193
– Қыз-ау, есің дұрыс па? Қазақ айтқан емес пе, «ат ерінді,
ер мұрынды келсін» деп.
– Мұның мұрны кішкентай, ерні үлкен ғой.
– Е, болса ше? – деп өз екпінімен кете берді де кенет сөз
мағынасын түсініп, өз ағаттығына күліп жіберді.
– Туһ, сен де...
Оның ернін қайтесің. Құдай беріп, қолыңа түссе, әлі-ақ ерт-
теп мініп аласың ғой (29-30-беттер).
Міне, бұл шағын диалог – нағыз қазақтардың –
қайын
сіңлісі мен жеңгесінің диалогі. Нәзираның Қасымбекпен,
Абанмен де (соғыс кезеңінде басқа қазақша сөйлейтін жал ғыз
адам) әңгімелері қазақша, бірақ мұндай қазақы диалогтер көп
емес, өйткені олардың бірге болған күндері де аз. Сондықтан
кейіпкер тілі машығы арқылы оның бейнесін сомдай түсу тәсілі
бұл шығармада бірінші кезекте тұрмаған.
Көркем шығарма үш түрде: не бір нәрсені (оқиғаны,
адамдарды)
суреттеу не баяндау немесе бір нәрсе туралы
толғануболып келеді. «Шырағың сөнбесін» – бас кейіпкердің
басынан кешкендерін баяндай отырып, оның ішкі жан дүниесін
ашу, яғни «адам және ғалам» де ген тақырыпқа барған туын-
ды. Баяндау қарапайым сөйлеу мәнерінде берілген. Лексикасы
негізінен бейтарап, экспрессивтік бояуы жоққа тән, синтаксисі
– сөйлеу тілінікі. Роман атының өзі – шығарма идеясының
конденсаты (сығындысы), яғни алапат қырғында опат болған
үш азаматтың шырағын сөндірмес үшін екі баланы жетектеп,
үшіншісін құрсағында елге аман
алып келе жатқан Нәзира
бейнесінің түйіні, жан тазалығы.
Сөйтіп, қорыта айтқанда, заманымыздың ірі жазушысы, аса
ойшыл, білімдар, мықты суреткері – Тахауи Ахтановтың өзге
көркем дүниелері сияқты, «Шырағың сөнбесін» романы – тілі
мен көркемдік стилі тұрғысынан қазақ прозасында кейіпкер
атынан баяндалатын туындылардың классикалық үлгісі болып
табылады.
Дарын иесінің қалам тартудағы әр қырынан танылған
мүмкіндіктерінің аясын танудағы бұл ізденіс-талдауларымызда
жас жазушыларға Ахтанов қаламы үлгі болып көрінсе, қалың
оқырман жазушы мұрасына сүйсіне түссе
деген мақсатты
көздедік.