцелляциямен көп нәрсені,
дәлірек айтсақ, «кіріптар болып келген қазақ сұлтанының»
Ресей патшалығын алғаш қалай танығанын суреттейді. Бұл
да – ой, мүмкін, 1-кітаптың 3-бөлімінің «Мұнарасы биік
Мәскеу» деп берілген 1-тарауының алғашқы екі-үш беті қысқа-
қысқа сөйлемдермен, бірнеше
парцелляцияланған сөзбен
(сөйлем мүшелерімен) келгендігі – автордың баяндауы емес,
кейіпкердің ойы болғандықтан шығар.
Қысқасы, парцелляция – біз тілін талдап отырған шығармаға
тән стильдік-синтаксистік белгілердің бірі, ол жа зушы
М.Мағауин таңдаған ұтықты тәсіл болып шыққан.
Романның жалпы синтаксистік
құрылымында назар ауда-
ратын өзге де сәттер бар. Автор әр ситуацияға байланысты
142
баяндаудың (суреттеудің) синтаксистік бітімін (берілісін)
әртүрлі етуді көздеген, ізденген және бұған әдейі барған. Мұнда
жазушы әрбір сөйлемді жаңа жолдан бастап (әрине, жазуда со-
лай берілуі – қалам иесінің талғамы) жазған тұстар бар. Бұл
жағдайда қандай мақсат көзделген? Мысалы, Ораз-Мұхамедтің
белгілі саясатпен Ескерге (Ібір-Сібірге) жол жүрер
алдында
қазақтардың Абдолла ханға қарсы аттануға бет алғанын естіген
ситуацияны жа зушы былай баяндайды:
Сұлтан мен бек суыт жүрісті қосар аттыға төрт-ақ күндік
жердегі Ескер қаласына жаушы жіберіп, жақсы хабар алған
шақта арттағы елден – астана жұрты Созақтан жүйріктерін
зорықтыра, шұбыра шауып шапқыншы келген.
Достарыңызбен бөлісу: